БАҒдарламасы мазмұны 1 Кіріспе


Өңіраралық ынтымақтастықтағы өңірдегі мәселелер



бет10/16
Дата13.08.2017
өлшемі4,88 Mb.
#23412
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16


Өңіраралық ынтымақтастықтағы өңірдегі мәселелер


- белгілі бір тауар түріне дистрибьюторлардың болуы (жосықсыз бәсеке). Тауар нарығында үлкен өндірістік компаниялардың, көбінесе шет елдің дистрибьюторлары (өкілдері) болуына байланысты жергілікті тауар өндірушілер олармен бәсекеге түсе алмайды, өйткені, сұранысқа ие кейбір тауарлардың бағасын олар демпингілейді.

Бәсекелестікті дамыту


Облыста бәсекелестікті дамыту үшін кәсіпкерлік қызметті дамытумен жалпы бәсекелес ортаны жақсарту үшін қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру бойынша шаралар іске асырылуда.

Шағын және орта бизнес жоғары қарқынмен дамуда, белсенді шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2010 жылы – 31938 бірлікті, 2011 жылы – 39916 бірлікті, 2012 жылы – 38582 бірлікті, 2013 жылы – 43658 бірлікті, 2014 жылы – 45713 бірлікті құрады.

2011 жылы 950 орынға мейрамханалар, 1055 орынға кафе, 100 орынға асхана, 300 сауда орнына жабылған нарықтар мен павильондар, 44 сауда орнына ашық нарықтар, 308 кв. метрге супермаркеттер және 5979 кв. метрге сауда алаңдары ашылды.

2012 жылы облыста 18899 орындық 38 базар тіркелді, оның ішінде қалалық жерде – 14 базар, ауылдық жерде – 24. Түрлері бойынша базарлар: жабылған – 11 бірлік; шағын базарлар – 11 бірлік; құрама – 16 бірлік; тауар түрі бойынша: азық-түлік базарлары – 2 бірлік; азық-түлік емес – 2 бірлік; арнайы мамандандырылған – 8 бірлік; 26 – әмбебап болып бөлінген. 184 дүңгіршек, 4295 шатырлар мен контейнерлер пайдалануға берілген және қайта жөнделген.

2013 жылы – 18842 сауда орындық 42 базар (қалалық жерде 16 базар, ауылдық – 26) тіркелген.

Түрлері бойынша базарлар: жабылған – 13 бірлік; тауар түрі бойынша: азық-түлік базарлары – 4 бірлік; азық-түлік емес – 3; арнайы мамандандырылған – 10; 25 – әмбебап болып бөлінген. 1356 дүңгіршек, 5238 шатырлар мен контейнерлер пайдалануға берілген және қайта жөнделген.

2014 жылы облыста 18008 сауда орындық 40 базар тіркелген. Қалалық жерде тіркелгені 24, ауылдық жерде – 16.

Облыста жабық түрдегі базар 12 бірлік, құрама – 14 бірлік, шағын – 14 бірлік, тауарлық мамандандыру бойынша азық-түлік - 4 бірлік, азық-түлік емес – 5 бірлік, арнаулы – 11 бірлік, әмбебап – 20 бірлік.

2014 жылы 1370 павильон, 6326 дүңгіршек, шатыр мен и контейнер енгізіліп, қайта құрылды.

Облыста негізгі азық-түлік тауарларының түрлеріне бағаның өсуіне жол бермеу бойынша тиісті шаралар қолдануда. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген әлеуметтік-маңызы бар азық-түлік тауарларының 33 түрі бойынша тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Азық-түлік тауарлары мен олардың қоймаларда қалған қалдықтарының қорының апталық мониторингін жүргізу іске асырылуда. Көтерме және бөлшек сауда жасайтын кәсіпорындармен азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағаларын негізсіз көтеруді болдырмау жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.

Азық-түлік нарығы мен жанар-жағар май нарығындағы жағдайды реттеу жөнінде облыстық штаб құрылды және ол жұмыс істеуде. Осындай штабтар Тараз қаласы мен облыстың аудандарында да құрылған.

Облыстың ішкі нарығын жеміс-көкөніс өнімдерімен толтыру мақсатында облысқа Ресейден, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Қытайдан және көршілес Оңтүстік Қазақстан облысынан жеміс-көкөніс өнімдері (картоп, пияз, қырыққабат, сәбіз, қызылша, қызанақ, қияр, жемістер, цитрустық өнімдер) әкелінуде. Жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге базар аумағынан тегін және жеңілдікпен сауда орындары беріледі, дөңгелекте және жол бойында сауда жасау ұйымдастырылуда, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі тұрақты түрде өткізіліп тұрады, арнайы белгіленген орындарда өз өнімдерін сатуға рұқсат берілген.

Қала мен аудан әкімдіктерімен апта сайын төмен бағамен бойынша ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері өткізіледі.

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бәсекелестікті дамыту мәселелерін түсіндіру, әкімшілік кедергілерді қысқарту мақсатында бизнес және «Атамекен» қоғамы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізілуде. Облыстық және аудандық газет беттерінде осы тақырыптағы материалдар жарық көруде.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметіндегі әкімшілік кедергілерді төмендету мақсатында облыста Жамбыл облысы әкімдігінің жанында рұқсат беру жүйесін оңтайландыру жөніндегі Сараптау кеңесі (консультациялық-кеңесші орган) жұмыс істейді.

Бәсекелестік жағдайды бағалау мақсатында 2011 жылы тиісті тауар нарықтарында отын – энергетика кешені, сауда және өнеркәсіп саласында 35 талдау жүргізілді. Талдау нәтижесінде 24 нарық жоғары шоғырланған, 4 – орташа, 2 төмен, 5 шоғырланбаған болып анықталды.

2012 жылы 24 талдау нәтижесінде 21 нарық жоғары шоғырланған, 2 нарық – аз шоғырланған, 1- шоғырланбаған деп анықталды.

2013 жылы 21 талдау жүргізілген, нәтижесінде 9 нарық жоғары шоғырланған, 2 нарық- орташа шоғырланған, 1 нарық – аз шоғырланған, 1- шоғырланбаған деп анықталды.

2014 жылы 19 талдау нәтижесінде – 10 нарық жоғары шоғырланған, 1 – нарық - орташа шоғырланған, 1 нарық – аз шоғырланған, 7 – шоғырланбаған деп анықталды.

Талдау нәтижелері экономиканың бірқатар сегменттерінде бәсекелестіктің жеткіліксіз дамығанын көрсетеді. Сонымен, Жамбыл облысындағы дәрі - дәрмекті көтерме сату, интернетке қол жеткізу қызметі нарықтарының шоғырланудың жоғарылығымен және бәсекелестіктің дамымағандығымен сипатталады.


Инновациялар мен инвестициялар

Инвестициялар


ҚР көптеген өңірлері халықтың жан басына шаққанда инвестиция тарту көрсеткіштері бойынша біздің облыстан анағұрлым алда келеді. Жамбыл облысындағы халықтың жан басына шаққанда инвестиция тарту көлемі 2014 жылы 204,9 мың теңгені құрады, бұл ретте орташа қазақстандық көрсеткіш 1,8 есе жоғары және ол халықтың жан басына шаққанда 372,5 мың теңгені құрады.

Инвестиция көлемі бойынша бастапқы шарттары ұқсас облыстармен (Алматы, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстары) инвестиция тарту көлемінің 2003 жылғы динамикасын талдау көрсеткендей, 2003 жылдан 2009 жылға дейін ҚР өзге өңірлерінде инвестициялар көлемі үнемі артып отырған, ал біздің облысымызда оның төмендеуі де тіркелген. Нәтижесінде Жамбыл облысындағы инвестиция тарту көлемі 6,8 есеге артса, салыстырмалы өңірлерде 4,9 – 10 есеге артқан. 2008 жылы Жамбыл облысында инвестициялар көлемі Қытайға магистралды газ құбыры құрылысына тартылған 66 млрд. теңге (53%) шетел инвестициялары, сондай-ақ құрылыс материалдары, аграрлық-өнеркәсіптік өнімдер мен металлургия өндіріс салаларындағы жаңа жобаларға жұмсалған инвестициялар есебінен күрт өскен. 2008 жылғы инвестициялардың 10%-ы республикалық бюджеттен, 5%-ы – жергілікті бюджеттен, 32%-ы - өз және қарызға алынған, 53%-ы шетел қаржыларының есебінен қаржыландырылды.

2009 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 222,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылғы деңгейден 71,5%-ға артық. Бюджет қаржыларының есебінен 7,7% инвестициялар (республикалық - 5,4%, жергілікті – 2,3%), өз қаржылары мен заемдық капиталдар – 15,6%, шетелдік капиталдарды тарту – 76,7%.

2010 жылғы негізгі капиталға салынған инвестициялар 146,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2009 жылмен салыстырғанда облыс аумағында салынған Қытайға магистралды транзит газ құбыры құрылысына тартылған шетелдік инвестициялардың 4 еседен көп азайғаны есебінен 36,5% төмен.

Бюджеттік қаражат есебінен 15,1% инвестициялар қаржыландырылған, өз және қарызға алынған қаражаттардан – 47,8% және шетелдік капиталдан – 37,1%.

2011 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 30,9% (106,6 млрд. теңге) төмендеген. Бұл жалпы салынған капитал көлемінде үлесі 7%-дан артық құрайтын облыстағы тау кен шығаратын саладағы геология барлау жұмыстарына және газ тасымалдауды дамытуға бағытталған тікелей шетелдік инвестициялардың 7,3 есеге қысқаруынан болды. Сонымен, 2011 жылы халық санына шаққандағы тартылған инвестициялар көлемі 104-ке жуық мың теңгені құрады (халық санына шаққандағы орташа қазақстандық деңгейі - 299 мың теңге) немесе 2009 жылдан 2 есе аз.



2012 жылы инвестициялардың жалпы көлемі 152,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 34,8%-ға артық. Инвестициялар білім, денсаулық сақтау, спорт, инженерлік-коммуникациялықинфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандар құрылысына тартылған бюджеттік қаражаттар есебінен өскен (өткен жылғы денгейден 29,6%-ға артық). «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомобиль жолының құрылысын қаржыландыруға тартылған қаржы көлемінің (45,2 млрд. теңге) өсуіне байланысты қарызға алынған инвестиялар көлемі 61,3%-ға өсіп, 55 млрд. теңгені және инвестицияның жалпы көлеміндегі үлесі 36,1%-ды құрады. 2011 жылмен салыстырғанда шаруашылық субъектілерінің өз және халықтың қаражаттары 1,5 есеге өсіп, 48 млрд. теңгені құрады.

2013 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 248,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 55,9%-ға артық.

Бюджеттік инвестициялар көлемі 44,5 млрд. теңгені құрады, немесе өткен жылдың тиісті кезеңінен 10,0%-ға кем. Инвестицияның жалпы көлеміндегі бюджеттік салымдардың үлесі 17,9%-ды құрады.

Қарызға алынған инвестиция көлемі 2,8 млрд. теңгені құрады, инвестициялар жалпы көлеміндегі үлесі 1,1%.

Шаруашылық субъектілерінің өз қаражаттары және халықтың қаражаты инвестициялардың жалпы көлемінде 15,1%-ды құрайды. 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 21,7%-ға төмендеп, 37,6 млрд. теңгені құрады.



2014 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 206,8 млрд. теңгені құрап, 2013 жылдың деңгейіне жетпей отыр (НКИ – 80,6%). Бұл «Қазақстан – Қытай» магистралды газ құбырының және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автобанының құрылысына салынған инвестиция көлемінің қысқаруына байланысты болып отыр.

Бюджеттік инвестициялар 47,4 млрд. теңгені құрап, 15,9%-ға артты. Инвестициялардың жалпы көлеміндегі бюджеттік инвестициялардың үлесі 23,8%-ды құрады.

Өзіндік қаражаттар көлемі 55,6 млрд. теңгені құрап, 42,2%-ға артты. Инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі 26,7% құрайды.

Банктерден несиелер және басқа да қарызға алынған қаражаттар жалпы инвестициялар көлемінде 50,6%-ды немесе 105,5 млрд. теңгені құрайды.



2014 жылдың қорытындысы «Жалпы өңірлік өнімдегі негізгі капиталға инвестиция үлесі» бойынша нысаналы индикаторға қол жетпеді, бұл «Қазақстан – Қытай» және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» магистралды газқұбыры құрылысына салымдардың қысқаруынан инвестиция көлемінің қысқаруына байланысты (НКИ 2013 жылғы деңгейге – 80,6%).
Мәселелер:

- жеке инвестициялар үшін жобалардың тартымсыздығы


Инновациялық белсенділік

Облыстың ғылыми-технологиялық саясаты инновациялық процестерді белсендендіруге, жаңа технологиялық тәртіп енгізуге, өңдеу өнеркәсібінде жаңа белестерді игеруге, ғылыми ізденістер жүргізу үшін материалдық базаны нығайтуға, ғылыми-технологиялық әлеуетті дамытуға, ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жақындатуға, инновациялық қызметті ынталандыруға, халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған.

2009 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 4,4% құрады (2008 жылы – 6,0%). Инновациялық өнімнің көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 3,5 есеге төмендеген және 2190,4 млн.теңгені құрған, 382,5 млн.теңге сомасында инновациялық қызмет көрсетілген. 2009 жылы статистика бойынша облыста 13 инновациялық-белсенді кәсіпорындар бар. Жаңа технологияларды, құрал-жабдықтарды, материалдарды, ғылыми-зерттеу қызметті енгізу, ғылыми-зерттеу бағдарламаларына қатысу олардың қызметінің негізгі түрлері болып саналады.

2010 жылы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 7,8%-ды құрайды және республика өңірлері арасында ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады, 2011 жылы – 10,2%.

2012 жылы инновациялық өнімнің көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 70,5%-ға өсіп, 19181,2 млн.теңгені құрады, 841,3 млн.теңгеге инновациялық қызметті көрсетілді. Кәсіпорындардың инновациялық қызметінің аяқталған инновацияның технологиясы бар негізгі түрлері жаңа технологияларды енгізу, жабдықтауды, материалдарды - 68%, ғылыми-зерттеу қызметін - 12%, инновациянын басқа түрлерін - 14% енгізу болып табылады.

Инновациялық өнім көлемі 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 12,1 %-ға артып, 21495,7 млн теңгені құрады, инновациялық сипаттағы қызметтер 1188,5 млн. теңге көлемінде сақталды.

Талдау кезеңі бойынша өнімдік және үдерістік инновацияларға жұмсалған жалпы шығындар 16901 млн. теңгені құрады. Сонымен қатар, кәсіпорындардың өзіндік қаражатынан жұмсалған шығындар көлемі 9962,2 млн. теңгені құрады, яғни инновациялық қызметті жүзеге асыруға жұмсалған шығындардың 59% құрайды.

Инновацияның барлық түрі бойынша инновация саласындағы белсенділік деңгейінің ең жоғарғы көрсеткіші ірі кәсіпорындар арасында байқалып, 14,9% құрады. Азық-түлік, үдерістік, ұйымдық және маркетингтік инновациялар бойынша кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 10,2%-ды, азық-түлік және үдерістік инновациялар бойынша - 4,3% құрайды.

2014 жылдың қорытындысы бойынша облыстың 808 кәсіпорындарының инновациялық қызметіне статистикалық байқау жүргізілді, онын ішінде 98 кәсіпорын (2013 жылы – 75 кәсіпорын) инновацияларға ие болды. Инновациялық белсенділік 12,2% құрады.

Инновациялық өнім көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 17,4 %-ға артып, 25250,3 млн. теңгені құрады. Экспортқа шығарылған инновациялық өнім 5995,1 млн. теңгені құрады.



Өнімге, үдеріске, ұйымдастырушылық және маркетингтік инновацияларға жұмсалған жалпы шығын 15007,5 млн. теңгені құрады. Кәсіпорындардың жеке қаражаты есебінен жұмсалған шығындар көлемі 4861,2 млн. теңгені құрады.
2013 жылы аяқталған инновацияларды көрсеткен кәсіпорындар

1 кесте



Кәсіпорынның атау

Инновация типі

Жоба атау

1.

«АК «Алтыналмас» АҚ

үдерістік

Ақбақай алтын өндіру фабрикасының өнімділігінің артуы

2.

«Қазфосфат» ЖШС ЖФ (НДФЗ )

өнімдік

Натрий гексаметафосфатты –өдіру және органикалық қоспалардан фосфор тазартқыш орнату

3.

«Қазфосфат» ЖШС ТФ (Минералды тыңайтқыштар)

өнімдік

Күкірт қышқылы цехының құрылысы

4.

«Карат-V» ЖШС

өнімдік

Жиһаз ламинатын қаптау және әрлеу бойынша цехын іске қосу

5.

«Құрылыс-Полимер» ЖШС

өнімдік

Пластмассадан бұйымдар өңдейтін зауыт

6.

«Луговой жылқы зауыты» ЖШС

өнімдік

Шошқа бордақылау кешені, балық цехының құрылысы

7.

«Та-Мак» ЖШС

өнімдік

Лағман және сорпаға арналған жаңа кеспе өнімін шығару

8.

«Жамбыл цемент ­ӨК» ЖШС

өнімдік

Алдын-ала декарбонизатор қолдана цемент шығару («құрғақ» әдіс) RSP әдісімен

9.

«База SERVIS» ЖШС

өнімдік

Кірпіш зауытының құрылысы

10.

«Тараз металлургия зауыты» ЖШС

өнімдік

жылына 120 мың тонна ферросиликомарганец өндіретін металлургиялық зауыт

111.

«Бірлік-энерго» ЖШС

өнімдік

Шикі мұнайды өңдейтін зауыттың құрылысын ұйымдастыру

112.

«Үміт-Қордай» ЖШС

өнімдік

Алкагольсыз сусындарға арналған жаңа жабдықтар орнату

113.

«Алкопищепром» ЖШС

өнімдік

Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және консервілеу зауыты

114.

«KazIrAgro» ЖШС

өнімдік

Дәнді дақылдарды қайта өндеу цехын жобалау

115.

«Тараз құбыр зауыты» ЖШС

өнімдік

Қысымды полиэтилен және тамшылап суаратын құбырларды шағыратын зауыт құрылысы

116.

«Super Pharm» ЖШС

өнімдік

Бір рет пайдаланылатын медициналық бұйымдарды өндіру

117.

«Амангельд ГӨЗ» ЖШС

өнімдік

Шикі мұнай өңдеу зауыты, ауыр дистилят өндіру

118.

«БиномСтройДеталь» ЖШС

өнімдік

ТББ (көпқабатты үйлердің құрылысына қабырға панелін) шығару

119.

«Куликов сүт комбинаты» ЖШС

үдерістік

Сүт зауытын қайта құру және жаңғырту

220.

«Жамбыл ГЭС» ЖШС

ұйымдастырушылық

Қуаттылығы 9,2 мВт гидроэлектрстансасының құрылысы және пайдалану, орташа өнім 56,0 млн. кВт/с.

221.

«TALAS INVESTMENT COMPANY» ЖШС

үдерістік

Натрий цианидін өндіру зауытын іске қосу

222.

«ЕвроХим-Тыңайтқыштар» ЖШС

үдерістік

Минералды тыңайтқыштарды өндіру зауытының құрылысы

Облыстың жоғары оқу орындарындарында, оның ішінде М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту қолданбалы ғылым мен өндірісті біріктіруге, ЖОО-ның ғылымын экономикалық және әлеуметтік прогресті қамтамасыз етуге бағытталған зерттеулерге қайта бағыттауға, ғылымға сыйымды технологиялар енгізуге бағытталған. Аграрлық ғылым Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен («ҚазСШҒЗИ» ЖШС), Жамбыл облыстық тәжірибелік ауыл шаруашылығы және облыстық ветеринарлық станцияларымен, Меркі жеміс-жидек шаруашылығымен ұсынылады, олар республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын түрінде жұмыс істейді. Облыс кәсіпорындарының 6 – ауыл шаруашылығы дақылдарының асыл тұқымдарын өндірумен, 89 – асыл тұқымды мал шаруашылығымен, қой, шошқа, жылқы, түйе шаруашылығымен, 1 – жеміс-жидек дақылдарын отырғызуда сақтаумен және қамтамасыз етумен айналысады.

«Академик К.И. Скрябин атындағы Жамбылдық ветеринарлық ғылыми-зерттеу станциясы» ӨМҚК тиімділігі жағынан практикада қоладынылып жүрген импорттық аналогтарынан кем түспейтін және арзандылығымен ерекшеленетін бірқатар жаңа антигельминттік құралдарды ұсынды. «Облыстық тәжірибелік станциясы» жоғары сапалы тұқымды өндіру мен іске асырумен айналысады.

ҮИИД бағдарламасының шеңберінде инновациялық құрылымы бар, пайдалануға берілетін өндірістерге ерекше көңіл бөлінуде. Бұл цемент зауыты («Мыңарал Тас компани» ЖШС), онда цементті құрғақ әдіспен өндіру игерілген. Сонымен қатар, онда шикізат өңдеуден, оны тұтынушыларға дайын өнім ретінде жеткізуге дейін өндірістің толық циклі жалға қойылған. Басқа да Ақбақай кластері («АК Алтыналмас» АҚ) маңызды жобасын пайдалануға беру кенорындардың өндірісін «Доре» қойыртпасында жаңа инновациялық технология бойынша жылына 2,8 тонна алтын балқыта отырып, он есеге ұлғайтады. Кең спектрлі пайдаланылатын жарық диодты шамдар зауытында («Энерджи Тараз» ЖШС) - ауыспалы технологияларды пайдалану электр қуатын пайдалануды 70%ға үнемдейді. Жоғары сапалы жүннен тоқыма тоқуға арналған шикізат – ТОПС-ты өндіру бойынша Қазақстан бойынша бір ғана кәсіпорын («Фабрика ПОШ Тараз» ЖШС) Италиядан зертхналық зерттеуден өтіп, осы өнімді өндірушілердің әлемдік тізіміне енгізілді. «Жасулан и К» ЖШС жобасы бойынша жарық беретін пленканы пайдаланумен қатар өндірістік негізде гүлдерді өсіруде жаңа технологиялар пайдаланылды.



Мәселелер:

  • тек кейбір кәсіпорындардың ғана, тәуекелге бара отырып, жеке қаражаттарын өндірісті жаңарту және технологиялық инновацияны енгізу үшін жұмсауға мумкіншілігі бар;

  • білікті мамандардың болмауы, оларды қайта оқыту және біліктілігін арттыруға қосымша шығындарды талап етеді.

Жергілікті үлес

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Үкімет қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеті тауар, жұмыс пен қызметтерді сатып алуда жергілікті үлесті арттыруға ықпал ету болып табылады.

2010 жылы қазақстандық үлесті арттыру жөніндегі жұмыстар жалғасты. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстың мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындары 2010 жылы жалпы сомасы 20,4 млрд. теңгеге 27347 тауарларды (жұмыс пен қызмет көрсету) мемлекеттік сатып алуларды жүргізді, мұнда жергілікті үлес тауарларды сатып алуда 80,5%, жұмыс пен қызмет көрсетуді – 93,9%.

2011 жылы жергілікті үлестің және «NADLoC» АҚ тиісті мәліметтерінің айсайынғы мониторингісіне жататын кәсіпорындардың есепті мәліметтері бойынша жүйе құрушы кәсіпорындардың сатып алу көлемі 31,3 млрд. теңгені құрады, оның ішінде отандық тауар өндірушілерде – 15,9 млрд. теңге, жергілікті үлес 50,7% құрады. 23,7 млрд. теңгеге (37,7%) тауарлар сатып алынды, 1,7 млрд. теңгеге (99,6%) жұмыстар, 5,9 млрд. теңгеге (88,5%) қызметтер орындалған.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстың мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындары жалпы 43,2 млрд. теңге сомасында 18487 тауарларды (жұмыс пен қызмет көрсету) мемлекеттік сатып алуларды жүргізді, мұнда жергілікті үлес 81%, оның ішінде тауарларды сатып алуда – 71,3%, жұмыс пен қызмет көрсетуде – 89,7%.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы №366 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» №745 қаулысына сәйкес 2011 жылдың 1 тамызынан бастап мониторингке келесі кәсіпорындар жатады: «Тараз металлургия зауыты» ЖШС, «Қант» АҚ, «Жамбылгипс» АҚ, «ТаразКожОбувь» ЖШС.

2012 жылы 4 жүйе құрушы кәсіпорын бойынша жалпы сатып алу көлемі 1452,0 млн. теңгені құрады, оның ішінде отандық өнім өндірушілерден – 950,4 млн. теңге, жергілікті қамтудың үлесі 65,5 % құрап отыр. 834,4 млн. теңгеге тауар сатып алынды (41,9%), 617,6 млн. теңгеге қызмет көрсетілді (97,3%).

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер тарапынан (жұмыстар мен қызмет көрсетуді) 2012 жылы 65,3 млрд. теңгені құрайтын 22, 7 мың мемлекеттік сатып алу жүргізілді, ондағы жергілікті үлесі 82,9%-ды құрады, оның ішінде тауар сатып алуда 72,0%-ды, жұмыстар мен қызметтерде 91,2 %-ды құраған.

Мемлекеттік мекемелер мен жүйе құраушы кәсіпорындарда тауарларды, қызметтерді және жұмыстарды сатып алудағы жергілікті үлес 78,1%-ды құрады.

Астана қаласында өткен «Қазақстандық қамту - 2012» форумында облысымыздың 10 кәсіпорны қатысты («Казфосфат» ЖШС, «ТМЗ» ЖШС, «Мынарал Тас Компани» ЖШС, «Энерджи» ЖШС, «ТаразКожОбувь» ЖШС, «Жасулан-Флора» ЖШС, «Запчасть» АҚ, «ТҚЗ» ЖШС, «Ырыс Бахыт» ЖШС, «Супер Фарм» ЖШС).

«Тауарларды сатып алу, жұмыс және қызмет көрсетудегі қазақстандық үлесті дамытуға мониторинг жасауға жататын мекемелердің тізімін бекіту туралы» 2009 жылғы 20 наурыздағы ҚР Үкіметінің №366 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы, ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 30 мамырдағы №554 қаулысына сәйкес, тауарларды сатып алу, жұмыс және қызмет көрсетудегі қазақстандық қамтуды дамытуды мониторингілеуге жататын мекемелердің тізімі бекітілді. Жамбыл облысы бойынша келесі тізім анықталды. «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС, «Жамбылгипс» АҚ, «ТаразКожОбувь» ЖШС, «Та-Мак» ЖШС және «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС.

2013 жылы 5 жүйе құрушы кәсіпорын бойынша жалпы сатып алу көлемі 1 572,0 млн. теңгені құрады, қазақстандық қамтудың үлесі 58,9% құрап отыр. Тауарларды сатып алудағы жергілікті қамту үлесі – 45,3%, қызметтер мен жұмыстар 100%;

2013 жылы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер тарапынан (жұмыстар мен қызмет көрсету) 74761,3 млн. теңгені құрайтын 56,1 мың мемлекеттік сатып алу жүргізілді, ондағы жергілікті үлесі (90,1%) пайызды құрады, оның ішінде тауар сатып алуда 81,1%-ды, жұмыстар мен қызметтерде 92,5%-ды құраған.

2013 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік мекемелер мен жүйе құраушы кәсіпорындардың сатып алуларындағы жергілікті үлес 79,7% құрап отыр.

2014 жылы жүйе құраушы кәсіпорындар бойынша сатып алу көлемі 1877,8 млн. теңгені құрады, ондағы жергілікті қамту үлесі 65,7%, оның ішінде тауарларды сатып алудағы жергілікті қамту үлесі – 58,3%, қызметтер мен жұмыстарды сатып алу – 100%.

Осы кезеңде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер мен кәсіпорындардың жалпы жұмыстар мен қызмет көрсетуді сатып алу көлемі 8854,5 млн. теңгені құрады. Жалпы жергілікті қамту үлесі 79,9%-ды, оның ішінде тауарларды сатып алуда - 66,6%, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда - 89,3 %-ды құрады.

2014 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік мекемелер мен жүйе құраушы кәсіпорындардың сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесі 77,4%-ды құрады.

СТ-KZ сертификатын беру міндеттерін облыстық сауда-өнеркәсіп палатасына (2012 жылдың 1 қаңтары) берілуіне байланысты аталған сертификатты беру рәсімі жеңілдетілді, осының арқасында сертификатты алған кәсіпорындар саны және сәйкесінше өз өнімдеріндегі қазақстандық қамту үлесі артты.

Отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасымен нақты жұмыстар атқарылуда.

- жүйе құраушы кәсіпорындарда қазақстандық қамту үлесін арттыру жөнінде егжей-тегжейлі жоспар әзірленіп, ол бойынша ҚР ИДМ тоқсан сайын атқарылған жұмыстар туралы есеп беріледі;



  • облысымыздағы отандық тауар өндірушілердің каталогы жасалып, ол республикамыздың басқа аймақтарына, «NADLoC» АҚ-на, ірі компаниялар мен кәсіпорындарға жолданды. Каталог КИИДБ сайтына орналастырылған, үнемі жаңартылып және толықтырылып тұрады;

  • ірі кәсіпорындардың шағын және орта бизнес өкілдерінің қатысуымен мүмкіндігінше семинарлар, көрмелер, кездесулер ұйымдастыру;

  • облыс кәсіпорындарын жыл сайын өткізілетін «Қазақстандық қамту» республикалық форумына қатысуын қамтамасыз ету;

  • облыстың моноқалаларында Әріптестік бағдарламасын дамыту.

2014 жылдың 15 мамырында «Қазақстанның үздік тауары» атты аймақтық көрме-конкурсына облыстың 56 кәсіпорыны қатысты, оның жеңімпаздары мен лауреаттары (2014 жылдың 5-6 желтоқсанында) Астанадағы республикалық көрме-конкурсқа қатысты.

Әлемдік қаржылық дағдарыстың салдары, тұрақты дамуға жету үшін шағын және орта кәсіпкерлікті мақсатты дамыту қажет екендігін көрсетті.

ШОБ субъектілерінің өнім көлемін арттыру және өткеру нарғын кеңейту мақсатында ұлттық компаниялар тарапынан жергілікті өнім өндірушілерден тапсырыстар көлемін ұлғайту жөнінде жұмыстар атқарылуда. Осы тұста нақты шаралардың бірі ірі жүйе құраушы компаниялардың маңында шағын және орта бизнесті дамыту болып (Әріптестік бағдарламасы) табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Әріптестік бағдарламаны дамыту бойынша кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөнінде тапсырмасын орындау мақсатында, 2013 жылдың ақпанында «Казфосфат», «Еврохим Удобрения», «Talas Investment Company» ЖШС-нің басшылары, Сарысу және Талас ауданы әкімдері сонымен қатар, кәсіпкерлердің қатысуымен кеңес өткізілді. Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімдігі мен «Казфосфат» арасында шағын және орта бизнесті қолдаудағы іскерлік байланыс орнату жөнінде Меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, 2013 жылдың наурызында облыстық әкімдікте құрылыс индустриясы кәсіпорындары мен облыстың құрылыс мекемелерімен Әріптестік бағдарламаны іске асыру жөнінде кеңес өткізілді.

Тараз қаласында 2013 жылдың 7 қарашасында өткен Мемлекеттік бизнесті қолдау мәселесі бойынша өңіраралық конференцияда 13 меморандумға және ірі кәсіпорындар мен шағын және орта бизнес өкілдері арасында келісімдерге қол қойылды.

Облыстың қала құраушы кәсіпорындарымен ШОБ кәсіпорындарынан тауарларды сатып алу арқылы оларды қолдау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен, Қаратау қаласында натрий цианидін өндіру бойынша зауыт құрылысының барысында («Talas Investment Сompany» ЖШС) моноқаланың жергілікті халқы тартылды. Кәсіпорынды іске қосу барысында металдық (барабандар) және фанерлік ыдысқа (жылына 20-дан 100 данаға дейін) деген қажеттілік туындап отыр, осыған байланысты кәсіпорын аталған өнімді Қаратау қаласында өндіру мәселесі қарастыруда. 2014 жылы «Talas Investment Сompany» ЖШС-і мен аймақтың шағын кәсіпорындары арасында сомасы 751,7 млн. теңгеге жұмыстар мен қызметтерді жеткізу келісім шарттары жасалды.

Сондай-ақ, «Казфосфат» ЖШС-і мен Жаңатас қаласының шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында сомасы 412,3 млн. теңгеге жұмыстар мен қызметтерді жеткізу бойынша келісім шарттары жасалды. Осы кезеңде «Еврохим Удобрения» ЖШС-гі мен аймақтың шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында 8,5 млн. теңгеге жұмыстар мен қызметтерді жүргізу келісім шарттары жасалды.

Облыста сертификаттары бар тауар өндірушілердің тізілімі әзірленіп, таратылған, кәсіпорындармен және републиканың басқа да өңірлерімен меморандумдарға қол қойылған. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату және әрі қарай алға басуы, ҮИИДМБ жаңа технологияларды пайдаланумен қатар облыстағы жұмыс істеп тұрған өндірістерді жетілдіруге және жаңа өндірістерді құруға бағытталған шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру, халықаралық сапа стандарттарын енгізу бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнімді шығаруды қамтамасыз етеді.


2.2.2 Әлеуметтік сала

Білім беру

Білім беру жүйесінде компьютерлермен, жаңа үлгідегі және кең ауқымды Интернеті бар кабинеттермен жабдықтау негізінде мектептердің материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейін арттырудың тұрақты үрдісі байқалуда, бұл сапалы білімге қолжетімділікті арттырады. Дарынды балаларға арналған арнайы мектептерде, гимназиялар мен лицейлерде оқығысы келетіндердің саны артуда. Бұл білім беру қызметтерінің деңгейіне және қазіргі заманғы талаптарға сай жағдайлар жасауға деген сұраныстың артқандығының белгісі.



Орта білім беру

2010-2011 оқу жылдары білім беру қызметін 466 мектеп, 2011-2012 жылдары – 460 мектеп, 2012-2013 жылдары – 456 мектеп атқарды.

2013-2014 оқу жылының басына білім беру қызметін 453 мектеп атқарды (447 жалпы білім беретін және 6 мектеп интернаттары).

2014-2015 оқу жылының басына облыста 450 мемлекеттік мектеп жұмыс істейді (444 жалпы білім беретін және 6 мектеп интернаттары).

Үш ауысымда білім беретін мектептер жұмыс істеді (2012 ж. – 4, 2013 ж. – 2, 2014 ж. – 3);

2014 жылы Қордай ауданының Кенен ауылындағы 600 орындық ОМ құрылысы есебінен 1 үшауысымды мектептің мәселесі шешілді.



2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, облыста оқушылар орны тапшылығы бар 2 мектеп (Меркі ауданы Сарымолдаев ауылындағы №9 ОМ, Байзақ ауданы Түймекент ауылындағы Түймекент ОМ) үш ауысымды білім беру жүйесіне көшірілді.

Аталмыш мәселелерді шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жобалар тізіміне қосылған:



  • 2015 жылға: 2 мектептің құрылысы (Байзақ ауданы Түймекент ауылында 300 орындық ОМ, Тараз қаласы Құмшағал станциясында 300 орындық ОМ);

  • 2016 жылға: 1 мектептің құрылысы (Меркі ауданы Сарымолдаев ауылында 600 орындық ОМ).

Апатты мектептер санының жыл сайын азаюы байқалады (2012 жылдың қорытындысы бойынша – 33, 2013 ж. – 25, 2014 ж. – 19).

2015 жылы апатты мектептердің орнына 9 мектепті пайдалануға беру, қалған 10 мектептің мәселесі 2016-2017 жылдары шешу жоспарлануда.

2015 жылдың басына облыста қалғаны 69 мектеп саман кірпішті ғимараттарда орналасқан (2012 жылы – 81, 2013 жылы - 77), 120 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді.

2014-2015 оқу жылдары 284 мектеп (450 жалпы білім беретін мектептің санынан 62,7%) лингафонды-мультимедиялық кабинеттермен қамтылды (2011-2012 о.ж.ж. – 217 мектеп (456 жалпы білім беретін мектептің санынан 47,6%), 2013-2014 о.ж.ж. – 248 мектеп (453 жалпы білім беретін мектептің санынан 54,7%), 185 мектеп (47,8%) – биология кабинеттерімен (2011-2012 о.ж.ж. – 109 мектеп (27,9%), 2013-2014 о.ж.ж. – 129 мектеп (33,3%), 158 (40,8%) – физика кабинеттерімен, 2011-2012 о.ж.ж. – 96 (24,6%), 2013-2014 о.ж.ж. – 117 (30,2%), 163 (42,1%) – химия кабинеттерімен 2011-2012 о.ж.ж. – 28 (7,2%), 2013-2014 о.ж.ж. – 130 (33,6%) қамтылды.

2012 - 2014 жылдар аралығында 333 жаңа модификациядағы кабинеттер сатып алында (2012 жылы - 66, 2013 жылы - 99, 2014 жылы - 168).

2015 жылдың басына облыста 138 мектеп интерактивті жабдықтармен қамтылған, қамтылу деңгейі 30,6%-ды құрайды, 431 жалпы білім беретін мектеп (95,8%) кең ауқымды Интернет желісіне қосылған.

2011 жылдан бастап қазіргі таңға дейін сапалы және тұрақты ыстық тамақпен қамтамасыз етілген аз қамтылған отбасындағы балалардың үлесі 100% құрайды.



Сапалы жайлы жеткізумен 5206 бала немесе 100% қамтылды.

Мәселелер:

- саман кірпішті ғимараттарда орналасқан 69 мектеп бар болуынан апатты мектептер санының өсімі;


Білім беру қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету

Жылда табиғи-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша білім беру бағдарламаларын жақсы игерген түлектердің үлесі артуда.

Егер 2011 жылы табиғи-математикалық пән бойынша мектеп түлектерінің үлесі 58,0%-ды құраса, 2012 жылы 58,1%-ды, 2013 жылы – 58,9%-ды, 2014 жылы – 59,7%-ды құрады.

Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша 2011 жылы жақсы игерген түлектердің үлесі 66,0%-ды құраса, 2012 жылы - 66,1%-ды, 2013 жылы – 66,5%-ды, 2014 жылы – 67,7%-ды құрады.

Жыл сайын халықаралық олимпиадаларға, конкурстарға, ғылыми жарыстарға қатысушылардың саны ұлғаюда, сәйкесінше, жеңімпаздардың да саны өсуде. Егер, 2011 жылы 18 жеңімпаз болса, 2012 жылы олар 36-ны құрады, 2013 жылы – 48 және 2014 жылы – 71.
Педогогикалық кадрлардың кәсібилігін және мұғалім мамандығы беделін арттыру

Педагогикалық кадрларды ауылда бекітуге немесе орнықтыруға мұғалімдерге әлеуметтік қолдау мен оларға материалдық ынталандыру жүзеге асырылады. Ауылдық аймақтар педагогикалық кадрларды тарту мақсатында жыл сайын әлеуметтік қолдауға бюджеттен қаражат қарастырады. Ауылдық білім мекемелеріне келген жас мамандардың тұрмыс-тіршілігі жағдайын қамтамасыз ету бойынша мәселелер шешілуде. ЖОО бітірген және ауылда жұмыс істеу мен тұруға қайтып келген жас мамандардың саны ұлғаюда; оқу орындарындағы түлектер мен білімгерлердің, мектеп оқушыларының санынан ауыл шаруашылығы үшін кадрлық әлеуеттер құрылуда; ауыл шаруашылық өндірісі мен ауылдағы әлеуметтік сала жүйесінің маңызды бөлігіне білікті кадрларды бекіту мен олардың ағымдылығын төмендету үшін жағдайлар жасалуда.



Жоғары білім алған педагогтар санының өсуі байқалуда. Егер 2009 жылы облыс мектептерінде жұмыс істейтін педагогтардың саны 21759 адамды құрайтын болса, оның ішінде 86%-ы (2007-82,7%) жоғары білімді, онда 2011 жылы жоғары білімді педагогтар үлесі 87,4%-ды, 2012 жылы 88,9%-ды, 2013 жылы 89,8%, 2014 жылы 91%-ды құрайды.

Егер 2009 жылы жоғары және бірінші категориялы мұғалімдер үлесі 42,2%-ды құраған болса, 2011 жылы педагогтардың шеберлігі мен біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіруі есебінен 44,0%-ға, ал 2012 жылы 47,5%-ға өсті, 2013 жылы – 48,4%, 2014 жылы-48,3%-ды құрады.

2011 жылы 5024 педагог біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

2012 жылы «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы Жамбыл филиалында 1054 педагогтар оқытылды (2 деңгейде – 110 адамның еңбекақысы 70%-ға, 3 деңгейде – 1044 адамның еңбекақысы 30%-ға өскен). Бұдан басқа, мектептердің 157 басшысы (директорлар, олардың орынбасарлары) біліктілікті арттыру курсынан өтті.

2013 жылы "Назарбаев интеллектуалды мектебі" педагогтық шеберлілік орталығында 1100 педагог жаңа форматтағы деңгейлік курсттан өтті: 1-ші деңгейден 250 педагог (100%-ға еңбекақысы жоғарылатылды), 2-ші деңгейден 155 педагог (70%-ға), 3-ші деңгейден 695 педагог (30%-ға) өтті.

Бұдан басқа, 111 мектеп басшылары (директорлар, орынбасарлар) біліктілікті арттыру кусртарынан өтті.

2014 жылы 1252 педагог жаңа форматтағы деңгейлік курстардан өтті: 1-ші деңгейден жалақысы 100% артуымен 235 педагог өтті, 2-ші деңгейден 70% - 318 педагог, 3-ші деңгей – жалақысы 30% артуымен 699 педагог өтті.

Ауылдық мұғалімдердің деңгейлерін жоғарылату және сапалы білім беруге біріңғай қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында 2011-2016 жылдары 10 тіректі мектептер (ресурстық орталықтар) ашу қарастырылған, оның ішінде 2015 жылдың басына Байзак, Жуалы, Талас, Шу, Т. Рыскұлов, Мойынкұм Мерке және Сарысу аудандарында 8 мектеп (2013 ж. - 6, 2014 ж. - 8) жұмыс істейді.

Ресурстық орталықтарды материалдық-техникалық қамтуға 2012 жылы 58,8 млн.теңге, 2013 жылы - 126,8 млн. теңге, 2014 жылы - 50 млн.теңге облыстық бюджет қаражаттары бөлінді.



Мәселелер:

Білікті педагогикалық кадрлардың - табиғи-математика бойынша шетел тілінде дәріс беретін мұғалімнің жетіспеушілігі.


Даму мүмкіншілігі шектеулі балаларды қолжетімді білім берумен қамтамасыз ету

Даму мүмкіншілігі шектеулі балалардың саны жыл сайын өсуде. 2011 жылы олардың саны 6972 болса, 2012 жылы - 7174, 2013-2014 оқу жылы – 7324, 2014-2015 оқу жылы – 7474 құрады.

Барлығы білім ұйымдарында 18 жасқа дейінгі даму мүмкіншілігі шектеулі 5889 (78,8%) балалар тәрбиеленуде және білім алуда.

Мектепке дейінгі мекемелерде сөйлеу мәнері бұзылған 1779 бала тәрбиеленуде: сөйлеу мәнері бұзылған балаларға арналған 2 арнайы балабақшада (Тараз қаласы, №6,8 б/б) 727 бала (2011 ж. – 717, 2012 ж. – 756, 2013 ж. - 722), жалпы бағыттағы мектепке дейінгі 8 мекемеде сөйлеу мәнері бұзылған балаларға 35 топ ашылып, онда 632 бала (Тараз қаласы, №7,15,16,18,21,27,33,38) (2011 ж.-587, 2012 ж.-771, 2013 ж.-620), Тараз қаласында инклюзивті тәрбиелеумен мектепке дейінгі 15 мекемеде сөйлеу мәнері бұзылған 420 бала қамтылған.

Даму мүмкіншілігі шектеулі 4110 бала жалпы білім беретін мектептер мен колледждерде, оның ішінде 4 арнайы түзету мектеп-интернатында – 575 (2011 ж. – 570, 2012 ж. – 559, 2013 ж. – 584, 2014 ж. - 575), жалпы білім беретін мектептерде даму мүмкіншілігі шектеулі балаларға арналған арнайы сыныптарда – 447 (2011 ж. – 489, 2012 ж. – 408, 2013 ж. – 424, 2014 ж. - 447) бала оқиды.

Одан басқа, үйде оқытумен 1430 бала (2011ж.-1308, 2012ж.-1340, 2013ж.- 1374, 2014ж. -1430) қамтылған, облыстың 290 мектебінде инклюзивті білім берумен 1495 (2011ж.-1250, 2012ж.-1262, 2013ж.- 1318, 2014 ж. -1495) даму мүмкіншілігі шектеулі бала қамтылған. Облыс колледждерінде 163 (2011ж.-39, 2012ж.- 32, 2013ж.- 70, 2014ж. - 163) оқушы дәріс алуда.

Облыс бойынша:


  • психологиялық-медициналық-педогогикалық кеңес беру – 5 (2011 жылдан бастап – 5);

  • арнайы түзету мектеп - интернаттары - 4 (2011 жылдан бастап - 4);

  • психологиялық-педогогикалық түзету кабинеттері - 7 (2011 жылдан бастап - 7);

  • арнайы логопедтік мектепке дейінгі мекемелер - 2 (2011 жылдан бастап - 2);

  • логопедтік топтары бар мектепке дейінгі мекемелер - 8 (2011ж. - 6, 2012 ж. -6, 2013 ж. -7, 2014 ж.-8);

  • логопункттер -21 (2011 ж. - 2, 2012 ж. – 5, 2013 ж. – 13, 2014 ж. – 21)

  • түзету сыныптарымен жалпы білім беру мектептері 20 (2011 ж. - 20, 2012 ж. – 18, 2013 ж. – 20, 2014 ж.-17);

- 1 сауықтыру орталығы жұмыс істейді.

Бөгетсіз өтуге жағдай жасау мақсатында облыста 324 мектепке пандустар мен тұтқалар, 327 мектепке – кең есіктер, 90 мектепке – демалу орындары орнатылды. 228 мектепке дейінгі мекемелер ішінде 106-на пандустар мен тұтқалар, 91-іне – кең есіктер орнатылды.

2014 жылы 90 мектеп бөгетсіз білім алуға қол жетімділікпен қамтамасыз етілді (пандустар мен тұтқалар, кең есіктер орнатылды және демалу бұрыштарымен қамтылды).

Мәселелер:

- мектептерде, балабақшаларда логопедтік пункттер жеткіліксіздігі;


Мектепке дейінгі білім беру

«Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру облыста мектепке дейінгі білім беру жағдайын айтарлықтау жақсартуға ықпал етті.

2015 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша облыста бала саны 43767 мектепке дейінгі 406 (240 бала бақша және 169 шағын орталық) мекеме жұмыс істейді, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар үлесі 70,7%-ды құрайды.

Бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде 2010-2014 жылдар аралығында облыста 94 бала бақшада және 141 шағын орталық ашылды, онда 24388 бала тәрбиеленуде, оның ішінде: салынғаны – 16 (РБ есебінен – 14, ЖБ - 2), мемлкеттік-жекеменшік серіктестігі негізінде – 21 ашылды, бұрын жекешелендірген балабақшаларды қайтару есебінен 15 ашылды, қалпына келтіру есебінен – 20, балабақшаға жарамды ғимараттарды беру есебінен 22 мекеме ашылды.

2011 жылы 5720 орындық 17 балабақша және 52 шағын орталық ашылды, жоспарды асыра орындау 2605 орынды құрады (2011 жыл жоспары – 3115 орын). Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар үлесі 60,5%-ды құрайды. 2010 жылмен салыстырғанда 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар үлесі 5,6%-ға артты (2010 ж. – 54,9%).

2012 жылы 4030 орындық 17 балабақша және 8 шағын орталық ашылды, жоспарды асыра орындау 1665 орынды құрады (2012 жыл жоспары – 2365 орын). Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар үлесі 64,6%-ды құрайды. 2011 жылмен салыстырғанда 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар үлесі 4,1%-ға артты.

2013 жылы 3115 орындық 18 балабақша және 2 шағын орталық ашылды, жоспарды асыра орындау 1105 орынды құрады (2013 жыл жоспары – 2010 орын). Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар үлесі 67,6%-ды құрайды. 2012 жылмен салыстырғанда 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар үлесі 3%-ға артты.

2014 жылы 4653 орындық 23 балабақша және 9 шағын орталық ашылды, жоспарды асыра орындау 1283 орынды құрады (2014 жыл жоспары – 3370 орын). Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар үлесі 70,7%-ды құрайды. 2013 жылмен салыстырғанда 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар үлесі 3,1%-ға артты.

«Балапан» бағдарламасын іске асырудың шеңберінде жергілікті бюджет есебінен 591 млн. тенгеге 26 балабақша ғимараттары сатып алынды (2010 жылы - 10, 2011 жылы - 14, 2012 жылы - 2).

2010 жылдан бастап 2015 жылдың 1 қаңтарына пайдалануға 16 балабақша берілді (2010 ж.- 1; 2011ж.- 2; 2012 ж.- 3, 2013 ж.-3, 2014 ж.-7), оның ішінде республикалық бюджеттен – 14, жергілікті бюджеттен – 2.

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік есебінен жұмыс істейтін мектепке дейінгі мекемелер жүйесі ұлғаюда. 2010 жылға дейін облыста тек 2 жекеменшік балабақша жұмыс істеді. Бүгінгі күні 29 (23 б/б, 6 ш/о) мектепке дейінгі балабақшада 3094 бала тәрбиеленеді.

2015 жылдың басына жекеменшік балабақшалар жүйесі 2010 жылмен салыстырғанда 20 бірлікке кеңейтілді. Егер 2013 жылы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік есебінен 715 орындық 7 балабақша ашылса, онда 2014 жылы 1143 орындық 11 мектепке дейінгі мекеме ашылды, оның ішінде 878 орындық 8 балабақша және 265 орындық 3 шағын орталық.

Балалардың (3-6 жастағы) мектепке дейінгі тәрбиемен және білім алумен қамтылу деңгейі:

%





2010г

2011г

2012г.

2013г.

2014г.

3-6 жас

54,9

60,5

64,6

67,6

70, 7

Мәселелер:

- Мектепке дейінгі мекемелер жүйесінің тұрақты артуына қарамастан, балабақша қажеттілігі төмендемеген. Облыс бойынша мектепке дейінгі мекемелерге орналастыру үшін кезекке тұрған балалардың саны 36992 адамды құрады (Тараз қ. 22622);

- мектепке дейінгі мекемелер жүйесінің жетіспеушілігінен балабақшаларда топтардың шектен тыс толуы (Тараз қаласы бойынша).
Кәсіби білім беру

2010-2011 оқу жылдары облыста 60 ТжКББ мекемелері жұмыс істеді, 2011-2012 о.ж.ж. – 56, 2012-2013 о.ж.ж. – 54, 2013-2014 о.ж.ж. – 51.

2014-2015 о.ж.ж. облыста 51 колледж жұмыс істейді, ондағы оқушылар саны 29922 (2011 ж. - 37895, 2012 ж. – 35472, 2013 ж. – 32320).

Орта буындағы және жұмысшы мамандығы кадрларын дайындау 85 мамандық және 133 біліктілік бойынша жүзеге асырылады.

Жылда жергілікті бюджеттен мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі артып келеді. 2011-2012 оқу жылдары ЖБ және РБ барлығы 4496 орын бөлінді, оның ішінде 3859 орын жергілікті бюджеттен. 2012-2013 оқу жылдары ЖБ және РБ барлығы 4229 орын бөлінді, оның ішінде – 3994 орын жергілікті бюджеттен, бұл 2011-2012 оқу жылдарына қарағанда 135 орынға артық. 2013-2014 оқу жылдарында облыс колледждерінде 4730 (2011 ж. – 4288, 2012 ж. – 4496) білімгер білім алады, бұл 2011 жылға қарағанда 442 орынға артық.

2014-2015 оқу жылдары ЖБ және РБ барлығы 4335 орын бөлінді, оның ішінде – 4019 орын жергілікті бюджеттен, бұл 2013-2014 оқу жылдарына қарағанда (2013-2014 о.ж.ж. – жергілікті бюджеттен 3919 орын) 100 орынға артық.

Техникалық және кәсіби білім алуға қол жетімділік Т.Рысқұлов ауданы Құлан а. және Қордай ауданы Ноғайбай а. ауыл шаруашылық колледждерінің бос тұрған жатақханаларында күрделі жөндеу жүгізу есебінен ұлғайды.

Оқушыларды базалық өндірістік тәжірибемен және жұмысқа орналастырумен қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылы облыстың колледждері, кәспорындары мен шаруа қожалықтары арасында 1354 келісім-шартқа қол қойылып (2011 ж.- 1084, 2012 ж. -1243, 2013 ж. - 1182), нәтижесінде өндірістік тәжірибеден өтуге 14710 жұмыс орыны бөлінді.

2014 жылы күндізгі бөлімнің 6493 түлектерінен 4895 адам немесе жас мамандардың 75,3%-ы жұмысқа орналастырылды (2011 ж.-87,6%, 2012 ж. - 85,9%, 2013 ж. – 76,7%).

2014 жылдың қорытындысы бойынша «Кәсіптік және техникалық білімі бар типтік жастағы жастарды (14-24 жас) қамту үлесі» индикаторының орындалмауының себебі ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік 3 – колледжің жабылуы (ТарМУ жанындағы копсалалы колледжі, ТарМУ жанындағы Қаратау колледжі, ТарПИ жанындағы «Өнер және мәдениет» колледжі). 14 және 24 жастар аралығындағы жастардың жалпы саны - 194256, ТжКБ-мен қамтылған жастардың саны – 26712 (13,8%) құрады.


Мәселелер:

- инженерлі-педогогикалық қызметкерлердің біліктілігінің төмен деңгейі, ағылшын тілінде арнайы пәндерді оқытушылардың жетіспеушілігі;

- мемлекеттік колледждер жатақханаларының жеткіліксіздігі.
Өңірлерде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру

14 пен 29 жас арасындағы жастар саны 2010 жылы 297 361 адамды, 2011жылы - 283 217 адамды, 2012 жылы - 290 734 адамды, 2013 жылы – 286 947 адамды, 2014 ж. - 282816 адвмды құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 4,9%-ға азайды.

Облыста 75 жастар ұйымдары мен 12 жастар орталығы (облыстық, қалалық, аудандық) жұмыс істейді.

Жастар ұйымдары өсімінің оңды динамикасы байқалады: 2011 жылы 59-дан, 2012 жылы - 62-ге, 2013 жылы – 70-ке, 2014 жылы - 75-ке дейін. Жылдан-жылға жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастар саны өсуде.Атап айтқанда, 2011 жылы жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастардың саны 68000 адамды құраса, 2012 жылы – 75000 адамды, 2013 жылы – 72000 адамды, 2014 жылы – 82000 адамды құрады.

Жастар ұйымдарының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі жобаларды іске асыруға қатысуы өсуде. 2011 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға 21 жастар ұйымы қатысса, 2012 жылы - 17, 2013 жылы – 24, 2014 жылы – 25 ұйым қатысты.

Жастардың жастар саясаты саласындағы іс-шараларға қатысуының сандық өсімі байқалады. 2011 жылы іс-шараларды іске асыруға 70600 адам, 2012 ж. - 75000 адам, 2013 жылы – 80000, 2014 жылы - 86100 адам қатысты.

Сонымен бірге, жастардың барлық деңгейдегі мәслихаттарға қатысуының төмен деңгейі байқалады. 2010 жылы барлық деңгейдегі мәслихаттарда 3 адам ғана тіркелді (облыстың депутаттық корпусы 205 адамнан тұрады), бұл облыс депутаттары жалпы санының 1,5%-н, 2014 жылы - 1%-н құрайды.

Барлық деңгейдегі әкімдіктер жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестер, облыстық жастар форумдары, «Облыс жастар ұйымдарының қауымдастығы» мемлекеттік органдар мен жастар бірлестіктерінің өзара іс-қимыл институттары болып табылады.

Сонымен бірге, 2014 жылдың қорытындысы бойынша жастарды еңбекке орналастыру және жұмыспен қамту, сондай-ақ, көрші елдердегі радикалды бағыттағы діни қауымдастық өкілдерінің әсер етуі мәселелерінің әсерінен «14 пен 29 жас аралығындағы тұрғындар арасында жастарға қатысты мемлекеттік саясатқа қанағаттану деңгейі», сондай-ақ «15-28 жас аралығындағы жастардың жалпы санында NEET үлесі» индикаторлырына қол жеткізілмей отыр.

Мәселелер:


  • жастарды іс-шаралармен қамтудың төмен деңгейі;

  • аудан деңгейінде үкіметтік емес секторларды дамытудың төмен деңгейі;

  • мемлекеттік жастар саясаты саласында құрылымдық бөлімдермен әдістемелік жұмыс жүйесінің жоқтығы;

  • жұмыста жастармен жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың жоғары деңгейінің жетіспеушілігі.


Денсаулық сақтау

Халыққа медициналық қызметті 54 ауруханалық ұйым (оның 12 жеке меншік), 409 амбулаторлық-поликлиникалық мекеме (оның 25 жеке меншік), және 12 басқа да мекеме көрсетеді.

Облыстағы денсаулық сақтау саласында ана мен бала денсаулығын нығайту мен сақтау, әлеуметтік-маңызды ауруларға (туберкулез, онкологиялық аурулар, ЖҚТБ, жүрек-қан тамырлар аурулары, жарақаттанулар) қарсы әрекет ету жөніндегі жұмыстарды күшейту, материалдық-техникалық базаны нығайту, денсаулық сақтау жүйесін басқаруды жетілдіру басымды бағыттар болып табылады.

Халықпен жұмыс аурулардың алдын алуға және денсаулықты сақтаудағы жауапкершілікке, салауатты өмір салтын сақтауға бағытталған.

2009 жылдан бастап бала туу өсуде, 2009 жылы ол 26,00-ді (ҚР – 22,00) құраса, 2010 жылы – 27,24, 2011 жылы – 27,24, 2012 жылы – 26,83, 2013 жылы - 26,8, 2014 жылы 1000 адамға 27,14-ті құрады.

Өлім көрсеткіші 2009 жылы 7,00 (ҚР – 8,00) 2010 жылы - 8,01, 2011 жылы – 7,67, 2012 жылы – 7,53, 2013 жылы – 7,27, 2014 жылы – 6,79-ды құрады.

Халықтың табиғи өсімінің коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2009 жылғы 18,00-ден (ҚР – 13,00) 2010 жылы 18,45-ке, 2011 жылы 19,62-ге, 2012 жылы 19,30-ға, 2013 жылы 19,53-ке, 2014 жылы 20,35-ке дейін өсті.

Күтілетін өмір сүру ұзақтығы облыс бойынша 2009 жылғы 67,92 жастан (ҚР – 68,36) 2010 жылы – 68,13 жасқа, 2011 жылы-69,23 жас, 2012 жылы 69,53 жасқа (ҚР – 69,61 жас) 2013 жылы 69,73 жасқа дейін өсуде.

Ана өлімінің көрсеткіші тұрақты қысқаруда: 2009 жылғы 40,08-ден (ҚР – 36,8) 2010 жылы – 29,5-ке (ҚР – 23,1), в 2011 жылы -22,5, 2012 жылы – 18,7-ға (ҚР – 13,5), 2013 жылы – 14,8-ге (ҚР – 12,6), 2014 жылы – 18,1-ге (ҚР – 11,5) дейін, сонымен бірге орташа республикалық көрсеткіштен жоғары болып қалуда.

2014 жылы Бағдарламамен жоспарланған ана өлімі көрсеткішіне қол жеткізілген жоқ, жоспар 14,14, қол жеткізілгені 18,1. 2014 жылы 5 ана өлімі оқиғасы тіркелген, 2013 жылы 4 оқиға. Ана өлімінің негізгі себептері аналардың өз денсаулығына жауапкершіліктің төмен болуы нәтижесінде - акушерлік қан кету (20,0%), гестоздар (20,0%), экстрагенитальдық аурулар (60,0%).

Ана мен бала денсаулығын жақсарту мақсатында облыста Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДСҰ) ұсынылған бағдарламалар енгізілген: ана сүтімен емізуді қолдау және ынталандыру, ана қауіпсіздігі, перинаталдық көмекті өңірлендіру, бала жасындағы ауруларды интегралдық жүргізу. Диагностика жасау мен емдеудің клиникалық хаттамалары барлық жерлерде енгізілген, халықты ақпараттандыру мен хабардар ету жұмыстары белсендендірілген, репродуктивті денсаулық саласындағы мамандардың біліктілігі арттырылуда. Жаңа туылған балаға хирургиялық көмек көрсету үшін облыстық перинаталдық орталық базасында 2012 жылы неонаталдық бөлім кеңейтілді. Аталған қызметтің нәтижесі 2011 жылғы 11,93-тен 2012 жылғы 10,04 – ке, 2013 жылы – 13,5-ке, 2014 жылы 10,5-ке дейін бала өлімінің қысқаруы болып табылады.

Облыста халықтың 100 мың адамға шаққанда қан айналымы жүйесі аруларының өсімі байқалуда, 2010 жылы ол 3106, 2011 жылы – 3106,1, 2012 жылы – 3877,8 (ҚР - 2194), 2013 жылы - 2896,9, 2014ж. – 2094,9-ды құрады, оның ішінде қан қысымының жоғарылығы 2010 жылы – 1276, 2012 жылы – 1932,7, 2013ж. – 1512,3, 2014ж. – 1173,2-ні құрады. Халықаралық стандартарға сәйкес оңалту және сауықтыру төсектері бар қалалық №1 ауруханасының базасында инсульттік орталық ашылды. Орталық компьютерлік томографпен қамтылған және оны жүзеге асыру жұмыстары жалғастырылуда. Кардиологиялық төсектерді қайта ұйымдастыру жүргізілген, ангиографиялық зертхана ашылған, қалалық және ауылдық медициналық ұйымдарында «алтын уақыт» принциптері кеңінен пайдаланыла бастады. 2013 жылы «Жүрек» кардиохирургиялық жеке клиника ашылды. 2014 жылы аталған орталық базасында жоғарғы мамандандырылған көмек көрсетуге мемлекеттік тапсырыспен қамтамасыз етілді.

Қатерлі ісіктермен ауыру деңгейі Жамбыл облысында төмен, ол 2010 жылы 100 мың халыққа шаққанда 125,3, 2011 жылы – 130,8, 2012 жылы – 129,5 (ҚР – 188,4), 2013 жылы – 139,9, 2014 жылы -141,1-ді құрады.

Өткен жылдарда туберкулезбен ауыру көрсеткіштерінің төмендегендігі байқалады, ол 2010 жылы 83,0, 2011 жылы – 78,4 (ҚР – 63,0), 2012 жылы - 77,2, 2013 жылы – 70,6, 2014 ж- 58,9-ды құрады.

Жұқпалы ВИЧ көрсеткішінің артқандығы байқалады, 2011 жылы ол – 8,9, 2012 жылы – 9,41, ал 2013 жылы – 8,46, 2014 жылы – 9,6-ны құрады.

Шоғырланған сатыда ВИЧ-тің таралуының алдын-алу мақсатында алдын алу шараларын кеңейтуді көздейтін ЖҚТБ эпидемиясына қарсы әрекеттер жөніндегі бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ ЖҚТБ ауыратындарға антиретровирустық терапиямен толық көлемде қамтамасыз ету жалғастырылуда.

Жамбыл облысында жарақаттанудың деңгейі 2009 жылы 100 мың халыққа 3723,9 құрады және ҚР (4080,4) бойынша 6 орында, 2010 жылы - 4575,1, 2011 жылы - 4192,4 және 2012 жылы - 2899,0, және 2013 жылы – 2485,7, 2014 жылы 1767,3.

Жарақаттан, қайғылы оқиғалар мен уланулардан қайтыс болу облыстағы өлім себептерінің арасында екінші орында тұр. Өлімнің біршама ғана төмендегендігі байқалады 2009 жылғы 100 мың халыққа 99,08-ден (ҚР – 108,37) 2010 жылғы 91,37-ге, 2011 жылы – 87,77-ге, 2012 жылы –88,2-ге, 2013 жылы –88,47, 2014 жылы – 77,99. 2012 жылы Шу қ. қалалық ауруханасында 40 төсекке ауданаралық жарақаттық бөлім кеңейтілді. Шу қ. қалалық емханасында денсаулық сақтау орталығы ашылды. Меркілік ОАА-да хирургия бөлімі 10 жарақаттық төсекке кеңейтілді.

Санитарлық авиацияның ұшуына және шығуына қосымша қаражат бөлінді, бұл ұшақпен жедел көмек көрсетуді үш есе арттыруға мүмкіндік берді.

Жедел медициналық көмек көрсету үшін Жамбыл, Қордай, Т. Рысқұлов аудандарында шағын стансалар ашылды.

Материалдық-техникалық негізді жаңарту үшін 2009 жылы Қордай ауданының ОАА үшін 1 реанимациялық автокөлік, 2010 жылы 102,4 млн. теңгеге 7 реанимациялық автокөліктер сатып алынды (Тараз қаласында ЖМКС, облыстық аурухананың санитарлық авиация бөлімі, 5 ОАА үшін). Мемлекеттік бағдарлама аясында 600,8 млн. теңге сомасында 250 бірлік санитарлық автокөлік сатып алынды. Жергілікті бюджет есебінен 2010 жылы 4 784 мың теңге бөлініп, игерілді.

2012 жылы санитарлық автокөліктің 28 бірлігі сатып алынды, оның ішінде 2 - республикалық бюджет есебінен, 26 - жергілікті бюджет есебінен.

2013 жылы материалдық-техникалық базаны нығайтуға республикалық бюджеттен 1111,7 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 879,3 млн. теңге бағытталған. Санитарлық көлікпен қамтамасыз етілген 1 қалалық және 4 аудандық жедел жәрдем пункті ашылды.

2014 жылы республикалық қаражат есебінен 462,9 млн тенге медициналық жабдықтарды сатып алуға бөлінді. Шалғай аймақтағы ауылдық жерлерде туберкулезді ерте анықтау мақсатында жылжымалы рентгендік флюорографиялық сандық жиынтық, жедед медициналық көмек көрсету қызметін жақсарту мақсатында санитарлық автотранспорт, сүт безі обырын анықтау мақсатында маммографиялық аппарат, колоректальді обырды ерте анықтауға колоноскопы бар эндовидеобағана, тыныс алу жүйыесінің обырын ерте анықтауға бронхоскопы бар эндовидеобағана, асқазан ішек жолдарының обырын ерте анықтауға гастроскопы бар эндовидеобағана сатып алынды.

Жергілікті қаражат есебінен жедел медициналық жәрдем, кардиологиялық және стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға: 12-каналды ЭКГ аппарат, жасанды тыныс алдыру аппараты, рентген құрылғысы, босандыру ұйымдарына - КТГ аппараты, неонатальді реанимомобиль, науқасқа арналған монитор, наркоздық-тыныс алу аппараты, тредмил-жүйесі және тағы басқалар сатып алынды.

2014 жылдың қортындысы бойынша медициналық ұйымдардың жарақтануы 2013 жылы 66,66 пайызға қарсы 68,04 пайызды құрады (ҚР-67,8%),.

Қалалық емханалардың жарақтануы 78,73% (ҚР-75,6%), аудандық орталық ауруханалар -70,6% (ҚР-65,4%), дәрігерлік амбулаториялар -60,6% (ҚР-61,13%), фельдшерлік-акушерлік пункттер-61,5% (ҚР-61,61%) және медициналық пункттер -60,9% (ҚР-60,98%).

2009 жылы темекі шегу - 21,4%, 2010 жылы – 21,2%, 2011 жылы – 21,0%, 2012 жылы – 21,0%, 2013 жылы -19,8, 2014 жылы – 19,0, ішімдік ішу тиісінше - 16,9%, 16,1%, 12,0%, 15,5%, 15,4, 14,7 (әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы бойынша).

Саладағы алдын алу бағыты күшейтілген, әр-түрлі топтағы халықты ақпараттық-білім беру материалдарымен қамту артуда, мінез-құлық факторлардың тәуекелдерін төмендету және азаматтардың іс-қимыл белсенділігін арттыру шаралары іске асырылуда. 2008 жылдан бастап психологиялық, кеңес беру, сауықтыру көмектерін көрсететін Жастар орталығы жұмыс істейді. Алғашқы медициналық қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру үшін 2011 жылдан бастап әлеуметтік қызметкерлер, психологтар қызметі енгізілген. 2012 жылдан бастап 165 әлеуметтік қызметкерлер және 20 психолог облыс халқына қызмет көрсетуде.

Медициналық қызмет сапасын басқару жүйесін жетілдіру мақсатында медициналық мекемелер деңгейінде ішкі аудит енгізілген. Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясы мен ДСҰЖМ базасында каскадты әдіспен дайындықтан 9922 медицина қызметкерлері, оның ішінде 1982 дәрігерлер мен 7940 орта медициналық қызметкерлер өтті. 2013 жылы 120 ауылдық дәрігерлер және 900 орта медициналық қызметкерлер оқытылды. Жақын маңда орналасқан шет мемлекеттерде 6 адам оқытылды. Облыс аумағындағы дәрігерлерді және орта медицина қызметкерлерін оқытуға жақын маңдағы шетелдерден ғылими қызметкерлер тартылды. Бұдан басқа халықты тіркеудің алдын алу жұмыстарын күшейтуге (скрининг, арнаулы топ құру, салауатты өмір салтын және алдын алуды оқытуға), 2-ші және 3-ші учаскелік медбике қызметі енгізілген.

2014 жылы 27 адам алыс жақын шетелдерде оқып, облыстың дәрігерлер мен орта буын қызметкерлерін оқыту үшін жақын шетелдерден ғылыми қызметкерлер шақырылды. 2014 жылы 223 дәрігер біліктілігін арттыру курстарынан өтті, оның ішінде 161 ауылдық жерлерден.

Алқашқы медициналық-санитарлық көмектің (бұдан әрі - АМСК) әлеуетін нығайту үшін АМСК-ті ұйымдастырудың соңғы нәтижесіне бағдарланған қызметкерлер еңбегін ынталандырудың жүйесін қалыптастыру жүгізілуде. Жан басына шаққандағы нормативтік компонентті ынталандыруға төлемдер (бұдан әрі - ЖНКЫ) республикалық бюджет есебінен қамтамасыз етілуде. Бүгінгі таңда барлық АМСК мекемлері және онда жұмыс істейтін барлық медициналық және әлеуметтік қызметкерлер ЖНКЫ жұмыстарымен қамтылды. АМСК-те «Ынталандыру компоненті» тарифі 2013 жылы 2012 жылғы 558,4 мың теңгеге қарағанда 754,5 мың теңгені құрады. 2014 жылы ЖНКЫ 1,3 млн.тенге көлемінде төленді.

«100 мектеп, 100 аурухана құрылысы» жобасының шеңберінде 2010 жылы Тараз қаласында 2 денсаулық сақтау нысандарының: 500 келушіге арналған қалалық №5 емханасының және 15 мың литрге облыстық қан орталығының құрылысы аяқталды.

2011 жылы Шу ауданы Төле би ауылында 150 төсектік орталық аудандық аурухананың құрылысы аяқталды.

Тараз қаласында 2012 жылы 200 төсектік облыстық көп бейімді балалар ауруханасы пайдалануға берілді.

2013 жылы Тараз қаласында 200 төсектік қалалық көп бейімді балалар ауруханасы, Жамбыл ауданы Аса ауылында ауысымында 250 келушіні қабылдайтын орталық аудандық емхана, облыстың 6 ауданында ауысымында 265 келушіні қабылдайтын 11 ДА, ауылдық елді мекендерде 7 дәрігерлік амбулатория және медициналық пункттер пайдалануға берілді.

2014 жылы алғашқы медициналық санитариялық көмек көрсететін ұйымдардың 25-і қолдануға берілді, оның ішінде: бір ауысымда 200 адам қабылдайтын 17 медициналық пункттер, бір ауысымда 20 адам қабылдайтын 1 фельдшерлік-акушерлік пункт, бір ауысымда 205 адам қабылдайтын 7 дәрігерлік амбулатория.

Сонымен қатар, 2 қазандық ғимаратына жөндеу жасалып, 1 моншалық-жуу комбинаты соғылды.

2010 жылдың басына дәрігерлерге қажеттілік 312 (оның ішінде қала бойынша – 172, ауылдық мекендер бойынша – 140), 2010 жылы – 254 (АЕМ – 105), 2011 жылы – 240 (АЕМ - 61) құрады. 2013 жылдың басына дәрігерлердің жетіспеушілігі 211 адамды, 2014 жылдың басына – 216 адамды, 2015 жылдың басына 176-ны құрады.

Кадр жетіспеушілігін шешу мақсатында медициналық ЖОО-ның түлектерімен келісім шарттар жасалуда. 2013 жылы облысқа 128 жас маман келіп, оның 74 ауылдық жерге орналасып, тұрғын үй мен әлеуметтік пакетпен 51 қамтамасыз етілді.

2014 жылы облысқа 127 жас маман жұмысқа қабылданып, оның 96 ауылдық жерге орналастырылып, тұрғын үй мен әлеуметтік пакетпен 64 қамтамасыз етілді.

Халықты дәрі-дәрмекпен қамсыздандыруды жақсарту мақсатында 2008 жылы бірегей дистрибьютор жүйесі енгізілді. Дәрі – дәрмек айналымы саласында мемлекеттік реттеу тиімділігі жоғарылады.

2011 жылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 1022,6 млрд. теңге бөлініп, игерілді, бұл қамтылудың 75,1% құрайды, өсім – 1,7%. Халықтың бөлек топтарын амбулаториялық деңгейде дәрілік құралдармен және арнайы азық-түлікпен қамтамасыз етуге қосымша қаражат бөлінді.

2012 жылы 1331,2 млрд. теңге бөлініп, игерілді, бұл қамтылудың 75,4% құрады, 2011 жылға өсім 30,2%-ды құрады.

2013 жылы 1410,9 млн. теңге жергілікті бюджет қаражаты бөлінді.

2014 жылы, тиісінше, 1,8 млн. теңге жергілікті бюджет қаражаты бөлініп, қамтамасыз ету деңгейі 76,4 пайызды құрады.

2010 жылдан бастап В және С гепатиттерімен ауыратын балаларды, сондай-ақ ауруға шалдығу деңгейі жоғары медициналық қызметкерлер мен студенттерді емдеу жүргізілуде. 2011 жылдан бастап халықаралық стандарттарға сай әр бір аурудың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жаңа дәрілермен ересек адамдарды емдеу басталды. Ауруға шалдығу деңгейі жоғары топтарды В және С гепатитеріне тексеріп тұру нәтижесіне байланысты емдеумен қамту деңгейі ұлғайтылатын болады. «Саламтты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2011 жылдан бастап балалар арасында В және С гепатиттеріне скрининг жүргізуге қаражат бөлінді.

2010-2012 жылдары халықтың медициналық көмекке қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 3 жылжымалы медициналық амбулаториялық кешен, жаңадан туылған нәрестелер үшін жылжымалы көліктік инкубатор, компьютерлік және магнитті-резеңкелі томограф, отқа күйгендерге арналған төсек, облыстық аурухана үшін ангиограф сатып алынып, кардиоорталық жарақтандырылды. 2013 жылы облыстық онкологиялық диспансер 64 кесілген компьютерлі томографпен жабдықталды. №2 қалалық аурухана базасында «Еркек денсаулығы және жанұялық ұзақ өмір суру орталығы» ашылды. Облыстық балалар ауруханасында жаңа бөлімдер: балалар нейрохирургиясы, амбулаторлы хирургия орталығы, сауықтыру; облыстық босану орталығында – неонаталды хирургия бөлімдері ашылды.

Емдеу мекемелерін жарақтандыру бойынша мақсатталған жұмыстың нәтижесінде облыс бойынша медициналық құралдармен қамтылу деңгейі 2010 жылы 36,48%-ға, 2011 жылы 43,1%-ға, 2012 жылы 44,57%-ға, 2013 жылы 56,8%, 2014 жылы 68 пайызға өсті.

Мәселелер:

- халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы орташа республикалық деңгейден төмен;

- ана өлімі тіркелуде, баяу темппен бала өлімінің көрсеткіші төмендеуде;

- дәрілік тұрақтылықтың дамуынан туберкулездің таралуына эпидемиологиялық қадағалау бойынша мәселе өзекті болып отыр.

- жаңадан пайда болған қатерлі ісік аурулары мен өлімнің көрсеткіштері жоғарғы деңгейде;

- конго-крым қанды безгек ауруы мен құтыру ауруының жеке-дара тіркелуі;

- кадр тапшылығы сақталуда, әсіресе ауылдық жерлерде, зейнетке шығар алдындағы және зейнет жасындағы дәрігерлердің жоғарғы үлесінің жұмыс істеуі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

Жұмыспен қамту құрылымы

Жамбыл облысы халқының құрылымында экономикалық белсенді халықтың үлесі орташа республикалық көрсеткіштен жоғары, жұмысқа қабілеттілердің үлесі – орташа республикалық көрсеткіштен артта қалуда.

Жұмысқа қабілетті халықтың және облыс экономикасында жұмыс істейтін халықтың саны тұрақты өсуде. 2011 жылы экономикалық белсенді халықтың саны 589,4 мың.адамды, 2012 жылы 591,1 мың адамды (2009 жылғы деңгейге қарағанда өсім - 2,6%) құрады, оның ішінде облыс экономикасында 559,9 мың адам жұмыс істейді (өсім - 3,8%).

2012 жылы жұмыспен қамту құрылымында жалдамалы жұмысшылардың саны 48,1%-ды, өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың саны – 51,9%-ды құрайды. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар үлесінің 2009 жылмен салыстырғанда 0,2 тармақтық пайызға төмендегенін атап өту керек.

2013 жылы экономикалық белсенді халықтың саны 580,8 мың адамды (2011 жылғы деңгейге қарағанда 1,5%-ға төмен) құрады, оның ішінде облыс экономикасында 550,8 мың адам жұмыс істейді.

2013 жылы жұмыспен қамту құрылымында жалдамалы жұмысшылардың саны 49,1%-ды, өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың саны – 50,9%-ды құрайды. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар үлесінің 2011 жылмен салыстырғанда 1,0 тармақтық пайызға төмендегенін атап өту керек.

2014 жылы жұмыспен қамту құрылымында жалдамалы жұмысшылардың саны 50,3%-ды, өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың саны – 49,7%-ды құрайды. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар үлесінің 2012 жылмен салыстырғанда 2,2 тармақтық пайызға төмендегенін атап өту керек. Сонымен бірге, 2014 жылдың қорытындысы бойынша өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан өнімсіз өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесі көрсеткішіне қол жеткізілмеді (жоспар 39,5%, нақты 46,6%), бұл өнімсіз өз бетімен жұмыспен қамталған азаматтарды жария ету (лигализация) жұмыстарын жүргізумен байланысты.

2009 жыл мен 2014 жыл аралығында облыста 13592 әлеуметтік жұмыс орны, жастар практикасы бойынша 17512 жұмыс орны құрылды.

Жұмыссыздықтың деңгейін төмендету бойынша белсенді шаралардың қабылдаудың нәтіжесінде 2011 жылы – 5,5%, 2012 жылы - 5,4%, 2013 жылы – 5,2 %, 2014 жылы 2009 жылғы 6,5%-ға қарсы – 5,0% құрады.

Қызметкерлердің жалпы тізімдік санына шаққандағы тартылған шетелдік қызметкерлердің үлесі 2012 жылы 11%-ды немесе 930 шетел маманын құрады, 2013 жылы - 8% (492 шетел маманы), 2014 жылы - 8% (781 шетел маманы).

Жұмысқа тартылатын шетелдік жұмыс күші құрамындағы білікті мамандардың үлесі 2012 жылы 88%-ды немесе 821 адамды құрады, 2013 жылы – 89,4% (440 адам), 2014 жылы – 95,9% (749 адам).

2012-2014 жылдары Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы аясында кәсіптік оқытумен 4748 адам қамтылды, оқуын аяқтаған 3206 адамның 2817-і (87,9%) жұмысқа орналасты.

Бағдарламаның қатысушыларымен персоналды жұмыс істеу мақсатында барлық аудандар мен Тараз қаласында 136 штаттық бірлікпен 11 Жұмыспен қамту орталықтары ашылды.

2012 жылы Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 2,5 млрд. теңге және жергілікті бюджеттен 595,7 млн. теңге бөлініп, игерілді. Бағдарламаның іс-шараларымен 3702 адам қамтылды.

2013 жылы Бағдарламаны іске асыруға 7,1 млрд. теңге, оның ішінде жергілікті бюджеттен 172,1 млн. теңге бөлініп, игерілді. Бағдарламаның іс-шараларымен 5349 адам қамтылды.

2014 жылы Бағдарламаны іске асыруға 7,2 млрд. теңге, оның ішінде жергілікті бюджеттен 606,7 млн. теңге бөлініп, игерілді. Бағдарламаның іс-шараларымен 14223 адам қамтылды.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы іске асырылғаннан бастап (2011 жылдың 1 шілдесінен) 2014 жылға дейін бағдарламаға қатысушылардың саны 23998 адамды құрады, бұлардан бөлек 2009-2010 жылдардағы Жол картасы бойынша оқуларын 1513 адам жалғастырды.

Мәселелер:

- өз бетінше жұмыспен қамтылғандар және уақытша жұмысқа орналасқандардың жоғары үлесі, әсіресе ауыл шаруашылығында;

- жастарды жұмысқа орналастырудың төмен деңгейі;

- жұмыс күшінің біліктілігінің төмендігі.


Халықты әлеуметтік қорғау

Табысы кедейлік шегінен төмен халықтың үлесі 2009 жылы 2,4%-ға дейін,2011 жылы 1,7%-ға дейін, 2012 жылы 0,8%-ға дейін, 2013 жылы 0,8%-ға дейін, 2014 жылы 0,6%-ға дейін төмендеді.

Мұқтаж санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз ету мақсатында төмендегі әлеуметтік көмектердің төленуі қамтамасыз етілді: атаулы әлеуметтік көмек, балалар жәрдемақысы, кейбір санаттағы азаматтарға жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі.

2014 жылдан бастап облыста шартты ақшалай көмек беру «Өрлеу» пилоттық бағдарлама іске асуда.бағдарлама аясында 2481 отбасындағы 13771 азаматқа жоғарылатылған мөлшерде әлеуметтік жәрдемақы берілді. Аталған төлемге 291,0 млн.теңге республикалық және жергілікті бюджеттен жұмсалды. Нәтижесінді табысы кедейлік шегінен төмен тұратын азаматтардың саны 2015 жылдың 1 қантарына 6151 адамды құрады, 2013 жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда бүл көрсеткіш 25,1% қысқарған.

Аз қамтылған азаматтарға, мүгедектерге, ардагерлер мен жалғызлік тұратын аналарға мемлекеттік емес үйымдардан қосымша спонсорлық көмек көрсетіледі.

Соңғы 4 жылда атаулы әлеуметтік көмек алушылардың санынң 2,2 есеге азайып, атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері 1,4 есе көбейгені мұқтаж азаматтарға берілетін көмектің атаулылығының күшейгенінің дәлелі.

Қолданып жатқан шараларға және 2012 жылы ең төменгі күн көрістің мөлшерінің 6 пайызға өсуіне қарамастан халықтың табысы республика бойынша ең төменгі болып қалыптасты. Табысы күнкөріс шегінен төмен халық үлесі 2013 жылғы - 3,4%, 2012 жылғы 4,9% және 2011 жылғы 5,1%-ға қарсы 2014 жылы 3,1%-ға төмендеген.

Жұмысқа жарамды азаматтардың жалпы атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішіндегі үлесі 2014 жылдың қортындысы бойынша 28,2%. төмендеді. Сонымен қатар жұмысқа жарамдылардың басым көбісі табысы төмен өз-өзін жұмыспен қамтығандар.



Проблемалар:

- халықтың табыс деңгейі республика бойынша ең төменгі болып қалыптасты;

- табысы күн көріс деңгейінен төмен халықтың үлесі жоғары

- әлеуметтік төлемнің мөлшері – Республика бойынша ең төмен мөлшерде;

- өз-өзін жұмыспен қамтығандардың жұмысқа жарамдыларды азаматтардың ішіндегі үлесі жоғары;

- кедейліктен шығуға бағытталған әлеуметтік қолдаудың белсенді түрлерінің тиімділігінің төмендігі;

- еңбек ақысын өтеу және өндірістік жарақаттану бойынша Еңбек заңнамаларының бұзылу фактілерінің бары.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау

Мүгедектердің жағдайын жақсарту облыстың әлеуметтік саласындағы саясаттың басымды бағыттарының бірі болып табылады.

Мемлекеттік тапсырыс арқылы мемлекеттік емес ұйымдарды тарту арқылы арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерін арттыру жұмыстары жүргізілуде.

Осы мақсатқа 2013 жылы бюджеттен 19,9 млн. теңге 400 психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға жартылай стационар және үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге бөлінсе, ал 2014 жылы 5 әлеуметтік жоба негізінде 600 азамат 37,5 млн.теңгеге, яғни 2012 жылмен салыстырғанда екі есеге артық (387 мүгедекке 17,4 млн.теңге).

Облыстағы бейімдеуге жататын 899 нысанның паспорттары жасалынды (100 пайыз). Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Бейімделуге тиісті нысандар 2013-2018 жылдарға маңыздылығына қарай бөлінді. 2013 жылы бейімдеуге жататын 144 нысанның 140 нысан бейімдеуден өтіп, оған жергілікті бюджеттен 79,6 млн теңге бөлінді.

2014 жылы облыс бойынша бейімделген нысандар саны 209, оның ішінде 160 жергілікті бюджет есебінен, ал 49 нысан жеке меншік инвестиция есебінен жүргізілді.

Мәселелер:

- облыста жүріп-тұруы қиын мүгедектерге арнайы жағдай жасалған қоғамдық көліктің жоқтығы;

- мүгедектерді жұмыспен қамту мәселесі;

- үкіметтік емес секторда мүгедектерді арнайы әлеуметтік қызметтермен қамту деңгейінің төмендігі;

- әлеуметтік маңызы бар нысандарды бейімдеу, қол жетімділік тек пандустарды орнатуымен шектеледі.
Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау

Заманауи еңбек стандарттарын енгізу жалғасуда. Ең бірінші кезекте, зиянды және өте зиянды өндіріс жағдайлары бар салаларда: «Еңбекті қорғау мен қауіпсіздіктіңкәсіби менеджмент жүйесі; Талаптар» (ҚР СТ 1348-2005); халықаралық стандарт МОТ-СУОТ 2001 ILO-OSH 2001, стандарт OHSAS 18001: 1999 «Occupational Health and Safety Assessment Series. Reguirements (MOD)»)және т.б.

Өндірістік жарақат көрсеткіштерін төмендетуді қамтамасыз ету мақсатында:


  • Кәсіпорындардың өндірістік нысандарын аттестаттау (2011 жылы 165 өндірістік нысан еңбек жағдайы бойынша аттестатталынды, 2012 жылы -703, 2013 жылы -284, ал 2014 жылы- 683 өндірістік нысан);

  • жұмысшыларды жазатайым оқиғадан еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде сақтандырумен қамтуды ұлғайту;

  • қауіптілікті бағалау жүйесін енгізу (бұдан әрі ҚБЖ);

Келіссөздер жүргізу үрдісінің рөлі өсіп келеді (2015 жылдың басына қолданыстағы ұжымдық шарттардың саны 2812).

Бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін арттыру «Ұжымдық шарт жаса» атты акция өткізу арқылы, «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін конкурсы және т.б. арқылы ынталандыруда.



Мәселелер:

  • еңбек заңнамаларын бұзу сақталуда

  • өндірістік жарақат деңгейі жоғары болып қалып отыр.


Мәдениет

Жамбыл облысындағы мәдениет, өнер және мұрағат мекемелерінің желісі 544 объектіні құрайды. Оның ішінде 199 клубтар мен мәдениет үйлері (ауылдық-195), 286 кітапхана (ауылдық - 266), 7 мұражай (ауылдық - 6), 10 автоклубтар (ауылдық - 8), 2 кинотеатр (ауылдық - 1), 22 киноқондырғылар (ауылдық - 17), 2 облыстық драмалық театрлар, облыстық филармония, халық шығармашылығының облыстық орталығы, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мен қалпына келтіру жөніндегі дирекциясы және 12 мұрағат мекемелері.

Соңғы жылдары мәдениет саласын дамытуға қаралған қаржы көлемі өсіп келеді. Облыстағы мәдениет мекемелеріне бөлінген қаржы көлемі 2011 жылы 2435,5 млн.теңге, 2012 жылы - 2 887,3 млн.теңге, 2013 жылы - 3 220,9 млн.теңге. 2014 жылға қаралған қаржы көлемі 5 250,0 млн.теңгені құрады.

2011 жылы 28 мәдени нысандарға күрделі және ағымды жөндеу жұмыстары 104 млн. 977 мың теңгеге, облыстық тарихи-өлкетану музейінің аббаттандыру жұмыстары 10,3 млн.теңгеге және залдарды реэкспозициялау 50,0 млн.теңгеге жүргізілді; 2012 жылы 58,8 млн.теңгеге 15 мәдени нысандарға күрделі және ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді; 2013 жылы 14 нысандарға 554,0 млн.теңге жұмсалса, 2014 жылы 136,2 млн. теңгеге 2 мәдени нысандарға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен 84 мәдени нысандары күрделі және ағымды жұмыстарынан өтті: 2012 жылы 15 нысан 240,4 млн.теңгеге, 2013 жылы 15 нысан 294,9 млн.теңгеге жөнделді және 50,0 млн.теңгеге Тараз қаласына Төле биге ескерткіш орнатылды; 2014 жылы 54 нысан 983,3 млн. теңгеге жөнделді.

2011 жылы облыстық мәдени нысандардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 189,3 млн.теңге, 2012 жылы 164,3 млн.теңге, 2013 жылы 185,4 млн.теңге қаралып, игерілді; 2014 жылға 232,3 млн.теңге қаралды.

Облыстық кітапханалардың кітап қорын толтыруға 2011 жылы жергілікті бюджеттен 6,0 млн.теңге, 2012 жылы 18,6 млн.теңге, 2013 жылы 19,1 млн.теңге жоспарланып, игерілді; 2014 жылы 34,0 млн.теңге бөлінді.

Облыста мәдениет және өнер саласын түсіндіріп тарату іс-шараларына 2011 жылы жергілікті бюджеттен 41 млн.теңге, 2012 жылы 56,4 млн.теңге, 2013 жылы 208,7 млн.теңге жоспарланып, игерілді; 2014 жылы 142,0 млн.теңге қарастырылды.

2011 жылы облыста түрлі мәдени іс-шараларды өткізу үшін ЛЭД-экран, жарық, сахна, аппаратура жергілікті бюджеттен 60 млн.теңге қаражат бөлініп, аталған мүліктер сатып алынды.

2012 жылы Облыстық қазақ драма театрына және облыстық филормонияға 45 орындық 2 автобус 50 млн.теңгеге алынды.

2013 жылы Ш.Уалиханов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасына электрондық кітапхана жүйесі орнатылды және 5,7 млн.теңгеге планетарлық сканер алынды; облыстық филармония 30,4 млн.теңгеге сахналық құралдар мен музыкалық аспатармен қамтамасыз етілді.

2014 жылы облыстық халық шығармашылығы орталығы мен облыстық тарихи-өлкетану музейіне 12,8 млн. теңгеге автокөлік және Тараз қалалық мұрағатына 81,6 млн. теңгеге ғимарат сатып алынды.

Елбасы Н.А.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларды іске асыру мақсатында бүгінгі күні 286 облыстық кітапханалардың РАБИС, ИРБИС, АБИС, КАБИС, «АИС СБ РК» бағдарламаларымен 226 кітапхана жұмыс атқарады, 244 кітапхана компьютермен қамтамасыз етілген, 205 кітапхана интернет желісіне қосылған.

Республикалық «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру жұмыстарына 2011 жылы облыстық бюжеттен ғылыми-зерттеу жұмыстарына «Көне Тараз», «Бектөбе», «Тамды» қалашықтарына 60,4 млн.теңге бағытталған; 2012 жылы «Көне Тараз», «Жетітөбе» қалашықтарына – 50,0 млн.теңге; 2013 жылы «Көне Тараз», «Бектөбе», «Тамды» қалашықтарына 140,0 млн.теңге. 2014 жылы 250,0 млн.теңгеге «Көне Тараз» қалашығында қазба жұмыстары жалғасын тапты.

Уақытша сақталу үшін аталған нысандарда консервация жүргізілді. Ежелгі және орта ғасырлардағы Тараз бен Жамбыл облысының қазыналарын насихаттайтын тарихи кітап шығарылды.

2009 жылдан бері жыл сайын, кезеңмен Жамбыл облысының тарихи және мәдени ескерткіштердің Жинағы шығарылып тұрады. Қазіргі таңда облыстық бюджет есебінен Қазақстанда жоқ барлық 10 аудан мен Тараз қаласындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің Жинағы шығарылды. Бұл мақсатқа 2011 жылы 17,0 млн.теңге; 2012 жылы 13,8 млн. теңге; 2013 жылы 7,0 млн.теңге қаржы бөлініп, игерілді. 2014 жылы Жинақ басылымдарын бітіру үшін 28,800 млн.теңге бөлініп, игерілді.

Сондай-ақ, тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау мақсатында қорғау тақтайшаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда қорғау тақтайшалары облыстың 9 ауданында және Батыс Еуропа – Батыс Қытай трассалары бойына орнатылған. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 2012 жылы 0,8 млн.теңге; 2013 жылы 1,0 млн.теңге игерілді; 2014 жылға 0,542 млн. теңге қарастырылды.

Жамбыл облысының талантты өнерпаздарын анықтау мақсатында облыстық конкурстар, сынақтар және фестивальдар жыл сайын өткізіледі: 2011 жылы 22 мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылды; 2012 жылы 17; 2013 жылы 29 өткізілді; 2014 жылы 20 іс-шара өткізілді. Ең маңызды іс-шаралардың бірі: «Көктем» ІІ Халықаралық классикалық өнер фестивалі; «Қаратау сарыны - 2014» ІІ Халықаралық дәстүрлі әндер фестивалі; «Тараз тарланы» номинациясы; Жамбыл облысының 75 жылдығы мен «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына арналған «Отбасым – тірегім, Отаным – жүрегім» атты республикалық ақындар айтысы; Алматы облысындағы Жамбыл облысының Мәдениет күндері; «АЗИЯ ЕЛІ» атты І Халықаралық жерлестік фестивалі; «Тұңғышбай Әл-Тарази Таразға шақырады» театр актерлері шеберлігінің І Халықаралық фестивалі; «Театр KZ» халық театрларының фестивалі; «Қайран ерлер–қаһарман ардагерлер» атты облыстық байқау; «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» атты облыстық фестивалі; «Достықта жоқ шекара» атты шекаралық фестивалі; «Музей түні» акциясы; ашық аспан астында «Кино әлемі» акциясы; «Art mix» клуб қызметкерлерінің семинары (шеберлік сағат); фольклорлық-этнографиялық ансамбльдерінің байқауы, Балуан Шолақтың 150 жылдығы мен К.Әзірбаевтің 130 жылдығына арналған іс-шаралар; «Би әлемі» байқауы; «Ән аға!» атты Шәмші Қалдаяқов әндерін орындаушыларының фестивалі; «Алты Алашқа танылған ақын еді...» атты Ә.Жанқұлиев атындағы ақындар айтысы және «Жырменен өткен көп күні» атты жас жазба ақындардың жабық жыр мүшайрасы; Нұрғиса Тілендиев атындағы ІV Республикалық «Кел, еркем, Алатауыңа!» атты әншілер және күйшілер конкурсы; «Ерке сылқым» атты Әбдімомын Желдібаевтың күйлерін орындаушыларының байқауы; М.Өзбеков атындағы «Келші Құланға!» ІІІ облыстық әншілер конкурсы.



Мәселелер:

  • саланың материалдық-техникалық базасының әлсіздігі;

  • ауылдық жерде білікті кадрлардың тапшылығы;


Дене шынықтыру және спорт

2011-2014 жылдар аралығында спорттық нысандар желісі 121 бірлікке өсіп, 2015 жылдың 1 қаңтарына 2009 нысанды құрады, оның ішінде 19 стадион, 665 футбол алаңы, 548 спорт зал, 662 спорт алаңшалары және 115 басқа да нысандар.

2011-2014 жылдар аралығында облыста 7 спорт мекемесі ашылды, олар: жоғары спорт шеберлігі мектебі, Жамбыл бокс клубы, Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы, "Тараз-Арена" спорт сарайы, Бұқаралық спорттық шаралар өткізу орталығы, Қазақ күресі клубы, Жаңатас қаласында № 33 балалар-жасөспірімдер бокс мектебі.

2011-2014 жылдар аралығында демеушілердің қаражаты есебінен жасанды төсеніші бар және арнайы қоршалған 29 шағын алаңшаларының құрылысы салынды. Оның 15-ы қалалық, 14-і ауылдық жерде орналасқан.

2014 жылы Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылында спорт кешені құрылысы жүргізілді.

2014 жылы Жуалы ауданы Бауржан Момышулы ауданында спорт кешені пайдалануға берілді.



Сондай-ақ, Мерке, Қордай және Жуалы аудандарындағы орталық стадиондарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз қаражат есебінен Тараз қаласында заманауи үлгідегі спорт кешенінің құрылысын жүргізуде.

2014 жылы Қаратау қаласында инвестициялық жоба аясында «Еврохим» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз қаржысына, құны 221 млн. тенге тұратын спорт зал кешенін салды.

2015 жылдың басына Жамбыл облысында 46 спорттық мекеме жұмыс атқарып келеді, оның ішінде 33 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері (7-і Тараз қаласында, 26-і аудандарда), облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығы, жоғарғы спорт шеберлігі мектебі, «Тараз-Арена» спорт Сарайы, Бұқаралық спорттық шаралар өткізу орталығы және 8 спорт клубы.



Дене шынықтыру және спорттың негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіш атауы

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Спорт нысандары – барлығы бірл.

1973

1986

2009

Оның ішінде










- спорт сарайы

-

1

1

- стадиондар

19

19

19

- спорт залдар

541

544

548

- спорт алаңшалар

637

644

662

- футбол алаңдар

664

665

665

- басқаралар

112

113

114

Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайту, %

19,3

21,7

23,3

Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен айналысатын халықтың саны, адам

205756

234774

255492

Спорттық нысандарға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылы 307 спорттық нысан (2013 жылы 263 нысан) таңдап алынып, тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдану кестесі жасалды. Олардың 28-і Тараз қаласында, 279-і аудандарда орналасқан. Аталған нысандардағы тұрғындардың спортпен шұғылдану кестесі облыстық БАҚ-да жарияланды.

2015 жылдың 1 қаңтарына дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын азаматтардың саны 255,5 мың адамды құрап немесе 23,3%, 2011 жылмен салыстырғанда 4,8%-ге өсті (2011 жылы – 18,5% (195,2 мың адам), 2012 жылы 19,3% (205,8 мың адам), 2013 жылы 21,7% (234,8 мың адам).

Облысымызда дене шынықтыру мен спортты дамытудағы оң жетістіктермен қатар, саланың дамуын тежеп отырған мәселелер де бар.



Мәселелер:

материалды-техникалық базалар мен спорттық инфрақұрылымдардың төмен деңгейі;

жалпы және балалар мен жасөспірімдер спортының жеткіліксіз дамуы;

кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырудың деңгейі төмен.



Мемлекеттік тілді дамыту

Жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергендердің үлесі 2011 жылғы 89%-ға, 2012 жылғы - 90,32%-ға, 2013 жылы - 94%-ға қарсы 2014 жылы 95,02%-ды пайызды құрады.

Тіл саясаты ең алдымен аймақта тұратын басқа этностар өкілдерінің қазақ тілін үйренуіне жағдай жасауға және мемлекеттік тілді үйретудің тиісті әдістемелік базасын қалыптастыруға бағытталған.

Саланың инфрақұрылымы облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының жанандағы Мемлекеттік тілді оқыту орталығынан және Меркі, Шу, Қордай, Сарысу, Талас, Жамбыл, Жуалы және Байзақ аудандық бөлімшелерінен құралады. Мұнда мемлекеттік тілді оқып-үйрену курсына қатысушылардың келесі динамикасы байқалады:



  • 2011 жылы орталықтарда 2033 адам оқытылды (287-і қазақ, 1746-ы өзге ұлт өкілдері, соның ішінде 332-і мемлекеттік қызметкерлер);

  • 2012 жылы орталықтарда 1687 адам оқытылды (99 адам - қазақ, 1588 адам - өзге ұлт өкілдері, соның ішінде 160 адам - мемлекеттік қызметкерлер);

  • 2013 жылы орталықтарда 2257 адам оқытылды (561-қазақ, 1696-өзге ұлт өкілдері, 508-мемлекеттік қызметкерлер);

  • 2014 жылы орталықтарда 2780 адам оқытылды (672-қазақ, 2108-өзге ұлт өкілдері, 651-мемлекеттік қызметкерлер).

Мемлекеттік органдардағы ісқағаздар мониторингі мемлекеттік тілдің арасалмағының үлесі 2011 жылы 98,6%-ы, 2012 жылы – 98,7%-ы, 2013 жылы - 98,6%-ды, 2014 жылы - 98,5%-ды құрайтынын көрсетіп отыр.

Облыста тіл саясатына байланысты республикалық және облыстық БАҚ-да келесі басылымдар жарияланды:

– 2011 жылы жарияланған 477 материалдың 445-і мемлекеттік, 32-орыс тілінде;

- 2012 жылы жарияланған 553 материалдың 516-ы мемлекеттік, 37-орыс тілінде;

- 2013 жылы жарияланған 543 материалдың 493-і мемлекеттік, 50-орыс тілінде.

- 2014 жылы жарияланған 613 материалдың 568-і мемлекеттік, 45-орыс тілінде.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында жыл сайын «Үздік журналист» облыстық байқауы ұйымдастырылып отырады.

2011-2013 жылдары өңірдегі өзге ұлт өкілдерінің арасында мемлекеттік тілді үйрету және өз ана тілдерін сақтау мақсатында «Халықаралық ана тілі күні - 21 ақпан» мерекесіне орай этномәдени бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен «Ана тілім – айбыным!» атты тіл фестивалі ұйымдастырылып, өзге ұлт жастары арасында жастар форумы, облыс басшыларымен кездесу өткізілді.

Ономастикалық және терминологиялық жұмыстар шеңберінде облыстың елді мекендерінің атауын өзгерту бойынша бірқатар іс-шаралар атқарылды. Атап айтқанда, 2011 жылы 1 ауылдық округ пен 1 мектеп атаулары өзгерді, 2012, 2013 жылдары мораторийге байланысты аталған жұмыс уақытша тоқтатылғанмен, 2016 жылы бұл жұмыс жалғасуда.

Мәселелер:

- Мемлекеттік тілді оқытудың бірыңғай стандарттары жоқ.


Гендерлік саясат

Гендерлік аспектіде ерлер мен әйелдер санының біршама теңдей қатынасы қалыптасты. 2014 жылдың басына облыста 1084,5 мың адам тұрады, олардың 51,0% - әйелдер, 2015 жылдың басына 1098,693 адам тұрады, олардың 51,0% - әйелдер.

Әйелдердің облыстың қоғамдық және саяси өміріне белсене қатысуы байқалады, әйелдерді саяси және экономикалық алға жылжыту бойынша конференциялар, семинарлар мен тренингтер өткізіледі.

2012 жылы Жамбыл облысы мемлекеттік органдарында мемлекеттік қызметшілердің саны 4609, оның ішінде 2088 әйелдер болып, бұл жалпы санның 45,3% құрады.

2013 жылы Жамбыл облысы мемлекеттік органдарында мемлекеттік қызметшілердің саны 5109, оның ішінде 2196 әйелдер болып, бұл жалпы санның 43% құрады.

2014 жылы Жамбыл облысы мемлекеттік органдарында мемлекеттік қызметшілердің саны 5167 болса, оның ішінде 2164-і әйелдер, бұл жалпы санның 41,9% құрады.

Жергілікті атқарушы органдарда, оның ішінде облыстық деңгейдегі 7 басқармада әйел басшылар, 3 әйел аудан және қала әкімінің орынбасарлары және 7 әйел селолық округтің әкімдері. Облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың 205 депутаттарының 30-ы әйелдер, оның ішінде 6 - қалалық, 18 - аудандық, 6 - облыстық мәслихатта.

2014 жылы әйелдердің атқарушы және өкілеттік билік органдарындағы үлесі 2013 жылғы 41,3%-ға қарсы 43%-ға артты.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жұмысын басқаратын әйелдердің үлес салмағы 2012 жылы 42,6%, 2013 жылы 43,1%, 2014 жылы - 31,3% құрады.

Гендерлік саясатты іске асыру жөнінде белсенді ақпараттық-насихаттау жұмысы жүргізілуде, 2006-2016 жылдарға арналған ҚР гендерлік теңдік Стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрылған, оның штаттық саны 1 адамнан тұрады және 3 млн. теңге мөлшерінде дербес бюджеті бар.

Жамбыл облысы бойынша саясаткер әйелдер клубы жұмыс істейді. Клубтың негізгі мақсаты - гендерлік білім беру, қоғамдық-саяси өмірге әйелдерді белсене араласуға, экономикада гендерлік теңдік және гендерлік сананы қалыптастыруға оқыту.

Клуб мүшелігіне облыстың қоғамдық-саяси саласына белсенді қатысатын әйелдер кіреді: барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметте, үкіметтік емес ұйымдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында жүрген қыз-келіншектер, барлығы - 25 әйел.

Облыста 190-дан астам үкіметтік емес ұйымдар белсенді жұмыс атқарады, аталған ұйымдардың 60%-ына әйелдер жетекшілік етеді. Облыс көлемінде 147 әлеуметтік жобаның 83-ін әйелдер іске асыруда.

Гендерлік теңдікті кең көлемде насихаттау мақсатында үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде қаржыландыру тетігі қалыптастырылған.

2014 жылы гендерлік мәселелерді қамтыған мемлекеттік тапсырыстарға 5,2 млн. теңге бөлінді (2013 жылы 3,5 млн.теңге, 2012 жылы 2,7 млн. теңге, 2011 жылы – 3,0 млн.тенге бөлінген).

Гендерлік саясатты іске асырудың бір жолы - ішкі істер органдарында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімдерінің ашылуы.

2014 жылдың басынан ішкі істер органдарында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдерге көмек көрсету мақсатында қойылған 17 сенім телефондары арқылы 4 мыңға жуық қоңырау түсіп, тиісті шаралар қолданылды.

2015 жылдың басына 18 сенім телефоны жұмыс істейді, оларға 4,1 мыңнан астам қоңырау түсіп, тиісті әсер ету шаралары қолданылды.

Үкіметтік емес ұйымдармен біріге отырып тұрмыс жағдайы төмен, отбасы-тұрмыстық қатынаста құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында алдан-ала профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.

Осы бағытта 80 мыңнан аса ақпараттық материалдар (буклеттер, плакаттар, билбордтар, стендтер, брошюралар) тұрғын үйлер подъездерінде, сауда орындарында, көпшілік жиналатын жерлерде, мемлекеттік мекемелерде таратылды.



Мәселелер:

- қоғамның гендерлік мәдениетінің жеткіліксіздігі, өкілетті органдар билігіндегі әйелдер үлесінің аздығы.

2.2.3. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп.

Қауіпсіздікті нығайту, құқықтық тәртіпті сақтау және қылмыспен күрес облыстың әлеуметтік дамуындағы маңызды бір құрамдас бөлігі болып табылады.

2009 жылы қауіпсіздікті нығайту мен қылмыспен күреске бағытталған ұйымдастыру іс жүзіндегі шаралардың нәтижесінде, облыстағы қылмыстылық көрсеткіші 3,2%-ға (4075-тен 3943 дейін) төмендеген. 2010 жылдан бастап қылмыстың деңгейі 8,5%-ға (3943-тен 4279 дейін), ал 2011 жылы - 88,1%-ға (4279-дан 8050 дейін) өскен. 2012 жылы қылмыстың деңгейінің өсімі 35,0%-ды құрады (8050-ден 10865-ке дейін), 2013 жылы – 45,8% (10865-тен 15836-ге дейін).

2014 ж. 12 ай қортындысы бойынша жалпы қылмыстар саны 2,9% кеміген (15861 ден 15401), ауыр қылмыстар 19,5% (1366 дан 1099) және аса ауыр қылмыстар 22,8% (167 ден 129).

Одан басқа, кісі өлтірушілік (39,7%, 63 тен 38), ауыр дене жарақаттарын салу (9,1%, 99 дан 90), тонаулар (28,0%, 811 ден 584), қарақшылық шабуыл (14,7%, 68 ден 58), зорлау (14,9%, 208 ден 177) және бұзақылықтар (17,3%, 1129 дан 934) сияқты қылмыс түрлерін кемітуге қол жеткізілген.

2009 жылы облыста қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың 5,1%-ға қысқаруы байқалады (649-дан до 616 дейін). 2010 жылы 28,2%-ға (616-дан 790 дейін), 2011 жылы 3,2 есе (790 дан 2595 дейін), 2012 жылы - 19,2% (2595-тен 3094-ке дейін), 2013 жылы – 49,1% (3094-тен 4612-ге дейін) өсуі байқалады.

2014 жылдың 12 айына қоғамдық жерлердегі қылмыс саны 2,6%-ға төмендеді (4612-ден 4491-ге), оның ішінде көшелерде 8,1%-ға (2939-дан 2700-ге) және топтық құрамда -15,8% (736-дан 620-ға).

2009 жылы жалпы қылмыстылықтың 10 мың халыққа шаққандағы деңгейі 38,7%, болса, 2010 жылы - 42,0%, 2011 жылы- 76,4%, 2012 жылы – 105,0%, 2013 жылы – 147%-ды, 2014 жылы - 145%. құрады.

Қылмыстың ашылуы 2009 жылы 70,2%, оның ішінде ауыр түрі 78,4%, аса ауыр түрі - 94,5% құрады. 2010 жылы - 71,3%, оның ішінде ауыр түрі - 75,4%, аса ауыр түрі - 89,2%, 2011 жылы - 49,2%, оның ішінде ауыр түрі - 58,2% және аса ауыр түрі - 88,9% құраған. 2012 жылы 19,1%-ды құрады, оның ішінде ауыр қылмыстар – 54,1% және аса ауыр қылмыстар - 94,9%, 2013 жылы – 17,2%, оның ішінде ауыр қылмыстар – 54,5% және аса ауыр қылмыстар – 86,1%-ды, ал 2014 жылы қылмыстың ашылу деңгейі 17,8% құрады, оның ішінде қылмыстың ауыр түрлері – 60,7%.

Қылмыс санының статистикалық өсуі және қылмыстың ашылуының төмендеуі алды ала болжамданған.

2011 жылғы қаңтарда ІІМ-нің кеңейтілген Алқа отырысында берілген, негізінен елдегі қылмыстың жай-күйі туралы шынайы статистика құру қажеттігі туралы саяси шешім болып табылатын Мемлекет басшысының нұсқауларына сәйкес, ІІМ және Бас прокуратурасымен бірлесіп қылмыстар туралы барлық өтініштер мен хабарламалардың толық және объективті тіркеуін қамтамасыз ету бойынша қатаң бағыт алынған.

Облыста жасалынған қылмыстар санының нақты статистикасы оларға қарсы адекватты шаралар қабылдауға, және сол шаралар арқылы қылмысты мемлекеттік бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, азаматтарға Конституциямен кепілдендірілген сот әділеттілігінен қамтамасыз етеді. Қылмыс жөніндегі хабарламалар мен өтініштерді толық тіркеу осының алғы шарты болады.

Облыстағы құқықтық тәртіптің, азаматтарды қорғау жүйесінің, сонымен бірге мемлекеттік және қоғамдық институттардың қылмыстық жағдайына маңыздылығы жағынан елеулі бірқатар ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді. Жаhандық экономикалық кризиске байланысты экономикадағы қиыншылдықтар, халықтың, оның ішінде жастардың жұмыспен толық қамтылмауы қылмыстың, оның ішінде пайдакүнемдік-зорлық қылмыстардың өсуіне ықпал ететін бірден-бір себеп болып табылады.

Жедел ахуалдың күрделенуіне әсер ететін фактордың бірі ұрлық болып табылады. Бірнеше жылдар бойы олар жалпы қылмыстың жартысын құрайды, ал әрбір екі ұрлықтың біреуі ашылмай қалады. Әрбір тіркелген ұрлықтың үшіншісі пәтер ұрлығы. Соңғы жылдары беделді автокөліктерді ұрлап кету және айдап кету фактілері жиіленіп кеткен.

Ішкі істер органдарындағы алдын ала тергеу және анықтаудың бүгінгі жағдайы, облыстағы орын алған қылмыстардың 90%-нда сотқа дейінгі жеңілдетілген өндірістің кеңейтілген түрін қолдануы қажет етеді.

Бұл кеңейтілген түр 2010 жылдан бастап үлкен емес және орта дәрежелі қылмыстарды тергеу кезінде қолданылады, ал 2011 жылдан бастап ауыр дәрежелі қылмыстарды тергеу кезінде қолдануда, аталған шара азаматтардың, қылмыстық іске қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға оң әсерін тигізеді.

Жамбыл облысында нашаның жабайы түрінің кең көлемде өсуі ахуалдың қиындауына және облыстың есірткі заттарын өндіру базасы болуына себеп болады.

2009 жылы 457 есірткі қылмысы, 2010 жылы – 452, 2011 жылы – 283, 2012 жылы – 279, 2013 жылы - 279 анықталды, 2014 жылдың 12 айы ішінде облыс аумағында есірткімен байланысты 337 қылмыс анықталған (2013 ж.-279), 58 дерекке немесе 20,8% артқан.

Жалпы есірткі қылмысының төмендеуі қылмыстық заңнаманың енгізілуіне байланысты, атап айтқанда 259 баптың 1 бөлімі әкімшілік құқық бұзушылық қатарына өткен.

Сонымен қатар, жыл сайын есірткі затын сату фактілері өсуде. 2009 жылы 87 есірткі затын сату фактісі анықталған, 2010 жылы - 87, 2011 жылы – 116, 2012 жылы – 118, 2013 жылы - 116. 2014 жылы есірткі заттарын сатудың 123 дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған (2013ж.-116) 5 дерекке немесе 6% артқан.

Жыл сайын заңсыз айналымнан 11 тонна тәркіленіп, оның ішінде қомақты көлемі героин болып табылады.

Жылсайын халық арасында есірткі затын пайдалану деңгейі төмендеуде. 2009 жылы есепте 5536 адам тұрса, 2010 жылы – 5003, 2011 жылы – 4548, 2012 жылы – 2862, 2013 жылы - 2781 адам.

2015 жылдың 1 қаңтарына облыстың наркологиялық диспансерінде барлығы 2635 (2013ж.-2781) адам есепке алынған, оның ішінде нашақорлық диагнозымен 1567 (2013ж.-1857) адам, ал профилактикалық есепте 1068 (2013ж.-924) адам.

(10 мың қолданатын автокөлікке шаққанда), жол көлік оқиғасында қайтыс болғандардың (100 жарақат алғандарға) 30,2 ден 20,7 дейін қысқарған. 2010 жылы жол көлік оқиғасының деңгейі 42,6-дан 2011 жылы 41,4, 2012 жылы – 50,3, 2013 жылы – 82,3-ті, 2014 жылы - 65,7-ні құрады. Жол көлік оқиғасында жарақат алғандар 2010 жылы (10 мың адамға шаққанда) 8,3, 2011 жылы 8,6, 2012 жылы – 13,2, 2013 жылы – 26,6-ны, 2014 жылы - 20,3-ті құрайды.

2014 жылы кешенді шараларды жүзеге асыру нәтижесінде жол-көлік оқиғаларының санын 20,2%-ға (1615-тен 1289-ға), қайтыс болғандар – 34,9%-ға (312-ден 203-ке) және жарақат алғандар - 22,1%-ға (2569-дан 2002-ге) төмендету қол жеткізді.

Сонымен бірге, автокөлік кешені күрделі жағдайда жұмыс істеуде. Атомобиль паркінің және заманауи автокөліктердің жылдамдық көрсеткіштерінің өсуі көше-жол деңгейінің дамуына сәйкес келмейді. Республикалық маңызы бар жолдардың басым көпшілігі күрделі жөндеуді және жүру бөлігі кеңейтуді, бөлу қосалқыларымен жабдықтауды қажет етеді. Жергілікті жолдардың жағдайыда қанағатанарлық емес.

2014 жылы тексерумен 14676 км. жол қамтылды, тексеру барысында облыс автожолдарында 9153 ақау анықталған, оның ішінде халықаралық мәндегі жолдарда 127 ақау, республикалық мәндегі жолдарда - 1077, облыстық мәндегі жолдарда - 5075, аудандық мәндегі жолдарда 345 ақау және елді мекендердің көшелерінде 2529 ақаулар анықталған.

Тексеру нәтижелерінмен, жол ұйымдарының басшыларына орындауға 844 ұйғарым тапсырылған.

Автомобиль жолдарын ұстауда орын алған кемшіліктер бойынша аудандық және облыстық атқару органдарына 84 ақпарат жолданған, соның ішінде облыс Әкімиятына 27 ақпарат жолданған.

Автомобиль жолдарын қанағаттанарлықсыз жағдайда ұстағаны үшін 118 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған, соның ішінде жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша құзырлы органның ұйғарымдарын орындамағаны үшін жауапкершілікке 12 тұлға тартылған.

Сонымен бірге, Елбасының қоғамда құқық бұзушылықтардың барлық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру туралы қойған міндеттерін біз мүлтіксіз орындауға алдық.

Өткен жыл нәтижелері бойынша «мүлдем төзбеушілік» қағидасына қатысты құқық бұзушылықтарды анықтау 15,7% (72962 ден 84381) ұлғайған.



Мәселелер:

- мақсатталған жедел-іздестіру іс-шаралар мен қылмысты ашу бойынша арнайы операциялардың жетіспеушілігі;

- есірткі қылмысының жоғары деңгейі халықтың есірткі пайдалануы;

- жол қозғалысы қатысушыларының төмен көліктік тәртібі;

- республикалық жолдарда жол қауіпсіздімен қамтамасыз ету үшін бақылау техникалық құралын жоқтығы;

- қалааралық жолаушы тасымалының жиі болуы;

- облыстық, аудандық мәндегі және аудан орталықтарының жол-көше желілеріне қызмет көрсету үшін жол-патрульдік полиция қызметкерлері санының жетіспеушілігі.

Авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру.

Жамбыл облысының Азаматтық қоғаныс аумақтық бағыныңқы жүйесі (АҚМЖ) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V ҚРЗ заңына сәйкес қызмет атқарады.

Бейбіт және соғыс кезінде АҚ және ТЖ міндеттерін тиімді шешу Азаматтық қорғаныстың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі мен АҚ құрылымдарының дайындығы мен жабдықталуына байланысты.

Жамбыл облысындағы азаматтық қорғаныс міндеттерін шешу үшін жеке құрамы 68808 адамнан тұратын 3641 құрылым құрылды, оның ішінде шұғыл әрекет ету жасағы (11/700), штаттық авариялық-құтқару құрамалары (204/1695), аумақтық құрамалар (403/10963) және объектілік құрамалар (3023/55450).

Облыстың халық тығыз орналасқан бөлігі Жерорта теңізі – Азия сейсмикалық белбеуінің маңыздылығы мен қарқындылығы жағынан екінші зонасында орналасқан. Жойқын жер сілкінісі туындауының ықтималына жыл сайын қарқындылығы шамалы (2-3 балл), жылына 2-ден 5-ке дейін орын алатын жер сілкіністері айғақ болып табылады. Бұдан басқа, облыс аумағында қарқындылығы 7-8 балл (1971 жылы Жамбыл және 2003 жылы Луговой) жер сілкіністері тіркелген. Орын алуы мүмкін күштілігі 7-8 балл жойқын жер сілкіністерінің зонасында 8 ауылдық аудандар мен облыс орталығының аумақтары жатыр.

Облыстың жеке аумақтары жылдамдығы 25м/с асастын дауылды желдерге ұшырау қауіпі бар, бұл қыс мезгілінде қар басуларға, жазғы уақытта аңызақ желдерге, құмды дауылдарға, көктемде – бұршақты нөсер жауындарға әкеліп соғады. Метеорологиялық ықпалға ең тәуелді зоналарға Жуалы, Талас, Сарысу, Жамбыл аудандарының, Тараз қаласының, сонымен қатар республикалық автокөлік трассасының 4 асудағы бөліктері жатады:

- Күйік («Алматы-Ташкент» тас жолының 547-563 шақырымында орналасқан, ұзындығы 6 шақырым);

- Шақпақ («Алматы-Ташкент» тас жолының 590-593 шақырымында орналасқан, ұзындығы 3 шақырым);

- Хантау («Меркі-Шу-Бурылбайтал» тас жолының 185-197 шақырымында орналасқан, ұзындығы 12 шақырым);

- Қордай («Алматы-Ташкент» тас жолының 165-191 шақырымында орналасқан, ұзындығы 26 шақырым).

Облыс аумағында ірі орман алқаптары жоқ. Дегенмен, облыстың барлық аумағында табиғи өрттердің туындау қауіпі бар.

Жыл бойы 13 су шаруашылығы объкетілерінің гидротехникалық құрылыстарында апат болған жағдайда су басу қауіпі бар. Таулы және тауға жақын жерлерде ағып жатқан 16 өзен сел қауіпті болып табылады.

Эпидемияға қарсы бағытта қолайсыз жағдай туындауы мүмкін. Облыстың солтүстік аудандары Конго-қрымдық гемморрагиялық безгегінің табиғи ошағы болып табылады. Оңтүстік аудандарда, көлік магистральдарының бойында сібір күйдіргісі, бруцеллез, обаның табиғи ошақтары бар. Көктем-жаз мезгілінің белгілі бір ауа-райы жағдайында, инфекциялық ауруларды таратушылардың (жабайы аңдар, кеміргіштер, кенелер және т.б.) белсенділігіне байланысты инфекцияларды тарату қауіпі жоғарылайды.

Облыста 5 химиялық қауіпті объектілердің, өндірістік объектілердің: энергиямен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету, газ толтыру станциялыры, элеваторлар, мұнай сақтау орындары, астық сақтау орындарының бар болуы үнемі техногендік төтенше жағдайлардың орын алу қауіпін тудырады.

Потенциалды қаупі бар басқа да объектілерде төтенше жағдайлардың орын алу мүмкіндігі естен шығарылмайды. Оларға технологиялық процесстерінде өрт-жарылыс қауіпі бар газдарды, сұйықтарды қолданатын кәсіпорындар, сонымен қатар тау-кен және металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары жатады.

2009 жылы облыс аумағында 1018 төтенше жағдай тіркеліп, 634 адам зардап шекті, 62 адам қаза тапты, 291,9 млн. теңге залал келтірілді.

2010 жылы 851 техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелді, оның ішінде 458 адам зардап шекті, 93-ші қаза болды, 221,7 млн.теңге залал келтірілді (техногендік төтенше жағдайлар және уақиғалар салдарынан – 442 оқиға, табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан – 409).

2011 жылы 752 техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан 458 - зардап шекті, 58 - қаза тапты, 79,3 млн.теңге залал келтірілді (техногендік төтенше жағдайлар және уақиғалар салдарынан – 348 оқиға, табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан – 404). 2012 жылы Жамбыл облысының аумағында 718 техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелді, оның ішінде 398 адам зардап шекті, соның 67-ші қаза болды, 172,6 млн.теңге залал келтірілді, 2013 жылы 807 техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелді, оның ішінде 476 адам зардап шекті, соның 103-ші қаза болды, 4602,3 млн.теңге залал келтірілді. 2013 жылы Жамбыл облысының аумағында 807 төтенше жағдай мен табиғи және техногендік сипаттағы оқиғалар тіркелді. 476 адам зардап шекті, оның ішінде 103 адам қаза болды. Материалдық шығын 4602,3 млн. теңгені құрады.

2014 жылы шұғыл мәліметтер бойынша Жамбыл облысының аумағында табиғи және техногенді сипаттағы 955 төтенше жағдай мен оқиға тіркелді (бұл 2013 жылға қарағанда 8,3% көбейген)/955 ТЖ мен оқиғалардың ішінде ТЖ критерийіне 60 жатады/. Мұнда 385 адам зардап шекті (2013 жылға қарағанда 22,8% кеміген), оның ішінде 50 адам қаза тапты (2013 жылға қарағанда 2 есеге кеміген). Алдын ала мәліметтер бойынша материалдық шығын 123,3 млн. теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 37,6 есеге кеміді (2013 ж. – 4642,0 млн. теңге).

Адамдардың өлімінің себебі: халықтың өрттерден, зілзалалардан, авариялар мен апаттардан жеткіліксіз қорғалуы болып табылады.

Жергілікті деңгейде төтенше жағдайларды жоюдың қолда бар күштері мен құралдарының бүгінгі күні жеке материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілу деңгейі жеткіліксіз.

Өрт бөлімдерін арнайы техника мен жабдықтың жаңа түрлерімен қосымша жарақтандыру (АЦ-40, АЛ-54), ескірген техника мен жабдықтарды ауыстыра отырып штаттық авариялық-құтқару құрылымдарын қолданыстағы нормаларға сәйкес жарақтандыру; ғимараттар мен құрылыстарды сейсмикалық күшейту іс-шараларын орындау; өзендердегі жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізу; Жамбыл облысының аумағында жергілікті және өңірлік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда халықты жеке қорғаныс құралдарымен және шатырлы қалашықтар салу үшін мүлікпен қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр.



Мәселелер:

- жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайларды жоюдың қолда бар күштері мен құралдарының материалдық-техникалық құралдармен жарақтандыры-луының жеткіліксіз деңгейі;

- ғимараттарды сейсмокүшейту деңгейінің төмендігі;

- қазіргі заман талабына сай суда құтқару бекеттерінің, өрт деполары мен өрт сөндіру демеу пунктері санының жетіспеушілігі.



2.2.4. Инфрақұрылым

Байланыс және коммуникация

«Қазақтелеком» АҚ-ның жоспарлары мен даму стратегиясына сәйкес Жамбыл облыстық телекоммуникация дирекциясының қызметі заманауи желісін ары қарай құруға және ұсынылатын жоғары сапалы байланыс қызметінің спектрін кеңейтуге бағытталған.



2010 жылы негізгі технико - экономикалық көрсеткіштер бойынша біраз нәтижеге қол жеткізілген. Облыс бойынша 9483 телефон, оның ішінде қалаларда – 3667 телефон және ауылдық жерлерде – 5816 телефон орнатылған.

2011 жылы облыс бойынша 9258 телефон, оның ішінде қалаларда – 3899 телефон және ауылдық жерлерде – 5359 телефон орнатылған. Нәтижесінде телефондық аппараттардың саны 180526 бірлікті құрады, оның ішінде қалаларда – 102531 бірлік және ауылдарда – 77995 бірлік.

2012 жыл ішінде облыс бойынша 11177 телефон, оның ішінде қалаларда – 5754 телефон және ауылдық жерлерде – 5423 телефон орнатылды. Коммутациондық пунктер жалпы монтаждалған сыйымдылығы облыс бойынша 197178 номерді құрады, оның ішінде ауылдық мекенде – 82 060 номер. Жаңа технология бойынша монтаждалған сыйымдылығы санынан 185 535 номер немесе облыс бойынша 94,1%. Коммутациондық пунктердің іске қосылған сыйымдылығы 185 576 номерді немесе 94,1%-ды, оның ішінде ауылдық мекенде – 80 815 номер (98,4%). Облыс аумағында жер бетіндегі спутниктік байланыс жүйесінің 61 станциясы жұмыс істеген (НССС «ДАМА» - 12, Sky Edge – 49). Кең желілі жетімділікті интернет қызметіне енудің ортақ көрсеткіші 15,3%-ды, Тараз қаласы - 24,8%-ды құрайды. Облыс бойынша 100 жанұяға шаққанда телефон қызметіне енудің ортақ көрсеткіші 69,7%-ды, Тараз қаласы - 102,3%-ды құрайды. Интернет пайдаланатын халықтың саны - 42 804 бірлік, ШПД пайдаланушылар - 42 203 бірлікті құрайды.

2013 жылы 14252 телефон, оның ішінде қалаларда 5329 телефон және ауылдық жерлерде 8923 телефон орнатылды.

Коммутациондық пунктер саны 259 (АТС, УБ және БС) құрады, оның ішінде ауылдық жерлерде - 167; телефондық станциялардың саны – 202, оның ішінде ауылдық мекендерде - 124; электрондық стансалар саны – 192, оның ішінде ауылдық мекенде – 116. Коммутациондық пунктердің жалпы монтаждалған сыйымдылығы – 195 325 номерді құрады, оның ішінде ауылдық мекенде – 82212 номер.

Облыс бойынша жаңа технология бойынша (санды) монтаждалған сыйымдылығы санынан 188183 номері немесе 96,3% жұмыс істейді. Коммутациондық пунктердің іске қосылған сыйымдылығы - 178881 номерді немесе 91,6%-ды, оның ішінде ауылдық мекенде – 80696 номер (99,3%).

Облыс аумағында жер бетіндегі спутниктік байланыс жүйесінің 73 станциясы жұмыс істейді. НССС «ДАМА» - 9, Sky Edge – 64. Облыс бойынша 100 жанұяға шаққанда кең желілі жетімділікті интернет қызметіне енудің ортақ көрсеткіші 20,9%-ды, Тараз қаласы - 34%-ды құрайды.

Облыс бойынша 100 жанұяға шаққанда телефон қызметіне енудің ортақ көрсеткіші 65,6%-ды, Тараз қаласы - 89,2%-ды құрайды. Облыс бойынша 100 тұрғынға шаққанда телефон тығыздығы 14,63 бірлікті, оның ішінде Тараз қаласы – 19,8 бірлікті құрайды. Облыс бойынша 100 жанұяға КЖҚ сыйымдылығы 4,6 бірлік, Тараз қаласы - 7,5 бірлікті құрайды. Интернет пайдаланатын халықтың саны – 55842 бірлік, КЖҚ пайдаланушылар – 50255 бірлікті құрайды.

2014 жыл 15526 телефон, оның ішінде қалаларда 4301 телефон және ауылдық жерлерде 11225 телефон орнатылды.

2014 жылдың соңында телекоммуникация құралдарының қолданыста болуы келесі көрсеткіштермен сипатталады:



  • коммутациондық пунктер саны 277 (АТС, УБ және БС) құрады, оның ішінде ауылдық жерлерде 179;

  • телефондық станциялардың саны – 217, оның ішінде ауылдық мекенде - 134;

- электрондық стансалар саны – 215, оның ішінде ауылдық мекенде – 133;

- коммутациондық пунктер жалпы монтаждалған сыйымдылығы (АТС, УБ және БС) облыс бойынша 207 286 номерді құрады, оның ішінде ауылдық мекенде – 82 408 номерді;

- жаңа технология бойынша монтаждалған сыйымдылығы санынан 206 750 номер немесе 99,74% жұмыс істейді;

- коммутациондық пунктердің іске қосылған сыйымдылығы 173 584 номерді немесе 83,7%-ды, оның ішінде ауылдық мекенде – 80 575 номер (97,8%);

- КЖҚ монтаждалған порттық сыйымдылығы 78473 құрады, оның ішінде ауылдық мекенде – 28268;

- КЖҚ іске қосылған порттық сыйымдылығы 72925 немесе 92,93% құрады, оның ішінде ауылдық мекенде – 25805 немесе 91,29%;

- облыс аумағында жер бетіндегі спутниктік байланыс жүйесінің 71 станциясы жұмыс істейді. НССС «ДАМА» - 9, Sky Edge – 62;

- облыс бойынша 100 жанұяға шаққанда кең желілі жетімділікті интернет қызметіне енудің ортақ көрсеткіші 21,5%-ды, Тараз қаласы - 32,3%-ды құрайды;

- облыс бойынша 100 жанұяға шаққанда телефон қызметіне енудің ортақ көрсеткіші 62,4%-ды, Тараз қаласы - 83,1%-ды құрайды;

- облыс бойынша 100 тұрғынға шаққанда телефон тығыздығы 13,9 бірлікті, оның ішінде Тараз қаласы – 18,5 бірлікті құрайды;

- облыс бойынша 100 жанұяға КЖҚ сыйымдылығы 4,8 бірлік, Тараз қаласы - 7,2 бірлікті құрайды.

- интернет пайдаланатын халықтың саны – 58515 бірлік, КЖҚ ФЛ пайдаланушылар – 58430 бірлікті құрайды.

«Электрондық үкіметті» қалыптастыру бағдарламасын іске асыру қорытындысы бойынша облыста ақпарат алмастырудың қағазсыз технологиясы – электрондық құжат айналымы енгізілген, «Адрестік регистр» АИС мәліметтер базасын (МБ) толықтыру жүргізілуде, басқармаларда локальдық есептейтін желісі (ЛЕЖ) енгізілген, облыс басқармаларымен және аудандармен жоғары сапалы желісі арқылы байланыс құрылған, Жамбыл облысы әкімінің www.zhambyl.kz сайты әзірленген, мәліметтерді тұрақты толықтыру және жаңарту жүргізілуде.

Құрылған www.zhambyl.kz сайтымен келесі е-қызметтері ұсынылады: ақпараттық жаңалықтар, мемлекеттік органдардың құрылымы және байланыстары туралы мәліметтер, орталық атқарушы органдардың ақпараттық ресуртарына сілтемелер, нормативтік актілер, қызмет көрсетуге тарифтер, жұмыстардың регламенті және т.б.; интербелсенді ықтимал қоғамдық қабылдау бөлмесі, Тараз қаласының қонақ үйінің, мейрамханаларының, тұрмыстық, көлік және басқа қызмет көрсетуді ұсынатын кәсіпорындарының көрсетілуімен интербелсенді картасы құрылған, аудандық әкімдердің өңірлік сайттары құрылған.

Облыстық веб-сайттың редизайны және қайта құрылымдау бойынша жұмыстар жүргізілген. Бүгінгі таңда портал арқылы 146 ақпараттық және 5 интербелсенді қызмет көрсету бар, оладың арасында облыс әкімінің блогы, электрондық қабылдау бөлмесі, бизнесті қорғау бөлімі, жаңалықтарға жазылу, мемлекеттік сатып алу бойынша қызмет көрсету және басқа, сонымен қатар порталда ЖАО көрсететін 22 мемлекеттік қызмет көрсету ішінара автоматтандырылған. Барлық қалалардың және облыс аудандарының әкімдіктерінің сайттары ашылған және жұмыс істейді.

Жамбыл облысының «е-әкімдігін» іске асыру шеңберінде бүгінгі таңда келесі бағыттар бойынша іс-шаралар орындалған: техникамен қамту; ведомстволық ақпараттық жүйені әзірлеу және енгізу; мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру; «е-әкімдіктің» ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Бүгінгі таңда «е-әкімдікті» дамыту бағыттарының мәліметтері бойынша төмендегі жұмыстар орындалған: 12 серверден серверлік түйін құрылған; портал құрылған, онда өтініш беру саласында ішінара ЖАО көрсететін 22 қызмет көрсету автоматтандырылған; «Корпоративтік электрондық құжат айналымы» ақпараттық жүйесі енгізілген; «Кадрлық іс жүргізу» ақпараттық жүйесі енгізілген; «мемлекеттік органдарға білім беру және тестілеу» ақпараттық жүйесі енгізілген; басқарудың ақпараттық-талдау жүйесі енгізілген; «Бюджеттеу» ақпараттық жүйесі енгізілген; «Ауыл шаруашылығын», «Денсаулық сақтауды» әзірлеуге және енгізуге жобалық-ізденуші жұмыстары жүргізілген; электрондық құжат айналымын, локальдық есептейтін желісін, серверлерді, порталды тіркеу жүзеге асырылуда.

Басқару органдарын компьютерлік техникамен қамту 80% құрайды, Интернет желісіне қосылу байланыс каналында орташа 8 mb/s өткізу қабілеттілігімен бірге ұйымдастырылған.

ЖАО ЛЕЖ-не облыстық және аудандық деңгейде 31 ұйым қосылған (аудандық және қалалық әкімдіктер, Жамбыл облысы әкімдігінің басқармалары). Электрондық құжат айналымына Жамбыл облысы әкімінің аппараты қосылған.



Мәселелер:

    • облыс халқы арасында компьютерлік сауаттылықтың төмен деңгейі. Құрылыс

2010 жылдың 1 қаңтарына құрылыс қызметін 5 ірі, 23 орта және 253 шағын барлық меншік түрлеріндегі мердігерлік ұйымдар іске асырды. 2009 жылы мердігерлік ұйымдармен орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 51824 млн. теңгені құрады және 2005 жылмен салыстырғанда 2,8 есеге өсті (14834 млн. теңге).

Жамбыл облысының ЖӨӨ-де құрылыс секторының үлесі 6,7%-ды, жұмыс істейтіндердің үлесі 5,7%-ды құрайды, бұл Қазақстан бойынша орташа көрсеткіш болып табылады.

2010 жылы құрылыспен айналысатын ұйымдар саны 2009 жылмен салыстарғанда 32 данаға өскен (313 ұйымдар), оның ішінде: ірілері 3 данаға (8), орташасы 1 данаға (24) және кішісі 28 данаға (281) өсті. Бірақ, 2010 жылы мердігерлік ұйымдар орындаған құрылыс жұмыстар көлемі 52314,1 млн. теңгені құрап, 2009 жылдың денгейінен 2,3%-ға төмендеген.

2011 жылы құрылыспен айналысатын ұйымдардың өсуі жалғасып, жалпы саны 325 данаға жетті (12 ұйымға өскен), оның ішінде шағын бизнесте 296 ұйымдар әрекет еткен немесе 2010 жылдан 15 данаға көп. Орташа ұйымдар саны 1 данаға азайып, 23 дана және ірілері 2 данаға азайып, 6 дана құрады. Мердігерлік ұйымдар орындаған 2011 жылғы құрылыс жұмыстар көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 20,3%-ға өсіп, 65573,2 млн. теңгені құрады.

2012 жылы құрылыс ұйымдарының жалпы саны 2011 жылға тиісінше 24 бірлікке өсіп, 349 бірлікті құрады. Соның ішінде 8-і - ірі құрылыс ұйымдары, 24 – орта, 317 – шағын. Сонымен бірге, ірі мердігерлер ұйымының саны 2011 жылға тиісінше 2 бірлікке өсті, орта – 1 бірлікке, шағын – 21 бірлікке. Осы ұйымдармен орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 2012 жылы 117511,3 млн. теңгені құрады немесе 2011 жылдан 68,4% артық. Шамамен құрылыс жұмыстары көлемінің 88%-ы өнеркәсіп-азаматтық құрылыстың жаңа нысандарын қайта қалпына келтіруге (102999,7 млн. теңге), және 12%-ы күрделі мен ағымдағы жөндеуге (5741,3 млн. теңге және 8770,3 млн. теңге) келеді.

2013 жылы құрылыс ұйымдарының жалпы саны 2012 жылға тиісінше 27 бірлікке өсіп, 376 бірлікті құрады, оның ішінде 5-і – ірі, 24-і – орта, 347-сі – шағын. Ірі мердігерлер ұйымының саны 2012 жылға тиісінше 3 бірлікке кеміді, ал шағын – 30 бірлікке өсті. Осы ұйымдармен орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 2013 жылы 132 523,1 млн. теңгені құрады, немесе 2012 жылмен салыстырғанда 7,4% -ға артық.

Орындалған құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінде 86,8%-ы құрылыс-монтаж жұмыстарына, 8,0%-ы күрделі жөндеуге, 5,2%-ы ағымдағы жөндеу жұмыстарына тиді.

Ірі және орта кәсіпорындармен 87 124,2 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары атқарылды, бұл жалпы көлемнің 65,7%-ын, шағын кәсіпорындармен - 45 398,9 млн. теңгеге немесе 34,3% құрады.

2009 жылы жалпы алаңы 240,0 мың шаршы метр құрайтын 2384 пәтер, оның ішінде қалалық жерлерде – 93,4 мың шаршы метрді құрайтын 860 пәтер және ауылдарда - 146,6 мың шаршы метрді құрайтын 1524 пәтер пайдалануға берілді.

2005 жылмен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын жайлар көлемі 1,5 есеге өскендігін атап өту керек. Сондай - ақ, 2005 жылға қарағанда жеке құрылыс салушылармен 75,4% артық тұрғын үй пайдалануға берілген, ал Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорына және ипотекалық несиеге берілетін тұрғын үйлерді салу деңгейі қарастырылып отырған кезеңге қарағанда 22,9%-ға төмендеген. Сонымен қатар, тұрғын үйді пайдалануға беру адам басына шаққанда жылына 0,21 шаршы метр құрайды, бұл Республика бойынша ең төмен көрсеткіштердің бірі болып табылады.

2010 жылғы 1 қаңтарға халықты үй қоры регистрінің мәліметтері бойынша облыстың тұрғын үй қорының жалпы көлемі 15,9 млн. шаршы метрді, оның ішінде қалаларда – 7,4 млн. шаршы метрді, ауылдарда – 8,5 млн. шаршы метрді құрайды.

2010 жылдың 1 қаңтарына халықты тұрғын үй қорымен қамтамасыз ету адам басына 15,7 шаршы метр құрайды, бұл да Республика бойынша орташа көрсеткіштен төмен.

2010 жылғы пайдалануға берілген 2056 пәтердің, оның ішінде ауылдық жерде 1260 пәтердің, тұрғын үй көлемі 218,3 мың шаршы метрді құрады. 2009 жылмен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 9,1%-ға, оның ішінде жеке секторда 7,8%-ға, мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорындағы және ипотекалық несиеленген тұрғын үйлер көлемі 23,9%-ға төмендеген.

Статистикалық деректер бойынша 2011 жылғы 1 қаңтарға облыстағы тұрғын үй қорының жалпы алаңы 15,96 млн. шаршы метрді құрады, оның ішінде қалаларда – 7,43 млн. шаршы метр, ауылдық жерде – 8,53 млн. шаршы метр.

2011 жылғы 1 қаңтарға халықтың тұрғын үй қорымен қамтамасыз етілуі бір адамға 15,7 шаршы метрді құрады, немесе 2009 жылғы көрсеткіш денгейінде қалды.

2011 жылы 6,2% өсу қарқынымен жалпы алаңы 231,9 мың шаршы метрлік 1974 пәтер пайдалануға берілді. Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорындағы және ипотекалық несиеленген тұрғын үйлер құрылысының денгейі 2010 жылмен салыстырғанда 3,8%-ға, жеке құрылысшылармен тұрғызылған тұрғын үйлер 5,5%-ға өскен.

Тұрғын үй қоры регистрі негізінде статистикалық деректер бойынша 2012 жылғы 1 қаңтарға облыстағы тұрғын жайдың жалпы алаңы 16,38 млн. шаршы метрді құрады, оның ішінде қалаларда – 7,85 млн. шаршы метр, ауылдық жерде – 8,53 млн. шаршы метр.

2012 жылғы 1 қаңтарға халықтың тұрғын үй қорымен қамтамасыз етілу денгейі бір адамға 16 шаршы метрді құрады, бұл 2010 жылғы осы көрсеткіштің денгейінен 0,3 шаршы метр артық. Қалалық жерде бір тұрғынға келетіні орташа есеппен 18,3 шаршы метр тұрғын үй қоры, ауылдық жерде – 14,3 шаршы метр.

Аталмыш тенденция қалада тұрақтанған халықты қол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге және бюджеттік қаражаттар есебінен салынған инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген барлық жерде жеке тұрғын үйдің кең масштабты құрылысын жүргізуге бағытталған 2020 жылға дейін тұрғын үй құрылысы салалық бағдарламаларды іске асырудың арқасында орын алды.

2012 жылы 226,0 шаршы метрді құрайтын 1672 тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде 1665 жекеменшік сектордағы қосымша ғимараттар және 295 пәтерлі 7 көпқабатты тұрғын үй. Ауылдық жерлерде соғылған тұрғын үй көлемі 118,6 мың шаршы метрді құрайды (52,5%). Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі 2011 жылға қарағанда 2,5%-ға төмендеген, оның ішінде жеке секторда - 2,4%.

2013 жылы білім беру және денсаулық сақтау саласында 1815 орындық 6 жалпы білім беретін мектептер, 1100 орындық 8 мектепке дейінгі мекемелер, ауысымында 736 келушіге арналған 21 амбулаториялық-емханалық мекемелер және 200 төсектік 1 аурухана пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, 2013 жылы 256,7 шаршы метрді құрайтын 2233 пәтер пайдалануға берілді, оның ішінде 221,8 мың шаршы метрі жекеменшік, оның 204,1 мың шаршы метрі – дара сектор құрылысы. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі 2012 жылға қарағанда 13,6%-ға өсіп, оның ішінде жеке секторда – 1,3%.

2013 жылы ипотекалық тұрғын үйге деген сұраныстың төмендеуінен «Құрылысты дамыту» мақсаты және «Тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға беру» индикаторына қол жетпеді.

2014 жылы мердігер ұйымдармен орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 110825,9 млн. теңгені немесе 2013 жылдың деңгейіне 80,3% құрады (132523,1 млн. теңге). 2014 жылы НКИ көрсеткіші 2013 жылға біршама төмендеді. Бұл Жамбыл облысы аумағынан өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзитті автобаны және Қытайға транзитті магистралды газ құбырының құрылыстарында құрылыс-монтаж жұмыстарының қысқаруы есебінен туындап отыр.

2014 жылы 1430 орындық жалпы орта білім беретін 6 мектеп, 1820 орындық мектепке дейінгі білімі беретін 7 мекеме, ауысымына 375 адам қабылдайтын 23 амбулаторлық-емханалық мекеме падалануға берілді.

Сондай-ақ, 258,1 мың ш. метрге 2168 пәтер пайдалануға берілді, оның ішінде 221,8 мың ш. метр жеке меншікте (жеке сектор), 36,3 мың ш. метр мемлекеттік меншікте.



Мәселелер:

- облыста, атап айытқанда облыстық орталықта тұрғын үймен камтамасыз етуге мұқтаж болған азаматтар саны азаймайды. Осыған байланысты ірі панельдік үйді соғуді енгізу арқылы жалға берілетін және ипотекалық тұрғын үй құрылысын ұлғайту, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыру қажет.



Жолдар мен көлік

Жамбыл облысы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 5261,71 шқ, оның ішінде республикалық маңызы бар – 1056 шқ, областық – 2240,76 шқ, аудандық – 1964,95 шқ құрайды.



Облысымыздың экономикалық өсуінің маңызды факторларының бірі көлік инфрақұрылымын серпінді дамыту және жетілдіру болып табылады. Автомобиль жолдары мен көліктік транспорттар – Жамбыл облысының көлік-коммуникация кешенінің маңызды элементтерінің бірі, оның тиімді қызметі мен тұрақты дамуы қазіргі заманғы жағдайларда өсуіне өту, халықтың өмір жағдайын жақсарту және деңгейін арттыру факторлары болып табылады.

Облыс ішіндегі кала аралық және олардан тыс жерлерге жүкті тасымалдау автомобиль көліктері болып табылады. 2010 жылы барлық көлік түрлерімен 55,9 млн. тонна жүк тасымалданған, бұл 2009 жылға қарағанда 19,7%-ға артық, жүк айналымы 1707,7 млн. тонна/шқ құрады және тиісінше 3,2%-ға өсті. 2011 жылы - 70,4 млн. тонна жүк тасымалданды, (өсім 2010 жылдың деңгейіне 25,9%), жүк айналымы - 2246,9 млн. тонна/шқ құрады (31,6%-ға) өскен. 2012 жылы - 80,4 млн. тонна жүк тасымалданды, (өсім 2011 жылдың деңгейіне 14,1%), жүкайналымы - 2477,8 млн. тонна/шқ (10,3%-ға). 2013 жылы - 88,4 млн. тонна жүк тасымалданды, (өсім 2012 жылмен салыстырғанда 9,9%), жүкайналымы - 2726,5 млн. тонна шақырым құрады (1,1 есе).

2014 жылдың қорытындысы бойынша барлық көліктердің түрлерімен жүк тасымалдау өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,6%-ға өсіп 88,9 млн. тоннаны құрады, Жүкайналымы барлық көлік түрлерімен 2731,5 млн. тонна.шқ құрап 0,2%-ға өсті.

2010 жылы барлық көліктерідің түрлерімен 570,6 млн. жолаушы тасымалданды, 2009 жылдың деңгейіне 110,1%-ды құрады, жолаушы айналымы - 4027,5 млн. жолаушы/шқ (104,9%).

2011 жылы 745,8 млн. жолаушы тасымалданды, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 30,7 пайызға артық, жолаушылар айналымы – 4728,7 млн. жолаушы шқ (17,4%-ға). 2012 жылы барлық жолаушылар көліктерімен 802,8 млн. жолаушы тасымалданды, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 7,6%-ға артық, жолаушылар айналымы - 5031,4 млн. жолаушы/шқ құрады (6,4%-ға). 2013 жылы - 864,6 млн. жолаушы тасымалданды, өсім 2012 жылға 7,7%, жолаушылар айналымы – 5676,5 млн. жолаушы/шқ құрады (12,8%-ға).

2014 жылда жолаушылар тасымалдау 2013 жылымен салыстырғанда 2,1%-ға өсіп, 882,5 млн. адамды құрады, жолаушылар айналымы – 8,8%-ға өсіп, 6177,6 млн. жолаушы/шқ құрады.



Жамбыл облысында барлығы 207 маршрутта 1117 автобус қызмет көрсетеді. 373 елді мекендердің қоғамдық көлік қатынасымен 335 елді мекені қамтылды, бұл 89,8% құрайды, 1 автовокзал және 8 автостанция жұмыс жасайды.

Облыс аумағындағы жолаушыларды автомобиль көлігімен тасымалдау саласын дамытуды қамтамасыз ету жөнінде 2011-2015 жылдарға арналған іс-шара аясында 465 жаңа орташа және үлкен сыйымдылықты автобустар сатып алу жоспарланған. 2011-2014 жылдары 476 жаңа автобустар сатып алынды.

«Көлік және коммуникация» Ғылыми-зерттеу институтының ұсынысымен қалалық маршруттарды оңтайландыру жұмыстары жүргізілді. Сатып алынған жаңа автобустардың есебінен, 16 шағын автобус маршруттары 8 автобусты маршруттарға ауыстырылды. Автобустарды жаңалауға байланысты облыс автопарктерінің жылжымалы құрамдарының орташа пайдалану мерзімі 10-нан 7 жылға азайды.

2014 жылы бақылауды күшейту мақсатында 278 автобусқа навигациялық GPS жүйесі орнатылды, бұл жолаушылар санын анықтауға мүмкіндік беретін барлық қоғамдық көліктерге орнатылатын болады.

2014 жылы әлеуметтік маңызы бар 3 бағыттары бойынша темір жол қатынасына облыстық бюджеттен 255,6 млн. теңге бөлініп, толық игерілді. Осы поездар көлік қатынасымен қамтылмаған Бел, Хантау, Қияқты, Шығанақ және Бұрылбайтал ауылдары арқылы қатынайды. Ал, әлеуметтік маңызы бар 3 автобусты бағыттарының қатынауына 23,1 млн. теңге бөлініп, толық игерілді. Нәтижесінде, жолаушылар көлігімен қамтылмаған елді мекендер 10,2%-ға азайды.

Жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын жөндеуге 2009-2013 жылдар аралығында қаржы көлемі 28,1 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер – 8,7 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен қаржы көлемі – 19,4 млрд. теңгені құрайды.

Жалпы 2009-2013 жылдары аралығында Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп ұстауға бюджет көздерінен 25,4 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 7,8 млрд. теңге және жергілікті бюджеттерден 17,6 млрд. теңге бөлініп, жол жөндеу жұмыстарымен 2363,75 шақырым жол қамтылды.

Оның ішінде: жаңа жол құрылысы – 14,3 шақырым; күрделі жөндеу – 104,8 шақырым; Орта жөндеу – 2267,2 шақырым.



2009 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге 4,0 млрд. теңге бөлініп /республикалық бюджеттен – 2,1 млрд. теңге, жергілікті бюджеттерден – 1,9 млрд. теңге/, жол жөндеу жұмыстарымен 480,65 шақырым жол қамтылды. Оның ішінде: жаңа жол құрылысы – 10,05 шақырым; күрделі жөндеу – 31,3 шақырым; орта жөндеу – 439,3 шақырым.

2010 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге 3,5 млрд. теңге бөлініп /республикалық бюджеттен – 1,9 млрд. теңге, жергілікті бюджеттерден – 1,6 млрд. теңге/, жол жөндеу жұмыстарымен 355,6 шақырым жол қамтылды. Оның ішінде: күрделі жөндеу – 16,8 шақырым; орта жөндеу – 338,8 шақырым.

2011 жылы жол жөндеу жұмыстарына 7,0 млрд. теңге бөлініп /республикалық бюджеттен – 1,4 млрд. теңге, жергілікті бюджеттерден – 5,6 млрд. теңге/, жол жөндеу жұмыстарымен 691,2 шақырым жол қамтылды. Оның ішінде: жаңа жол құрылысы – 4,3 шақырым; күрделі жөндеу – 18 шақырым; орта жөндеу – 668,9 шақырым.

2012 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге 6,0 млрд. теңге бөлініп /республикалық бюджеттен – 1,3 млрд. теңге, жергілікті бюджеттерден – 4,7 млрд. теңге/, жол жөндеу жұмыстарымен 442 шақырым жол қамтылды. Оның ішінде: күрделі жөндеу – 18,7 шақырым; орта жөндеу – 423,3 шақырым.

2013 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге 6, 191 млрд. теңге қаржы қарастырылған, оның ішінде республикалық бюджеттен 1,041 млрд. теңге, облыстық бюджеттен – 4, 205 млрд. теңге және аудандық бюджеттерден – 0, 945 млрд. теңге.

Осы бөлінген қаражат есебінен 20 шқ. автожолдарда күрделі жөндеу және 396,9 шқ. автожолдар мен көшелерде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізумен қатар, 8 құбыр мен 2 көпір орташа жөндеуден өтті.



2014 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге 6533,7 млрд. теңге қарастырылып, 6529,4 млрд. теңгесі игерілді.

Бөлінген қаражат есебінен 18,8 шқ жергілікті маңызы бар автожолдарда күрделі жөндеу, 357,4 шқ орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, бұдан басқа 2 құбыр мен 4 көпір орташа жөндеумен қамтылды.

2014 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында қауіпсіздік сақтау мақсатында, жалпы аумағы 91800 м2 шұңқырларды жөндеу өткізілді, 391 жаңа жол белгілелері орнатылды, 618 бірлік белгі беру бағаналары, 860 қ.м. жол және көпірлі қоршау орнатылды, 120 шқ автожолга жол белгілеу жүргізілді.

Мәселелер:

- ауыр жүкті автокөліктермен бұзылатын жол табанының тасымалдау мүмкіндіктерінің жедел төмендеуі;

- жалпы пайдаланымдағы жол бойындағы сервис жүйелерінің жеткіліксіз дамуы (кемпинг, эстакадтар, автокөлік тұрағы, мотельдер, шұғыл көмек көрсетілетін пункттер және т.б.);

- жол саласында білікті кадрлардың және инженерлерлік құрамының тапшылығы;

- облыстың қолданыстағы қоғамдық көліктерінің табиғи тозуы;

- қоғамдық көліктер жұмысына тиісті бақылаудың жоқтығы және Тараз қаласындағы жолаушылар тасымалдау бойынша қоғамдық көліктер қызметі сапасының төмендігі.


2.2.5. Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы

Сумен жабдықтау және су жүргізу

Облыс бойынша су құбыры желісінің жалпы ұзындығы 2938,778 шқ. Оның ішінде ауылдық жерлер – 2098,8 шқ құрайды, оның 14%-ы жеке меншікте.

2010 – 2011 жылдары жалпы ұзындығы 275,7 шм құрайтын жаңа сумен қамтамасыз ету жүйелерін салу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген.

2011 жылы облыс бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтау 50,1% құрады. 373 ауылдық елді мекеннің 190 ғана орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. 175 ауылдық елді мекен орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз етілген және қалған 8 ауылдық елді мекенде тасымалданатын суды қолданады.

Су жүргізудің жалпы ұзындығы 409,0 шм. құрайды.

2010 – 2011 жылдары 15,3 шм кәріздік желі, 2012 жылы- 9 шм кәріздік желі іске қосылған.

2014 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтау жалпы 55,8% құрады. 373 ауылдық елді мекеннің 208 ғана орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. 159 ауылдық елді мекен орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз етілген және қалған 6 ауылдық елді мекенде тасымалданатын суды қолданады.

2013 жылы республикалық бюджет (90%) және қоса қаржыландырылған жергілікті бюджет (10%) қаражаты есебінен барлығы 14 жобаға 3235,077 млн. теңге бөлінді, оның ішінде Тараз қаласы бойынша 7 жобаны іске асыруға 916,7 млн. теңге, олардың 6 жобасы 2013 жылға қарастырылған және 1 жоба өтпелі. Бүгінгі күнде 6 жобаның жұмыстары аяқталып, 25,8 шақырым су жүргізу желілері қайта жаңғыртылды, 1 жоба өтпелі, өткен жылы 11,7 шақырым қайта жаңартылды (массив «Арай»).

2013 жылы Қаратау қаласының тозығы жеткен кәріз жүйелерін қайта жаңғыртуға бюджеттен 444,45 млн. теңге (жобаның құны 1491,8 млн. теңге) және Жаңатас қаласына 444,44 млн. теңге (жобаның құны 1584,1 млн. теңге) бөлінді, қарастырылған жұмыстар орындалды. Жобалар 2014 жылы аяқталады, бюджетте қаражаттар қарастырылған.

2014 жылы облыс бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтау жалпы 82,4% құрады. 373 ауылдық елді мекеннің 226 мекені қамтамасыз етілген,145 ауылдық елді мекен орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз етілген және қалған 6 ауылдық елді мекенде тасымалданатын суды пайдаланады.

Су жүргізудің жалпы ұзындығы 413,31 шм. құрайды.

«Ақ бұлақ» бағдарламасы шеңберінде 2014 жылы бюджеттен сумен жабдықтау және су бұрумен жабдықтаудың 25 жобаны жүзеге асыруға 8391,1 млн.теңге, оның ішінде республикаық бюджеттен 7542,4 млн. теңге бөлінген. Оның ішінде ауылдық елді мекенді сумен жабдықтаудың 18 нысанының құралысына 4309,9 млн. теңге игерілді, 11 нысан пайдалануға берілді. Тараз, Қаратау және Жаңатас қалаларында су құбыры мен кәріз жүйелірін қайта жаңғыртудың 7 нысанын жүзеге асыруға 4081,2 млн. теңге бөлініп игерілді, барлық нысандар 2015 жылға өтпелі. Облыстың елді мекендерінде барлығы 249,67 шқ желілер жаңырғытылды және ауыстырылды.

2014 жылы бюджеттен сумен жабдықтау және су бұрумен жабдықтаудың 10 жобасына 4833,37 млн. теңге бөлінді, оның ішінде Тараз қаласының 4 жобасына 768,57 млн. теңге, Қаратау қаласының - 2 жобасына (2 212,172 млн. теңге), Жаңатас қаласының - 2 жобасына (1 224,26 млн. теңге), Аса ауылының - 1 жобасына (132,94 млн. теңге) және Құлан ауылынның - 1 жобасына (395,434 млн. теңге). Осы қаржатқа елді мекендерде 134,4 шақырым желілер қайта жаңғыртылды және жаңартылды.

Алайда, 2014 жылы «Азаматтардың қолайлы жағдайларда тұруы» мақсаты бойынша «Тұрғын үй-коммуналдық жүйені жетілдіру және дамыту» міндетіндегі «Сумен жабдықтау желілеріндегі жоғалту санын қысқарту» жоспарлы тікелей нәтиже көрсеткіші желілердің тозынан шығынның артуына байланысты орындалмады.



Мәселелер:

- ауылды елді мекендерде орталық сумен және су ағызумен қамтамасыз етудің төмен деңгейі;

- ағынды суларды тазалау имараттарының жоқтығы;

- сумен жабдықтау және суды бұру, кәріз жүйелерінің тозуы.


Жылумен қамтамасыз ету

Жамбыл облысының жылумен қамту жүйесі жылу қуаттарының көптігімен сипатталады, әсіресе облыстың шағын қаларында (Жаңатас, Қаратау, Шу). Облыста жылу қуаттарының көптік проблемасы орын алып отыр: 2010-2011 жылдары облыстың генераторлық қуаттары сомалық қуаттылықтың тек 38%-да пайдаланылған.

Жамбыл облысының жылу жүйелері мен генераторлық қуаттары тозған. 2005-2011 жылдары 26,2 шақырым жылу желілері, 2012 жылы 21 шақырым жылу желілері, 2013 жылы - 3,6 шақырым, 2014 жылы - 13,8 шақырым жылу желілері қайта жаңғыртылды.

Облыс бойынша 9 қазандық, оның ішінде: 100 Гкал-дан жоғары 2 қазандық Жаңатас қаласындағы «ЖаңатасСу-Жылу» КМК және Тараз қаласындағы «ТЭО» АҚ, 100 Гкал-ға дейін 7 қазандық – «Жамбыл-Жылу» МКК, «ТемірЖол-Жылу» МКК және «Шу-Жылу» МКК, сонымен қатар жекеменшік «Қант» АҚ-ы, Батуров атындағы «ЖГРЭС» АҚ-ы және «София» ЖШС-і. Облыс бойынша қазандықтардың орташа тозуы - 49,3%.

2015 жылдың 1 қаңтарына орталық жылумен тұрғын үй қорын қамту 26,4%-ды құрайды, төмен көрсеткішке жатады.

2014 жылдың қорытындысы бойынша «Азаматтардың қолайлы жағдайларда тұруы» мақсаты бойынша «Тұрғын үй-коммуналдық жүйені жетілдіру және дамыту» міндетіндегі «Жылумен жабдықтау желілердегі жоғалту санын қысқарту» жоспарлы тікелей нәтиже көрсектіші жазғы кезеңде шығынның артуына байланысты орындалмады.

Қазіргі уақытта жылу энергия орталығын, ірі қазандықтарды және жылу құбырларын (Тараз қаласында желілердің тозуы 70,2%) энерго үнемдеу жабдықтарын және технологияларын (алдын ала оқшауланған құбырлар, газ поршенді немесе газ турбинді электростанциялар) орнату арқылы жетілдіру қажет.

Мәселелер:

- жылу желісінің және генераторлық қуаттардың тозуы;

- облыстық маңызды қалаларында жылу қуаттылығының тозуы (Жаңатас, Шу, Қаратау).



Газбен қамтамасыз ету

Жамбыл облысының тұтынушыларына табиғи газды жеткізу мен сатуды, пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді және газбен қамту жүйелерін (газ тарату пункттері мен қондырғылар, жоғарғы, орта және төмен қысымды газ тарату жүйелері) жөндеуді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ЖӨФ іске асырады.

Кәсіпорынның балансында тұрған жалпы газ құбырларының ұзындығы 2601,116 шқ, оның ішінде: жоғарғы қысымдағы – 120,548 шқ, орта – 544,773 шқ, төмен – 1935,795 шқ құрайды.

2010-2011 жылдары 119,44 шқ газ жүйелері іске қосылған. 373 елді мекендерден 75 елді мекен газдандырылған.

2011 жылы Жамбыл облысында газтранспорттық жүйені дамытуға ҚР Мұнай және газ министрлігі арқылы республикалық бюджеттен 1 582,4 млн. теңге, қосымша жергілікті бюджет есебінен –235,4 млн.теңге бөлінді, аталған қаражатқа Жамбыл, Байзақ және Талас аудандарының 24 елді мекендеріне газ құбырларының құрылысы жүзеге асырылған.

2012 жылы 157,8 шқ. газ жүйелері іске қосылған. 373 елді мекендерден 88 елді мекен немесе 23% газдандырылған.

2012 жылы Жамбыл облысында газтранспорттық жүйені дамытуға ҚР Мұнай және газ министрлігі арқылы республикалық бюджеттен 1 992,8 млн. теңге, қосымша жергілікті бюджет есебінен – 220753 мың. теңге бөлінді, аталған қаражатқа Меркі (10 е.м), Т. Рысқұлов (13 е.м) және Жуалы (10 е.м) аудандарының 33 елді мекендеріне газ құбырларының құрылысы жүзеге асырылған.

2012 жылы «КазТрансГаз Аймак» АҚ 3,6 млрд. теңге қаражаттың есебінен «Жамбыл облысының «Қордай» АГРС-нан Шу қаласына дейін газ құбырын тарту құрылысы» жобасы іске асырылған.

2013 жылы 373 елді мекендерден 110 елді мекен немесе 29,5% газдандырылған.

2013 жылы Республикалық бюджеттен Талас ауданындағы 8 елді мекенге (Шакирова, Бостандық, Талапты, Аққұм, Тамабек, Тұрымқұл, Сейілбек, Ойық) (428,7 млн. теңге), Жамбыл ауданындағы 1 елді мекенге (Қоңыртөбе) (16,3 млн. теңге), Жуалы ауданындағы 10 елді мекенге (Ақтөбе, Ақтоған, Алатау, Қазбастау, Көктас, Қарасу, Күркүреусу, Қызыларық, Теріс-Ащыбұлақ, Сұрым) (155, 0 млн. теңге) ішкі көше-аралық газ тарату құбырының құрылысын жүргізуге РБ 600,0 млн. теңге және жергілікті бюджеттен 66,0 млн.теңге бөлінді. Бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 666,6 млн. теңге, немесе 100% игерілді. Сонымен қатар, 12 елді мекендегі аяқталған құрылыс жұмыстары мемлекеттік комиссиямен қабылданды, қалған өтпелі 7 елді мекенде құрылыс жұмыстары жалғасуда.

2014 жылы 373 елді мекендердің 142 елді мекені немесе 38% газдандырылған.

2014 жылы республикалық бюджеттен Меркі ауданы бойынша 9 елді мекенге жоғарғы қысымды газ желісін келтіру құрылысына 450,0 млн. теңге бөлінді. Жобаны қоса қаржыландыруға жерлікті бюджеттен 55,5 млн. теңге бөлінген. Жалпы қаражат көлемі 505,5 млн. теңге. Жалпы сомасы 505,5 млн. теңгені құрайды. 2014 жылы 4 елді мекенді аяқтау жоспарланған, құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып нысандар мемлекеттік комиссиямен пайдалануға қабылданды. Қалған 5 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.



Мәселелер:

- газбен қамтамасыз етудің төмен деңгейі;

- ішкі магистральді газ құбырлары жүйесінің дамымағандығы;

Тұрғын үй қорын басқару

2015 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша тұрғын үй қоры жалпы 16748 мың шаршы метрді құрайды, оның 98,6%-ын жеке меншікте (16506,9 мың шаршы метр), онын ішінде қалалық мекеннің жеке меншігінде 98,3%, ал ауылды жерлердегі – 98,8%.

Көп пәтерлі үйлердің (кондоминиум нысандарын) алаңы 3828,41 мың шаршы метрді құрайды (1568 домов). Оның ішінде 2013,6 мың шаршы метр (800 үй) күрделі жөндеудің кейбір түрінен өткізуді қажет етеді.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға бағдарламасының аясында кондоминиум нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жөндеуді қажет ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің үлесін 10%-ға дейін төмендету жоспарлануда.

Облыста 1568 көппәтерлі тұрғын үйдің ішінде 800 үй немесе 51,2%-ы жөндеу жұмыстарын қажет етеді.

2011 жылы Тараз қаласының 33 көп пәтерлі тұрғын үйлерін күрделі және ағымдағы жөндеуге республикалық бюджеттен 326,25 млн.теңге ағымдағы нысаналы трансферт бөлінді, оның ішінде: 11 үйді күрделі жөндеуге 120,0 млн.теңге және 22 үйді ағымдағы жөндеуге - 206,250 млн.теңге бөлінді. 33 көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары аяқталған.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 21523,19 м2 шатыр, 11063 м2 үйдің келбеті, 25674,6 ш.м. инженерлік желісі және 3020,7 м2 кіреберістер жөнделді.

2012 жылы 74 көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге республикалық бюджеттен 812,5 млн. теңге игерілді, оның ішінде: 22 тұрғын үйді күрделі жөндеуге 312,5 млн. теңге, соның ішінде Тараз қаласында 13 үй, Жанатас,Қаратау, Шу қалаларында 3 үйден; 52 үйді ағымдағы жөндеуге 500,0 млн. теңге, соның ішінде Тараз қаласында 33 үй, Жаңатас қаласында 3 үй, Қаратау мен Шу қалаларында 8 үйден жөнделді.

2013 жылы көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге республикалық бюджеттен қаржы бөлінбегендіктен «Азаматтардың қолайлы жағдайларда тұруы» мақсатқа және «Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминимум объектілерінің төмендету үлесі» көрсеткішке қол жетпеді.

2014 жылы 32 көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге республикалық бюджеттен 603,945 млн. теңге бөлінген, оның ішінде Тараз қаласы бойынша 23 үйді жөндеуге - 544,091 млн. теңге, Қаратау қаласында 4 үйді жөндеуге - 30,0 млн. теңге, Шу қаласында 5 үйді жөндеуге - 29,854 млн. теңге.

Одан басқа пәтер иелерінің қайтарылған қаражат есебінен 140,9 млн. теңгеге 10 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде (Тараз қаласында -7 үй, Қаратау қаласында-2 үй, Жанатас қаласында–1 үй).

Атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде, 124350 ш.м. шатыр, 37712 ш.м. - үйдің келбеті, 121132,45 ш.м. - инженерлік жүйе және 58197,9 м2 кіреберістер жөнделді.



Мәселелер:

- үй ішіндегі инженерлік коммуникациялардың тозу деңгейінің жоғарылауы.



2.2.6. Экология және жер ресурстары

Жалпы 2012 жылы облыс бойынша атмосфераға эмиссия көлемдері 18,7 пайызға немесе 4,468 мың тоннаға өсуі жұмыс көлемінің ұлғаюына және жаңа кәсіпорындар ашылуына байланысты. Қоршаған ортаға тигізілетін қолайсыз әсерді төмендету мақсатында кәсіпорындар атмосфералық шығарындыларды кәдеге жаратуға бағытталған жобаларды ендіруде. Тұтастай алғанда, Жамбыл облысы бойынша 2012 жылы ең ірі кәсіпорындар ауа бассейнін қорғауда жалпы сомасы 676,3 миллион теңгеге табиғат қорғау шараларын атқарды, шығарындылар көлемі 183,4 тоннаға кеміді.

Автомобиль көліктерінен шығындылар көлемі жалпы шығындылар көлемінде әлі де 70% жоғары үлесті құрайды. Облыс бойынша автомобиль көліктерінің шығарындылар көлемін азайту бойынша жол полиция басқармасы тарапынан 2012 жылы 7713 заң бұзушылық анықталды, 4617 әкімшілік құқық бұзушылық хаттамамен 14,9 млн.теңге сомасында айып салынып, оның ішінде 2927 хаттамамен 9,5 млн.теңгесі, немесе 63,4% өңдіріліп алынды.

Жамбыл облыстық гидрометеорология орталығының зертханасының мәліметтері бойынша 2012 жылы жер үсті сулары нысандарының барлығында ластану деңгейі төмендеген.

Жалпы облыс бойынша ластаушы заттарды тастау «Тараз Су» КМК шығындыларының азаюына байланысты 3,086 мың тоннаға немесе 18,6 пайызға төмендеген.

Жалпы жиналған қалдықтардың көлемі 11271,301 мың тонна құрады, жиналған қалдықтардың көлемі 1136,5 мың тоннаға немесе 10,1% көбеуі «Восточное рудоуправление» ЖШС, «Ақтас» ЖШС, «Қаратау» ТКӨ-да, «Алтыналмас» АҚ өндірілген көлемдерінің өсуіне байланысты.

2011-2012 жылдары Меркі, Қордай ауылдарында сиымдылығы 150 мың текше метр, Шу қаласында сиымдылығы 200 мың текше метр, Жаңатас қаласында сиымдылығы 550 мың текше метрді қрайтын қатты тұрмыстық қалдықтардың полигон құрылысы аяқталды, Б.Момышұлы ауылында полигонның құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Тараз қаласындағы жалпы алаңы 30 га құрайтын жұмыс істеп жатқан полигонын 53,928 млн.теңге сомасында жаңғырту жұмыстары жүргізілген, оның ішінде қалдықтарды жою бойынша «Раскад» арнай техника сатып алынды, полигон аумағы темір бетондық плиталармен қоршалды.

2013 жылы атмосфераға ластаушы шығарындыларды үлкен мекемелер бойынша шығарудың талдауына сәйкес, жалпы Жамбыл облысы бойынша атмосфераға эмиссияның түсімі 18 % -ға немесе 2012 жылмен салыстырғанда 4,9 мың тоннаға артқан.

Сонымен «Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ жалпы шығарылған өнімнің қөлемін артуына сәйкес мазут жағу көлемінің ұлғаюынан эмиссия көлемі атмосфераға 7,2 %-ға немесе 236 тоннаға артқан.

«Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС-нің күш-қуатының көбеюінен шығарындылар 570 тоннаға немесе 2012 жылмен салыстырғанда 56 % -ға өскен. «Қазфосфат» ЖШС-е шығарындылар 8 % (837 т) артқан. Тау-кен саласында өндіріс көлемі артқан: «Мыңарал тас» ЖШС, «Алтыналмас» ЖШС, «Ертай» ЖШС, шығарындылар 200 тоннаға, қалған ірі жер қойнауын пайдаланушылардың шығарындылары 2012 жылдың деңгейінде.

Газ саласында, қосымша газ құбырларын қолдануға енгізу және соғу есебінен, КС-4 компресорлық станцасы, атмосфераға эмиссия көлемі 17,5 % -ға немесе 750 тоннаға артқан. УМГ «Тараз» АҚ «ИЦА» және ЖПФ «ҚазТрансГазАймақ» АҚ эмиссияларына нақты шығарындылар және рұқсат беру шектеулері 3,7 тоннаға немесе 37 % -ға көтерілген.

Коммуналдық секторларда «Жамбыл-Жылу» МКМ қосымша 18 қазандық меншігіне қабылғандануына сәйкес шығарындылар 27 тоннаға немесе 26% жалпы лимиттен көтерілген. Сонымен қатар «Тараз металлургия заводы» ЖШС-нің тоқтауына байланысты металлургия саласында шығарындылар өткен жылмен салыстырғанда 271 тоннаға немесе 60% -ға азайған.

Жамбыл облысы статистика басқармасының деректеріне сәйкес жылжымалы көліктерден шығарындылар былтырғы жылдың деңгейінде қалған азғана 3%-ға көтерілген. Автотранспорт шығарындыларының қоршаған ортаға әсерін төмендету мақсатында облыс бойынша токсичность тексеру 10 посты құрылған, 20 газоанализаторлар және 20 түтінөлшеулер автотранспорттардан шығарындыларды нормаға сәйкес сақтау тұрақты қадағалау үшін алынған. Автотранспорт мекемелеріне автобустар алынуда, Евро-2, 3, 4 тиісті стандарттарына сәйкес 2012 жылы -62, 2013 жылы – 30 автобустар, «Таразкоммуналкөлік» ЖШС-і 2012-2013 жылдары 10 троллейбус алған.

2005 жылдан бастап Қордай ауылы, ШУ, Қаратау және Жаңатас кіші қалаларында атмосфералық ауаны, трансшекаралық өзен суларының беттерін ластаудың экологиялық мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Тараз қаласының атмосфералық ауасының ластануына мониторинг үшін 5 қондырғы жұмыс істеуде, оның ішінде: 1 «Скат» автоматтандырылған ауаны қадағалау стансасы, 4 атмосфералық ауаның ластануын тексеруді қадағалау постары.

«Қазгидромет» филиалының деректеріне сәйкес Жамбыл облысы бойынша 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы атмосфераның ластану индексі болмашы артқан және 7,39 бірлікке қарсы 7,87 бірлікті құрайды. Формальдегидтің шоғырлануы төмендеген, азот диоксидінің шоғырлануы өскен, шаңның шоғырлануы бұрынғы деңгейде қалған. 2013 жылы орташа тәуліктік формальдегидтің шоғырлануы 0,007 ПДК құрады 2,3 есеге, азот диоксидінің шоғырлануы 0,07 ПДК құрады, 1,8 есе өскен. Автоматтандырылған «Скат» стансасының аспаптары жұмыс тәртібінде жұмыс істеуде.

Қырғыстан Республикасы жағынан жер үсті суларының трансшекаралық ластануына жергілікті бюджет есебінен ай сайын экологиялық трансшекаралық мәселелерді шешу бөлімі бойынша мониторинг жүргізіледі, сонымен қоса тоқсан сайын Қырғыстан Республикасы жағындағы халықаралық әуежайдың шығындылары Қордай ауылының атмосфералық ауасының жағдайы тексеріледі.

Су ағызу көлемі 2013 жылы 23232,831 мың текше метрді құрады, былтырғы жылдың осы кезеңінде су ағызу көлемі 27087,80 мың текше метр, ағынды сулардың көлемі азайып 3854,97 мың текше метрді құрайды.

Су пайдалану көлемінің азайуына байланысты ластанушы заттардың шаруашылық-тұрмыстық ағындылары 22475,0 мың текше метрден 18378,25 мың текше метрге азайған, Тараз, Жаңатас, Қаратау және Шу қалаларында жер асты суларын тиімді пайдалану мақсатында су есептеу аспаптары мекемелер мен ұйымдарда -97%, елді-мекендерде – 99 % орнатылған.

2011-2013 жылдары қаржыландырылған жобалардың тізіміне Жамбыл облысында «Жол картасы»инвенстициалық жобаларға «Шу қаласының канализациялық жүйесін және тазарту ғимараттарын жаңғырту» енгізілген жалпы құны 839,1 млн. тенге, құрылысты «Догду-Билд» ЖШС-іжүргізуде. Тапсырыс беруші Шу ауданының әкімдігінің тұрғын-үй шаруашылық комуналдық мекемесі.

Ағынды суларды 0,34 мың тоннаға азайту үшін Шу стансасында «Теміржолсу-Шу» ЖШС-і канализациялық жүйелерге жөндеу жұмыстарын жүргізген.

Экологиялық бақылау барысында су қорғау іс-шаралары мен су тұтыну айналымдық кезеңдікті енгізу туралы нұсқамаларға негізгі назар аударылады.

«Казгидромет» филиалымен Жамбыл облысы бойынша жер үсті суларының сапалық жағдайына мониторинг 9 гидрохимиялық бекеттер және Шу, Талас, Ақсу, Берікқара, Қарабалта өзендері, Билікөл көлі, Тасөткел суқоймаларының 11 створкасы бойынша жүргізіледі. Шу, Талас, Аса өзендерінде трансшекаралық бақылау Қырғызстанмен бірлесе жүргізілуде.

Лабораториялық бақылаудың мәліметіне сәйкес Сорго, Қарабалта, Ақсу трансшекаралық өзендері мен Шу және Талас өзендері бойынша судың ластану индексі (СЛИ) деңгейінің 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда төмендеуі белгіленген.

Облыс бойынша ең жоғарғы ластанған су айдынына Билікөл көлі жатады. Билікөл көлінде СЛИ – 8,67 бірлікті құрайды, 2012 жылы 6,41 бірлік. Ең жоғарғы ластану Билікөл көлінде БПК -5 бойынша белгіленген, 2012 жылғы 34,4 ПДК-ге қарағанда жоғарғы шоғырлану 37,5 ПДК -ке дейін жеткен, фтор – 2,05 ПДК (2012 ж.- 1,8 ПДК). Сульфат құрамы – 5,79 ПДК. Индекс бойынша өте жоғарғы ластанған су айдынына жатады.

2013 жиналған өнеркәсіптік қалдықтар 23023,85 мың тоннаны құрайды, оның ішінде 7016,13 мың тоннасы кәдеге жаратылған.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыратын қоқыс төгу алаңдары санитарлық-экологиялық және құрылыс нормаларына сай емес және қоршауы жоқ, тегістелмеген және қалдықтар түріне қарай сортталмалтын жай ғана елді мекендердің жанына орналасқан жер учаскелері.

Негізгі талаптардың бірі - бұл тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының нормативтік құжаттарының болуы: қалдықтарды орналастыру жобасы және оң эколиягиялық қорытындысымен қоршаған ортаға әсерінің бағасы. Бүгінгі күні осы бағыт бойынша рұқсатнама құжаттарын алу жұмыстары жүргізілуде.

Облыс бойынша 198 полигондар және тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыратын алаңдар бар, оның ішінде 116 полигонның қоршаған ортаға эмиссияға рұхсаты бар. Айта кету керек 2011 жылға дейін облыс бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыратын полигондар болмаған, тек 2011-2012 жылдары 4 полигон соғылған (Қордай, Мерке ауылдарында, Шу және Жаңатас қалаларында).

2014 жылы Жамбыл ауданының Қаракемер ауылында ТҚҚ полигоны пайдалануға берілді.

Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік және тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару системасын дамыту бойынша бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарында Тараз қаласында қайта өңдеу зауытының құрылысы қарастырылған.

ТҚҚ қайта өңдеу және сорттау бойынша Тараз қаласындағы зауыт құрылысына аумағы 20 га жер учаскесі бөлініп, (участок Жамбыл ауданы Көлқайнар ауылдық округінің аумағындағы жұмыс істеп тұрған полигон маңайында) қажетті құжаттар берілген.

Бүгінгі күні ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігімен ТҚҚ секторындағы жобалар бойынша реестр әзірленіп, қаржы дерек көздері іздестірілуде.

2011-2013 жылдары комплекстік радиациялық зерттеу мен радиациялық әсері бар және ықтимал қауіпті көздердге түгендеу жүргізілді, халықтың денсаулығына қауіп төндіру әсерін төмендету бойынша шаралар әзірленді және Жамбыл облысының радиоэкологиялық атласы жасалды.

Облыстағы берден-бір күрделі экологиялық мәселе Тараз қаласының ағынды суларын тазарту және ағызу. 2011 жылы «Жамбыл облысы Тараз қаласының ағынды суларын толық биологиялық тазарту кешені» ТЭН-не түзету жұмыстары аяқталған. Бүгінгі күні жоба «Мемсараптама» РМК-да келісімде, жоба аяқталысымен республикалық бюджеттен қаржыландырылу үшін ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстар министрлігіне жолданады.

Облыс аумағында типтік полигондар мен қалдықтарды қайта өңдеу зауытының жоқтығы салдарынан ауылдар мен қалаларда коммуналдық қалдықтардың жиналуының көбеюі және жарамсыз улы химикаттарды көметін полигонның жоқтығы маңызды мәселе болып табылады.

Бірқатар ірі кәсіпорындар шығарындыларының атмосфераны ластау мәліметтерін талдау бойынша 2014 жылы атмосфераға түскен эмиссиялардың 24,5%-ға немесе 9,01 мың тоннаға ұлғайғандығын көрсетеді, бұл кәсіпорындарда өнімінің артуына байланысты: газ саласында газ тасымалдау магистралының көбеюі, қосымша газ құбырларының, компрессорлық стансасының құрылысы және іске қосу, химия саласының кәсіпорындарында («Қазфосфат» ЖШС ЖЖФЗ, «Минералды тынайтқыштар», «Қаратау» ТКӨК) 2013 жылмен салыстырғанда ластаушы заттар 1000 тоннаға немесе 10%-ға өскен.

Жалпы, болыс бойынша 2014 жылы ірі кәсіпорындармен 928,8 млн.теңгеге табиғат қорғау іс-шаралары орындалды, атмосфераны ластаушы заттар 176,9 тоннаға, шайынды судың көлемі 10,6 мың текше метрге төмендеді, 646,9 тонна өндіріс және тұтыну қалдықтары пайдаға асырылды.

2014 жылы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу Тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде, Тараз қаласы әкімдігі мен автотасымалдаушылар арасында қоғамдық көліктерді газ отынына көшіру, Тараз қаласының аумағында АГНКС құрылысы және оны іске қосу жөнінде меморандум жасалды.

Шығарылған ластауыш заттарды талдаудың мәліметтері бойынша 2014 жылғы кейбір өнеркәсіп кәсіпорындарының тоқтап тұруына, сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорындарының айналма суды пайдалану циклына өтуіне байланысты облыс бойынша шығарылған ластауыш заттардың көлемі 1,061 мың тоннаға немесе 5,58 пайызға азайды.

2014 жылы суды бұру көлемі 17,6 млн. текше метрді құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 5,9 млн. текше метрге азайған.


Су ресурстарын ластандыру және

ағынды суларға ластанған заттарды тастау.

1-кесте

Нақты төгінділердің көлемі

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл


Өндірістік төгінділер

Су бөлу көлемі мың м3

4612,8

4854,5814

3541,1

Ластаушы заттардың көлемі мың тонна

5,803

0,87929

1,248

Шаруашылық-тұрмыстық ағынды сулар

Су бөлу көлемі мың м3

22475,0

18378,25

7774,409

Ластаушы заттардың көлемі мың тонна

11,584

18,05671

4,115

Апаттық және рұқсат етілмеген төгінділер

Су бөлу көлемі мың м3

290,7

187,944

9,148

Ластаушы заттардың көлемі мың тонна

0,0795

0,1880

0,00691

Жерүсті су аидындарының төгінділері

Су бөлу көлемі мың м3

255,2

258,7

186,9

Ластаушы заттардың көлемі мың тонна

0,077

0,070

0,051

Жер асты суларын тиімді пайдалану мақсатында Тараз қаласы бойынша су өлшеу қондырғылары кәсіпорындар мен ұйымдарда (97%), тұрғындарда (100%) орнатылды, осыған байланысты су пайдалану көлемі азайған.

Шамамен тазартылған жер асты суының көлемі 6,1 млн. текше метрді құрады.

Облыстың жер үсті суының сапалық жағдайына мониторингті «Қазгидромет» РМК-нің филиалы 9 гидрохимиялық бекеттерде және Шу, Талас, Ақсу, Берікқара, Қарабалта өзендері, Билікөл көлі, Тасөткел су қоймасы бойынша 11 жарма қақпасы жүргізеді. Шу, Талас, Аса өзендері бойынша трансшекаралық бақылауды Қырғызстан тарапынан жүргізіледі.

2014 жылы Шу өзені суының ластану индексі 1,97 бірлікті құрады, Талас өзені – 1,52, Аса өзені – 1,14 бірлік. Жалпы алғанда, судың ластану индексінің көлемі сапалық белгісі бойынша (критерииімен) Шу, Талас өзендері шекті шамада ластанған су айдындарына, ал Билікөл - ластанған су айдынына жатады.

Жалпы, 2014 жылы облыс бойынша пайда болған қалдықтардың көлемі өткен жылмен салыстырғанда 8,1 пайызға азайды. Өндірістік қалдықтардың көлемі 21,1 млн. тоннаны, оның ішінде жойылғаны 4,4 млн.тоннаны құрады, бұл 20,7% құрады, орналастырылған көлемі 17,1 млн.тонна.

Бүгінгі таңда облыс аумағында 6,4 млн тонна тұрмыстық қалдықтар орналастырылған, оның 59,373 мың тоннасы - 2014 жылы. Тараз қаласы бойынша 32,67 мың тонна қалдық пайда болған, жалпы жиналуы 2,4 млн.тонна. Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, сұрыптау және жинақтау цехтарының болмауына байланысты қалдықтарды жою жүргізілмеген.

2014 жылы қалдықтарды пайдаға асыру екі кәсіпорындарда жүргізіліп, жалпы қалдықтар көлемінің 0,3%-ын құрады. ЖК «Хастал-оглы Паша Мустафаевич» (пластикалық терзе қиындылары және қалдықтары түрінде) 52 тоннаны пайдаға асырды, ЖК «Шахристан» әжетхана қағазын шығаруға шикізат ретінде көлемі 127,6 тонна қағаз түріндегі қалдықтарды пайдаға асырды.

Облыстың 378 елді мекенінің 167-де қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру полигоны бар, олардың қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаты бар. ҚТҚ шығарумен айналысатын мекемелер жағдайы Тараз қаласы бойынша қанағаттанарлық, алайда аудандандарда арнайы автокөліктер бірлігі жеткіліксіз. Тұрғындардың қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметімен қамтылуы 71,5%-ды құрайды.

2012-2014 жылдары Меркі, Қордай, Қаракемер ауылдары және Шу мен Жаңатас қалаларында тұрмыстық қалдықтарды орналастыру үшін санитарлық, техникалық және экологиялық талаптарға сай полигон салынды.

Жұмыс істеп тұрған полигондар жақын маңайдағы елді мекендердің қалдықтарын орналастыру және көму мүкіндігімен ірі елді мекендерде орналастырылған.

Жамбыл облысы аумағында есепті кезеңде иесіз қауіпті қалдықтар, жердің ластануы және ластанған тарихи анықталмаған.


Жер қоры

Облыста 14426,4 мың га жер қоры бар, оның ауыл шараушылығы мақсатындағы жерлері 4298,1 мың га, оның ішінде егістік жерлері – 837,4 мың га құрайды.

Ауыл шараушылығы мақсатындағы жерлері тиімді және ұтымды пайдалану мақсатында олар түгенделеді. 2011 жылы тексеру нәтижесінде 484,5 мың га ауыл шаруашылығы жерлерінің пайдаланусыз жатқаны анықталды, оның ішінде егістік жерлерің көлемі 115,3 мың га, ал 2012 жылы - 44,8 мың га, оның ішінде егістік жерлері 43,7 мың га құрады.

2013 жылдың қорытындысы бойынша түгендеу іс-шараларын жүргізу барысында 18,1 га анықталды, оның ішінде егістік жерлері – 17,5 мың га.

Жергілікті атқарушы органдармен қабылданған шаралар нятижесінде анықталған пайдаланусыз жатқан жерлердің 470,9 мың гектар немесе 80,0% мемлекеттік қорға қайтарылған, оның ішінде 98,9 мың гектар егістік жерлер. Жер телімдерінің материалдары Қазақстан Республикасының заңнамалары шеңберінде шара қолдану үшін облыс бойынша аумақтық жер инспекциясына берілді.

Ауыл шараушылығы айналымына 238,0 мың га, оның ішінде 72,8 мың га егістік жерлері енгізілген.Қайтарылған ауыл шаруашылығына арналған жерді қайта айналымға енгізу мәселесі ерекше бақылауда. Пайдаланусыз жатқан жерлерді мемлекетке қайтару және айналымға енгізу жұмыстары жалғасуда.

2014 жылы ауылшаруашылығы жерлерін түгендеу жұмыстары толығымен аяқталды. Жыл қорытындысы бойынша пайдаланусыз жатқан 43,7 мың га жерлер анықталды, оның ішінде егістік жерлер 25,3 тыс. га. Анықталған 470,9 мың га немесе 80,0% жер мемлекеттік қорға қайтарылды, оның ішінде 98,9 мың га егістік.

2014 жылы мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алу, оның ішінде сатып алу және осыған байланысты жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару бойынша іс-шаралар жүргізілді: автобекет ауданындағы жер учаскелерін сатып алуға облыстық бюджеттен 46,65 млн. теңге, Көлтоған (тиісінше 173,92 млн.теңге), Элеватор маңындағы Асқаров көшесі соңында (7,73 млн. теңге), содай-ақ бағалау жұмыстарына 1,22 млн.теңге жұмсалды. Ескі орталық базарының аумағындағы жер учаскелері және жылжымайтын мүліктерді сатып алуға 158,98 млн.теңге, Шахристан базарына -140,0 млн. теңге жұмсалды.

Қолданылмайтын жерлерді мемлекетке қайтару және оларды айналымға тарту бойынша жұмыстар жалғасуда.
Мәселелер:

- дамыту жоспарларында облыстың ірі кәсіпорындарымен қоршаған ортаны ластау деңгейін төмендету бойынша табиғатты қорғау, автокөлік кәсіпорындарымен – Евро-3 стандартқа сәйкес келетін автобустар сатып алу іс-шаралары толық көлемде жоспарланбаған;

- ағын суларды механикалық тазарту құрылысын салу, аудандарда тазалау иммараттарын салу және қайта жаңғырту;

- жер қыртысының тұздылығы және эрозиясы.

2.2.7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміндегі (әрі қарай – Тізілім) 132 қызметтің 31-і жергілікті атқарушы органдармен, оның ішінде 4 қызмет баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы (әрі қарай – ХҚКО) көрсетілген.

2009 жылы барлығы 486 893 қызмет, оның ішінде 98 ХҚКО-ы арқылы көрсетілді.

2010 жылы «Бір терезе қағидатын» жүзеге асыру және жалпы тұтынушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі қолжетімді ету мақсатында жергілікті атқарушы органдармен ХҚКО-ы арқылы көрсетілетін қызметтер саны ұлғайтылды. 2010 жылы ХҚКО арқылы 12500 қызмет көрсетілді. 2009 жылмен салыстырғанда жергілікті атқарушы органдармен ХҚКО-ы арқылы көрсетілетін қызметтер түрі 8 есеге артқан.

2011 жылы Тізілімге сәйкес 544542 қызмет, оның 25461-і ХҚКО-ы арқылы көрсетілді.

2010 жылы пилоттық режимде облыс әкімдігінің 2 басқармасы мен аудан әкімдігінің 1 бөлімінде жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету тиімділігін бағалау жүргізілді. Нәтижесінде облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы 56,84 балл, туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы – 34,93 балл және Талас ауданы – 38,94 балл алды.

2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы жергілікті атқарушы органдармен мерзімдері бұзылып көрсетілген қызметтер саны 80-нен 37-ге дейін, шағымдар саны 32-ден 8-ге қысқарды. Сонымен қатар, 2011 жылы жергілікті атқарушы органдар ұсынатын 49 мемлекеттік қызметтің 37 түрі бойынша регламент бекітілді. Нәтижесінде 2011 жыл қорытындысы бойынша «мемлекеттік қызмет көрсету» бағытында тиімділікті бағалаудың жалпы бағасы 56,78 балды құрап, өңірлер арасында облыстың 4-ші орыннан 3-ші орынға көтерілуне себеп тигізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет