Бағдарламасы мазмұны 1Ұлттық цифрлық сәйкестендіру жүйелерін әзірлеу қағидаттары 9



бет2/71
Дата09.11.2022
өлшемі6,79 Mb.
#157362
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
@ 5 B @ 3@0 K 04.03.22 ( )

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ

Бағдарламаның атауы



2022-2024 жылдарға арналған ұлттық цифрлық биометриялық сәйкестендіру платформасын құру бағдарламасы

Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі,
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Бағдарламаның мақсаты







1. Мемлекет ауқымында цифрлық сервистердің енуін кеңейту және толық цифрлық форматтағы мемлекеттік, қаржылық және өзге де қызмет түрлерінің қолжетімділігін арттыру
2. Цифрлық сәйкестендіру процесінің барлық қатысушылары үшін дербес деректермен жедел және қауіпсіз алмасуды және оларға қол жеткізуді қамтамасыз ету
3. Қазақстан Республикасының азаматтары үшін қауіпсіздікті арттыру және дербес деректерді бақылауды қамтамасыз ету
4. Экономика салаларын цифрлық дамытуды ынталандыру

Бағдарламаның міндеттері







1. Бірыңғай архитектура тәсілі шеңберінде ұлттық цифрлық сәйкестендіру инфрақұрылымын құру

2. Ұлттық цифрлық сәйкестендіру инфрақұрылымы жұмысының операциялық моделін бекіту және жүйе қатысушылары арасында рөлдерді бөлу


3. Қазақстанда цифрлық сәйкестендіру жұмысының тиімді құқықтық моделін құру



Іске асыру мерзімі

2022-2024 жылдары

Нысаналы индикаторлар

Қазақстан Республикасында цифрлық сәйкестендірудің бірыңғай архитектурасын қалыптастыру

  • Үшінші тұлғалардың дербес деректеріне қол жеткізуге келісімдерді интерактивті басқару мүмкіндігі

2022 жылға таман цифрлық форматта қаржы қызметтерін көрсету үлесі – 80%
2022 жылға таман цифрлық форматта мемлекеттік қызметтер көрсету үлесі – 90%
Мемлекеттік және коммерциялық қызметтердің цифрлық форматта қолжетімділігі – жылына 365 күн, тәулігіне 24 сағат




  1. КІРІСПЕ
Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы, заманауи қоғамның барлық салаларында электрондық өзара іс-қимыл мен цифрлық сервистердің таралуы азаматтарды цифрлық сәйкестендірудің сенімді, қауіпсіз, ыңғайлы және әмбебап қолжетімді жүйесін құру қажеттілігін талап етеді.
Цифрлық сәйкестендіру адамдарға барынша көлемді қатысудан, нысаншылықтан және айқындылықтан бастап онлайн деректерді озық бақылауға дейін әлеуметтік, азаматтық және саяси артықшылықтарды ұсынады. Халықаралық сарапшылар (Дүниежүзілік банк, BCG және басқалар) цифрлық трансформацияның негізі ретінде сәйкестендірудің цифрлық құралдарын дамыту қажеттілігіне ерекше назар аударады.
Халықаралық тәжірибеде цифрлық сәйкестендіру жүйелерін қолдану саласы үнемі кеңейіп келеді және қазіргі уақытта мыналарды қамтиды (бірақ шектелмейді)1:

  • қаржылық инклюзивтілікті қамтамасыз ету, азаматтардың қаржылық қызметтер мен қаржылық-технологиялық инновацияларға қолжетімділігін кеңейту;

  • әлеуметтік және зейнетақы төлемдерін, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы қызметтерді қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер мен қолдау көрсету;

  • еңбекке қабілетті халықты, жұмыс күшінің өңірлік және салалық ағындарын есепке алуды қоса алғанда, еңбек және көші-қон саясаты;

  • көлеңкелі секторды қысқарту және салықтардың жиналуын арттыру;

  • меншік құқығын, басқа экономикалық, әлеуметтік және азаматтық құқықтарды растау және қорғау;

  • құқықтық тәртіпті және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және басқалар.

Жалпы алғанда, цифрлық сәйкестендірудің дұрыс енгізілген экожүйесі арқылы жеке тұлғалар мен мекемелердің сәтті өзара әрекет етуінің көптеген сценарийлері бар. McKinsey2 зерттеуіне сәйкес жекелеген елдер 2030 жылға таман цифрлық сәйкестендіру бағдарламаларын іске асырудан ІЖӨ-нің
3-13%-на балама экономикалық құндылық алуы мүмкін. Экономикасы дамушы елдерде базалық цифрлық сәйкестендіру (верификация мен аутентификаттауды қамтамасыз ететін) ғана енгізу коэффициенті шамамен 70% болатын бүкіл экономикалық әлеуеттің 50-70%-ын аша алады. Көптеген процестер қазірдің өзінде цифрлық процестер болып табылатын жетілген экономикада ілгерілендірілген цифрлық сәйкестендіру (кеңейтілген сақтау және деректермен алмасу) талап етіледі.
Осылайша, жан-жақты ойластырылған және ауқымы кең цифрлық сәйкестендіру жүйелері елеулі экономикалық құндылық, әсіресе экономикасы дамушы елдерде жеке адамдарға, сол сияқты ұйымдарға да ыңғайлы елеулі экономикалық құндылық тудыруы мүмкін3.
COVID-19 пандемиясы тек өзін-өзі оқшаулау режиміндегі цифрлық сәйкестендірудің негізгі рөлін және азаматтардың жеке басын қашықтықтан растауға және қызметтерге қашықтықтан цифрлық түрде қол жеткізуге мүмкіндік беретін дайын инфрақұрылымның болу маңыздылығын ғана растады.
Қашықтықтан сәйкестендіру жүйелерін пайдаланатын бірқатар елдер пандемия кезінде экономикалық жағынан да, әлеуметтік жағынан да артықшылыққа ие болды. Мысалы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің
99%-ы онлайн форматта қолжетімді Эстонияда азаматтар электрондық медициналық рецептілерді алды, салық төледі, онлайн-банкингке және басқа интернет-сервистерге кіру кезінде жеке басын сәйкестендірді, үйден шықпай-ақ бизнес ашты. Португалияда4 барлығына қолжетімді әр түрлі және жеке веб-сайттарда тек мобильді телефонды, 4 таңбалы PIN-кодты және OTP немесе биометриялық тануды ғана талап ете отырып, қауіпсіз аутентификаттауды қамтамасыз ететін Цифрлық мобильді кілттің (Chave Movel Digital) арқасында COVID-19 өршіп тұрған кезде банктер мен байланыс операторлары жаңа клиенттерді сәйкестендіріп, тіркей алды, сондай-ақ бұрынғы клиенттерді де аутентификаттай алды. 2016 жылы іске қосылған Италияның сәйкестендіру жүйесінде COVID-19 өршуі кезінде аутентификаттау рәсімдеріне сұраныс саны артты.
Қазақстан үшін пандемия цифрлық сәйкестендіру құралдарын жобалауға және әзірлеуге оң әсер етті және жеделдетті.
Мысалы, республикада мемлекеттік және жеке секторлардағы онлайн-қызметтер мен транзакцияларға өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру мақсатында жеке тұлғаны қашықтықтан сәйкестендіру бойынша жаңа цифрлық шешімдер - ҚР Ұлттық Банкінің «Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы», сондай-ақ ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Digital ID қысқа мерзімде таныстырылды.
Пандемия аясында «Digital ID» биометриялық сәйкестендіру сервисі азаматтарды нақты тасымалдағышта электрондық цифрлық қолтаңбаны шығару кезінде қашықтықтан сәйкестендірді, Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде онлайн-өтініштерді қабылдауды және аудиторияда нақты рұқсатнамаларды беруді қамтамасыз етті. Қаржы нарығының қатысушылары үшін СДАО пайдаланушыларды қашықтан сәйкестендіруге және кредиттеу, шоттар мен депозиттерді ашу, сондай-ақ төлем карточкаларын шығару қызметтерін ұсынуға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы цифрлық және биометриялық сәйкестендірудің ағымдағы экожүйесі халық пен бизнес үшін цифрлық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділіктің өсуін, цифрлық сәйкестендіру процестерінің тиімділігін және халықтың дербес деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін технологиялық және әдіснамалық тәсілдерді одан әрі жетілдіруді талап етеді.
Ұсынылып отырған Ұлттық цифрлық биометриялық сәйкестендіру платформасы азаматтар мен бизнес үшін Қазақстанда цифрлық технологияларды одан әрі қауіпсіз, тиімді, ыңғайлы енгізуге негіз болады, цифрлық қызметтердің бәсекеге қабілетті дамуын қамтамасыз етеді, экономикалық және әлеуметтік даму мақсаттарына қол жеткізуге және Қазақстанның өңірдегі цифрлық көшбасшылығын қолдауға ықпал етеді.
Осы Бағдарлама азаматтарды бірыңғай Ұлттық цифрлық биометриялық сәйкестендіру платформасының жұмыс істеу қағидаттарын, оны құру тәртібі мен уақыт кезеңдерін, құзыреттер мен жауапкершілікті бөлуді, сондай-ақ осы платформаның тиімді жұмысын құру және қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін сипаттайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет