Бағдарламасы мазмұны 1Ұлттық цифрлық сәйкестендіру жүйелерін әзірлеу қағидаттары 9


Биометриялық сәйкестендірудің мультимодальды технологиялары



бет6/71
Дата09.11.2022
өлшемі6,79 Mb.
#157362
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
@ 5 B @ 3@0 K 04.03.22 ( )

Биометриялық сәйкестендірудің мультимодальды технологиялары - аутентификаттаудың ең сенімді тәсілдерінің бірі. Бірнеше биометриялық сипаттамаларды пайдаланатын аралас сәйкестендіру жүйелері сәйкестендіру және аутентификаттау жүйелерінің сенімділігі мен қауіпсіздігіне қойылатын ең қатаң талаптарды қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Пайдаланылатын биометриялық атрибуттардың жекелеген үйлесуі сенімділік пен қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ете алатындығына қарамастан, күнделікті өмірде қолданылуы тұрғысынан атрибуттарды өңдеу және салыстыру жылдамдығын, салыстырып оқу құрылғыларының құны мен тиімділігін және басқаларын ескеру қажет. Келесі кестеде әртүрлі биометриялық өлшемдерді қолданатын цифрлық сәйкестендірудің бірқатар ұлттық бастамалары көрсетілген. Сонымен қатар биометриялық сәйкестендіру саласындағы коммерциялық бастамалар санының, оның ішінде «юзерорталықтандырылған» деп аталатын (пайдаланушы басқаратын) цифрлық сәйкестендіру жүйелерін құру үшін таратылған тізілімдерді пайдалану арқылы айтарлықтай өскенін атап өткен жөн.


2-кесте. Әлемдегі ұлттық биометриялық жүйелерге шолу 6



Ел

Іске қосу жылы

Мақсаты / қолдану аясы

Атрибуттар

Міндеттілік

Оңтүстік Африка

2018

банктік қызметтер; әлеуметтік қызметтер

саусақ іздерінің үлгілері, бет-әлпетті тану, көздің нұрлы қабығы

Міндетті

Үндістан

2009

мемлекеттік субсидиялар, банктік қызметтер, салықтарды төлеу, балаларды мектепке жазу және т.б.

саусақ ізі үлгілері, көз қабығы үлгілері, фотосурет

Міндетті

Таиланд

2019

банктік қызметтер; цифрлық қауіпсіздікті арттыру; онлайн-транзакцияларды жеңілдету; банктік шоттар мен кредиттерге қол жетімділікті кеңейту; банктерге e-KYC («өз клиентіңді біл») жеңілдетілген рәсімінің мүмкіндігін беру

тұлғаларды тану

Міндетті емес

Сингапур

2020

мемлекеттік қызметтер (табыс салығын тіркеу, айыппұлдарды төлеу); банктік қызметтер (шоттар ашу, транзакцияларды басқару)

бет-әлпетті, дауыстық сипаттамаларды, көздің нұрлы қабығы мен саусақ іздерін тану

Әзірге ерікті, бірақ міндеттеу жоспарланған

Сәйкестендіру жүйелері үшін биометриялық атрибуттарды салыстырып оқудан, сақтаудан және салыстырудан бөлек жүйеде әр пайдаланушының бірегейлігін және белгілі бір биометриялық атрибуттың белгілі бір пайдаланушыға тиесілігінің бір мәнділігін қамтамасыз ететін дедупликация процесі де өте маңызды болып табылады.


Мемлекеттік дерекқорларда және өзге дереккөздерде сақталған азамат туралы барлық жазбалар азаматтың цифрлық бейінін білдіреді. Цифрлық сәйкестендіру жүйелері үшінші тұлғаларға ақпарат беруге арналған келісімді басқаруды қоса алғанда, азаматтың өзінің цифрлық бейініне қол жеткізуін басқаруды қамтамасыз ете алады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет