БАҒдарламасы мазмұны кіріспе


Балалардың құқығын және заңды мүдделерін мемлекеттік қорғаудың негізгі кепілдерін қамтамасыз ету



бет11/12
Дата08.09.2017
өлшемі3,7 Mb.
#30637
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

4.2.1.6. Балалардың құқығын және заңды мүдделерін мемлекеттік қорғаудың негізгі кепілдерін қамтамасыз ету міндеті бойынша қол жеткізу жолдары:

Балалардың құқығын және заңды мүдделерін мемлекеттік қорғаудың негізгі кепілдерін қамтамасыз ету шеңберінде келесі шаралар іске асырылады:

- басқармаға ықылас білдірген өмірлік жағдайы қиын және нашар отбасындағы кәмелетке толмағандардың өңірлік есебін жүргізу, алдын-алу жұмыстарын жүргізу;

- кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың, бақылаусыз панасыз қалмаудың алдын-алу бойынша шараларды іске асыруға қызметінің қатысы бар коммерциялық емес және басқа да мекемелермен ұйымдық-әдістемелік көмек көрсету, салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру;

- еңбектік және тұрмыстық жағдайлар бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте шаралар қолдану, өмірлік жағдайы қиын кәмелетке толмағандарға басқа да көмек көрсету;

- балалар еңбегінің ең нашар түрлері, балаларға зорлық-зомбылық, жәбір көрсетудің алдын-алу және ескерту бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру;

- балалардың құқығы мен мүдделерін көрсететін әлеуметтік маңызы бар балаларға арналған бастамалар мен жобаларды өрлету;

- балаларды әлеуметтік ортаның жағымсыз әсерлерінен, олардың денсаулығына, адамгершілік және рухани дамуына зиян келтіретін ақпараттар, үгіт – насихаттан қорғау мақсатында ақпараттық-түсіндіру және ағарту жұмыстарын жүргізу;

- ата-ана қарауынсыз қалған балағарға, жетім балаларды жұмыспен және тұрғын үймен қамту бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру;

- іс-шаралар өткізу: жарыстар, акциялар, семинарлар, әдістемелік жәрдемақы шығару, балалардың құқығын және заңды қызығушылықтарын қорғаудың негізгі қағидаттарын насихаттайтын жарнамалық роликтер құру, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және ескерту.
Мақсат 4.2.2.: Облыстың тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін облыс халқының денсаулығын нығайту


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі

1 кезең

2 кезең

2011 (нақты)

2012

(нақты)


2013

2014

2015

1. Медицина қызметінің сапасымен тұрғындардың қанағаттануының деңгейі

%

85,5

88,4

90

90,4

93

2. Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы


жыл

69,23

69,53

69,6

69,9

70,3

3. 1000 адамға шаққандағы жалпы өлімнің азайюы


1000 адамға

7,62

7,53

7,5

6,8

6,6

Міндет 4.2.2.1. Бірегей ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын арттыру

1.1. Бастапқы медициналық-санитарлық көмекке шығындардың деңгейін арттыру, жалпы көлемнен %

%

41,6

42,4

42,6

42,7

42,8

1.2. Дәрігер кадрларына тапшылықты төмендету, адам

чел.

254

201

197

142

102

1.3. Біліктілік санаты бар медицина қызметкерлерінің үлес салмағы



















- дәрігерлер

%

62

49,6

55

76

80

- орта медициналық қызметкерлер

%

65

52,5

54

80

85

1.4. Скринингтік тексерулермен халықтың жалпы санының кем дегенде 30% қамтуды қамтамасыз ету


%

30

50,04

30

30

30

1.5. Тегін және жеңілдетілген дәрілік препараттармен қамтамасыз етілген әлеуметтік елеулі аурулармен ауыратындардың үлес салмағын ұлғайту

%

72

80

92

100

100

Міндет 4.2.2.2. Өмір сүру ұзақтығының артуын қамтамасыз ету

3.1. Ана өлімінің азайюы (100 мың тірі туылған нәрестеге шаққанда)


100 мың тірі туылған нәрестеге шаққанда

26,2

18,7

25,8

25,5

25,2

3.2. Нәресте өлімінің азайюы (1000 тірі туылған нәрестеге шаққанда)

1000 тірі туылғанға шаққанда

14,84

13,46

14,2

14

13,8

3.3. Балалар өлімін тұрақтандыру және төмендету

(0 жастан 5 жасқа дейін 1000 тірі туылған балаға шаққанда)



100 мың. тұрғынға

18,58

15,4

18

17,8

17,5

3.4. Қан айналымы жүйесі ауруларынан өлу, 100 мың тұрғынға шаққанда


100 мың. тұрғынға

291,75

220,0

288,7

286,5

285,2

3.5. Қатерлі ісік ауруларынан өлу, 100 мың тұрғынға шаққанда

100 мың. тұрғынға

93,32

99,2

91,5

91,1

90,7

3.6. Туберкулезден өлу, 100 мың тұрғынға шаққанда

100 мың. тұрғынға

6,6

6,7

6,2

6

5,8

3.7. ВИЧ-инфекцияның таралуын ұстап тұру (15-49 жас аралығында) 0,2-0,6% артық емес деңгейде

%

0,1

0,015

0,2

0,25

0,3

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы


1-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2012-2015 жылдар):

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмектің сапасы мен қол жетімділігін арттыру мақсатында келесі шаралар іске асырылады:

Көмек көрсету деңгейіне сәйкес материалдық-техникалық базаны жақсарту, балалар және бала босану ұйымдарын осы заманғы медициналық жабдықпен жабдықтандыру;

Медициналық ұйымдардың материалдық- техникалық базасын нығайту (медициналық жабдық сатып алу, объектілерді күрделі жөндеу, салу);

Жедел медициналық жәрдем қызметінің материалдық – техникалық базасын нығайту (автокөлік және жабдық сатып алу);

Санитарлық авиация қызметін санитарлық көлікпен жабдықтау;

Жедел көмек бригадаларын заманға сай медициналық құрал-жабдықтармен және GPS мобильдік терминалдармен жабдықтау;

Алғашқы арнайы көмек көрсететін медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту (ОТҚД, ООД);

Облыста телемедицинаны жетілдіру;

Мемлекеттік кәсіпорындарды сатылы түрде шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындарға ауыстыру;

Көшпелі жағдайларда қан дайындау үшін мамандандырылған автокөлік алу;

БМСК ұйымдарында әлеуметтік қызметкерлер институтын енгізу;

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге шығындар деңгейінің 2015 жылға 42,8%-ға арттыру;

Денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық қызмет көрсету кезінде жүктемелер ерекшеліктерін ескеретін тарифке қосымша компонентті қосу;

Медицина қызметкерлерінің біліктілік деңгейін жоғарылату, ауылдық қызметкерлер;

Жамбыл облысының ауылдық жалпы орта білім беру мектептерін бітірушілердің медициналық жоғары оқу орындарында оқуы үшін гранттар бөлу;

Жас мамандарды ауылдық жерге тарту мақсатында қосымша көшерақы төлеу;

Дәрілерді шетелде оқыту;

Скринингтік тексеру бойынша анықтамалық жұмыс жүргізу және 2015 жылы облыс 30%-дан кем емес халықын скринингтік тексерумен қамту;

Артериялдық гипертензиямен, ишемиялық жүрек ауруларымен ауыратындарды тегін дәрілік препараттармен 100% қамтамасыз ету;

Онкологиялық науқастарды стационарлық және амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік препараттармен 100% қамтамасыз ету;

Науқастарды туберкулезге, диабетке қарсы препараттармен қамтамасыз ету;

Амбулаторлық деңгейде халықтың жекелеген санаттарын дәрілік құралдармен, мамандандырылған балалар және емдеу тамағы өнімдерімен қамтамасыз ету.



2-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2012-2015 жылдар):

Халықтың өмір сүру ұзақтығына қол жеткізу мақсатында келесі іс-шаралар қарастырылады:

Босануға көмек беретін ұйымдарында аналар өліміне және акушерлік асқынуда қатерлі жағдайларға жасырын аудит жүргізу;

Отбасын жоспарлау кабинеттері жұмысын жетілдіру;

Әйелдердің экстрагениталдық патологиясын төмендету, оның ішінде скринингтік тексерулер кезеңінде ауруларды ерте сатыда анықтауды арттыру;

Нысаналы топтағы әйелдерді контрацептивтермен қамтамасыз ету;

көмек көрсету деңгейіне сәйкес материалдық-техникалық базаны жақсарту, балалар және бала босану ұйымдарын осы заманғы медициналық жабдықпен жабдықтандыру;

медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру;

Жүкті әйелдерді қауіпсіз аналық принциптеріне үйрету (12 апта мерзіміне дейін, әйелдердің жүктілік бойынша есепке тұруының үлес салмағын арттыру);

Туа біткен даму кемтарлығының үлес салмағын азайту;

Жүкті әйелдерді және емізетін аналарды емшек сүтімен емізу жөніндегі насихаттаумен қамту, нәресте өмірінің алғашқы тәулігінде емшекті дұрыс емізуге үйрету, оның ішінде емшек сүтімен қоректенетін 6 айға дейінгі балалар үлесін ұлғайту;

Жаңа туғандардың хирургия қызметін дамыту;

Жатыр мойны және сүт безі қауіпті ісігін, қан айналымы, эндокринологиялық ауруларды, үлкендер мен балалардың қауіпті топтарында В және С гепатиті, глаукома, есту мүшесі ауруларын айқындау үшін скрининктік зерттеу жүргізу;

АГ, ИБС, қант диабетін қан құрамындағы холестерин және глюкозаны анықтау жолымен ерте бастан ересектердің дәрігерлік кабинеттеріне дейін тексеру жүргізу;

Облыстық медициналық ұйымдарында көрсетілетін жоғары мамандандырылған медициналық көмек түрлерінің тізбесін кеңейту;

Аритмологияны қоса алғанда кардиоинтервенциялық және кардиохирургиялық көмекті дамыту;

Аудандық емханаларды кардиолог дәрігерлермен қосымша жарақтандыру;

Халықаралық стандарттарға және дәлелдік медицинаға сәйкес полиативтік көмек, қалпына келтіру ем және оңалту көрсету. Клиникалық басшылықты және диагностикалау ем хаттамаларын жетілдіру және одан әрі енгізу;

ВИЧ жұқпасының қауіп-қатерге түскен адамдарды байланыстан кейнгі профилактикасымен қамтамасыз ету;

Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығын ашу және ұстау;

Еселік терапия жүргізу және метадон беру кабинеттерін ашу;

ПИН, СР, МСМ бағдарламамен шприцтерді алмастыру, ВИЧ жұқпасын алдын алу мақсатында мүшеқаптармен қамтамасыз ету, стационарлық және мобильдік сенім пунктерінде және серіктестік кабинеттерінде;

ПИН, СР, МСМ әлсіз жастар үшін серіктестік кабинеттерінде, сенім пунктерінде ВИЧ жұқпасына экспресс диагностика жүргізу;

Тілек білдіргендерді ПИН, СР.МСМ және бас бостандығынан айырылған адамдарды сапалы мүшеқаптармен қамтамасыз ету;

Қамау орындарында ВИЧ жұқпасын алдын алу бағдарламаларын іске асыру және қамау орындарынан босатылатын адамдар үшін әлеуметтік қолдау бағдарламаларын жүргізу. ҮЕҰ ВИЧ/СПИД қамау орындарында қарсы күрес үшін потенциалын дамыту;

ВИЧ ахуалына эпидемиологиялық қадағалау жүргізу;

15-49 жас аралығындағы халықты ЖҚТБ- ға анонимдік тестілеумен және кеңес алумен қамту деңгейін 25%-ға жеткізу;

Туберкулезге қарсы күрес бойынша іс-шараларды жетілдіру мақсатында туберкулезге қарсы мекемелер үшін медикаменттер және респираторлар алу;

СӨС қалыптастыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;

СӨС агенттері үшін СӨС насихаттауға тілек білдірген белсенді адамдарға білім беру;

Аурулардың алдын алу СӨС қалыптастыру бойынша ақпараттық білім материалдарын әзірлеу және тарату.


Мақсат 4.2.3.: Өнімді жұмыспен қамтуға ықпал ету және еңбекті қорғау


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі

1 кезең

2 кезең

2011 (нақты)

2012

2013

2014

2015

1. Жұмыссыздық деңгейі

%

5,5

5,4

6,0

5,8

5,5

2. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесі

%

5,1

4,9

5,1

5,1

5,0

3. Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (қызмет алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санында)

%

4,6

11,9

85

85

85

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктері

4. Өндірісте зақым алу деңгейін төмендету

1000 адамға

0,19

0,26

0,25

0,24

0,24

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы

Міндет 4.2.3.1. Халықты тиімді жұмыспен қамтуға қол жеткізу

1.1. Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш жасаған адамдардың санынан жұмысқа орналасқандардың үлесі

%

72,1



85,4

71,8

72,2

72,5

1.2. Жұмысқа тартылатын шетелдік жұмыс күші құрамындағы білікті мамандардың үлесі

%

94,2

88,0

51,5

52,0

52,5

1.3. Құрылған жұмыс орындарының саны


единиц

4585

5118

3920

4000

4100

1.4. Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санындағы өз-өзін жұмыспен қамтыған тұрғындардың үлесі

%

51,9

51,9

51,3

50,6

49,6

Міндет 4.2.3.2. Халық табысын арттыру, азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру

2.1. Ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының өсу қарқыны


%

120,2

106,0

110,0

110,0

116,0

2.2. Номиналды ақшалай табыстың өсу қарқыны (шамасы)

%

108,2

114,1

104,0

110,0

114,0

Міндет 4.2.3.3. Мүгедектерді, қарт азаматтар мен қиын өмір жағдайларына ұшыраған азаматтарды әлеуметтік қолдау және олардың өмір сүру сапасын жақсарту

3.1. Жеке сектор субъектілерімен (оның ішінде үкіметтік емес ұйымдармен) ұсынылатын арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалар үлесі

%

13,3

14,4

16,4

17,6

18,2

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Тараз қаласы және аудан әкімдері

Міндет 4.2.3.4. Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету

4.1. Өндірістік зақымдану деңгейі

%

4,4

5,5

5,5

5,4

5,4

4.2. Ұжымдық келісім-шарт қатынастары жүйесімен қамтамасыз етілген кәсіпорындар үлесі

%

90,0

91,0

91,4

91,8

92,2

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы

1-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2012-2015 жылдар):

Халықты тиімді жұмыспен қамтуға қол жеткізу мақсатында келесі шаралар қарастырылуда:

- жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың жәрдемімен азаматтарды жұмысқа орналастыру, «Еңбек рыногы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін тираждау, еңбек нарығында қажетті мамандықтардың мониторингі.

Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы тұрақты жұмыс орындарын құру:

а) жаңа нысандарды іске қосу, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту;

Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналаған үдемелі индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 2012 жылы облыста 7 жоба іске асырылып, 360 жұмыс орны құрылған. 2013 жылы9 жобаны іске асырып, 676 жұмыс орындарын құру жоспарлануда.

2014-2015 жылдары 6 жоба іске қосылып, 1113 жаңа жұмыс орындары құрылатын болады. годы планируется реализация 6 инвестиционных проектов, где планируется создать 1113 новых рабочих мест.

«Еврохим Удобрения» ЖШС-і жобаны іске асыруды жоспарлауда, онда 2000 жұмыс орны құрылады деп күтілуде.

б) шағын және орта бизнесті дамыту:

Даярлау және қайта даярлау, өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың біліктілігін арттыру, аз қамтылғандар және жұмыссыздар, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасын ұйымдастыру, ауылда кәсіпкерлікті дамыту, еңбек ресурстарының оңтайлығын жоғарлату.

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасын іске асыруда жұмыс беруші үшін келісім шарт жасау кезінде мамандарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етужөнінде міндетті түрде орындалуы тиіс шарты қарастырылған .

- халықтың әлеуметтік осал топтарынан жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа тарту.

- кәсіпорындармен жұмыс орындарын қысқартуға жол бермеу, қызметкерлерді әлеуметтік қорғау бойынша келісім-шарттар жасау.

Осы іс-шаралар жергілікті бюджеттер қаржысы есебінен және «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру есебінен қамтамасыз етілетін болады.



2-ші міндет бойынша қол жеткізу (2012-2015 жж.): Халық табысын арттыруды қамтамасыз ету және азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру үшін келесі шаралар қарастырылады:

  • аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету (АӘЖ, БМЖ, тұрғын-үй жәрдемақысы).

  • аз қамтамасыз етілген халықтың еңбек әлеуетін іске асыру негізінде масылдықтың алдын алу және кедейлік шеңберінен шығуды ынталандыру.

  • кәсіптік даяралауға және қайта даярлауға бағыттау арқылы еңбек рыногындағы халықтың мақсатты топтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ету.

  • ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету.

  • жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету.

3-ші міндет бойынша қол жеткізу (2012-2015 жж.): Мүгедектерге, қарт азаматтар мен қиын өмір жағдайларына ұшыраған азаматтарға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында келесі шаралар қарастырылады:

  • психоневрологиялық медико-әлеуметтік мекемелердегі (ұйымдардағы) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге, медико-әлеуметтік мекемелердегі қарттарға және мүгедектерге арнайы әлеуметтік қызмет көрсету.

  • мүгедек балаларды сауықтыру және бейімдеу орталығында тірек-қозғалыс аппараты ауратын және психоневрологиялық патологиясы бар балаларға және ересек мүгедектерге арнайы әлеуметтік қызмет көрсету.

  • мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге ҮЕҰ тарту, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына мүгедектерді тасымалдау.

  • жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілетті органдарда тіркелген инвалидтерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.

  • санаторлық-курорттық емдеудеумен, техникалық қосымша құралдармен және арнайы қозғалыс құралдарымен, протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету, жеке көмекші және ымдау тілі маманы әлеуметтік қызметін ұсыну арқылы мүгедектерге қосымша әлеуметтік қолдау және көмек көрсету.

  • Тараз қаласында 300 орындық психоневрологиялық интернат үйін және «№2 Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйі» ММ бу қазандығын, монша және кір жуу корпусын және 101 төсек орындық мүгедек балалар үшін оңалту және бейімделу облыстық орталығын салу есебінен арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетудің деңгейін арттыру.

4-ші міндет бойынша қол жеткізу (2012-2015 жж.): Азаматтардың еңбек құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында келеcі шаралар жүргізіледі:

- еңбек ақы бойынша берешекке мониторинг жүргізу және оны жою бойынша шаралар қабылдау.

- Еңбек заңнамасын және еңбек қарым-қатынасы саласында қызметкерлердің құқығын сақтау бойынша ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу.

- жазатайым оқиғадан сақтандыру жүйесімен қамтуды ұлғайту.

- шиеленіс жағдайды шешу және оны басқару бойынша шаралар қабылдау.

- үш жақты келісім жасау.


Мақсат 4.2.4: Мәдениетті және тілді дамыту


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі.

1 кезең

2 кезең

2011 (нақты)

2012

(нақты)


2013

2014

2015

1. Облыс халқының мәдениет саласы қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейі

%

61,2

63,2

62,8

63,1

63,5

2. Мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесі


%

89

90,32

94

95

98

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы, Жамбыл облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы, аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктері


Қол жеткізу жолдары (2012-2015 жж.): облыс халқының мәдениет саласы қызметтерінің сапасымен қанағаттану деңгейін жақсарту мақсатында ұлттық тарих және мәдениет үшін ерекше маңызы бар аймақтарда археологиялық, ғылыми зерттеу және реэкспозициялық жұмыстар жүргізу, аймақта орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер жиынтығын шығару, кітапханалар жүйесіне жаңа ақпараттық технологияны енгізу, ақпараттардың электрондық базасын құру, компьютерлендіру, ауылдық кітапханаларды Интернет желісіне қосу, мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастыру, шығармашылық ұжымдардың халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдерге қатысуын қамтамасыз ету, клуб, мәдениет үйлерінде клуб құрылымдарының өсуін, театрларда жаңа қойылымдарды сахналау және жаңа концерттік бағдарламалар дайындау, сондай-ақ, мәдениет нысандарының өсуі мен материалдық-техникалық базасын жақсарту жоспарлануда. Мәдениет саласындағы білікті мамандарды ауылды елді мекендерге тарту.

Облыстағы өзге ұлт өкілдерін мемлекеттік тілге, мемлекеттік қызметкерлерді, облыстың есейген тұрғындарды - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйрету бойынша жұмыс жалғастырылады.

Мемлекеттік және басқа тілдерді облыстың этномәдени бірлестіктері жанындағы үйірмелер мен курстарда оқыту, халыққа тілдерді үйрететін мемлекеттік емес оқу, лингвистикалық орталықтармен өзара іс-қимыл қамтамасыз етіледі. Облыс аумағындағы тілдік ахуалды зерделеу бойынша әр-түрлі топтарда социологиялық зерттеулер жүргізіледі.

Қазақстанның лингвистикалық капиталын сақтау мақсатында келесі шаралар өткізіледі:

- мемлекеттік тілдің және және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту мәселелері бойынша әлеуметтік тренингтер және талдама зерттеулер өткізу;

- қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларында мемлекеттік тілді дамыту және қолдану, сондай-ақ Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту бойынша жыл сайынғы семинар-кеңестер, ғылыми-тәжирибелік конференциялар, фестивальдар, «дөңгелек үстөлдер» өткізу;

- Қазақстан халқының тілдері республикалық фестивалі шеңберінде жыл сайынғы тілдер апталығын өткізу.


Мақсат 4.2.5.: Бұқаралық спортты дамыту және дамыған сервистік жүйесі бар туристтік индустрия құру


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі.

1 кезең

2 кезең

2011

(нақты)


2012

2013

2014

2015

1. Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайту


%

18,5

19,3

20,0

21,1

22,0

2.Туристтік қызмет саласында қызмет көрсететін ұйымдардың жиынтық табысын ұлғайту


млн.

теңге


987,5


926,6


418,9


421,3


423,6


Міндет 4.2.5.1. Бұқаралық спортты дамыту

1.1. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдерді қамту


%

9,0

10,6

11,1

11,6

12,9

Міндет 4.2.5.2. Туризмді дамыту

2.1. Ішкі туризм көлемінің өсуі


қат. саны мың адам

62,5

70,4

64,5

66,1

68,1

2.2. Кірме туризм көлемінің өсуі


қат. саны адам

2299

1308

1400

1498

1603

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт, кәсіпкерлік және индустриалды – инновациялық дамыту басқармалары


1-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2012-2015 жж.):

2013 жылы Тараз қаласында құрылысы 2012 жылы басталған 3 спорт залын салу аяқталды. Сарысу ауданының Жаңатас қаласында 1 спорт залдың, Тараз қаласындағы халықаралық талаптарға сай спорт сарайының құрылысы аяқталуға жақын қалды.

Тараз қаласындағы «Тараз футбол клубы» МКҚК-на («Жастар» стадионы) оқу-жаттығу кешендерін, Сарысу, Мойынқұм және Шу аудандарында спорт залдарының, «Тараз волейбол клубы» МКҚК-на денешынықтыру-сауықтыру кешенін және спорттық шараларды өткізетін облыстық Орталық ашу жоспарланып отыр.

Спорт мектептерін қажетті кадрлармен (спорт бойынша әдістемеші-инструкторлармен, спорт дәрігерлерімен және басқалар) қамтамасыз ету бойынша шаралар жүргізілетін болады. Спорт мекемелерін спорттық жабдықтармен және басқа да құралдармен қамтамасыз ету көзделуде. Келесі нысандарға күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған:



  • Талас ауданындағы №28 БЖСМ-нің Бостандық, С.Шәкіров, Талапты және Аққұм ауылдарындағы ғимараттары;

  • Жуалы ауылдындағы №13 БЖСМ-нің орталық стадионы;

  • Қордай ауылындағы №15 БЖСМ-нің орталық стадионы;

  • Меркі ауылындағы №18 БЖСМ-нің орталық стадионы.

Аудандарда спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысын, шағын футбол, баскетбол, волейболға арналған жасанды әмбебап алаңдар құрылысы жалғастырылады. 2014 жылы Сарысу, Талас және Қордай аудандарының орталықтарынан дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің, Меркі ауылында спорт залының құрылысы және №4 велосипед және су спорты түрлерінен облыстық мамандандырылған БЖСМ велобазасының қосалқы құрылысын салу жоспарлануда.

2015 жылы Меркі ауданының Меркі ауылында Жамбыл облысының құрама командалары үшін спорт түрлерінен оқу-жаттығу кешенінің құрылысын салу көзделген.

Спорттық клубтар мен балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін ашу, спорт мекемелерін спорттық жабдықтармен және басқа да құралдармен қамтамасыз ету жалғастырылады.

Облыстық (қалалық, аудандық) деңгейде спорт жарыстары, сонымен қатар, әр алуан спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының мүшелерінің республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуы іске асырылатын болады.

Сонымен қатар, білікті, жоғары білікті спортшыларды дайындау сапасын арттыру үшін оқу-жаттығу жиындарын, әйгілі спортшылармен шебер-кластар және семинарлар өткізу қаралып отыр.

2-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2012-2015 жж.):

2015 жылға қарсы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында 8 жол бойындағы инфрақұрылым объектілері ашылады және туристік объектілерге аппаратын автомобиль жолдарын салу, жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары жүзеге асырылады. Үш ірі инвестициялық жобаларды іске асыру көзделуде: «Көксай» тау-шаңғы базасы, «Юрточный отель» және «Тау самалы» туристік кешендері. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде аймақта 2* және 3* класты қонақ үйлер желісін дамыту үшін жағдайлар жасалып, туристік салаға инвестициялар тартылады.



Шаралар: Тақырыптық оқыту семинарлары, сондай-ақ жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып гидтер, экскурсоводтар, туризм нұсқаушыларын даярлау және олардың біліктілігін жоғарылату курстары (жылына 3 рет) өткізілетін болады. Жамбыл облысының туристік әлеуеті туралы журналдар, буклеттер, карталар, баннерлер сияқты жарнамалық-ақпараттық материалдар әзірлеу және шығару; өңір делегациясының Алматы қаласындағы «KITF», Астана қаласындағы «Astana Leisure», Пекиндегі «BITE», Лондондағы «WTM», Берлиндегі «ITB», Мадридтегі «FITUR» сияқты халықаралық туристік көрмелерге, жәрмеңкелерге, биржаларға, слеттерге қатысуы; өңірде туристік ақпараттық орталық құру мәселесін пысықтау; «Сарқылмас саяхат» республикалық туристік жәрмеңкесіне қатысу; халықаралық туристік компаниялар мен қауымдастықтар өкілдерінің қатысуымен «Ұлы Жібек жолының қазақстандық телімінің туристік әлеуеті» өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу; оқушылар мен студенттердің қатысуымен Бүкіл әлемдік туризм және туристік экспедиция күніне арналған «Менің Отаным-Қазақстан» күзгі туриадасын өткізу; Қазақстан Республикасының Туризм және Спорт министрлігінің www.visitkazakhstan.kz веб-сайтындағы өңірлік туристік мүмкіндіктері туралы ақпаратты толықтыру жүргізіледі.

Мақсат 4.2.6.: Мемлекет пен ұлттардың бірлігін одан ары нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі.

1 кезең

2 кезең

2011

(нақты)


2012

(нақты)


2013

2014

2015

1. Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара қатынастарын оң бағалайтын тұрғындар үлесін арттыру

%

76,6

57,6

56

57

58

Жауапты орындаушы: Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы

Міндет 4.2.6.1. Этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту,

1.1. Конфессияаралық қатынастар аясындағы мемлекеттік саясатты оң бағалайтын тұрғындар үлесі


%

92,9

90,1

75

78

82

Жауапты орындаушы: Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері бойынша басқармасы

1.2. Этникааралық қатынастар аясындағы мемлекеттік саясатты оң бағалайтын тұрғындар үлесі


%

94,7

91,2

80

83

85

Жауапты орындаушылар: облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы


Қол жеткізу жолдары (2012-2015 жылдар): Аймақтың ішкі саяси ахуалдың тұрақтылығының, мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара қатынастарының тиімділігінің, этникааралық және конфессияаралық қатынастар аясындағы мемлекеттік саясатты қолдайтын тұрғындар үлесі және облыс жастарының жастарға қатысты мемлекеттік саясатқа қанағаттанудың жоғары деңгейі келесі шараларды іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі:

- Қазақстандық отансүйгіштік сезімдерін, позитивті қоғамдық көңіл-күйді, облыс тұрғындарының, оның ішінде әсіресе жастардың белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға бағытталған әртүрлі форматтағы қоғамдық маңызды шаралар арқылы жүзеге асырылады;

- этникааралық және конфессияаралық келісімді жүргізу, әлеуметтік еңбек қақтығыстарын алдын-алу, облыс тұрғындарының әртүрлі әлеуметтік топтары арасында дәстүрлі емес діндердің ықпалына қарсы тұру бойынша ақпараттық-насихаттау жұмыстарында инновациялық әдістері мен технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады;

- қоғамның саяси және азаматтық институттарымен конструктивтік диалогты ұйымдастыру, мемлекеттік саясаттың жүйелі ақпараттануын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады;

- төзімділік идеялары мен діни экстремизмнің алдын алуын насихаттау бойынша мемлекеттік органдарының веб-сайттарын, Интернет желісінің қорын жүйелі түрде пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Гендерлік тепе-теңдікті күшейту

Қол жеткізу жолдары: І және ІІ кезеңдерде (2012-2015 ж.ж.): Қоғамның гендерлік мәдениетін арттыруға бағытталған кең ауқымды ақпараттық, ағарту науқандарын өткізу практикасы жалғасады.

Тұрақты негізде семинарлар, тренингтер, әйелдерді билік органдарына тарту бойынша оқыту курстары өткізіледі, әйелдердің өкілетті билік органдарына сайлау науқандарына қатысуы жандандырылады, олардың бос лауазымдарға орналасу конкурстарына қатысуына ықпал етіледі.

Әсіресе ауылдық жерлерде әйелдерді жұмыспен қамту мәселелеріне ықпал ету. Шағын және орта бизнестегі әйелдерді қолдау.
Мақсат 4.2.7. Мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыру


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі.

1 кезең

2 кезең

2011

(нақты)


2012

(нақты)


2013

2014

2015

1. 14 пен 29 жас аралығындағы тұрғындар арасында жастарға қатысты мемлекеттік саясатқа қанағаттану деңгейі

%

70

71

72

73

74

4.2.7.1. Жастарға мемлекеттік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету

1.1. Жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастардың үлесі

%

25,5

23

24

24,5

25

Жауапты орындаушылар: облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармасы


Қол жеткізу жолдары (2012-2015 жылдар):

Мемлекеттік жастар саясаты проблемаларын шешу мақсатында келесі мәселелер қарастырылады:



  • жастар акциясын құру және ғылыми практикалық конференция, әскери спорттық ойындар және әскер қатарына шақырылатын жастағы жастар акциясы, форум, конкурстарға жастар саясатында насихат жүргізу.

  • аймақтағы шағын және орта бизнес сұрақтары бойынша ақпараттық- анықтамалық әдебиет шығару.

  • жастар орталығына және жас қызметкерлерге тренинг, семинарлар ұйымдастыру.

  • мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік маңызды жобаларды конкурстық негізде ұйымдастыру.

  • жастар саясаты сұрақтары бойынша облыстық басқармада веб сайт құру.

  • облыста өткізілетін бос орын жзәрменкесіне қатысу, жастарды еңбекке баулудың алғашқы информациялық материалдарымен қамтамасыз ету.


Мақсат 4.2.8.: Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету


Мақсатты индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлік

1 кезең

2 кезең

2011 (нақты)

2012

(нақты)


2013

2014

2015

1. Ішкі істер органдарына халық сенімінің болжамды деңгейі

%

53

54

55

57

60

2. Төтенше жағдайлардан адамдардың және материалдық шығындардың азайюы

%

2,2

2,5

2,5

3

3

Міндет 4.2.7.1. Қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күшейту

1.1. Жол транспортық уақиғаның санының (деңгейі) төмендеуі (10 мың бірлік автотранспортына)

уақиғалар

41,4

50,3

39

38,5

36

1.2. Ауыр және аса ауыр қылмыстардың аталған санаттағы қылмыстардың өндірістегі қылмыстық істер есебінен ашылғандарының үлесі


%

50,7

59,2

40,4

40,6

40,8

1.3. Алынған есірткелердің саны, оның ішінде героин

кг

10000/11

11291/8,6

10000/9

10000/9

10000/9

Міндет 4.2.7.2. Төтенше жағдайлардан адами және материалдық шығынды төмендету

2.1. Су басу мен тасқынының, селге, көшкінге, жер сілкінуге, өртке қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі

%

62,3

65,7

72,4

77,5

83,1


1-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2012-2015 жылдар):

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесі іс-шаралар жүзеге асырылады:

- жол қозғалысы қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіретін құқық бұзушылықтардың алдын алу;

- жол қозғалысына қатысушылардың, әсіресе жолаушылар көлігі жүргізушілерінің тәртібін күшейту;

- қауіпсіздікке және транспорт құралдарының жағдайына, жургізушілердің кәсіби дайындықтарына және жол жағдайына патрульдік жол полициясының ықпал етуінің тиімділігін жоғарлату;

- транспорт құралдарының тіркеу үрдісін мейлінше жетілдіру;

- жолда жүру Ережесін бұзуды тіркеу және бақылау бойынша техникалық құралдарын жаппай енгізу;

- патрульдік жол полициясының бөлімшелерінде жемқорлыққа қарсы тұру және тұрғындардың сенімін және құрметін жаулап алу;

- жолда қауіпсіз жүруді насихаттау бойынша әлеуметтік роликтер жасау және оларды жергілікті телеканалдарда көрсетуді қамтамасыз ету.



Қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтар өмірінің, денсаулығының қажетті қауіпсіздік деңгейін, конституциялық құқықтары мен еріктерін қамтамасыз ету мақсатында келесі негізгі іс-шаралар жүзеге асырылады:

- тәулік бойғы стационарлық постар мен жылжымалы полиция пункттерінің, жылжымалы полиция топтарының желісін дамыту есебінен көшелердегі және басқа қоғамдық орындардағы құқық тәртібін қорғау тетігін жетілдіру;

- криминогендік жағдай шиеленіскен кезде полиция және ішкі әскерлер күштері мен құралдарын бірыңғай орналастыру жоспарларын уақтылы түзетуді жүзеге асыру;

- құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдар желісін кеңейту;

- әрбір қалалық және ауылдық мектепке тіркелген кәмелетке толмағандардың ісі бойынша инспекторлер қызметін енгізу;

- кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына, сонымен қатар, оларға темекі және ішімдік сатуға тыйым салу туралы заң актілері талаптарының орындалуына бақылау жүргізу бойынша рейдттерді жүйелі жүргізу;



Қылмысқа қарсы күрестің және қылмыскерлерді іздестірудің, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің тиімділігін арттыру үшін келесі іс-шаралар жүзеге асырылады:

- полицияның күштері мен құралдарын қылмыстарды ашуда және қылмыскерлерді іздестіруде кешенді қолдануды қамтамасыз ету;

- мақсатталған шұғыл іздестіру іс-шараларын және қылмыстарды «ізін суытпай» ашу бойынша арнайы операцияларды жүзеге асыру.

- өткен жылдардағы қылмыстарды ашу, оның ішінде іздеу шараларын және нақты қылмыс істері бойынша жедел-іздеу жұмыстарын жоспарлау бойынша жұмысты ұйымдастыру деңгейін жоғарылату;

- қылмысқа қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

- есірткі бизнесі саласындағы ұйымдастырылған қылмыстық топтардың қызметінің алдын-алу, айқындау және тоқтату;

- есірткіге қарсы насихат бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;

- халықаралық тәжірибені зерттеу негізінде уәкілетті мемлекеттік органдарға нашақорлықтан сақтандыру жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

- есірткілерді тарату фактілерін анықтау және алдын алу мақсатында ойын-сауық орындарында, оқу орындарында, сондай-ақ бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда арнайы рейдтер өткізу;

- заңсыз есірткі айналысымен байланысты оқиғалар, жеке және заңдық тұлғалар туралы ведомствоаралық жедел ақпарат мәліметтер банкін қалыптастыру.



2-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2012-2015 жылдар): Сейсмикалық тұрақты ғимараттар салу, қолданыстағы ғимараттарды күшейту арқылы жер сілкіністерінен болу мүмкіндігін азайту бойынша кешенді іс-шаралар жүзеге асырылады.

Ормандарды және жануарлар әлемін қорғау бойынша мемлекеттік мекемелерде өртке қарсы қызмет көрсететін бөлімшелерді ашу.

Мемлекеттік мекемелерде өртке қарсы қызметті жолға шығатын өрт техникасымен жабдықтау.

Медициналық құтқару көмегін көрсететін трассалық пунктер ашу.

Гидротехникалық қорғайтын иммараттардың тұрақтылығын асыру, өзендер, су айдындар, тоғандардың су тасу қауіпі бар телімдерінде тасқын суға қарсы, жағалауды қатайту және түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу.

Облыстағы, Тараз қаласындағы және аудан орталықтарындағы халыққа шұғыл хабарлау жүйесін жасау.

Жамбыл облысындағы халықты табиғи және техногендік сипаты бар төтенше жағдайлар пайда болатын алғы шарттар жөніндегі ақпаратпен қамтуды жетілдіру.

Басқарушы органдары, АҚ және ТЖ күштерімен облыстық және аудандық жаттығулар өткізуді жоғары және сапалы деңгейге көтеру.

Халықтың жеке қорғаныс құралдарын ішінара ауыстыруды және аудандық жаттығулар өткізуді жоғары және сапалы деңгейге көтеру.

Шатырлы қалашықтардың тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті материалдық-техникалық мүлік сатып алу, баспанасыз қалған тұрғындарды уақытша орналастыру үшін резервтік шатырлы қалашық әзірлеу.


БАҒЫТ 4.3. «Инфрақұрылымдық кешенді жетілдіру және сапалы тұрғын үй-коммуналдық және тасмалдау (транспорттық) қызметімен қамтамасыз ету»
Мақсат 4.3.1.: Инфокоммуникацияны дамыту


Мақсатты индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлік

1 кезең

2 кезең

2011 (нақты)

2012

2013

2014

2015

1.Халықтың байланыс пен коммуникациялар саласындағы қызметтер сапасына қанағаттану деңгейі

%

х

х

х

х

х

Міндет 4.3.1.1. Компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру және

байланыс қызметтерін жетілдіру

1.1. Халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейі

%

45,1

50

53

55,54

60

- қала тұрғындары

%

-

61

64

67

70

- ауыл тұрғындары

%

-

27

28

29

30

1.2. 2015 жылға қарай жергілікті телефон байланысын цифрлеудің 100 пайыздық деңгейіне қол жеткізу

%

87,1

97,0

97,6

98,7

100,0

1.3. Жалпы саны 1 000 адам және одан көп елді мекендерді ұялы байланыс қызметімен қамтамасыз ету

%

97,5

99,4

99,4

100,0

100,0

Жауапты орындаушылар: облыс әкімі аппаратының ақпараттық технологияларды дамыту бөлімі, облыс әкімдігінің білім басқармасы, «Казахтелеком» АҚ, «Жамбылтранстелеком» АҚ, ұялы байланыс операторлары

Қол жеткізу жолдары ( 2012-2015 жж.):

Облыс халқы арасында компьютерлік сауаттылық деңгейін жоғарылату үшін халықтың барлық топтарын компьютерлік техникамен жұмыс істеуге үйрету, жаңа компьютерлік сыныптар ашу, оларды ұстау және оларға қызмет көрсету бойынша жұмыстар жалғасады.

Қоғамдық қол жетімділік пункттерін кеңейту қолданыстағы ҚҚП –не жүйелік-техникалық және ақпараттық қызмет көрсетуді, оларды жаңартуды, жөндеуді, қажет болған жағдайларда қосымша пункттер сатып алуды, сондай –ақ ҚҚП –не келу мониторингін көздейді.

Жергілікті атқарушы органдар жүйелерін дамыту шеңберінде электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қосымша серверлік жабдық сатып алынады және қолданыстағысы жаңартылады.

Қолданыстағы ақпараттық жүйе пайдалануға қосымша лицензиялар сатып алу, сондай-ақ жаңа құрылған жүйелер, вирусқа қарсы бағдарламалық қамсыздандыруға және қауіпсіздік жүйесіне қосымша лицензиялар сатып алу жалғасады.

Қолданбалы БҚ, ЖАО жабдықтары мен серверлік жайларын сертификаттау және аттестациялауға серверлік жайлардың қауіпсіздік жүйесі деңгейіне сәйкестендіру үшін оларды қосымша жабдықпен жарақтандыру және БҚ қауіпсіздігін бағалау және оны тиісінше өңдеу үшін сарапшылар тарту бойынша жұмыстарды қарастыру.

Қызмет көрсетуді электрондық түрге көшіру тетігі. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтерін автоматтандыру екі жол арқылы:


  • Жамбыл облысы әкімдігі әзірлеген ақпараттық жүйелер есебінен;

  • «Электрондық үкімет» шлюзінің кіші жүйесі «Өңірлік шлюз» ақпараттық жүйесінің қызметтер көрсету процесіне қатысатын жергілікті атқарушы органдардың қызметкерінің автоматтандырылған жұмыс орны есебінен қамтамасыз етіледі.


Мақсат 4.3.2.: Құрылысты дамыту


Мақсатты индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлік

1 кезең

2 кезең

2011 (нақты)

2012

(нақты)


2013

2014

2015

1. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі


%

120,3

168,4

88

109,0

100,0

2. Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру көлемі

мың ш.м.

231,9

226

258,3

272,2

293,3

3. Азаматтық қолданыстағы нысандарды сейсмотұрақтылыққа зерттеу

%










50

50

Міндет 4.3.2.1. Халықтың кең бөлігінің тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысы мәселелерін кешенді шешу

2.1. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы және (немесе) сатып алу

млн. теңге

998,9

1995,8

1922,2

3333,3

3333,3

Міндет 4.3.2.2. Азаматтық қолданыстағы нысандарды сейсмотұрақтылыққа зерттеу

3.1. Өндірістік, тұрғын үй, әлеметтік мәдени, энергоқамтамасыз етуші, білім және денсаулық сақтау нысандарына алдын ала тексерулер жүргізу және облыстағы елді мекендердің шағындандырылған сейсмикалық картасын дайындау

млн. теңге










242

243

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, аудан және Тараз қаласы әкімдері

Каталог: files -> PRT KAZ
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
PRT KAZ -> Программа развития Жамбылской области


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет