Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз


Бөлім (ортақ тақырыптар) бойынша жиынтық



бет50/68
Дата11.12.2021
өлшемі2,29 Mb.
#99363
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   68
Байланысты:
багалау отв.экз

87. Бөлім (ортақ тақырыптар) бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру үдерісін түсіндіріңіз.

Бөлім (ортақ тақырыптар) бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру үдерісін түсіндіріңіз

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау – оқу

бағдарламасындағы әр бөлімді/ тақырыпты аяқтағаннан кейін оқушының оқу жетістігі деңгейін анықтауға бағытталып, баға мен балл қою арқылы өткізілетін бағалау түрі. Оқушының жұмысына қойылған баға нәтижесі оның тоқсандық бағасын қоюда ескеріледі.

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың ұйымдық құрылымы келесіде көрсетілген:

  1. Тоқсан ішіндегі белгіленген бағалау рәсімдері.

2. Оқу бағдарламасы бөлімінің оқу мақсаттарына жеткендігі туралы

шешім қабылдау.

3. Тоқсандық баға шығарудағы нәтижелерді ескеру және тіркеу.

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар бөлімдегі оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерінесәйкестендіріліп құрастырылады. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгілері ҚР Білім және ғылым министрлігі бекітуімен ұсынылған жиынтық бағалаудың әдістемелік нұсқаулығында беріледі. Әр мектеп жиынтық бағалаудың әдіс-тәсілдері мен тапсырмаларынөз еркімен дайындай алады. Мектеп ішіндегі әдістемелік бірлестік оқу жылына арналған, барлық бағалау түрлері, оны өткізу кезеңдері, бағалау міндеттерін айқындайтын, бағалаудың әдіс-тәсілдері көрсетілген бағалау жоспарын дайындауы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет