Бағдарламасы мен әдістемелік нұсқаулардың Титул парағы



бет3/11
Дата12.10.2023
өлшемі156,5 Kb.
#184902
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Î. Á. Áåðìàõàíîâ ôèëîñ.?. ê., ?àóûì ïðîôåññîð ì³íäåò³í àò?àðóøû
Практиканың мақсаты
Психологиялық-педагогикалық әлеуметтік практика студенттерді болашақ педагог-психолог мамандығына даярлаудағы негізгі кезең болып табылады, оны басты мақсаты: болашақ қызмет саласында педагог психолог жұмысының міндеттері мен мазмұнымен таныстыру, университетте теориялық және практикалық курстарды оқыған кезде қалыптасқан кәсіби құзыреттіліктерді кеңейту және бекіту.
Болашақ педагог психологтің практикалық қызметінің объектісі психологиялық- педагогикалық әлеуметтік құбылыстар, оқушылардың тәртібі мен оқу - тәрбие саласында айқындалатын процестер, құбылыстар.
Психологиялық- педагогикалық әлеуметтік практика кезінде келесідей міндеттер шешіледі:
- болашақ педагог- психологтарда психологиялық – педагогикалық ептіліктерді, тұлғаның кәсіби маңызды қасиеттерді және ептіліктерді қалыптастыру және дамыту;
- студенттерде психологиялық-педагогикалық мамандыққа деген қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктерін, өздігінен білім алуға құштарлықтарын тәрбиелеу;
- психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік қызметке шығармашылық, зерттеушілік көзқарастарын қалыптастыру;
- мектептегі оқу – тәрбие жұмысының қазіргі заманғы жай-күйімен, озық педагогикалық тәжірибемен таныстыру;
- студенттерде оқушылардың денсаулық сақтауға бағытталған ептіліктерін қалыптастыру;
- студенттердің зерделеу, бақылау, талдау, педагог – психологтардың кәсіби қызметінің тәжірибесін тарату, сондай–ақ өзіндік практикалық тәжірибені тарату дағдыларын қалыптастыру;
- психологиялық жұмысты жүргізген және практика бойынша жеке тапсырмаларын орындаған және практика бойынша жеке тапсырмаларды орындаған кезде оқу, оқу- әдістемелік, ғылыми әдістемелік, дидактикалық үлестіру материалдарымен жұмыс істеу ептіліктері мен дағдыларын дамыту;
- өз іс-әрекетіне шығармашылық, зерттеу көзқарасын қалыптастыру және ғылыми жұмыстың тақырыбы бойынша эксперименталдық материалдарды жинау және өңдеу;
- күнделікті психологиялық құбылыстарды бақылау және оларға талдау жасауға үйрету және бұл бақылаулардың нәтижелерін практика бойынша күнделікте белгілеу;
- практика нәтижелері бойынша есептік материалды дайындау;
Психологиялық – педагогикалық әлеуметтік практика тиімділіктің негізгі жағдайлары оның теориялық негіздемесі, оқыту және тәрбиелеу сипаты, оның мазмұны мен ұйымдастыруға кешенді көзқарас, оны өткізудегі жүйелілік және өнегелілік.
Психологиялық – педагогикалық әлеуметтік практика мынадай ептіліктердің қалыптасуына әсер етуі тиіс:
- оқушылардың жастық және жеке ерекшеліктерін және ұжымның әлеуметтік- педагогикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып ҚР тәрбиелеу концепциясына сүйене отырып, нақты оқу-тәрбие міндеттерін айқындау;
- білім берудің әлеуметтік ортасымен танысу;
- оқушы тұлғасын мен оқушылар ұжымының даму мен тәрбиеленуін диагностикалау және жобалау мақсатында зерделеу;
- «мұғалім-оқушы», «оқушы-оқушы», «ата-ана – оқушы -оқушы» жүйесінде өзара қарым-қатынасты зерделеу;
- кіші топ түсінігін, оның параметрлері және мектеп ұжымының социометриялық құрылымын зерделеу;
- педагогикалық іс-әрекеттің ағымдағы және болашақ жоспарлауды (пән бойынша оқу және сыныптан тыс жұмысты, балалардың әртүрлі іс-әрекетін және т.б.) жүзеге асыру;
- оқушылардың оқу- танымдық іс-әрекетін басқарудың әртүрлі формалары мен әдістерін қолдану;
- балалар ұжымын қойылған міндеттерді орындау үшін ұйымдастыру: өз іс –әрекетінің және оқушылар іс-әрекетінің бірізділігін анықтау және активті ұйымдастыру, актив пен ұжымды тапсырмаларды орындау әдістеріне үйрету, бақылауды, қорытынды жасау мен жұмыс талдауын ұйымдастыру;
- балаларды тәрбиелеуге қатысатын мұғалімдермен, сынып жетекшілерімен, тәрбиелеушілермен, ата-аналармен және басқадай тұлғалармен ынтымақтастықты жүргізу;
- оқу-тәрбие жұмысын бақылау және талдау, оны түзету, психологиялық -педагогикалық пәндер бойынша зерттеушілік жұмысты жүргізу;
- ата-аналар арасында психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік насихаттауды жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет