Бағдарламасы негізінде дайындалды. Биология жəне экология кафедрасының 9



бет12/64
Дата04.05.2023
өлшемі243,26 Kb.
#176055
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   64
Байланысты:
DDD 3 4D>>D 3 4DDND 1 2N D 3 4ONNN ODNNNDD 1 4DNN

9 СОӨЖ: Биологиялық білім берудің зерттеулерінде педагогикалық эксперименттің алатын орны.
Мазмұны: 1.Биологиялық білім берудің зерттеулерінде педагогикалық эксперименттің маңызы.
2. Педагогикалық эксперимент нəтижелерін сандық өңдеу проблемасы
7-8 СӨЖ мазмұны: Биологиядан оқыту əдістемесін жетілдірудің жолдарын іздестіру
9 СӨЖ мазмұны: Қазіргі қазақстандық биология оқулықтарының проблемалары.

Негізгі əдебиеттер:


  1. Верзилин Н.М., Корсунская В.М. Общая методика преподавания биологии

–М.: Просвещение 1987.

  1. Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Общая методика преподования биологии – М.; Просвещение 1985.

  2. И.Н.Пономарева «Общая методика преподавания биологии» М, 2008 ж 4.А.Қ.Қисымова, С.Н.Обаев Биологияны оқыту əдістемесі Оқу құралы. Алматы 2010 ж

5. Б.В.Всесвятский Общая методика биологи. Учебное пособие для педагогических институтов. Москва, 1969

Қосымша əдебиеттер:


1. А.М. Розенштейн. Самостоятельные работы уч-ся по ботанике. М. Просвещ.1977г. 2 .Кусаинов Г.М. Новая педагогическая технология: методология, теория, практика.- Усть-Каменогорск, 1997-242с.
3. Шкутина Л.А., Танасейчук М.К. Развивающая профдиагностика и педагогические технологии.- Алматы: Ғылым, 2000

4апта Дəріс № 7


Тақырып: Қазіргі мектеп биология курсын құрудың негізгі принциптері, мазмұны мен жүйесі

  1. Оқу материалының жүйесі мен бірізділігі

  2. Мектеп биология курсының пəнаралық жəне пəнішілік байланыстары

  3. Қазіргі көпнұсқалық бағдарламада жазылған оқулықтар мен бағдарламаларды талдау. Дəріс мақсаты: Қазіргі мектеп биология курсын құрудың негізгі принциптерін түсіндіру Ұғымдар: бірізділік,. объективті

Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны


Қазіргі заманға биология ғылымына табиғат туралы білімдердің жіктелуінің тез қарқынмен дамуы мен зерттеу əдістерінің алуантүрлілігі тəн. Қазіргі биологиялық білімнің көлемі кең жəне ауқымы одан əрі өсе түсуде. Көптеген биологиялық ғылыми ақпараттар ағымынан құнды əрі мектеп пəнінің білім беру жəне тəрбиелік жағына сəйкес оқу материалдарын таңдап алынады. Мектептегі биология пəні биология ғылымының əр түрлі бағыттарының қысқартылған мазмұны емес, оның элементтерін біріктіріп, əдістемелік жағынан іріктеп алып, жүйелейді. Мектептегі биология пəнінің курстары бірізділікпен орналасады, яғни ботаника, зоология, анатомия, адам физиологиясы мен гигиенасы жəне жалпы биология. Осындай жүйелілік биология ғылымының негізгі жүйесін көрсетеді жəне объективті, ғылыми болып табылады.
Биология курсының бірізділігі оқу жылы жоғарылағансайын оқу материалы біртіндеп күрделене түседі. Ботаника, зоология, адам анатомиясы, адам физиологиясы мен гигиенасы бір-бірімен тығыз байланысқан, олар бір-бірінен оқшауланбаған, яғни тұтас оқу пəнінің бөлімдері болып табылады. Мектептегі биология пəні басқа да оқу пəндері сияқты, ғылыми материалдарды: ұғымдар, заңдар, заңдылықтарды қатаң сұрыптап алады.
Оқу материалының ғылымилығы оның мазмұнына қатаң тексерілген жəне ғылыми қабылданған фактілерді қосу жатады.Оқу материалы оқушылардың қабылдауына тиімді болу керек, яғни олардың ақыл-ой жəне психикалық дамуына, оқу дайындығына сай болу керек. Берілген оқу материалының мазмұнының тиімділігі, ұғынымдылығы оқушылардың қызығушылығын тудырып, оқуға, ойлауға талпыныстарын арттырып, логикалық ойлауға щақырып, ойын қорытып, нəтиже шығаруға, практикалық мəселелерді шешуге үйрету.
Оқу материалының тиімділігі туралы сұрақтар барлық осындай талас жағдайларда экспериментальды əдістемелер жəне психологиялық зерттеулер арқылы анықталады. Осындай түрдегі зерттеулер оқушылардың білімдерін объективті түрде анықтауға, яғни төмен білімдерінің негізгі, нақты себептерін ашуға: балалардың белгілі бір жас ерекшеліктеріне сəйкес оқу материалының тиімсіздігі немесе оқыту əдістемесінің дұрыс еместігін анықтауға көмектеседі. Мұғалім оқу пəнінің мазмұнының əртүрлі бөліктеріне сай тиімді, əрбір кластың жасерекшелік психологиясы мен мазмұнына тəуелді, ең жақсы əдістерді таңдап алады. Биологиялық циклдегі оқу пəндерінің жүйесі. Орта мектеп оқулықтарымен бағдарламаларын талдау. Биологиялық цикл пəндерінің мазмұны мен құрылымының ерекшеліктері, олардың сабақтастығы. Мектеп биология курсының пəнаралық жəне пəнішілік байланыстары. Қазақстандық төл оқулықтар мен бағдарламаларға талдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет