Бағдарламасы негізінде дайындалды. Биология жəне экология кафедрасының 9



бет7/64
Дата04.05.2023
өлшемі243,26 Kb.
#176055
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   64
Байланысты:
DDD 3 4D>>D 3 4DDND 1 2N D 3 4ONNN ODNNNDD 1 4DNN

Дəріс № 4


Тақырып: Биология ғылымының жаңа бағыттарындағы жетістіктер

  1. Биология ғылымының жаңа бағыттарындағы (цитология, генетика, экология жəне табиғатты қорғау) жетістіктерді пайдалана отырып, биологияны оқыту мазмұнын жетілдіру

  2. Биологиялық білім беру құрылымындағы өзгерістер

  3. Қазақстандық əдіскерлерінің еңбектері.

Дəріс мақсаты: Биология ғылымының жаңа бағыттарындағы жетістіктерін түсіндіру

Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны:


Қазіргі кездегі биология ғылымына табиғат жəне оны зерттеу əдістер туралы білім тəн. Биология ғылымынан басқа да жаратылыстану ғылымының арасында байланыс бар. Кең аумақты ғылыми ақпараттардан мектеп пəніне тек білімділік, тəрбиелік мəні бар. Құнды оқу материалдары алынады. Соған байланысты мектептік биология пəні биология ғылымының əртүрлі саласын қысқартып бермейді, жүйеленген, өнделген материалдар жиынтығын ұсынады. Мектептегі биологияның мазмұны əртүрлі ғылыми фактілер, ұғымдар, заңдылықтар, терминдерден тұрады. Бұларды оқушылардың білуі тиіс. Əрбір адам қоршаған ортаны, тірі табиғатты өсімдіктермен жануарларды өзінің жеке ағзасының құрлысын, атқаратын қызметін тарихи жəне жеке дамуын өсімдіктер мен жануалардың табиғаттағы ауыл шаруашылығы маңызын білу қажет. Бұларды түсіну табиғатқа саналы түрде қарау іскерлік пен еңбек дағдыларын үйрену үшін керек. Жалпы биология курсы оқушылардың жас мүмкіншіліктеріне сəйкес теориялық түсінік береді. 1-4 кластарда дүниетану бөлімі, 5 класта жаратылыстану бөлімі алғашқы биология пəніне бастама. Осы алғашқы білімдеріне сəйкес 6-7 кластарда өсімдіктану бағдарламасы құрылған. өсімдіктанудан соң жануатануды оқу, яғни жануарлардың өсімдіктер арқылы тіршілік ететіндігін жəне оның өсімдіктерге байланысын жануалар организміндегі тіршілік процестері туралы түсінік, əсіресе жануарлардың мінез-құлқы өсімдіктердің оқуымен салыстырғанда оқушыларға қиындау болады. 7 класта жануарларды оқу, жануалар құрлысымен танысу келесі курс адам анатомиясы, физиологиясы жəне гигиенаны оқып түсінуге көмектеседі. Жоғарғы класта тіршіліктану курсы үлкен ғылыми материалдарды қамтиды. Көптеген заңдылықтармен танысып, биология курсын аяқтайды. Жануартану, тəнтану бір-бірімен байланысты, біртұтас оқу пəні-биология.
19-ғасырдың бірінші жартысында мектепте жаратылыстану пəндері өсімдік, жануарлардың морфологиясы, систематикасы қарастырылады. Ал екінші жартысында ұлы оқымысты Ч. Дарвиннің органикалық дүниенің даму тарихы негіздерін мектепте оқытып, осы кезден бастап, өсімдіктермен жануарлардың құрлысын қарастырды. 30-40 жылдары морфология, систематикалық материалдар көптеп берілді. 50 жылдары мофология систематикалық материалдар ықшамдалып, агротехникалық, зоотехникалық, генетика ғылымдары енгізілді. Ч.Дарвин жасуша ілімін енгізді. 1965 жылдары совет əдістемешілер мұғалімдері орта мектептегі биология курсын қарастырып, жаңа бағдарлама қарастырды. Оқу материалының ғылымилығы оның мазмұны қатаң тексерілген жəне ғылыми фактілермен бекітілген. Оқу материалы оқушыларды менгеру, ақыл-ой өрісінің дамуы үшін жеңілдетіледі. Оқу материалының мазмұны оқушыны баланы қызықтыратын логикалық ойландыратын қорытынды жасауға практикалық тапсырмаларды орындауға үйретуі керек. Кейбір жағдайда ғылыми материалдар оқушылырдың қабылдауына өте қиын болады. Бірақ орта білім беру мектеп жүйелеріне өте қажет. Мұндай жағдайда əдістеме міндетті түрде əдіс тəсілдерді табу керек. Мектеп биологиясын оқытуда оқушылардың жас ерекшелігіне, олардың дайындығына мəн беріп, соған қарай əртүрлі əдіс тəсілдерді пайдалануға болады.
Биологияның алғашқы бөлімі өсімдік түрлері туралы білім беру мақсатында жүргізіледі. өсімдік курсының мазмұны алуан түрлі элеметтен тұрады. Морфология, анатомия, физиология, систематика, география, өсімдік филогенетикасынан,
палеоботаника, микробиология, агрономиядан тұрады. Бұл білімде өсімдіктің табиғаттағы халық шаруашылығындағы рөлін өсімдікті пайдалану, оны өндіру туралы білуге өте қажет. Ол бағдарлама өсімдіктің тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерге қарай қарастырылған. 6 класта негізгі бақылау жай тəжірибелер оқушыларға өсімдіктің біртұтастығын түсінуге мүмкіндік береді. өсімдіктің адам өміріндегі, халық шаруашылығындағы, табиғаттағы маңызды тақырыбы ботаникаға ғылым ретінде қысқаша сипаттама береді. Бұдан соң оқушылар өсімдік жəне оның мүшелерімен танысады. Бастапқы мерзімінде өсімдік оның мүшелерімен, жеміс тұқыммен танысып, оны пайдалануға мүмкіндік бар. Ол жасуша туралы оқуда оның тіршілік қызметіне мəн береді. Одан кейін ұлпалар қарастырылады. Бағдарлама бойынша келесі тақырыптар өсімдіктің мүшелері тамыр, жапырақ, сабақ оның макроскопиялық жəне микроскопиялық атқаратын қызметі, құрлысы. Сабақ тақырыбынан кейін өсімдіктің вегетативті көбеюі туралы түсіндіріледі. Себебі, вегетативті көбеюдің түрлері жер асты, жер үсті өркен, бүршік, сабақ, жапырақ, тамыр арқылы жүреді. Сондықтан осы мүшелердің құрлысымен алдын-ала таныстыру қажет. өсімдіктің тұқыммен көбеюі гүл тақырыбында қарастырылады, соңғы тақырып өсімдік біртұтас организм қорытындыланып бекітіледі. Əрі қарай гүлді жəне споралы өсімдіктің түрлері, құрлысы эволюция процесі ортаға биологиялық биімділігі қарастырылады. Курстың соңында өсімдік бірлестігі, орманның ролі өсімдік жамылғысын қорғау тақырыптары берілген. Өсімдік курсын оқыту кезінде оқушылар алғаш ағзаның жасушалық құрлысын, зат алмасуын, органикалық заттардың түзілуі, организмнің классификациясы туралы білім алады. Сонымен қатар оқушылар алғаш натуралистік дағдыларға микроскоппен жұмыс, препарат дайындау, морфологиялық, биологиялық, систематикалық белгілерді аңықтау, тəжірибе қою, бақылауға үйренеді. Өсімдік туралы курстың негізгі ерекшелігі табиғи материалдар тірі өсімдіктер пайдаланылады. Өсімдіктер өте көп тараған оларды топ серуенде, орманда, далада, бақшада бақылауға болады. Ол қысқы мерзімге өсімдіктерді кептіріп сақтауға болады.
Сарамандық жұмыста дұрыс ұқыпты қарауды міндеттеу оқушылардың еңбек мəдениетін арттырады. Өсімдік курсын оқыту кезінде оқушылардың жас ерекшелігі ескеріледі. 11-12 жастағы балаларға өзіндік психологиялық мінез, жоғары қозу, үлкен эмоциялық тұрақсыздық, өзіндік қызметке биім, кейде мұғалім еркіне қарсылық тұрушылық тəн. 6 кластың оқушылары бір тақырыпқа ұзақ тоқтауға жəне бір əдіспен ұзақ жұмысқа шыдамайды, оларды қызық материалдар жəне əдістерді өзгерту қызықтырады.
Тау жыныстары оны игеру, ролі, түзілуі: маңызы, қазба байлықтар, ауаны ластанудан қорғау жолдары, адамның биосфераға тигізетін іс-əрекеті, ықпалы, жыл маусымдарының ауысуы, жергілікті жерді табиғат компоненттерін білу, тау жыныстары мен магмалық жыныстарды ажырата білу. Табиғат компоненттерінің арасындағы өзара байланыстар.

  1. сынып бойынша Балдырлардың табиғаттағы, ауыл шаруашылықтағы ролі. Сирек кездесетін өлкенің өсімдіктері. Жергілікті жердің өсімдіктерін анықтай білу. Жануарлар дүниесі, адамның іс-əркеті, жануарлар мен өсімдіктер арасындағы қарым-қатынастар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет