Бағдарламасы Орта арнаулы оқу орындарындағы сауықтыру-дене тәрбиесі және көпшілік спорт жұмысы


Оқу жұмысы. Студенттердің дене тәрбиесі бағдарламасы



бет2/8
Дата16.04.2023
өлшемі36,11 Kb.
#174627
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Мага ашық сабақ

Оқу жұмысы. Студенттердің дене тәрбиесі бағдарламасы
Орта арнаулы оқу орындарына арналған дене тәрбиесі бағдарламасы студенттердің бірнеше теориялық тақырыптарды үйренуін және сонымен бірге тәжірибеде спорттың әр түрінен дене жаттығуларымен шынығып, меңгеруін қарастырады.
Қазақстандағы «Дене тәрбиесі және спорт», «Жеке және қоғамдық гигиена» т.б. басқаларынан студенттер сынақ тапсырады.
Дене тәрбиесі мен спорттық идеологиялық, ғылыми, әдістемелік және ұйымдастыру негіздерін үйрену, сонымен қатар тәжірибелік дағдыларды меңгеру студенттерді алдағы жұмысында қоғамдық-инструктор немесе оқу орнында және жұмыс орнының дене тәрбиесі ұжымындағы спорт төрешісі ретінде болуына керекті біліммен және дағдымен қаруландырады.
Бағдарламаның тәжірибелік бөлімі оқушылардың гимнастикадан, жеңіл атлетикадан, шаңғы спортынан, жүзуден, туризмнен, сонымен бірге Президенттік тест кешені мөлшерінің нормативтер мен бақылау жаттығуларын орындауын қарастырады. Яғни, мектептерде дене тәрбиесінен жақсы бағалар алған студенттер үшін де тұрақты жаттықтыруды қажет етеді. Негізінен гимнастикадан нормативті: тартылу, аунау көпшілігі орындай алмайды. Бұл Президенттік тест кешені мөлшерінің басқа да нормативтеріне қатысты: 100м. жүгіру, кросс, ұзындыққа немесе биіктікке секіру, граната лақтыру, шаңғымен сырғанау, жүзу және туристік жорық. Бұл нормаларды орындау үшін өзіңді-өзің дайындап, шынықтыру қажет.
Дене тәрбиесі бағдарламасының негізгі мазмұнын қимыл қозғалыстардың, жалпы дамытушы және қолданбалы дене жаттығуларының өмірге қажетті түрлерін құрайды. ДТ бағдарламасына баскетбол, волейбол, гандбол, футбол сияқты студенттерге танымал көпшілік спорт ойындары және қозғалыс ойындарының жеке түрлері енеді. Студенттер оқу сабақтарында спорт ойындары бойынша құнды қимыл дағдылары мен дене сапаларын меңгереді. Спорт ойындарынан сынақ нормативтері болғанымен, қозғалмалы-спорт ойындарының жеке тәсілдік элементтерін меңгеру дене тәрбиесінен баға қоюда есепке алынады.
Дене тәрбиесі бойынша оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі жаңа материалды үйрететін, меңгерілген қимыл дағдыларын жүзеге асырып, бекітетін оқу сабақтары болып есептеледі. ДТ бағдарламасы әрбір студенттің күн тәртібін сақтауын, белгіленген уақытта тексеруден өтуін, өзін-өзі бақылау күнделігін жүргізуін, өз денсаулығы мен дене жағдайын қарап, оны жақсарту шараларын қолдануды талап етеді.
«Дене тәрбиесі» пәні бойынша қорытынды баға студенттерге бір рет семестрде теориялық тақырыптардан алған білімдері, оның тәжірибелік нормативтерді орындауда көрсеткен нәтижесі, сонымен бірге оқу-жаттығу сабақтарға қатысуы және тәртібі бойынша қойылады. Сабаққа себепсіз қатыспаған студенттер сынақ жарыстарына қатысуға жіберілмеуі мүмкін, әрі пәннен жақсы қорытынды баға алмайды.
Денсаулық жағдайына қарай арнайы медициналық топтарға кіретін студенттер тәжірибелік нормалар мен жарыстардан босатылады. Оларға дене тәрбиесі пәнінен бағалар теориялық білімі мен дәрігерлік нұсқау бойынша жеке дене жаттығуларын орындауына байланысты қойылады. Дене тәрбиесі оқытушысының ұйғаруы бойынша сынақ кітапшасына дифференциялды бағасы сияқты «сынақ» деп те қоюға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет