Бағдарламасы Орта арнаулы оқу орындарындағы сауықтыру-дене тәрбиесі және көпшілік спорт жұмысы


Сабақтағы жүктемелерді мөлшерлеп бөлудің әдістемесі



бет5/8
Дата16.04.2023
өлшемі36,11 Kb.
#174627
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Мага ашық сабақ

Сабақтағы жүктемелерді мөлшерлеп бөлудің әдістемесі
Жүктемені мөлшерлеп бөлу (дозировка) - бұл оның көлемін және қарқынын бағытты реттеу деген ұғым. Мөлшерлеп бөлу мәселесі дене жаттығуларындағы жүктемені белгілеу бойынша ұсыныстармен шектелмейді. Шұғылданушыларға әсер ету күші тек жаттығулардың сипатына ғана емес, сонымен бірге оқу жұмысының мына элементтерімен де байланысты: түсіндіру, жаттығуларды көрсету, оқушыларды ұйымдастыру және т.б.
Әрбір нақтылы жағдайда оқытушы сабақта жүктеменің мүмкін болған үлкен көлемін қамтамасыз етуге ұмтылады (оның педагогикалық ақталғандығы жағдайы ескеріліп). Жүктеменің келемінің көбеюі сабақтың барынша ұтымды жалпы тығыздығы нәтижесінде іске асады.
Сабақтың жалпы тығыздығы деп педагогикалық белгіленген уақыттың барлық сабақтың ұзақтығына қатынасын айтады.
Педагогикалық өтілген уақытқа келесі қызмет түрлері немесе сабақ бөліктері жатады: оқытушылардың түсіндіргені, көрсеткені, оқытушының нұсқауын ұғыну және түйсікпен қабылдау, өз жолдастарының әрекетін ұйымшылдықпен талдау; дене жаттығуларын орындау және одан кейінгі қажетті демалыс; жәрдемші әрекеттер – қайта сапқа тұрғызу; спорт қондырғыларын орнату, секіру шұқырындағы құмды жұмсарту және т.б.
Оқу уақытының ақталмаған шығынына ұйымдастырудағы қойылған оқу-тәрбие міндеттерін шешуге және кемшіліктерге байланысты бос тұрып қалу жатады: сабаққа кешігіп келу және оны ерте аяқтау, тәртіп бұзуға байланысты сабақ үстіндегі үзілістер, спорт құрал-саймандарының жарамай қалуы, мұғалімнің кетіп қалуы.
Оқу-тәрбие міндеттерін шешу үшін сабақтағы педагогикалық өтілген қызмет түрлері маңызды емес. Мысалы, амалсыз демалыс және жәрдемші әрекеттің аз мәні болады, ал сол уақытта оқушылардың өз жолдастарының әрекеттерін зерттеп және сын көзбен талдауы педагогикалық тұрғыдан сабақтың өте маңызды сәттеріне жатады (егер бұл оқытушының арнайы ұйымдастыруымен және оның тікелей қатысуымен өтсе). Мүмкіндігінше босқа тұрып қалуды және жәрдемші әрекеттерді болдырмау жолдарын қарастыру қажет.
Бұл үшін әр түрлі әдістер қолданылады: алдын ала оқушылардың жүретін барынша қысқа жолдарын белгілейді; артық сапқа тұрғызу және қайта тұрғызудан қашу; спорт қондырғыларын орнату және жинауды шұғылданушылардың ішінен арнайы кезекші тағайындап жарыс тәртібімен өткізіледі.
Осы тәртіппен оқытушы түсіндіруге, өз бетінше жұмысқа және тікелей жаттығуды орындауға мүмкіндігінше көп уақыт бөледі. Сабақтың жалпы тығыздығына қолайлы келудің тәсілі осылай жасалады. Жаттығуды орындауға жұмсалған уақыт моторлы тығыздық ұғымымен байланысты, яғни жаттығуды орындауға кеткен уақыттың сабақтың жалпы уақытына қатынасы.
Моторлы тығыздық - дене жаттығуларымен шұғылданудың өнімділігінің барынша ерекше көрсеткіші, сондықтан, әрине, бірдей жағдайда мүмкіндігінше сабақтың үлкен моторлы тығыздығын қамтамасыз ету керек. Сонымен бірге оның ең бастысы оқу-тәрбие міндеттерін шешу сапасы болып табылатын сабақтың шұғылданудағы маңызын артық бағалауға болмайды, өйткені ол өз кезегінде түсіндіруге, қозғалысты, кинограмманы, үлгіні және басқа да оқытып үйрету әдістерін көрсетуді талап етеді. Осылай гимнастика сабағынның негізгі бөлімінде сабақтың моторлы тығыздығы ең жақсы, қолайлысы деп жиі саналып, 10-15 пайызды құрайды.
Уақыттың арақатынасын түсіндіруге, көрсетуге және жаттығуға жақсы бейнеде белгілеу, сабақты әдістемелік сауатты жүргізудегі ең басты жағдайдың бірі. Ысылған, іскер оқытушылар түсіндіруді оқушылардың тікелей қозғалысты орындауы кезінде жүргізеді.
Алайда ол кезде жаттығудың күрделілігі, оқушылардың дайындығы және шұғылданудың ұсынылған сабақ үлгісінің талаптарын ескеру қажет. Сабақтағы педагогикалық өтілген қызметтің барлық түрлеріне бөлінген уақыт шегінде жүктеменің қарқындылығын мөлшерлеп бөлу мәселесі де өте маңызды. Дене жаттығулары сабағындағы жүктеменің қарқыны оның көлеміне қарағанда тікелей үлкен реакцияны қозғайды. Көп шамада сабақтың оқу-тәрбиелік нәтижесі және олардың сауықтыру әсері қарқындылыққа көп байланысты.
Сабақтағы жүктеменің қарқындылығына қойылатын негізгі талап оның физиологиялық және психологиялық әсерінің мүмкін болған шегін анықтау болып табылады. Әрбір нақтылы сабақта жүктеменің өзіндік мүмкін болған шектегі шамасы болуы тиіс және ол әр кезде жасына, жынысына, шұғылданушылардың жаттыққандығына және сабақтың нақтылы міндеттеріне байланысты анықталуы тиіс.
Жүктеменің шектелуі, әсіресе, жоғары шектеулі туралы мәселе әр түрлі авторлармен әр қилы шешіліп келеді. Әр уақытта бәрінен жиі жүктеменің дәл көрсеткіші ретінде тамырдың соғу жиілігі алынады. Кейбір авторлар тамыр соғу көрсеткішінің абсолюттік шегін сабақта анықтауға тырысты. Мысалы, тамыр соғуының максимальді мүмкіндігі 1 минутта 150 рет соғу деп саналды. Басқалары тамыр соғуы жиілігіне мүмкіндік шегін бастапқы қалпынан пайызбен белгілеуге ұмтылды, мысалы, 80%. Соңғы кездері жүргізілген зерттеулер (В.С.Фарфель, М.В.Раскин және т.б.) шұғылдану сабақтарында тамыр соғуы жиілігінің шектеулі қалпына қатынасы бір мағыналық шешім болуы мүмкін емес екенін делелдеді. Мысалы, спорттағы көптеген сабақтарда сабақтың басындағы тамыр соғуының төмендетілген көрсеткішінде (мин/55-60 рет соғуы) тамыр соғуының шектеулі жиілігі минутына 200-250 рет. Сондықтан тамыр соғуынын жиілігінің өсуі 400 пайызға дейін жетеді, яғни 1 минутта 240-250 рет соғады.
Жүктеме қарқынын сауатты мөлшерлеп бөлу үшін оқытушы сабақта оқу-тәрбиелік қызметтің барлық түрлерін-ұйымдастыру кезінде оны арттыру және төмендету (түсіру) әдістерін жақсы меңгеруі тиіс.
Мысалы, қызметтің көмекші түрлерін күшейту үшін оларға оқу-тәрбиелік сипат береді: спорт қондырғыларын орнату және жинауды, ауырлықты алып жүруді үйрету, ұжымдағы тәртіпті, ұқыпты жұмыс істей білуге тәрбиелеу үшін пайдаланады; сапқа тұрғызу мен саптағы қозғалысты жүгіріп немесе керісінше белсенді демалыс үшін орындайды (денені босатуға, тыныс алуға және т.б. жаттығу беріледі). Жаттығуды орындар алдында кезек күтіп тұрған шұғылданушылардың белсенділігін сүйемелдеп, қолдау үшін оларға арнайы тапсырма ұсынады: «Қозғалыс тәсілінің мына элементтеріне назар аударыңдар және оны барлық топтағы шұғылданушылардың қаншалықты меңгергенін талдауға тырысыңдар»; шұғылданушыларға өз бетінше орындау үшін ұштастыру және жалпы дамыту жаттығуларын ұсынады; зерттеу, үйрену үшін кинограмма, сызба үлгі, суреттер және т.б. береді.
Оқытушының шұғылданушыларды оқу-тәрбие міндеттерін өздігінен іске асыра білуге үйретуі ерекше назар аударуға тұрарлық мақтаныш. Мұнда әр түрлі қызмет түрлері пайдаланылады: әңгіме, кеңес өткізу, тапқырлықты, ептілікті, қиын жағдайда жөнін таба білу талап етілетін шұғылданушылардың алдына міндет қою.
Түсіндіру және көрсету кезінде шұғылданушылардың назарын өзіне аударуы, олардың белсенділігін тәрбиелеуі оқытушының басты міндеттерінің бірін құрайды. Оқушылардың жұмысы неғұрлым қарқынды болған сайын, жаттығу нәтижесінен солғұрлым табыс күтуге болады.
Дене жаттығулары қарқындылығын мөлшерлеп белгілеу шұғылданушыларға тікелей және жанама әсер ету арқылы әдістемелік тәсілдердің қатарымен іске асады.
Шұғылданушыларға тікелей әсер ету әдістеріне жаттығудың қайталану саны, жылдамдығы, күші, қолданылатын сыртқы ауырлық жүктеме шамасы туралы сөзбен нұсқау беру және т.б. жатады. Тікелей әсер ету әдістерін пайдаланып, егер оқушылар мұғалімнің тапсырмасын дұрыс орындаса, онда барынша кең ауқымда жаттығудың қарқындылығын дәл мөлшерлеп, бөлімдермен орындатуға болады.
Шұғылданушыларға жанама әсер ету әдістеріне қатаң уақытпен белгіленген жаттығулармен орындалатын ойындық және жарыстық әдістерінің кезектесуімен жүргізілуі жатады.
Мысалы, әдеттегі тапсырмамен орындауға қарағанда спорттық сайыс кезіндегі жаттығуды орындау жағдайындағы үлкен қарқындылығымен айырмаланады. Селқос, бейқамдықты жеңу үшін осыны пайдалануға болады. Бүтіндей алғанда жаттығулардың орындау қарқындылығын жанама әдіспен мөлшерлеп, бөлу тікелей әдіске қарағанда дәлдігі азырақ болса да оны қолдану кажет. Осы бейнеде сабақтағы жүктемені ең қолайлы мөлшерлеп, бөлу жоғары қарқындылығын, шұғылданушылардың ақыл-ой, сонымен бірге дене жұмыстары ретінде сабақтың 100 пайыздық жалпы тығыздығын қамтамасыз етуді талап етеді. Жүктемені мөлшерлеп бөлудің жоғарыда сипатталған әдістері оқушыларды дұрыс ұйымдастыра білуге және оларға жаттығудың ететін әсерінің дәрежесін бақылауға тәуелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет