БАҒдарламасы семей 2015 1 Әзірленген құрастырушы



Дата08.09.2017
өлшемі289,64 Kb.
#29994
түріБағдарламасы

ПОӘК 042- 18-10.1.12/02-2015

11.06._ 2015ж. №2басылым

беттің - беті






ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Аналитикалық және физколлоидтық химия»
5B072800 – «Өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша)» және

5В072700 - «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандықтары үшін


СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


2015

1 ӘЗІРЛЕНГЕН


Құрастырушы « 20 » 05 2015 ж. К.К.Кабдулкаримова х.ғ.к.,доцент, «Химия» кафедрасы

Баяхметова Б аға оқытушы, «Химия» кафедрасы
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Химия» кафедра отырысында «21» 05 2015ж., №11 хаттама


Кафедра меңгерушісі Мұсабаева Б.Х.
2.2 Инженерлік-технологиялық факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында

« 05 » 06 2015 ж., № 5 хаттама


Төрайымы Төлеубекова С.С.

3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлдаған және ұсынылған

« 11 » 06 2015 ж., № 6 хаттама


ОӘК төрайымы Г.К.Искакова
4 11.09. 2014 жылғы №1 басылым орнына енгізілген

Мазмұны

1 Жалпы ережелер

2 Пәндердің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу

3 Пәндердің оқып-білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

4 Курс форматы

5 Курс саясаты

6 Баға қоюдың саясаты

7 Әдебиеттер



1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер

Кабдулкаримова Кульбану Кабдулкаримқызы, х.ғ.к., доцент Баяхметова Бұлбұл, аға оқытушы

Кафедра «Химия»

Байланыс ақпараты – тел: 35-05-92, оқу ғимараты № 4, кабинет № 418,419

Сабақ өткізу орны – дәрісхана №407, 420

Берілген пән бойынша кредиттер саны - 4

1.2 Пәндердің мазмұнын қысқаша сипаттау:


Аналитикалық және физколлоидтық химия пәні – жалпы білім беру пәндеріне жатады. Бұл бағдарлама кешені технологиялық мамандықтарға керек материалдармен қамтылған. «Аналитикалық химия» пәнінің теориялық бөлімі периодтық заңға негізделген. Периодтық заңға сүйене отырып элементтер мен олардың иондарының химика-аналитикалық қасиеттері көрсетіледі, көптеген аналитикалық реакциялар жүйеленеді, әрекеттесуші массалар заңы химика-аналитикалық және технологиялық практикада қолданылады. Көптеген аналитикалық реакциялар ерітінділерде өтетіндіктен, судың диссоциациясы, рН, рОН, буфер ерітінділер оқылады. Аналитикалық анализдерде тұнбалар қолданылатындықтан гетерогенді жүйелердегі динамикалық тепе-теңдік оқылады. Химиялық анализде тотығу-тотықсыздану реакциялары, комплекс қосылыстар және органикалық ерітінділер қолданылады, сондықтан Аналитикалық химияда редокс потенциалдар, тұрақсыздық константасы оқылады. Өндіріс технологияларына мәні бар физикалық және коллоидты химияның негізі берілген. Молекула құрылысын анықтауда рефракция әдісін қолдану қарастырылған. Химиялық процестерге термодинамиканың бірінші заңының қолданылуы берілген. Жылу эффектінің температураға байланыстылығы көрсетіледі. Өздігінен жүретін және жүрмейтін процестер қарастырылған. Термодинамикалық қайтымды және қайтымсыз процестер берілген. Химиялық тепе-теңдік, Клаузиус Клайперон интегралды теңдеуінің шешімі көрсетілген. Дисперсті жүйелер қарастырылған.
1.3 Пәнді оқудың мақсаты:
Химиялық процестердің заңдылықтарын ашу, осы процестердің өту бағытын, жылдамдығын зерттеу. Химиялық процестердің тепе-теңдік қалпын, заттардың реакцияға түсу қабілетін, олардың құрылысы мен құрамына байланыстылығын қарастырады. Бұл фундаментальды пәндердің теориялық негіздерін білу және оларды практикада (ауыл шаруашылығы облыстарында, экологияда, денсаулық сақтау саласында, фармакологияда, тамақ өндірісінде, өңдеу өндірісінде т.б.) қолдана білу болып табылады.

1.4 Пәндерді оқытудағы негізгі міндеттер:

- студенттердің дүние танымының дамуына әсер ету; - қоршаған ортаға көзқарастарын қалыптастыру; - химиялық құбылыстар арқылы материалдық философияның заңдарын түсіндіру; - бір заттың екінші затқа айналу механизмін түсіндіру; - өндіріс сұранысына байланысты аналитикалық химия әдістерін зауодтар зертханаларында және ғылыми-зерттеу зертханаларында қолдана алу; - шикізаттар мен дайын өнімдердегі компоненттерді анықтаудың қазіргі тәсілдерін, негізгі тамақ өнімдерінің, өңдеу өндірісінің өнімдерінің талдау схемаларын үйрету.

1.5 Оқып- білудің нәтижесі:

Оқып- білудің нәтижесінде білім алушы мыналарды:

- химиялық реакциялар теңдеулерін (молекулалық, иондық, ионды-молекулалық, тотығу-тотықсыздану реакцияларының) құрастыра білуі; - негізгі стехиометриялық және фундаментальды заңдарды меңгеруі; - зертханалық құрал-жабдықтарды, аспаптарды игеруі; - зертханалық тәжірибелерді істей алуы; - концентрациялары дәл ерітінділер дайындай білуі; - зертханалық тәжірибелер нәтижелерін өңдей білуі, талдай білуі, графиктер мен диаграммалар сала білуі; - химиялық анализ әдістерінің теориясы мен практикасын біріктіре білуі; - өздігінен ғылыми-зерттеу жұмыстарын қоюды ұйымдастыра білуі тиіс.

1.6 Курстың пререквизиттері:

1.6.1 «Бейорганикалық химия» пәнінің теориялық бөлімі және элементтер химиясы;

1.6.2 «Физика» пәні (спектральды және басқа оптикалық әдістер эмиссионды атомдық спектроскопия, атомды-абсорбционды спектроскопия, электронды-зондық, инфрақызыл спектроскопия, люминесценция, кондуктометрия, потенциометрия, вольтамперометрия, рентген сәулесі);

1.6.3 «Математика» курстары;

1.6.4 «Органикалық химия» пәні (хромофорлы және ауксохромды топтар,таутомерлі өзгерістер, органикалық лигандалар);

1.7 Курстың постреквизиттері:

1.7.1 Биохимия

2 ПӘНДЕРДІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ

Кесте 1


б/б


Тақырыптың атауы

ДС

ЗС

БОӨЖ

БӨЖ

Әдебиет

1

2

3

4

5

6

7

1

Модуль 1.Гомогенде жүйедегі тепе-теңдік. Аналитикалық процестер сатылары: үлгі алу, үлгіні анализге дайындау, өлшеу сатылары, өлшеу нәтижелерін бағалау (кездейсоқ қателер, жүйелік қателер), нәтижелердің дұрыстығы, қайталануы. Химиялық термодинамика және тепе-тендік.Химиялық термодинамиканың негіздері.Физикалық химияның қалыптасуы, мақсаттары, міндеттері. Негізгі бөлімдері. Экстенсивтік және интенсивтік күй параметрлері.

1

3

1

2

7.1.1-

7.1.6


7.2.1-7.2.4

7.1.8


2

Су диссоциациясы, сутектік көрсеткіш және буфер ерітінділер. Буферлік сыйымдылық. Термодинамиканың бірінші заңы. Термохимия. Энергия сақтау заңдары. Жүйе және сыртқы орта. Энергия және оның түрлері. Термодинамиканың бірінші заңы. Қысым тұрақты болғанда ішкі энергияның өзгеруі. Энтальпия. Термодинамиканың бірінші заңын химияда қолдануы. Химиялық реакциялардың жылу эффектілері. Гесс заңы.

3

2


3

6

7.1.1-

7.1.6


7.2.1-7.2.4

7.1.8


  • 3

Гетерогенді жүйедегі динамикалық тепе-теңдік. Ерігіштік көбейтіндісін пайдаланып есептеулер жүргізу. Термодинамиканың екінші заңы. Энергия айналуының бағыты. Қайтымды және қайтымсыз процестер. Пайдалы әсер коэффициенті. Энтропия, әр түрлі процесстердегі энтропияның өзгеруі. Химиялық реакциядағы бос энергия. Байланыс энергиясы. Химиялық тепе-тендік. Тепе-тендіктің жалпы сипаттамасы. Массалар әрекеттесу заңы. Тепе-тендік константалар. Изобара және изохора тұрақтылар. Қалыпты бірліктер арқылы тепе-тендік константасын есептеу.

4

3


4

8

7.1.1-

7.1.6


7.2.1-7.2.4

7.1.8


4

Модуль 2. Көлемдік анализ. Титриметриялық (көлемдік) анализ. Стандартты ерітінділер, титр. Титрлеу әдістері: тура, кері, алмасу әдісі арқылы. Көлемдік анализдегі есептеулер. Екі компоненті жүйелер

Негізгі анықтамалар. Гиббс, фазалар ережесі. Фаза аралық тепе-тендік, диаграммалар. Қаныққан бу қысымының температураға тәуелдігі. Рауль зандары



2

2

2

4

7.1.1-


7.1.6

7.2.1-7.2.4

7.1.8


5

Қышқыл-негіздік титрлеу. Қышқыл-негіздік индикаторлар теориясы. Титрлеу қисықтар.

Үш компонентті ерітінділердің тепе-тендік ерекшелері. Үш компонетті ерітінділердің құрамын көрсететін графикалық ерекшеліктер. Экстракция. Бөліну коэффициенті.



2

3


2

4

7.1.1-

7.1.6


7.2.1-7.2.4

7.1.8



6

Модуль 3. Оксидиметрия.Тотығу-тотықсыздану әдістері, редокс индикаторлар. Перманганатометрия, иодометрия. Редокс потенциалдары. Оксидиметрия қисықтары. Химиялық кинетика және электрохимия.

Формальды кинетика және катализ.

Формальді кинетиканың негізгі ұғымдары. Реакцияның жылдамдығы, реттілігі, молекулалығы және оның түрлері. Жылдамдық константасы. Температураның жылдамдыққа әсері. Вант-Гофф ережесі, Аррениус тендеуі. Активтілік энергия. Катализ. Негізгі ұғымдар. Фотохимиялық реакциялар



4

3

4

8

7.1.1-


7.1.6

7.2.1-7.2.4

7.1.8


7

Комплексонометрия. Титрлеу қисығы. Комплексондар. Электр қозғауыш күші және электродтық потенциалдар. Электроднық потенциалдар мен қос электрлік қабат туралы қазіргі кездегі көзғарасы. Гальваникалық элементтер.

Гальваникалық элементтердің ЭҚК. Даниэль-Якоби гальваникалық элементі. ЭҚК-нің температураға тәуелділігі. Бірінші және екінші текті электродтар. Электролиз



3

2

3

6

7.1.1-

7.1.6


7.2.1-7.2.4

7.1.8



8

Модуль 4. Гравиметриялық анализ. Анализ әдістері (бөлу,тұнбаға түсіру, ұшыру), жетістіктері мен кемшіліктері. Кристалдық және аморфты тұнбалар. Коллоидтық химия. Дисперсті жүйелер.

Коллоидтық химияның негізгі ұғымдары. Дисперсті жүйе, дисперсті фаза. Дисперсті жүйелердің қасиеттері мен жіктелуі



2

3

2

4

7.1.1-


7.1.6

7.2.1-7.2.4

7.1.8


9

Бөлу және концентрлеу әдістерінің негіздері(тұнбаға түсіру, қосарлана тұнбаға түсіру әдістері).Экстракция. Мицелла құрылысы. Адсорбциялық қабат. Диффузиялық қабат. Әр түрлі заттардың концентрацияларының мицелла құрылысына әсер етуі. Беттік құбылыстар.Беттік құбылыстардың жіктелуі. Адсорбция. Фрейндлих тендеуі. Лэнгмюр мономолекулалық теориясы. Беттік активті заттар

3

3

3

6

7.1.1-

7.1.6


7.2.1-7.2.4

7.1.8



10

Модуль 5. Физика-химиялық анализ әдістері. Потенциометрия. Потенциометриялық титрлеу

1

1

1

2

7.1.1-

7.1.6


7.2.1-7.2.4

7.1.8


11

Кондуктометрия. Кондуктометриялық титрлеу

1

1

1

2

7.1.1-

7.1.6


7.2.1-7.2.4

7.1.8


12

Вольтамперометрия. Амперометриялық титрлеу

1

1

1

2

7.2.2

7.1.1-


7.1.6

7.2.1-7.2.4

7.1.8


13

Абсорбционды спектроскопия. Фотометрия. Фотометриялық титрлеу

1

1

1

2

7.1.1,

7.1.2, 7.2.2

7.1.8


14

Хроматография. Хроматографиялық анализ

2

2

1

4

7.1.1,

7.1.2,


7.1.8 7.2.2



3 ПӘНДЕРДІ ОҚЫП-БІЛУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Курсты оқығанда студент алдымен бейорганикалық химия оқулықтары бойынша Д.И.Менделеевтің периодтық заңын, химиялық реакциялардың жалпы заңдылықтарын және ерітінділер теориясын қайталаулары қажет. Осыдан соң аналитикалық химияның және «Физикалық және коллоидтық химия» пәндерін оқу алдында бағдарламада қарастырылғандай әрбір тақырыптың теориялық бөлімін игеруі және көлемімен танысу қажет. Әрбір тақырыптың сұрақтары оқу барысында жұмысші дәптерге қысқаша конспектілеу керек, үй жұмысының дайындығын, әрбір материалдардың ұғу дәрежесін тексеру үшін есептер шығару керек.

Пәндердің теориялық сұрақтары дәрістерде қарастырылады, сонымен бірге күрделі не оқулықтарда жоқ сұрақтар туралы айтылады, сондықтан студент дәрістерге міндетті түрде қатысуға тиіс. Дәрістер конспектілері зертханалық сабақтарға дайындық кезінде, студенттің өз бетімен өздік жұмыстарын игеру кезінде негіз болады, әдебиетпен дұрыс жұмыс істеуге көмектеседі. Сабақтың маңызды түрі - зертханалық сабақтар. Онда зертханада жұмыс істеу, эксперимент қою дағдысы үйретіледі. Зертханалық сабақтарда теориялық негіздер, заңдылықтар дәлелін табады. Зертханалық сабақта студенттердің өздік жұмысы оқытушы басқарумен өткізіледі. Зертханалық практикумда химиялық реактивтермен және ыдыстармен, зертханалық аспаптармен жұмыс істеу дағдысы үйретіледі.

4 КУРС ФОРМАТЫ

«Аналитикалық химия» - 2 кредит, «Физикалық және коллоидтық химия» - 2 кредит.

Курс бойынша 50 минуттық дәріс аптасына 2 рет, 100 минуттық зертханалық сабақ және 50 минуттық БӨЖО аптасына 2 реттен болады. Студенттер бұл сабақтарға қатысуға міндетті. Босатылған сабақтар қайталанып оқылмайды. Зертханалық сабаққа дайын емес студенттер тәжірибе жасауға жіберілмейді. Зертханалық сабақ бойынша максимал балл алу үшін реакциялар теңдеулерін алдын ала жазып және сұрақтарға жауап беріп келу керек.



1-ші, 2-шы апталарда оқу-әдістемелік материалда (7.1.8) көрсетілген жазбаша тапсырмаларды әр студент өзіне тиісті номер бойынша алады, 4-ші, 6-шы апталарда берілген тапсырмаларды сағат 18.00 дейін өткізеді (1МБ) және 8-ші, 9-шы апталарда оқу-әдістемелік материалда (7.1.8) көрсетілген жазбаша тапсырмаларды әр студент өзіне тиісті номер бойынша алады, 11-ші, 14-шы апталарда берілген тапсырмаларды сағат 18.00 дейін өткізеді(2МБ).

Дәріс бойынша максимал балл алу үшін дәріс соңындағы сұрақтар жауабын келесі дәріс сабағы алдында оқытушыға өткізіп отыру қажет. Сонымен бірге, дәріс соңында міндетті түрде сол материал бойынша білуі керек 5-7 негізгі ұғымдар келтірілген. БОЖӨ тапсырмалары әр теориялық тақырып бойынша мына әдебиетте 7.1.8 берілген, сондықтан әр студент қолында осы әдебиет сабақ кезінде болуы керек.



5 КУРС САЯСАТЫ

  1. Сабаққа кешігуге болмайды;

  2. Сабақты босатуға болмайды, ауырған жағдайда дәрігердің анықтама қағазы болуы қажет;

  3. Тапсырма уақытында орындалмаса, қорытынды баға нәтижесі төмендетіледі;

  4. Оқу процесіне (үрдісіне) белсенді қатысу қажет;

  5. Уақытында және ынтамен ЖҮТ-ты орындау қажет;

6 Курстас студенттерге және оқытушыға қайырымдылық, ақ жарқындық, ашықтық, жарасымдылық көрсету қажет; Сонымен бірге, студенттің өзі орындамаған жұмыстары қабылданбайды, студент ар кодексін сақтауға міндетті, алдауға жол берілмейді. Сабақта ұялы телефонмен байланыс жасауға, сағыз шайнауға болмайды.

6 БАҒА ҚОЮДЫҢ САЯСАТЫ

Студенттердің білімін бақылау келесі формада жүргізіледі:



  • Ағымдағы ( күнделікті) бақылау (әр апта сайын жүргізіледі);

  • Межелік бақылау (семестрдің 7-және 15-аптасында);

  • Қорытынды бақылау түрі – емтихан.

Ағымдағы бақылау (АБ) – студенттің білімін дәрістерде, зертханалық сабақтарда , БОӨЖ-де және практикалық сабақтарда жүйелік түрде бағалау. Күнделікті бағалаудың бірнеше түрі бар:

- Ауызша сұрау - бір немесе бірнеше тақырып (бөлім) материалдарын оқығаннан кейін жүргізілетін бақылау;

- Аудиториялық бақылау жұмысы - жазбаша бақылау, курстың кейбір тақырыбы (бөлімі) бойынша қойылған сұрақтар, есеп шығару, келтірілген жағдайды талдау, практикалық жұмыс жасауды көрсетеді;

- Үй жұмысын қорғау - үй тапсырмасын қорғау және презентация - жеке немесе топ үй тапсырмасын дұрыс орындағанының білімін, өткен материалдарға қорытынды жасап, оны аудитория алдына жеткізе білуін, курс тақырыптарынынң кисынды байланысын байқай білуін бақылау;

- Зертханалық жұмысты қорғау;

- Тестілеу - оқушының білімін объективтi түрде және сапалы баға беру үшін нақты түрде берілген тапсырма жиынтығы (ашық, жабық, біріктірілген);

- БОӨЖ және БӨЖ өткізу.

Межелік (рейтингілік) бақылау (МБ) семестрдің 7-ші және 15-ші аптасында жүргізіледі. МБ бағасы –120 (60+60) балл.

Баға процентпен 100% - тік шкала бойынша қойылады. Студент емтиханға жіберілуі үшін қосынды рейтингілік балл 50 %-тен асуы керек.



Қорытынды бақылау түрі – емтихан , университеттің тестілеу орталығында компьютер көмегімен жүргізіледі.

Босатылған сабақтар үшін, уақытында тапсырылмаған жұмыстар үшін айыппұл санкциялары болады, яғни алатын максимал баллдың белгілі бір пайызы алынып қалады.


Пән бойынша баллдың бөлінуі «Аналитикалық және Физикалық және коллоидтық химия» Кесте 2

Апта

Бақылау түрі

Балл жалпы

Ескерту

1

Дәріс кезінде оқытушы сұрағына жауап беру;

Зертханалық сабаққа реакциялар теңдеулерін алдын ала жазып және сұрақтарға жауап беріп келу керек, жұмысты орындау;

БОӨЖ, БӨЖ көрсетілген сұрақтарға осы тақырып бойынша (7.1.8 әдебиетінде көрсетілген) жауап беру.





Зертх.сабақ БОӨЖ


2

Алдынғы аптадағы дәріс соңындағы сұрақтарға жауап беру, жазып келу;

Зертханалық сабаққа реакциялар теңдеулерін алдын ала жазып және сұрақтарға жауап беріп келу керек, жұмысты орындау АБЖ, БОӨЖ көрсетілген сұрақтарға осы тақырып бойынша (7.1.8 әдебиетінде көрсетілген) жауап беру.



28


Зертх.сабақ

БОӨЖ


3

Алдынғы аптадағы дәріс соңындағы сұрақтарға жауап беру жазып келу;

Зертханалық сабаққа реакциялар теңдеулерін алдын ала жазып және сұрақтарға жауап беріп келу керек, жұмысты орындау; көрсетілген сұрақтарға БОӨЖ, БӨЖ тақырып бойынша жауап беру.



18



Зертх.сабақ

БОӨЖ


4

Алдынғы аптадағы дәріс соңындағы сұрақтарға жауап беру, жазып келу;

Зертханалық сабаққа реакциялар теңдеулерін алдын ала жазып және сұрақтарға жауап беріп келу керек, жұмысты орындау; БОӨЖ, АБЖ, көрсетілген есептер мен сұрақтар осы тақырып бойынша (7.1.8 әдебиетінде көрсетілген) жауап беру.



18

50

Зертх.сабақ

БӨЖ


БОӨЖ

5

Алдынғы аптадағы дәріс соңындағы сұрақтарға жауап беру, жазып келу;

Зертханалық сабаққа реакциялар теңдеулерін алдын ала жазып және сұрақтарға жауап беріп келу керек, жұмысты орындау; БОӨЖ және БӨЖ, көрсетілген есептер мен сұрақтар осы тақырып бойынша (7.1.8 әдебиетінде көрсетілген) жауап беру.



18


Зертх.сабақ

БОӨЖ


6

Алдынғы аптадағы дәріс соңындағы сұрақтарға жауап беру, жазып келу;

Зертханалық сабаққа реакциялар теңдеулерін алдын ала жазып және сұрақтарға жауап беріп келу керек, жұмысты орындау; БОӨЖ, ҮЖ көрсетілген есептер мен сұрақтарға осы тақырып бойынша (7.1.8 әдебиетінде көрсетілген) жауап беру.



18

60

Зертх.сабақ

БӨЖ


БОӨЖ


7

Алдынғы аптадағы дәріс соңындағы сұрақтарға жауап беру, жазып келу;

Зертханалық сабаққа реакциялар теңдеулерін алдын ала жазып және сұрақтарға жауап беріп келу керек, жұмысты орындау; ҮЖ, БОӨЖ көрсетілген сұрақтарды орындау керек (7.1.8 әдебиетінде көрсетілген).

МБ тезаурустық сұраққа жауап беру керек (7.1.8 әдебиетінде көрсетілген).




Зертх.сабақ

БОӨЖ


МБ

8

Алдынғы аптадағы дәріс соңындағы сұрақтарға жауап беру жазып келу;

Зертханалық сабаққа реакциялар теңдеулерін алдын ала жазып және сұрақтарға жауап беріп келу керек, жұмысты орындау; БОӨЖ, БӨЖ тапсырма бойынша орындау



15


Зертх.сабақ

БОӨЖ




9

Алдынғы аптадағы дәріс соңындағы сұрақтарға жауап беру, жазып келу;

Зертханалық сабаққа реакциялар теңдеулерін алдын ала жазып және сұрақтарға жауап беріп келу керек, жұмысты орындау; БОӨЖ,АБЖ, 7.1.8 көрсетілген есептер мен сұрақтар осы тақырып бойынша (7.1.8 әдебиетінде көрсетілген). жауап беру



15

Зертх.сабақ

БОӨЖ


10

Алдынғы аптадағы дәріс соңындағы сұрақтарға жауап беру, жазып келу;

Зертханалық сабаққа реакциялар теңдеулерін алдын ала жазып және сұрақтарға жауап беріп келу керек, жұмысты орындау; БОӨЖ және ЖҮТ көрсетілген есептер мен сұрақтар осы тақырып бойынша(7.1.8 әдебиетінде көрсетілген) жауап беру.



15


Зертх.сабақ

БОӨЖ



11

Алдынғы аптадағы дәріс соңындағы сұрақтарға жауап беру, жазып келу;

Зертханалық сабаққа реакциялар теңдеулерін алдын ала жазып және сұрақтарға жауап беріп келу керек, жұмысты орындау; БОӨЖ және АБЖ көрсетілген есептер мен сұрақтар осы тақырып(7.1.8 әдебиетінде көрсетілген) бойынша жауап беру.



15

50


Зертх.сабақ БОӨЖ

БӨЖ


12

Алдынғы аптадағы дәріс соңындағы сұрақтарға жауап беру, жазып келу;

Зертханалық сабаққа реакциялар теңдеулерін алдын ала жазып және сұрақтарға жауап беріп келу керек, жұмысты орындау;

БОӨЖ, БӨЖ көрсетілген сұрақтар бойынша жауап беру керек(7.1.8 әдебиетінде көрсетілген).


15


Зертх.сабақ

БОӨЖ




13

Алдынғы аптадағы дәріс соңындағы сұрақтарға жауап беру, жазып келу;

Зертханалық сабаққа реакциялар теңдеулерін алдын ала жазып және сұрақтарға жауап беріп келу керек, жұмысты орындау; БОӨЖ, БӨЖ көрсетілген есептер мен сұрақтар осы тақырып бойынша(7.1.8 әдебиетінде көрсетілген) жауап беру.



15


Зертх.сабақ

БОӨЖ



14

Алдынғы аптадағы дәріс соңындағы сұрақтарға жауап беру, жазып келу;

Зертханалық сабаққа реакциялар теңдеулерін алдын ала жазып және сұрақтарға жауап беріп келу керек, жұмысты орындау; БОӨЖ және БӨЖ көрсетілген есептер мен сұрақтарға осы тақырып бойынша (7.1.8 әдебиетінде көрсетілген) жауап беру



10

60

Зертх.сабақ

БОӨЖ




15

Алдынғы аптадағы дәріс соңындағы сұрақтарға жауап беру, жазып келу;

Зертханалық сабаққа реакциялар теңдеулерін алдын ала жазып және сұрақтарға жауап беріп келу керек, жұмысты орындау; БОӨЖ және БӨЖ көрсетілген есептер мен сұрақтарға осы тақырып бойынша жауап беру(7.1.8 әдебиетінде көрсетілген); МБ тезаурустық сұраққа жауап беру керек(7.1.8 әдебиетінде көрсетілген).






Зертх.сабақ

БОӨЖ


МБ

7 Әдебиеттер(аналитикалық химия)

7.1 Негізгі әдебиеттер:

7.1.1 Коренман, Я.И. Практикум по аналитической химии. Анализ пищевых продуктов. Учеб. пособие для вузов. Кн.4. Хромотографические методы анализа/ Я.И. Коренман.- 2-е изд., перераб.и доп.- М.: Колос С, 2005.- 295 с.- (Учеб.и учеб.пособия для студентов вузов).

7.1.2 Аналитическая химия. Физико- химические методы анализа: Электронный учебник / Гавриленко А.Г., Гавриленко И.В., Кабдулкаримова К.К. и др.- CD-R.- Семей, 2007.

7.1.3 Аналитическая химия и физико- химические методы анализа. В 2-х т.  Т.1: учебник / под ред. А.А.Ищенко.- М.: Академия, 2010.- 352 с.- (Высш. проф. образование. Химические технологии)., Т.2 , 2010 – 412c.

7.1.4 Алексеев В.Н. Количественный анализ. М.: Химия, 1972 – 495 б

7.1.5 Посыпайко В.И., Козырева Н.А., Логачева Ю.И. Химические методы анализа. М.: Высш.шк.,1989 – 448 б.

7.1.6 Васильев В.П.Аналитическая химия.Т.1. М.: Высш. шк., 1989.- 384 б.

7.1.7 Васильев В.П.Аналитическая химия.Т.2. М.: Высш. шк., 1989.- 358 б.

7.1.8 7.1.8 Кабдулкаримова К.К., Мусабаева Б.Х., Омарова Н.М. Аналитикалық химиядан зертханалық жұмыстар, 2009. – 80 б.

7.1.9 Кабдулкаримова К.К. Әдістемелік нұсқау. Тест сұрақтары. – 2007ж.

7.1.10 Кристиан Г. Аналитическая химия. Т.1.М.:БИНОМ.Лаборатория знаний,2009 – 622б

7.1.11 Кристиан Г. Аналитическая химия. Т.2.М.:БИНОМ.Лаборатория знаний,2009 – 504б

7.1.12 Құлажанов Қ.С.Аналитикалық химия. Оқулық. – Алматы: Білім, Алматы технологиялық университеті. - 2004- 354б

7.2 Қосымша әдебиеттер

7.2.1 Крешков А.П. Основы аналитической химии. Т. 1,2. М.: Химия , 1977

7.2.2 Наурызбаев М.К. Аналитикалық химияның метрологиялық аспектілері мен стандарттау мәселелері. Алматы: КазНУ – 2004 -170б.

7.2.3 Каримов А.Н. Аналитикалық химияның негіздері. Алматы: КазНУ, 2002 – 339б.

4.2.4 Нұрахметов Н.Н. Аналитикалық химия. Алматы: Алматы технологиялық университеті. – 2004 – 356б.

7.3 Плакаттар

7.3.1. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі

7.3.2. Металдардың кернеу қатары

7.3.3. Тұздар мен негіздердің суда ерігіштігі

7.3.4. Комплекс иондардың тұрақсыздық константасы

7.3.5.Аз еритін заттардың ерігіштік көбейтіндісі

7.3.6. Негіздер мен қышқылдардың диссоциация константасы

7.3.7.Қышқыл-негіздік титрлеу қисықтары

7.3.8.Редоксиметрия әдісінің қисықтары
7 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ КАРТАСЫ(физколлоидты химия)

7 ӘДЕБИЕТТЕР

7. 1 Негізгі әдебиеттер


      1. Жайлауов С. Физикалық химия – Алматы, Рауан, - 1992 – 255 бет.

7.1.2 Оспанов К.Е.Қамысбаев Д.Қ. Физикалық химия – Алматы, Ғылым, - 1999 – 560 бет.

      1. Зимон А.Д. Физическая химия – М.: Агар, - 2003 – 315 с.

      2. Стромберг А.Г.и др. Физическая химия – М.: Высш.шк., - 1999 – 527с.

      3. Физическая и коллоидная химия ( в общественном питании ): учеб.пособие для сред.проф.образования / [С.В.Горбунцова, Э.А.Муллоярова, Е.С.Оробейко, Е.В.Федоренко].- М.: Альфа-М, 2006.- 269с.- (Сервис).

      4. Воюцкий, С.С. Краткий курс коллоидной химии: Учебник / С.С. Воюцкий; И.А.Усков.- Киев: Выща школа, 2001.- 167с.


7.2 Қосымша әдебиеттер

7.2.1 Сокольский Д.В. Гидрирование в растворах. А, «Наука», 1979 г.

7.2.2 Сокольский Д.В., Друзь И.В. Введение в теорию гетерогенного катализа. М., ВШ., 1981 г.

7.2.3 Панченко Г.М., Лебедев В.П. Химическая кинетитка и катализ. М., «Химия», 1985 г.



7.2.4Кудряшов И.В., Каретников Г.С. Сборник примеров изадач по физической химии. М. “Высшыя школа”, 1991г. – 527 с.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет