БАҒдарламасы семей 2015 Алғы сөз I қҰрастырғАН



Дата17.06.2018
өлшемі42,24 Kb.
#42361
түріБағдарламасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 дәрежелі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-21.1.91/02 -2015





ПОӘК

«Ауыл шаруашылық фитопатологиясы» пәнінен оқытушыларға арналған бағдарламасы



11.09.2014ж.

орнына 10.06.2015 ж. №2 басылым




5В080100 «Агрономия » мамандығына арналған

«Ауыл шаруашылық фитопатологиясы»

пәнінің

ОҚУ -ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


ПӘННІҢ СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН

БАҒДАРЛАМАСЫ




Семей

2015


Алғы сөз


I ҚҰРАСТЫРҒАН

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Агротехнология және орман ресурстары» кафедрасының аға оқытушысы Сагандыков Слям Ниғмеджанұлы

«_17_ » __05____ 2015 жыл


2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Агротехнология және орман ресурстарының» кафедрасының мәжілісінде бекітілген.

«_18_» ___05___ 2015 жыл, №9 хаттамасы
Кафедра меңгерушісі: ……………. Есенғұлова Н.Ж.
2.2. Аграрлық факультетінің оқу-әдістемелік бюро мәжілісінде бекітілген.

«_21_»___05___ 2015 жыл №5 хаттамасы


Төраға ………………………....... Джаманова Г.И.
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралды және баспаға ұсынылды

«10_» ____06____ 2015 жыл № 6 хаттамасы
ОӘК төрағасы …………….. Г.К Искакова

4. БАСЫЛЫМ «11.09.» 2014ж.№_1__ бас.ОРНЫНА ЕҢГІЗІЛДІ



МАЗМҰНЫ


1.Жалпы жағдайлар


2. Пәннің мазмұны және сабақтардың түрлері бойынша сағаттар бөлу

3. Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар

4.Курстың форматы

5.Курстың саясаты

6. Баға қою саясаты

7. Әдебиеттер




  1. ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАР




    1. Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер

1. Оқытушының аты –жөні: Сагандыков Слям Нығметжанұлы

2. Кафедра: Агротехнология және орман ресурстары

3. Хабарласу телефоны: (институт, жұмыс)

4. Жұмыс өткізілетін орны: № 5 ғимарат,

5. Пәннің аты: «Ауыл шаруашылық фитопатологиясы»

6. Кредит саны: 3

1.2 Пәннің қысқаша мазмұны.

«Ауыл шаруашылық фитопатологиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені 5В080100 «Агрономия» мамандығының студенттеріне арналған. ПОӘК студенттерді курс мазмұнымен, өзектілігімен, қажеттілігімен, саясатымен және студенттің оқу процессінде қандай дағдылар мен іскерлікті үйренетінімен таныстырады.

«Ауыл шаруашылық фитопатологиясы» пәні басқа пәндермен біріге отырып жоғары білікті мамандар дайындауға бағытталған. Сонымен бірге профильді пәндердің бірі болып есептеледі, мамандардың арнайы білімдерін терең меңгеруге әрекет етеді.

  «Ауыл шаруашылық фитопатологиясы» пәні –аул шаруашылық өсімдіктер қорғау ғылымының дамуын, өсімдіктер аурулары пайда болу себептерін, аурулармен күресу кешенді әдістерін қолдануды талқылайды.

«Ауыл шаруашылық фитопатологиясы» пәні өсімдіктер қорғау саласындағы :

- ауру қоздырғыштары, олардың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін;

 - аурулардың жіктелуін, жүйелік орнын,туу себептерін ;

 - нақтылы өсімдіктердің ауруларын, инфекция қорын, дамуын және таралуын;

- өсімдіктердің иммунитеті-инфекциялық ауруларға төзімділігін және шыдамдылығын;

- ауыл шаруашылық өсімдіктері ауруларын даму мен таралуын болжау;

- өсімдік аурулармен күресу шараларын анықтау

және т.б. негізгі ұғымдарды талқылайды

1.3Курстың негізгі мақсаты:

Курстың негізгі мақсаты: болашақ мамандарды саңырауқұлақ, бактериалды, вирусты және вироидты ауруларының қоздырғыштарының биологиясын, дамуын, таралуын анықтап олармен тиімді күресу шараларын пайдалануды оқыту болып табылады.

1.4 Пәнді меңгерудің негізгі міндеттері:

-студенттердің ауыл шаруашылық өсімдіктер ауруларыме күресу өзекті мәселелермен таныстырып, аурулармен қарсы күресу шараларын заманауи әдістемелерін меңгеру.


1.5 Пәнді оқу барысында студент:

- ауыл шаруашылық өсімдіктер аурулары қоздырғыштарының морфологиясын, биологиясын, жүйелік орнын, экологиясын және туу себептерін;

- нақтылы өсімдіктердің ауруларының белгілерін, қоздырғыштар түр құрамын;

- өсімдіктердің ауруларға иммунитетті, яғни төзімділігі, шыдамдылығы себептерді;

- аурулардын биологиялық ерекшеліктері негізінде тиімді күресу шараларын ұйымдастыруды білуге міндетті.
1.6 Курс пререквизиттері:

Биология, микробиология

1.7. Курс постреквизиттері:

«Ауыл шаруашылық өсімдіктерін қорғау»



2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ САҒАТТЫ БӨЛУ





Тақырыптың аты

Сағат саны


Әдебиеттер

ДР


ТЖ

ЗХ

МО

ӨЖ


ОӨЖ




1

2

3

4

5

6

7

8




1 – модуль Жалпы фитопатоллогия

1 – блок Өсімдік аурулары, олардың себептері және сыртқы белгілері




1

Кіріспе. Өсімдік ауруы туралы түсінік және олардың пайда болу себептері

1

1

1

1,5

4, 5

Р.Д.Карбозова, К.Н.Туленгутова. Фитопатология. Оқулық.Алматы: ЖШС РПБК «Дәүір»,2014-312 б.

2

Аурулардың жіктелуі және олардың сыртқы белгілері

1

1

1

1,5

4, 5

Р.Д.Карбозова, К.Н.Туленгутова. Фитопатология. Оқулық.Алматы: ЖШС РПБК «Дәүір»,2014-312 б.

2 Блок-Жұқпалы аурулардың негізгі топтары

3

Саңырауқұлақтар аурулары және олардың жіктелуі

2

2

2

3

9

Р.Д.Карбозова, К.Н.Туленгутова. Фитопатология. Оқулық.Алматы: ЖШС РПБК «Дәүір»,2014-312 б.

4

Фитопатогенді бактериялар, бактериалды аурулардың түрлері және сыртқы белгәлері



1

1

1

1,5

4, 5

Р.Д.Карбозова, К.Н.Туленгутова. Фитопатология. Оқулық.Алматы: ЖШС РПБК «Дәүір»,2014-312 б.

5

Вирустар, вироидтар және олардың кұрылысы, сыртқы белгілері,зияндылығы

1

1

1

1,5

4, 5

Р.Д.Карбозова, К.Н.Туленгутова. Фитопатология. Оқулық.Алматы: ЖШС РПБК «Дәүір»,2014-312 б.

6

Микоплазмалық аурулар. Нематодтар-аурулар қоздырғыштары.

1-МБ


1

1

1

1,5

4, 5

Р.Д.Карбозова, К.Н.Туленгутова. Фитопатология. Оқулық.Алматы: ЖШС РПБК «Дәүір»,2014-312 б.

2 – Модуль Ауылшаруашылық фитопатология

1 Блок- Аурулардың экологиясы және иммунитет негіздері



7

Эпифитотиялар туралы түсінік

1

1

1

1,5

4,5

Р.Д.Карбозова, К.Н.Туленгутова. Фитопатология. Оқулық.Алматы: ЖШС РПБК «Дәүір»,2014-312 б.

8

Өсімдіктер иммунитеті негіздері

1

1

1

1,5

4,5

Р.Д.Карбозова, К.Н.Туленгутова. Фитопатология. Оқулық.Алматы: ЖШС РПБК «Дәүір»,2014-312 б.

2- блок Ауылшаруашылық өсімдіктердің негізгі ауруларының сипаттамасы

9

Дәнді дақылдардың аурулары

1

1

1

1,5

4,5

Р.Д.Карбозова, К.Н.Туленгутова. Фитопатология. Оқулық.Алматы: ЖШС РПБК «Дәүір»,2014-312 б.

10

Дәнді бұршақ дақылдардың аурулары

1

1

1

1,5

4,5

Р.Д.Карбозова, К.Н.Туленгутова. Фитопатология. Оқулық.Алматы: ЖШС РПБК «Дәүір»,2014-312 б.

11

Техникалық дақылдардың аурулары

1

1

1

1,5

4,5

Р.Д.Карбозова, К.Н.Туленгутова. Фитопатология. Оқулық.Алматы: ЖШС РПБК «Дәүір»,2014-312 б.

12

Картоп аурулары

1

1

1

1,5

4,5

Р.Д.Карбозова, К.Н.Туленгутова. Фитопатология. Оқулық.Алматы: ЖШС РПБК «Дәүір»,2014-312 б.

13

Көкөніс дақылдардың аурулары

1

1

1

1,5

4,5

Р.Д.Карбозова, К.Н.Туленгутова. Фитопатология. Оқулық.Алматы: ЖШС РПБК «Дәүір»,2014-312 б.

14

Жеміс-жидек дақылдардың аурулары

2 МБ


1

1

1

1,5

4,5

Р.Д.Карбозова, К.Н.Туленгутова. Фитопатология. Оқулық.Алматы: ЖШС РПБК «Дәүір»,2014-312 б.

Жиыны

15

15

15

22,5

67,5




1кесте
3 ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


а) Пәнді оқу барысында қажетті уақытты ұйымдастыру және жоспарлау бойынша кеңестер:

Семестрдегі оқу жүктемесін біркелкі үлестіру керек және әрбір студент міндетті түрде орындайтындай, тапсырмалар жиынтығын беру керек, және олардың орындалуын қатаң бақылау керек. Бұл үшін кафедрада бақылаудың әртүрлі формасы бар.

Әрбір пән бойынша өздік жұмысының сағат санын анықтау, оқу тапсырмаларын регламенттеу нақтылыққа, анықттыққа әкеледі, басқа сабақтардың есебінен ОӨЖ- дің көбейіп кетпеуін қамтамасыз етеді.Бұл қорытынды студенттердің пікірімен нақтыланады.

Пәнді оқу барысында сұрақтардың бір бөлігін студент өздігінен оқу керектігін білуі қажет.



Біздің кеңес: өз уақытыныздың шығынын талдау керек. Өз уақытынды есепте және бақылау жаса, оған ұқыпты қара.

б) Студенттің іс-әрекеті, немесе пәнді оқудың сценарийі



  1. Оқу материалын дұрыс орналастыру және пәнніңөткен материалдарын және басқа пәндерді байланыстыру.

  2. Тақырыпқа байланысты сабақты өткізудің түрлері мен әдістері анықталады. Пәннің көптеген сұрақтарын нақты мысалдардан және зертхана жұмыстарынан меңгеруге болады.

  3. Теориялық курс зертханалық- тәжірибелік жұмыстармен және тәжірибеден өту барысында, оның ішінде диплом алды тәжірибеден өту барысында бекітіледі.

Зертханалық сабақтар тақырып дәрістері оқылғаннан кейін жүргізіледі.

Сөзсіз, бұндай сабақтарда ойлау, талдай білу қабілеттері дамиды. Пәнаралық байланыс студенттердің ғылым негізін терең меңгеруге қажет. Олар ойкеңістігінің кеңеюіне, білуге деген қызығушылықтың дамуына, жаңа ғылымды өздігінен игеруге және оларды тәжірибеде қолданудын белсенділігін жоғарылатады.

Пәнаралық байланыстың негізінде бір пәнмен келесісінің арасын жалғастыруға болады, оқу материалдарын көшіруді болдырмау керек. Оқу процесінде бұндай байланыстар туындауы мүмкін, оларды алдын ала анықтап және де оларды жұмыс бағдарламасына, жоспарына кіргізу керек.

в) Оқу- әдістемелік кешенінің материалдарын қолдану бойынша ұсыныстар.

ПОӘК енгізілген оқу- әдістемелік материалдаы дамыған ғылымның жетілдірілген деңгейін көрсетуі керек, оқу материалының логикалық мазмұның қарастыру керек, студенттердің оқу материалын терең меңгеру үшін және оны тәжірибеде пайдалану үшін жетілген әдістер мен техникалық тәсілдер қолдану керек.

Кредиттік оқу жүйесінде СӨЖ- нің үлесі өсіп, мәні жоғарылайды, ал бұл өз кезегінде студенттің жұмысын өзгертеді, оның іс- әрекетіне талап жоғарылайды.



г) Әдебиеттермен жұмыс істеу бойынша ұсыныстар.

Оқырманның мақсатын білмей, қандай әдебиет көздерімен жұмыс жасау керек екенін, қандай көлемде әдебиет қолдану керек екенін айту қиын. Студент оқу бағытын жоспарлай білу керек, табылған әдебиет көзіне тез және дәл есеп беріп, содан кейін оны кез- келген уақытта оңай табылатындай етіп қою керек. Өйтпеген жағдайда үлкен әдебиет қорын белсенді пайдалану мүмкін емес.

Пән бойынша арнайы әдебиетпен жұмыс ітеудің негізгі мақсаты келесідей болып бекітіледі: улкен көлемдегі материалдан өзіне керекті негізгі мәліметтерді, болашақ мамандарға қажетті материалдарды таңдап алу керек.

д) Емтиханға дайындалу бойынша кеңестер.

Жазғы және қысқы сессия – ең қиын жұмыс кезеңдері.

Қысқы сессия уақытында, семестр бойына жүйесіз жұмыс істеу нәтижесінде меңгеруге мүмкін емес үлкен материалдарды еске түсіруге тура келеді. Сессия уақытында материалдарды тек қайталап, бір жүйеге келтіріп және түсініксіз сұрақтар бойынша кеңестер алуға болады.

Сессияға дайындықты алғашқы, ынтамен тындалған дәрістерден және толық орындалған зертхана-тәжірибелік, семинар сабақтарынан бастау керек. Бұл Сіздің табысыныздың негізі.

Есте сақтаңыздар- түнгі дайындық сабақтары аз өнімділік береді. Олар ойдың жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуіне әкеледі. Уақытты жоспарлау кезінде, қандай емтихан сізге қиын болады және қайсысына уақыт қорын көп қолдану керек екенін ескеру керек.

Өзіндік дайындық үшін кафедра берген бақылау сұрақтарын және бағдарламаларын ұтымды пайдалану керек.

Семестірдегі ұқыпты жұмыстарыңыз және емтиханға деген екпінді дайындығыңыз сізге сенімділік туғызады және білімінізге сай бағаны аласыз.

4 КУРСТЫҢ ФОРМАТЫ.

Аудиториялық сабақтар курсты оқу бойынша методикалық ұсыныстарға сәйкес жүргізіледі. Әрбір тақырыпты оқу кезінде жұмыс дәптерінде зерттелген тақырыптың мақсаты, тапсырмасы, шешімі және қорытындысы көрсетілуі керек. СОЖӨЖ аудиториялық және аудиториядан тыс деп бөлінеді. Аудиториялық толық өңделген бақылау жұмысы түрінде жұмыс дәптерінде және реферат түрінде орындалады.

Сабаққа қатысу: Дәріс және тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу керек. Дәріс кезінде түсінбеген материалдарды оқытушыдан қосымша түсіндіруін сұрауға болады. Егер студент белгілі бір себептермен сабаққа қатыса алмаса, барлық өткен материалдар бойынша жауап беруі тиіс.

Үй жұмысы: үй жұмысы өткен материалды бекіту үшін және міндетті түрде орындау үшін арнайы жасалған. График бойынша әр тақырыпытың соңында тапсырылуы керек.

Тәртіп: Сабақ үстінде үнемі тәртіп бұзған студент аудиториядан шығарылып, жіберіледі және барлық курс бойынша «қанағаттанарлықсыз» бағасы қойылады. Сабаққа кешігіп келуге болмайды, сабаққа кешіккен студент дәрісханаға кірмейді. Сабақ кезінде ұялы телефондар өшірілуі тиіс.

Сабаққа дайындық: Студенттер сабаққа дайындалу барысында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің компьютерлерін қолдана алады. Кітапханада белгіленген ережелер бойынша оқулықтарды, мерзімдікк басылымдарды оқуға, үйге алуға болады.

Өздік жұмыстар: Дәрісханадан тыс уақытта студенттер СОЖӨЖ және СӨЖ дайындап, белгіленген мерзімде оқытушыға өткізеді. СОЖӨЖ және СӨЖ тапсырмалары 6-пунктте белгіленген. СОЖӨЖ және СӨЖ 4 форматтағы таза ақ беттерге орындалады.

Бақылау жұмыстары: бақылау жұмысын студент міндетті түрде орындап, белгіленген уақытта тапсырылуы тиіс.

Көшіріп алу: Кез-келген көшіріп алу үшін қатаң жазалап, аудиториядан шығарумен қоса, жалпы курс үшін «Ғ» бағасын қоюмен қамтылады.

Межелік бақылау: Межелік бақылау қорытындысы студенттің сабаққа қатысуын, өздік жұмысты уақытында орындауын, сабақта ауызша және жазбаша түрде жауап беруін ескере отырып қойылады.

Емтихан: қорытындысы бойынша бағалық баллдар қойылады. Емтиханда сіздің дәрістік жазбаларынызды және кітаптарды пайдалануға болмайды. Емтихан тест түрінде өтеді.

Оқу процесіне белсенді қатысу керек, барлық тапсырмаларды талпынып орындау керек, ұжымдық жұмыстарға қатысу керек. Пунктуальды, сабырлы болу керек.


5 КУРСТЫҢ САЯСАТЫ

  1. Біз бірігіп жұмыс жасау барысында төмендегідей ережелерді ұстануымыз қажет:

- оқу процесіне белсенді қатысу керек

  • барлық тапсырмаларды талпынып орындау керек

  • сабақтан себепсіз қалмау

  • сабақтан қалған уақыт электронды журналға тіркелісімен баға автоматты түрде төмендейді

  • білімді бағалау балдық - рейтингілік жүйемен бағаланады



6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ

«Ауылшаруашылық фитопатологиясы» пәні бойынша студенттердің білімін бақылау келесідей формаларда іске асырылады:



  • Күнделікті (ағымдағы) бақылау, тыңдау, өздік жұмыс талдау, ауызша сұрау;

  • Межелік бақылау: екі межелік бақылау жасалады, мұнда жазбаша бақылау жұмысы немесе тестілерге жауап беріледі;

- Қорытындыбақылау: тестілеу

«Ауылшаруашылық фитопатологиясы» пәні бойынша баллдарды бөлу

2кесте


Апта

Бақылау түрі

Барлық балл

Ескерту

1

2

3

4




1 аптадан 7 аптаға дейінгі сабаққа қатысу

30




1

ТС

-




2

ТС

10




2

ЗС

10




3

ТС

10




3

ЗС

10




4

ТС

10




4

ЗС

10




4

БӨЖ

45




5

ТС

10




5

ЗС

10




6

ТС

10




6

ЗС

10




6

БӨЖ

45




7

1 аралық бақылау

80




1 аптадан 7 аптаға дейінгі нәтиже бойынша қорытынды балл

300







8 аптадан 15 аптаға дейінгі сабаққа қатысу

30




8

ТС

5




8

ЗС

5




9

ТС

5




9

ЗС

5




10

ТС

7




10

ЗС

8




11

ТС

7




11

ЗС

8




12

ТС

7




12

ЗС

8




12

БӨЖ

45




13

ТС

7




13

ЗС

8




14

ТС

10




14

ЗС

10




14

БӨЖ

45




15

2 аралық бақылау

80




8 аптадан 15 аптаға дейінгі нәтиже бойынша қорытынды балл

300




Емтихан үшін қорытынды балл

400




Академиялық кезең үшін қорытынды балл

1000




Ескерту:

2 кестенің мәліметтері оқытушымен электронды базаға енгізіледі (электрондық журнал).





  1. ӘДЕБИЕТТЕР

7.1 Негізгі әдебиет

7.1.1 Р.Д.Карбозова, К.Н.Туленгутова. Фитопатология. Оқулық.Алматы: ЖШС РПБК «Дәүір»,2014-312 б.

7.1.2. Агибаев А.Ж, Тулеева А.К., Суйлейменова З.Ш. « Ауыл-шаруашылық дақылдарын зиянкестер мен ауруларлын қорғау» Алматы 2010 ж

7.1.3 А.Қ. Түлеева., В.К.Әжбенов. Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің зиянкестері және олардан қорғау шаралары. Оқу құралы.-Астана:Фолиат, 2007ж.


7.2 Қосымша әдебиет

7.2.1 Өсімдік қорғаудың орысша – қазақша анықтамалық сөздігі. Калымбетов Б., Тілменбаев Ә., Матбаев Б., Жанұзақов А. Алматы, Қайнар, 1977ж



7.2.2 Ашықбаев Н.,Дүйсенбеков Б.,Ағыбаев А.,Карбозова Р. Өсімдік қорғау.Астана: Фолиант, 2011

7.2.3 С.Е.Грушевой.-Сельскохозяйственная фитопатология.Москва:1965
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет