БАҒдарламасы шемонаиха қ. 2010 жыл Паспорт 3 2



бет12/22
Дата28.01.2018
өлшемі5,71 Mb.
#34261
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22

Әлсіз жақтары:

1. аймақтық электр желілерінің жо,арғы деңгейде тозуы;

2. жаңа энергия көздерінің құрылысын салуды қамтамасыз ететін механизмдердің жоқтығы.

Мүмкіндіктер:

1. энергиялық теңгерім аумағына қайта жаңарған энергия көздерін енгізу;

2. электр энергетикасының нысандарын дамытуға инвестициялар тарту үшін саланың инвестициялық тартымдылығын көтеру бойынша шаралар қабылдау.

Қауіп:

1. көптеген электр желілерінің тозуына байланысты аудан тұтынушыларын электр қуатымен қамтамасыз ететін саланың нашарлауы.


2.2.3.2 Сумен жабдықтау

Қазіргі уақытта ауданның 40 елді мекендерінің 28-де орталықтандырылған сумен жабдықтау қызмет етеді, яғни 93,2% құрайды. Қалған 6,8% орталықтандырылмаған сумен жабдықталған. Ауданда су тасылмайбайды.

Шемонаиха ауданы тұрғындарды коммуналдық-тұрмыстық сумен жабдықтай жүйесінде 341,8км су құбырларының желісі тартылған, оның қатарында Шемонаиха қаласында 58,6км. Су құбырлары желілерінің тозуы 40% тен 80% дейін құрайды. Бұл желілердегі қайтарылмайтын су жоғалтудың үлкен көлемі және тұрғындардың суды тұтыну нормасының үлес салмағының өсуі салдарынан.

Қолданыстағы «Ауыз сулар» бағдарламсы аясында 2003 жылдан 2010 жыл аралығында бюджеттік қаржыдан 304,974 млн теңге игерілді, оның қатарында РБ 214,124 млн теңге (2 нысан); ЖБ 90,85 млн теңге (2 нысан). Соңғы 6 жылда ауыз сумен жабдықтаудың 4 нысандарынң жұмысы толығымен аяқталып пайдалануға берілді.

2009-2010 жылдары «Жол картасы» шараларын іске асыру аясында ауыз сумен жабдықтау нысандарына ағымдық жөндеу жұмыстарына бөлінген және пайдаланған ақшалай қаражат – 173,5 млн теңге:

- Первомайский к. су құбырларының желілерін жөндеуге – 122,5 млн теңге;

- Зевакино а. сумен жабдықтау жүйесін жөндеуге – 39,9 млн теңге;

- Ново-Убинка а. сумен жабдықтау жүйесін жөндеуге – 5,9 млн теңге;

- Зевакино а. су атқылау мұнарасын жөндеуге – 5,2 млн теңге.

Жүргізілген шаралардың нәтижесінде 2009-2010 жылдары 4651 адамның сумен қамтамсыз етілу жағдайлары жақсарды.

Қазіргі уақытта Шемонаиха ауданы бойынша 2011-2015 жылдарға арналған Шемонаиха ауданын дамыту жоспары дайындалған, оған мыналар кірген: Шемонаиха ауданының 14 ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта құру және құрылысын салу. 2010 жылдан бастап «Топаз» леологиялық барлау компаниясы» ЖШС-мен Красная Шемонаиха ауылын сумен жабдықтау нысандарының құрылысын салуға ЖСҚ дайындау үшін жер асты сулары қорларын қайта бағалау бойынша жұмыстар басталып кетті. 2011 жылға Вер-Уба және Рулиха ауылдарындағы су қорларын есептеуді жүргізу жоспарланған.

Геологиялық барлау жұмыстары Геология комитеті және Қазақстан Респуликасының жаңа технологиялар және индустрия Министрлігімен аз мөлшерде қаржыландырылады (2009 жылы жұмыстар жүргізілген жоқ), бірақ та барланған қорлар бойынша нәтижелер екі жылдан кейін беріледі. 2007-2008 жылдары жер асты сулары қорын нақтылау үшін ауданның 2 елді мекенінде іздестіру-барлау жұмыстары жүргізілді.

Бұл жағдай жобалардың орындалуын тежеп тұрған фактор болуы мүмкін. Ауылдық елді мекендердегі геологиялық барлау жұмыстарын неғұрлым көбірек қаржыландыру қажет. Жоспарланған жобаларды уақытылы жүзеге асыру мақсатында геологиялық барлау жұмыстарын жыл сайын қаржыландыру қажет.

Бағдарламаның соңғы нәтижеге жетуін тежеп тұрған факторлардың бірі пайдалануға берілген ұйымдардыр санының аздығы. Ауданның 9 ауылдық елді мекендеріне су құбырлары қызметтерімен және пайдалануға берумен «Первомайский водоканал» КМҚК коммуналдық кәсіпорын айналысады, 2 су құбыры сенімді шаруа қожалықтарының басшыларының басқаруында, 17 су құбырына ең аз мөлшердегі қажетті пайдалануға беру құралдарымен және мамандармен қамтамсыз етілмеген жеке кәсіпорындар, шаруа қожалықтары қызмет етеді Ауыз сумен жабдықтаудың пайдалануға берілген және құрылысы салынған нысандарын болашақта пайдалануын қамтамасыз етуге байланысты проблемалар бар.

Қазіргі уақытта «Шемонаиха су каналы» КМҚК коммуналдық кәсіпорынын салу жөніндегі ШҚО және Павлодар облыстарының бәсекелестігін қорғау бойынша ҚР Агенттігінің Аймақаралық инспекциясынан келісім алынған. Бұл кәсіпорынның негізгі қызмет түрлері: сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, су тарту болып табылады.

Шемонаиха қаласының және ауданның елді мекендерінің тұрғындары үшін сумен жабдықтау қызметтерінің тарифы 2009 жылда 1 кубы 14 теңгеден 120,0 теңгеге өзгерді.


Күшті жақтары:

1. тұщы жер асты сулары қорының жеткілікті деңгейі;

2. ауыз суға жоғарғы сұраныс;

3. қызмет істеп тұрған сумен жабдықтау жүйелерінің болуы;

4. тасымалдау жолымен ауыз суды пайдаланатын елді мекендердің болмауы.

Әлсіз жақтары:

1. қолда бар тұщы жер асты суларын қорын жеткілікті пайдалана алмау;

2. көптеген сумен жабдықтау нысандарының және желілерінің тозғандығы және оның салдары апаттар, жоғалтулар, ауыз су сапасының төмен деңгейі;

3. негізгі өндірістік қорларын жаңартудан қарағанда олардың ескіру үдерісінің алға шығуы;

4. қолда бар нысандарды қайта құру және жаңа сумен жабдықта жүйелері құрылысын салуда мемлекеттік және жеке меншіктік инвестициялардың жетіспеушілігі;

5. ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су тарту бойынша кәсіпорындардың жеткілікті дамымауы.



Қауіп:

1. саңылауларды пайдалану тәртібінің бұзылуы нәтижесінде жер асты су көздерінің сапасының нашарлауы;

2. Физикалық тозу себептерімен құралдардың жұмысқа жарамай қалуы, қоршаған ортаға жағымсыз әсер ету қаупі;

3. ұзақ мерзім пайдалану нәтижесінен жиналған, сумен жабдықтау нысандарының қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы;

4. апаттың өсуі.

Мүмкіндіктер:

1. жаңа тұщы жер асты су қорын игеру;

2. тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;

3. сумен жабдықтау жүйесінің техникалық жағдайын жақсарту, суды тазалауға және дайындауға шығындарды өсіру;

4. осы заманғы тиімді технологиялар енгізу мүмкіндігі;

5. материалдық-техникалық базаны жабдықтау жолымен пайдалану қызметін толығымен жетілдіру.




2.2.3.3 Жылумен жабдықтау

Аудан бойынша жалпы жылу желілірінің ұзындығы – 60,8км құрайды, олардың тозғандары 40%-дан 80%-ға дейін.

Негізгі жылу энергиясын жеткізетін «Қазақмыс корпорациясы» мыс-химиялық комбинатының қазандығы. Комбинат теңгерімінде 37,6 жылу жұйелері бар, тозғандары 40%. Комбинат қазандығы Шемонаиха қ. және Усть-Таловка к. орналасқан барлық нысандарға жылу береді. Құралдарды жөндеу мыс-химиялық комбинатының өз қаржысы есебінде жүргізіліді. Жыл сайын бұл мақсаттарға 10,0 млн теңге бөлінеді. Бұдан өзге ауданда 81 бюджеттік шағын қазандықтар бар, сұйық отынмен – 7, электр қуатымен - 56. Жылу беру жүйелерінің және қазандықтарының құралдарының техникалық жағдайы қанағаттанарлықтай. Шемонаиха қаласында орналасқан қазандық «Первомайский су каналы» КМҚК сенімді басқармасына берілген.
Соңғы жылда жылу көздерін және жылу жүйелерін қайта құру бойынша орындалған жұмыстардың көлемі оларды жаңалаудағы қажеттіліктерге сәйкес емес.

Жылу энергиясының тарифы ауданда 2009 жылда 1700 тенге/Гкал-дан 5963,22 теңг/Гкал-ға дейін өзгерген.



Күшті жақтары:

1. Ауданның жылу беру көздерімен жылу энергиясы өндірісінің өсуі;

2. ауданның қазандықтары үшін арзан отын болып табылатын көмңр орындарының болуы;

Әлсіз жақтары:

1. жылумен жабдықтау желілерінің тозуының жоғарғы пайызы



Мүмкіндіктер:

1. салттық емес жылумен жабдықтау көздерінің даму келешегі



Қауіптер:

1. жылу көздерінің қарапайым агрегаттарының, қазандық қуатының негізгі қорлардың жоғарғы дәрежеде тозумен байланысты апаттық жөндеуде шығып кетуі;

2. бәсекеге қабылетті ортаның дамымаушылығы.

2.2.3.4 Су бұру

Канализациялық желілердің жалпы ұзындығы 75,98км, желілердің тозғандар 60-70% құрағандықтан жиі болатын апаттық жағдайларға әкеп соғады. Ауданда бір тазалау құрылысы (Шемонаиха қ. Усть-Таловка к.) 1980 жылы салынған. Қазіргі уақытта Первомайский кентінің тазалау құрылыстарына жобалақ-сметалық құжаты дайындалған.

Су бұрудың қолданыстағы тарифтері технологияны жаңартуға және қызметтер сапасын көтеруге бағытталған кешенді жаңалауды жүргізуге шығындарды есепке алмайды, кірістер және құрылым амортизацияларының тарифы инвестияцияға арналған көздер ретінде маңызды үлесін құрамайды. Сонымен аудан бойынша канализация қызметтеріне тарифтер 2009 жылы ҚҚСС-тың м3-не 10,95 теңгеден 33,44 теңгеге дейін өзгерді.

Тазалау құрылыстарын неғұрлым сапалы пайдалану және қатардан шықғуға жол бермеу мәселесін шешу мақсатында канализация желілерін қайта құру қажет.



Күшті жақтары:

1. Аудан тұрғындарын су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету 01.01.2010 жылға 56% құрайды.



Әлсіз жақтары:

1. канализациялық желілердің 60-70% қанағаттанарлықтай емес жағдайда және ауыстыруды талап етеді.

2. ауданның елді мекендерінің тұрғындарын су бұрғылау қызметтерімен қамтудың аздығы

Мүмкіндіктер:

1. Су бұрғылау, канализациялық желілер, тазалау құрылыстары және канализация жүйесінің нысандарының құрылысын салу және қайта құру, бойынша инвестициялық жобалардың жүзеге асуы тұрғындарды су бұрғылау қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейін өсіруге мүмкіндік береді.



Қауіп:

1.Су бұрғылау, канализациялық желілер, тазалау құрылыстары және канализация жүйесінің нысандарының құрылысын салу және қайта құру бойынша жобаларды мемлекеттік бюджеттен жеткілікті қаржыландырмау.




        1. Жолдар

Аудан бойынша жалпы қолданыстағы жоолдардың ұзақтығы 364км, оның қатарында: республикалық маңызы бар жолдар – 68км (19%); облыстық маңызы бар жолдар – 114км (31,0%); аудандық маңызы бар жолдар - 182км (50%). Автомобиль жолдарын жеткіліксіз көлемде қаржыландыру саладары жол жағдайының өте нашарлауына әкеп соқты, қазіргі күнде де толығымен шешілмеген.

Жол салаларын шектеулі қаржыландырудың шектеулі кезеңінде 2010 жылға дейін орташа және күрделі (15 жыл) жөндеудердің жіберілініп алынған жөндеу аралық мерзімі бойынша (5 жыл) автожолдардың жабынды бөлігінің көп бұзылуына әкеп соқты. 2009 жылғы тексеру деректері бойынша жолдар ұзындығының 50% астамын жүретін бөліктің негізгі элементтерінің ақаулары құрайды. Біліктік жүктеменің және ауыр салмақты авкөліктердің санының қарқынды өсуі жол жабындысының жылдам бұзылуын тудырады.

17 кесте

2007-2009 жылдардағы жөндеу жұмыстарының өзгеру динамикасы

Жылдар

Жөндеуден өткендер, км

Техникалық-пайдалану жағдайы, км


БАР

ЛЫҒЫ

Көшелік-жол желісі

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары

Жұмыс түрі бойынша

Құрылыс, қайта құру

Күрделі жөндеу

Орташа жөндеу

Жалпы ұзындығы

Жақсысы

Қанағаттанарлықтай

Қанағаттанарлықтай емес

2007

9,6

7,7

1,9

-

-

-

296

52

217

27

2008

11,4

5,0

6,4

-

-

6

296

49

220

27

2009

20,2

4,7

15,5

-

-

18,2

227

49

151

27

Аудандық маңызы бар жалпы қолданудағы автомобиль жолдпрының жағдайына жүргізілген талдауға және техникалық-пайдалану мониторингысына сәйкес 2007 жылдан 2009 жылдарға дейінгі кезеңде техникалық-пайдаланушылық көрсеткіштердің байланысы мынадай түрде өзгерді:

- жақсы техникалық жағдайдағы жолдардың ұзындығы 52км-ден 49км-ге дейін қысқарған, 22% құрады;

- облыстық бюджетке өткізуімен байланысты қанағаттандырылғандары 217км-ден 151км-ге дейін немесе (69км) 49км-ге қысқарған;

- қанағаттандырылмаған техникалық жағдайда 27км тұр.

57,4км автомобиль жолдарына күрделі жөндеу жұмыстарын, 120км жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет етеді.

2007 жылы Шемонаиха ауданы бойынша жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын ұстау сапасына коммисиондық бағалау жүргізілді, және де осы жылы Шемонаиха қ. Уба өзені арқылы автомобильдік көпірді паспорттау жүргізілді. Автомобиль жолдарының көпірлеріне және жол құбырларының көліктік-пайдалланушылық жағдайы қиын және маңызды проблемалар болып есептелінеді. Қазіргі уақытта 7 су өткізу құрылыстары қанағаттанарлықтай емес жағдайда және жөндеуді талап етеді.



18 кесте

Аудан бойынша 2007 жылдан 2009 жылғы дейінгі кезеңдегі автомобильдік жолдар саласының негізгі көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы

Салалық бағыттарды қаржыландыру, млн теңге

2007

2008

2009

2010

БАРЛЫҒЫ

54,9

64,7

219,2

338,8

қаржыландыру көзі бойынша













Республикалық бюджет

-

-

141,0

141,0

Қалалық/аудандық бюджет

48,7

64,7

78,2

191,6

Облыстық бюджет

6,2







6,2

жұмыс түрі бойынша













Құрылыс, қайта құру













Күрделі жөндеу

19,1

14,9 (ЖСҚ)




34,0

Орташа жөндеу

29,6

27,8

154,2

211,6

Ағымдық жөндеу және ұстау













Ауданның жол саласына бюджеттк инвестициялар көлемінің жиынтығы 2007 жылдан 2009 жылға дейінгі кезеңде 338,8 млн теңгені құрады.

Осы қаржы есебінде жөндеу жұмыстарының барлық түрімен қалалар және елді мекендердің автомобиль жолдарының 41,2км жөндеуден өтті, оның ішінде:

- орташа жөндеу жұмыстарының түрлері бойынша – 24,2км (58,7%).

Жолдарды алдын ала бұзылудан тежеудің негізгі қолдау факторлары болған жолдарды ағымдық жөндеуге және ұстауға әлі де қажетті қаржы бөлінбейтіндігін атп өткен жөн. Қаржы шектелгендіктен автомобиль жолдарына профилактикалық жөндеу жұмыстары толық мөлшерде жүргізілдмейді де жол киімдерінің, жер төсемдерінің және жасанды құрылыстар қызметі мерзімінің қысқаруына әкеп соғады. Көгалдандыру бойынша тек орман жолақтарын механикалық өңдеу жұмыстары ғана жүргізіледі, жаңа отырғызулар мен көшеттерді күьу жұмыстары жүргізілмейді.

Орташа ауданда бір жылда 12-14км-дей мөлшерде жолдарға жөндеудің барлық түрі жүргізіледі. Ұстау нормаларын қатаң сақтағанда ғана уақытынан бұрын бұзылуды тоқтату мүмкін. Бұл біріншіден жөндеуден өткен жер телімдеріне қатысты. Бұдан өзге де қаржының жетіспеушілігі күрделі және орташа жөндеу жұмыстары бойынша жөндеу арлық мерзімдердің сақталмауына әкеледі. Нәтижесінде жылдан жылға толығымен жөнделмеген автомобиль жолдарын көбейіп кетеді де олар толығымен қайта құруды талап етеді.

Шектелген капитал салымы арнайылындырылған жол-құрылыс және жол-қолданушылық техникаларының жетіспеушілігіне әкеледі.

Жол маңыздылығына қарамастан ағымдық жөндеу және ұстау жұмыстарын орындау үшін негізгі машиналардың және механизмдердің жетіспеушілігі сезіледі.


Автомобиль жолдары саласына SWOT – талдау
Күшті жақтары:

1. Аудан орталығымен елді мекендерді байланыстыру үшін автомобиль жолдары негізгі көлік қатынасы болып табылады;

2. өткізу қабылетінің резервтері;

3. аралас түрлі көлік құрылымының дамушылығы;



Әлсіз жақтары:

1. Негізгі құралдардың көбінің моральды және физикалық тозуы (инфрақұрылымның және қозғалыс құрылымының);

2. инновациялық және автоматтандыру үдерістерін енгізу деңгейінің нашарлығы;

Мүмкіндіктер:

1. Мемлекеттік және мемлекеттік серіктестік механизмін дамыту;

2. автомобиль жолдарының, көпірлердің көліктік-пайдаланушылық көрсеткіштерін өсіру және олардың қажеттілік құрамын көтеру;

3 автомобиль жолдары желілерін сақтау және дамыту;

4. автомобиль жол телімдеріне қайта құру және күрделі жөндеу жұмыстарын жасағаннан кейін жөндеуаралақ мерзімді сақтау;

5. автомобиль жолдарының саласының басқару сапасына ұлтаралық стандартты енгізу.



Қауіп:

1. ішкі және сыртқы жағдаяттардың нашарлау мүмкіндіктеріне байланысты макроэкономикалық қауіп;

2. бюджеттік қаржылындырудың қысқаруы;

3. бағалық қауіптер;

4. заңнамалық қауіптер;

5. технолдогиялық және экологиялық қауіптер;

6. кадрлық қауіптер.

Ауданда жол техникалары санының жеткіліксіздігі байқалады.



2.2.3.6 Телекоммуникация және байланыс

Шемонаиха ауданы бойынша барлығы 40 елді мекен бар, оның ішінде телефонмен қамтылғандары 40 елді мекен (100%). Ауданда телекоммуникация және байланыс бюойынша қызметтер көрсететін 1 кәсіпорын қызмет етеді.

Аудандағы телефонмен қамту деңгейі 100% құрайды. Барлық телефон номерлері 5490, оның қатарында жеке тұлғалар номерлері 5124, заңды тұлғалар 366. 2009 жылы АЕМ-де 10 таксофон орнатылды. Қосымша көше телефондарын орнату қажеттілігі жоқ. Облыс аймағында Beeline, К-Сеll сияқты мобильдік байланыс операторлары жұмыс істейді.

Телекоммуникация саласында орын алған жағдайды бағалау мынаны көрсетеді:



Күшті жақтары.

1. дамыған телекоммуникация қызметтерінің жүйесі;

2. аудандағы жоғарғы дәрежедегі телефон орнату (100%).

Әлсіз жақтары:

1. ауылдық елді мекендердегі байланы және телефон байланысының төмен қарқында жаңаруы;

2. тіркелген байланыс нарығында нақты бәсекелестіктің болмауы;

3. Ғаламтор жүйесіне кең жолақты қол жетімділікті дамытудың жеткіліксіздігі;

4. ұялы байланыстың жоғарғы тарифтері.

Мүмкіндіктер:

1. Тұрғындарды қол жетімді және сапалы байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету;

2. азаматтардың және ұйымдардың күнделікті өмірде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалануы;

3. АЕМ тұрғындарын байланыстық әмбебап қызметтермен қамтамасыз ету.



Қауіп:

1. Телекоммуникациялық нарықтың нақты бәсекелестігінің дамымауы;

2. азаматтық маңызы бар радиожиілік ресурстарының шектелуі.

2.2.3.7 Көлік

Ауданда теміржол және автомобиль көліктерінің өзіндік дамуы бар. Ауданда жолаушылардың негізгі көлемі автомобиль көліктерімен тасымалданады. 2007-2009 жылдары теміржол көлігін есепке алмағанда барлық көлік түрімен тасымалданғаны:


19 кесте


Атауы__2007__өсу_қарқыны_%__2008'>Атауы

2007

өсу қарқыны %

2008

өсу қарқыны %

2009

өсу қарқыны %

Тасымалданған жүк, мың тонна

-

-

-

-

-

-

Жүкайналым



















Тасымалданған жолаушылар, мың адам







396,6

0

65,4

-16,5

Жолаушылар айналымы, мың. п.км







7497

0

1046,2

-14

Шемонаиха ауданының елді мекендерінің көлік байланысы ішкі аудандық автомобиль маршруттарын ұйымдастыру жолымен қамтамасыз етілген. Қозғалыс реті 95% құрайды.

Олардың тиімсіздігінің себептері бойынша жекеленген елді мекендерде аудан ішінің жолаушыларын тасымалдау жоқ және қазіргі күнде шығындарды өтеу үшін бюджеттен қаржы бөлу мәселесі шешілмеген. 40 елді мекеннің 6-уы тұрақты жолаушыларды тасымалдаумен қамтамасыз етілген, жалпы санның 15% құрайды.

Қазіргі уақытта ауданда 1 автомобиль тұрағы қызмет етеді. «Автомобиль көліктері туралы» Қазақстан Республикасы Заңында қарастырылған автомобиль саласын мемлекеттік реттеудің негізгі тапсырмаларын орындауда жолаушыларды автомобильдік тасымалдау нарығында бәсекеге қабылеттілігін қамтамсыз ету, жолаушыларды және жүкті тасымалдаушылар қозғалыс құрамын жақсартумен айналысуда.Жол қауыпсіздігімен қамтамасыз ету үшін 2007 жылы – 81 ақпараттық көрсеткіш белгілер, 9м3 пано орнатылды; 2008 жылы - 315 мың теңге сомасына 20 белгі, 2009 жылы 216 мың теңге сомасына 12 белгілер және 1182,3 мың.теңгеге 66 белгілер орнатылды. «Жол картасы» бойынша шараларды іске асыру аясында 2010 жылы 2,0 млн теңгеден аса сомаға 120 жол белгілері орнатылды.

Одан басқа да аялдама пунктері жолаушылар тасымалдау Ережелерене сәйкес келиейді: Шемонаиха қ. 2 соңғы аялдамалар. Ауылдық аялдамалар 9, оның ішінде: Усть-Талаовка кентінде 3, Первомайский кентінде 2, Межовка ауылында 2, Верх-Уба ауылында 2 аялдама бар. 2011 жылдан бастап аялдамаларды жолаушылырды тасымалдау Ережелеріне келтіру бойынша жұмыстарды бастау жоспарлануда.

Қазіргі күнде Шемонаиха ауданының аумағы бойынша өтетін автомобиль жолдарында мыналар:


20 кесте

Атауы

Саны

1. Мотелдер, қонақүйлер

2

2. Қайнар көздері

2

3. Тұрақтар

3

4. Автожанармай құю бекеттері

7

5. Техникалық қызметтер бекеттері

3

6. Шиномонтаж шеберханалары

3

Ауданның теміржол желілерінің ұзындығы - 20км, оған 1 теміржол вокзалы және 3 жолаушылар платформасы орналасқан. Теміржол вокзалы және теміржол кассасы Шемонаиха қ. орналасқан. Теміржол көліктерімен жолаушыларды және жүктерді тасымалдау мынадай облысаралық және халықаралық бағыттар бойынша жүзеге асырылады: Лениногорск –Астана (Мәскеуге дейінгі бір вагонды тіркеммен), Лениногорск – Барнаул (Новосибрске және Бийскке дейін бір-бір вагонды тіркеммен).

Күшті жақтары:

1. тасымалданатын жолаушылар санының 2007 жылдан 3,9% өсуі;

2. Шемонаиха ауданының шекараға жақын орналасқан аудан болуы;

3. Ауданда баламалы көліктің болуы (автомобиль, теміржол).

Әлсіз жақтары:

1. Жарияланбаған тасымалдаушылардың қызмет етуне байланысты алыстағы елді мекендердің реттелген хабарламамен қамтамасыз етілмеуі. Алыстағы елді мекендерде аудан ішінде жолаушыларды тасымалдаудың жоқтығы немесе олардың тиімсіздігі себептері бойынша әлсіз дамыған және шығындарды өтеу үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөліну мәселесінің шешілмеуі.



Мүмкіндіктер:

1. жолаушыларды және ұйымдарды тасымалдаудың қол жетімділік және сапалы қызметтермен қамтамамсыз ету;

2. жергілікті атқаруша органдарының жол полициясы бөлімі және көліктік бақылау инспекциясының жұмыстарының реттелуі;

Қауіп:

1. экономикалық өсу қарқынының төмендеуі, өнеркәсіптің құлдырауы, көлік қызметтеріне сұраныстың төмендеуі.

2. қуат көздеріне бағалар.
2.2.3.8 Тұрғын –үй секторының жағдайы

Шемонаиха ауданы бойынша тұрғын-үй қорының жалпы көлемі 1033,9 мың шаршы метр, оның қатарында:

Қалалық жерлер 641,2 мың шаршы метр немесе 62%.

Ауданда барлығы 9877 тұрғын-үй бар, оның ішінде қалада 3256 үй бар. Көпқабатты үйлер саны 171. Тіркелген кондоминимумдар 59, ПИК – 3(Шемонаиха қ.).

Көпқабатты үйлердің жалпы алаңы 225 мың 23м. 99,6 мың шаршы метр шатырды, 15,3 мың шаршы метр іргетасты жөндеу қажет.

Қазаіргі уақытта қоғамдық үйлер меншіктеріне өз қаражаттары есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша пәтер иелерімен жиналыстар өткізілуде. 2009 жылы Первомайский кентіндегі көппәтерлі үйлерді қалпына келтіруге 43,2 млн теңге бөлінді. Коммуналдық меншікке өткізілген 37 пәтер қалпына келтірілді, 1320 шаршы метр шатыр, трансформатрлық бекет жөндеуден өтті.

Тұрғын-үй коммуналдық жаңалау бағдарламасына сәйкес тұрғын-үй секторын жөндеуге пәтер жалдаушылардың өз қаражаттары сияқты қарыз да бағытталатын болады. Бұл тұрғын-үй қорын ақырындап тәртіпке келтіруге көмектесетін болады. Тұрғын-үй инспекциясын құруды жоспарлаумен тұрғын-үй қорына түгендеуге, ақаулық сметалар құруда ауданның тұрғын-үй қорын жүргізуді жылдамдатуға бағытталатын болады. 2015 жылға дейін үйлердің шатырына, еден асты жайларына жөндеу жұмыстарын жүргізу және Шемонаиха қ. аулалық аймақтарды қалпына келтіру жоспарлануда.

Күшті жақтары:

1. ПИК кондоминимум құру санын өсіру



Әлсіз жақтары:

  1. Тұрғын-үй қорының дағдарыс жағдайы

  2. Сатып алушылардың өз құнынан асатын тарифтер бойынша қызметтерді

төлеуде дайындықтарының аздығы

Мүмкіндіктер:

1. Тұрғын-үй шаруашылын жаңалау

2. Тұрғын-үй қорына тиісті құрамға және пайдалануға беруге бақылауды жүзеге асыру мақсатында тұрғын-үй инспекциясын құру

Қауіп:

1. Экономиканың өсу қарқынының төмендеуі, өнеркәсіптің құлдырауы

2. Бағалық қауіптер

3. Заңнамалық қауіптер


2.2.3.9 Абаттандырушылық

Аудан аумағында 334км көшелер мен жолдар бар, 15,2га парктер, шағын абқтар, алаңдар бар.

Меншіктіктің барлық формасындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қатысуымен жалпы аудандық сенбіліктер өткізілді. Сенбілікке 10 мыңдай адам қатысты, 334км елді мекендердің көшелері, 15,2га парктік аймақтар, 7216 тұрғын-үйлердің аулалық аймақтары тазаланды, 15500 куб. метр қоқыс шығарылды және 16 бекітілмеген үйінділер жойылды.

Көктемгі ағаш отырғызулар, білім беру мекемелерінің, мемлекеттік мекемелердің аймағында гүлзарларды бөлу жүргізілді. Қазіргі кезде Шемонаиха ауданының аумағында 4337 (Шемонаиха қ. 1560) терек көшеттері, бұта көшеттері, 3079 шаршы метр гүлзарлар отырғызылды.

2009 жылда Шемонаиха қ. Ю.Гагарин атындағы №3 ОМ аумағына жасанды жабындымен, түнгі шамдармен жабдықталған (прожекторлық түрдегі 4 шамдар және 6 орындық) спорт алаңының құрылысы жүргізілді.

«Үш қайың» қайнарын абаттандыру орындалды: баспалдақ марштары, темір қоршаулар орнатылды.

Ұлы Отан соғысы жауынгерлерін еске алу ескерткішіне Мария жартасына түрімен қарау алаңы орнатылды. 2 орындықтар, 2 урна орнатылды, 60 шырша көшеттері, отырғызылды, темір қоршаулар, парктік қалталарды асфальтті-бетон жабындылар жаю, жаяу адамдар жолдары салынды.

Іргелес аймақтық құралдармен (жаяу жүргіндер плиткалары, орындықтар, парктік алаңдар, баспалдақ көтерілімі жабдықталған, жарықтандырылған, қоқысқа арналған контейнерлер үшін алаң) А.Иванова әдісі бойынша Марияның әдеби бейнесі орнатылған.

«Жол картасы» жобасын іске асыру аясында «Восточный» дүкені маңындағы алаңындағы паркті бөлу жүргізілді: 16 орындық, 13 урна орнатылды, жая жүрушілер плиткасы, трошерлік түрдегі 16 көше шамдары орнатылды, декоративтік қоршалды; (Бәйтерек) ШСФ. Ауданда Гагарина 9, 19, 42 көшесі бойынша жылтыр садниктермен қоршалған; футбол және баскетбол алаңдары дайындалды; балалар алаңдарына құралдар орнатылды. Ауданның Мәдениет үйі маңындағы паркте жалпы көлемі 1630,0 шаршы метр жаяужол салынды., аймақты қоршау орындалды, шағын сәулеттік формалар – 60 орындық, «Трапеция» түріндегі 10 әткеншек, 5 парктік орындықтар, 2 декоративтік тоған, декоративтік көпірше, 40 дана урналар орнатылды.

Ағымдағы жылда «Жол картасы» жобасын іске асыру аясында «Восточный» дүкені маңындағы алаңындағы паркті бөлу жүргізілді: 8 орындық, 8 урна орнатылды, жаяужол плиткасы салынды, трошерлік түрдегі 8 көше шамдары орнатылды, декоративтік қоршалды.

Күшті жақтары:

өткізу, осығын сәйкес көшелер, жолдарды, парк аймақтарын, алаңдарды, тұрғын-үйлердің аймақтарының, кондоминимум нысандарының ауласын, мектеп аймақтарын және мәдениет мекемелері аймақтарын тазалау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Әлсіз жақтары:

1. Аумақты абаттандыру және көгалдандыру бойынша шаралардың қажетті қаржыландырылмауы.

Мүмкіндіктер:

1. Аумақтарды абаттандару, фасадтарды, аулалық аймақтарды, парктерді, шағын парктерді және т.б жөндеу бойынша мемлекеттік-жеке меншіктік серіктестіктің келешегі

Қауіп:

Ауданның елді мекендерінің қанағаттандырылмаған санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы, елді мекендердегі эстетикаға сай емес бейнесі, фасад, шатырлардың қанағаттандырылмаған жағдайы сияқты тұрғын-үй қорының, абаттандырушылық элементтерінің қарқынды ескіруі.



1. 40% аса көп пәтерлі тұрғын-үй қорының ауласының аймағы бәріне бұрын балар және спорт алаңдарын құруда және жүру жолын жөндеуді, жасыл көшеттерге түгендеу жүргізуді, кәрі ағаштарды кесу және ақауға шығаруды қажет етеді.

2. Орман жабындылары алқабының азаюымен байланысты елді мекендерді көгалдандыру, жол шетінен ормандық жолақтар салу бойынша жұмыстарды жалғастыру қажеттілігі туады.

3. Аумақты абаттандыру және көгалдандыру бойынша конкурс өткізу үшін аудан бюджетінен жыл сайын қаражат бөлінуін қарастыру қажет.

4. Аудан үшін абаттандырудың проблемалық мәселелерінің бірі қатты-тұрмыстық қоқыстарға арналған орынды ұстап тұру болып табылады. Қоқыс эколгиялық талаптарға жауап бермейтін және ресми статусқа ие қатты-тұрмыстық қоқыс полигонында емес ұйымдаспаған үінділерге шығарылып тасталынады. Қатты-тұрмыстық қоқыстарды шығару және жинау бойынша арнайылындырылған кәсіпорындар жеткіліксіз.


2.2.4 Аумақтық құрылыс


Шемонаиха ауданында барлық 40 елді мекендерде бас жоспар жоқ. Елді мекендер бойынша картографикалық материал жоқ, қолда бары Шемонаиха қ. бойынша М1:2000 топографиялық сурет.

Шемонаиха қ. бойынша құрылыс салудың негізгі ережелеріне тұрғындар санының және көшіп-қонудың өзгеру динамикасының, қоныстандыру және өнеркәсіптік аумақтарды игеру келешегі, көліктік және инженерлік инфрақұрылымның дамытуы, мәдени-тұрмыстық маңызы бар нысандарды орналастыруы осы заманғы талаптарға сай клмейтін Бас жоспар 25 жылдан аса уақыт бұрын дайындалған. Қала құрылыс кадастры қалалық және аудандық деңгейде жүргізілмейді.

шаралар Қазақстан Республикасы Перзидентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы №1471 Жарлығымен бектілген Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында Шығыс Қазақстан облысында «Мекен-жай регистрі» ақпараттық жүйе» (бұдан кейін – МЖР АЖ) мемлекеттік деректер базасын енгізу және дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2009 жылы Шемонаиха ауданы бойынша МЖР АЖ мемлекеттік деректер базасын толтыру аяқталды, өзекті мекен-жай базасын қолдау көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

ИЖС үшін телімдер бөлуге қажеттілікке байланысты 2008 жылы аудандық бюджеттен Шемонаиха қ. солтүстік бөлігінде орналасқан 5 шағынауданның алға озған толығымен жоспарлау жобасын дайындауға 2,2 млн теңге мөлшерінде қаржы бөлінді.

2010 жылы толығымен жоспарлау жобасы бойынша сраптама қорытындысы алынды және жоба аудандық мәслихат сессиясында бекітілді. Осы аумаққа құрылыстарын салу 2011 жылғы жоспарланған (телім таңдау жүргізілген, 280 орынға арналған балабақша құылысының жобасы дайындалған) 106 жеке тұрғын-үй құрылыстарының, демалу паркі, сауда нысандары мен балабақша, телімдері орналасты. Жоспарланған аймақтың шекаралық шегі 28,0га, оның қатарында тұрғын-үй құрылысы 13,0га, сондай-ақ халыққа қызмет ету нысандары қарастырылған – 2 дүкен және 280 орынға арналған балабақша және қоғамдық пайдалану орны – алқабы 7,0га парк. Жоспарланған шағынаудан тұрғындарының саны есеп бойынша 382 адамды құрайды, тұрғындар жиілігінде 1га 29,3 адам.

Сондай-ақ 2010 жылы қазіргі уақытта облыстық басқармаларды келісімнен өтіп жатқан Шемонаиха қаласының бас жоспарын дайындауға 32,5 млн теңге мөлшерінде қаржы бөлінген. Қоғамдық дәрістер өткізілді. Қорытынды дәріс 2010 жылдың 15 қарашасында экология және табиғатты пайдалану маманының қатысуымен өтті. Бас жоспарды бекіту 2010 жылғы желтоқсанға белгіленген.

Осы заманға тұрғын-үй құрылысының жағдайының талдауы.

Әлеуметтік қарым-қатынаста тұрғын-үйге деген сұраныс адамның негізгі өмірлік қажеттіліктерінің және жалпы қоғамның басым пролемасының бірі болып қала береді, ал тұрғын-үй құрылысын дамыту қоғамды дамытудың басым тапсырмасы болып қала береді. Қазақстан Республикасы бойынша Шығыс Қазақстан тұрғын-үй құрылысын салу көлемі бойынша жетекшілер санына кіреді. Соңғы жылдары тұрғын-үй құрылысының проблемалары жеке меншік құрылыстары есебінен шешілді. Сонда жеке меншік құрылыстары есебінде 2009 жылы жалпы алқабы 4126,2 шаршы метр 60 жеке тұрғын-үй қолданысқа енгізілді, 2008 жылмен салыстырғанда 28% өскен.

2008 жылы жалпы алқабы 3260,0 шаршы метр 53 тұрғын-үй қолданысқа енгізілген.

2009 жылы жалпы алқабы 4126,2,0 шаршы метр 60 тұрғын-үй қолданысқа енгізілген.

Қазіргі уақытта ауданда аяқталмаған бір нысан бар – Шемлнаиха қ. 120 пәтерлі тұрғын-үй, жалпы алқабы 5551,0 шаршы метр. Шемонаиха қ. 120 пәтерлі үйдің иесімен пайдалануға кезеңмен (подъездеп) беру туралы құрылысты жалғастыру мәселесі талқылануда. Ипотекалық несиелеу аясында құрылыс салуға қатысу үлесі қарастырылуда.
- «МЖР» ақпараттық жүйесінің жоқтығы елді мекендердегі мекен-жайлық шаруашылықты жүйесіз жүруіне әкеледі, яғни аумақты жоспарлауда және ұйымдастыруда тіркеуді қиындатады.

- сыртқы жарнама аумағында мемлекеттік реттеушіліктің жоқтығы облыс аумағындағы қара ниетті бәсекелестіктің жайылуына әкелуі мүмкін және елді мекендердегі тиіссіз жарнамалардың қиылысуын қиындатады.

- жалға алған тұрғын-үйлердің құрылысын салуға және дамытуға бөлінген қаржының жетіспеуі, аудандық тұрғын-үй құрылысындағы инженерлік-коммуникациялық құрылымды салу;

- аудан аумағында әр түрлі қабаттағы тұрғындардың өмірлік тұрғын-үй талаптарын жақсартуға қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған экономикалық тиімді негізделген және тұрғын-үй азаматтық құрылысының үнемі қызмет ететін механизмінің болмауы;

- қазіргі күнде қала құрылысының толық көлемдегі құжаттардың болмауы, оның қатарында жерді пайдалану ережелері және салулар;

- тұрғын-үй құрылысының түрлерін және қажетті көлемде енгізуге кепілдеме беретін, ірі масштабтағы жобалдарды іске асыруға арналған инвестициялар тартумен қамтамасыз етуге қабылетті экономикалық ынталандыру жүйесінің өңделмеуі;

- тұрғын-үй құрылысындағы келешектегі алаңдарды инженерлік қамтамсыз етудің артта қалуы.

Дамудың бюджеттік бағдарламаларын іске асыруда проблемалық мәселелер мыналар:

- бір қаржы жылына жобалық-сметалық құжаттарды және құрылысты жоспарлау;

- әлеуметтік инфрақұрылым нысандары желісінің жеткіліксіз даму деңгейі.

Көрсетілген проблеманы шешу үшін Бюджеттік кодекстің талаптарына сәйкес үшжылдық кезеңге республикалық және облыстық бюджетке қосылған нысандар бойынша алға озған жобалық-сметалық құжаттарды дайындау қажет.
2011 жылда орындалған мемлекеттік, аймақтық және аудандық әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары, жоспарлары және қолдану бағдарламалыры:

- Шемонаиха қ. 30 пәтерлі коммуналдық тұрғын-үйдің құрылысы, іске асыру кезеңі 2010-2011жж., жалпы шығындар сомасы – 165,7 млн теңге, жобалық-сметалық құжаттандыру дайындалып және Мемлекеттік сараптамадан өтті. Экономика және бюджеттік жоспарлау Департаментінің 2008 жылғы 04 желтоқсандағы № 07-08/4175 хатына сәйкес осы жобаны қаржыландыру мүмкіндігі 2010-2012жж арналған орташа мерзімдік жоспарға енгізілді.;

- Шемонаиха қ. 30 пәтерлі коммуналдық тұрғын-үйді абаттандыру және инженерлік жүйелеу: іске асу кезеңі – 2010ж., жобалық-сметалық құжаттандыру дайындалып және Мемлекеттік сараптамадан өтті, құрылыстың сметалық құны 15,966 млн теңгені құрайды;

- Коневка ауылындағы су бөгеті құрылыстарын салу және су құбырларына трассасын салу: іске асу кезеңі – 2007-2010жж., жалпы шығындар сомасы – 133,745 млн теңге, бөлінген 5,0 млн теңгеге 2007 жылы ТЭН дайындалды, Мемлекеттік сараптама қорытындысымен 2011-2015 жылдарға арналған «Ауыз сулар» аймақтық бағдарламалар Жобасына қосылды, 8,0 млн теңге бөлінгенде ЖСҚ дайындалатын болады;

- Барашки ауылындағы су құбырының магистральдық және кенттік жүйелері құрылысын салу: іске асыру кезеңі 2008-2011жж., жалпы шығындар сомасы – республикалық бюджеттен 104,0 млн теңге., бөлінген 4,0 млн теңгеге 2008 ТЭН орындалды, Мемлекеттік сараптама қорытындысымен 2011-2015 жылдарға арналған «Ауыз сулар» аймақтық бағдарламалар Жобасына қосылды, 4,5 млн теңге бөлінгенде ЖСҚ дайындалатын болады;

- Шемонаиха қ. №5 шағын ауданына сумен жабдықтау және канализация желілерінің құрылысы: іске асыру кезеңі 2011-2012жж., жалпы шығындар сомасы – 40,0 млн теңге, 16,0 млн теңге бөлінгенде 2011 жылы ЖСҚ дайындалатын болады;

- Первомайский кентінің тазалау құрылыстарын қайта құру: іске асыру кезеңі – 2010-2011жж., жобалық-сметалық құжаттандыру дайындалып және Мемлекеттік сараптамадан өтті, құрылыстың сметалық құны 413,088 млн теңгені құрайды;

- Первомайский кентіндегі қатты-тұрмыстық қоқыстар полигонының құрылысы: іске асыру кезеңі 2008-2010жж., жалпы шығындар сомасы – 40,0 млн теңге, облыстық бюджеттен, 2009 жылға ЖСҚ дайындауға 5,0 млн теңге жоспарланды және қалған сома 2010 жылға;

- Первомайский кентіндегі қираған әлеуметтік сала нысандары мен көпқабатты тұрғын-үйлер астындағы жер телімдерін топырақ құнарлығын қалпына келтіру: іске асыру кезеңі 2009-2011жж., жалпы шығындар сомасы 68,0 млн теңге, облыстық бюджеттен, 2009 жылы «Жол картасы» бағдарламсын іске асыру аясында 19,2 млн теңге бөлініп оған 21 көпқабатты үй астының аймағын бұзу және тазалау жүргізілді;

- Шемонаиха қ. 280 орынға арналған балабақша құрылысы: іске асыру кезеңі 2009-2011жж., жалпы шығындар сомасы – 248,0 млн теңге, 2009 жылғы тамыздан жобалық-сметалық құжаттандыруды дайындау басталды;




Күшті жақтары:

1.Тұрғындардың өмірлік тіршілктеріне қолайлы қоршаған орта құру үшін аумақта кешендік құрылыстар салу. Сонымен қоса демографиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға жоспарлаған және орын алған табиғи-климатикалық жағдайларды, осы аймақтардыың аумағын пайдалануға шектеулер мен функционалдық аймақтауды, эколгиялық жағдайды жақсарту бойынша шараларды есепке ала отырып әлеуметтік, рекрециялық, өндірістік, көліктік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды қоса елді мекендердің аумағын дамытудың негізгі бағыттары шешілуде.



Әлсіз жақтары:

1. Аймақтардың жылдам бас жоспарсыз салынуы меншік иелерінің құқықтарының қысым жасалуына, аумақтарды ұтымсыз игеруге, құрылыс құнының қымбаттауына бірінші орында, тұрғын-үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрлымның әлеуметтік нысандарының қымбаттауына әкеп соғады.



Мүмкіндіктер:

1. ауылдық елді мекендердің әлеуетін дамыту


Қауіп:

1. Жер телімдерін және нысандар құрылысын бас жоспарда белгіленген тәртіп бойынша болмауы, елді мекендерге бөліктік жоспарлау жобаларына және құрылыс маңына салу жобаларына Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынады.

01.01.2010 жылғы жағдай бойынша аудан тұрғындарының саны 48,3 мың адамды құрады, соңғы жылдары тұрғындар санының азаю беталысы сақталған. Соңғы екі жылда қала тұрғындарының саны 16,8 ден 19,0 мың адамға өскен немесе 113,1%, ауыл тұрғындары 33,2 мың адамнан 29,3 мың адамға азайған немесе 11,1%.

Соңғы жылда талдау кезеңінде миграция үдерісіне 1,9 мың адам қатысты немесе аудан тұрғындары санының 3,9%. Бірақ та барлық көшіп-қонулар теріс қалдықты, ТМД елдеріне неғұрлым көп тұрғындар легі байқалған (көші-қон қалдығы – 184 адам(, адамдар легі бойынша – облыс ішіндегі көші-қондық – (көші-қон қалдығы – 96 адам, облыс аралық - 60 адам).

Соңғы үш жыл ағымында ең жоғарғы көші-қондық келулер 2008 жылы байқалған – көші-қон қалдығы – 385 адам, 2009 жылы көші-қон қарқыны біраз ақырындап және - 340 адамды құрады. ТМД елдеріне көші-қондық адамдар легі 2007 жылғы 387 адамнан, 2008 жылғы 360 адамнан, 2009 жылы 184 адамға дейін төмендеген. 2009 жылғы ағымда жалпы көші-қондық тұрғындар легінің санынан ТМД елдерінің және Қазақстан Республикасы бойынша адамдар легі тең болған (ҚР басқа облыстары мен шҚО ішінде), 2007 жылы ҚР ішінің көшіп-қонулардан СНГ елдеріне көшіп-қонулар 1,9 есеге асып кеткен, 2008 жылы – 7 есе.

Шемонаиха ауданнының тұрғындары ауыз сумен 100%-ке таяу қамтамасыз етілген.

Шемонаиха ауданының 40 елді мекені электр қуатымен қамтамсыз етілген.

Ауданды жол желілерімен қамтамсыз ету қанағаттанарлақ жағдайда.

Әлеуметтік сала нысандарын жабдықтауға келетін болсақ тұрғындар санына теңсізкке қатысты сипатта.

Аудан бойынша тұрғындардың нығздылығы бүтіндей алғанда бір шаршы метрге 12,2 адамды құрайды және тұрғындары жиі орналасқан аймаққа жатқызылады.

Ауданның индустриялық пәрменділігі бүтіндей алғанда бір адамға 303,5 мың теңгені құрайды және жоғарғы деп саналады.

Аудан бойынша елді мекендерді қайтарып беру бүтіндей алғанда бір ауылдық тұрғынға 334,9 мың теңгенң құрайды және жоғарғыға қатысты деп саналады.

Ауданның ауыл шаруашылық маңызы бар жерлерінің тиімділігі жоғары деп танылған.
2.2.4.1 Ауыл тіршілігін қамтамасыз ету

Ауыл тіршілігін қамтамасыз ету үшін елді мекендерде өмір сапасының ұлттық стандарттына сәйкес ауыл тұрғындарына білім берудің, денсаулық сақтаудың, мәдениет және спорттың, сапалы ауыз сумен, автомобиль жолдарының, электр қуатымен жабдықтаудың, байланыс қызметтерімен, телевидениямен, Ғаламтар жүйесі қызметтерімен қамтамсыз ететін әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдық нысандармен нормативті қамтамасыз ету жетістіктеріне жетуі қажет.

Елді мекен тұрғындарынының денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында 7 ауылдық дәрігерлік амбулаториялар, 14 медициналық пунктер, 4 фельдшерлік-акушерлік пунктер, жеке жайы жоқ 3 медициналық пунктер, сондай-ақ жеке меншік формасындағы МСБ бар.

Ауылдық мекендердегі жалпы білім беру мекемелерінің жүйесі 25 мектептермен және жеке меншік формасындағы 1 балабақшамен ұсынылған, оларды 4195 балар оқиды. Ауылдық мектептерде 1121 мұғалім жұмыс істейді. Мектеп жасындағы балаларды оқумен қамту 100% құрайды.

Ауылдық мекендерде 15 кітапхана, 10 клубтар мен мәдениет үйлері қызмет көрсетеді.

Ауданның 39 елді мекендерінің 27-де орталықтандырылған сумен жабдықтау қызмет етеді немесе жалпы тұрғындардың 89,3%.

«ШҚО облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының титулдық тізімі» сәйкес жергілікті маңызы бар ауылдық жолдар ұзындығы 227,0км құрайды, оның қатарында: асфальтты бетонды жолдар – 9км, қара жабындымен – 101км, қиыршық ұсақ тас -құмды тас жабындысы - 114км, төсеме бояу қабаты – 2км.

Ауданның барлық 39 елді мекендеріне телефон орнатылған. 2009 жылы 10 таксофон орнатылды.

Ауданның барлық елді мекендері электр қуатымен жабдықталған.

Ауылдық елді мекендердің экономиканың және әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің динамикалық өсуі, жоғарғы даму әлеуетімен елді мекендер санын өсіру негізгі мақсатты индикатор болып табылады.

2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауданда 39 елді мекендер бар деп есептелінді, олардың 25 әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғарғы әлеуеті санаттарына жатқызылса (34,2%), орташа даму әлеуетімен 13 (35,8%).

Мемлекеттік қолдау шаралары тіршіліппен қамтамсыз ету инффрақұрылымын дамытуға бағытталған, бәрінен бұрын ауыл тұрғындарын қажетті кіріс деңгейімен қамтамасыз етіп отырған әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғарғы және орташа әлеуетімен ауылдық елді мекендерге.

Ауылдық мекендерде орташа жалақының өсу беталысы байқалады. Ауылдық мекендер бойынша орташа зейнетақы мөлшері 15000 теңгеден жоғары. Кедейшілік түрінен нашар тұратын тұлғаларға мемлекеттік мекен-жайлық көмек көрсетіледі. Жыл сайын бұл көмекті алатын жанұялардың және алатындардың саны азаюда. 2010 жылығы 1 қаңтарға 8067 жанұя есептелген (2009 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 961 жанұя аз), алатындар 27497 адам (2126 адамға аз), орташа айлық мөлшер 1458 теңгені құрады (17 теңгеге аз).

Жалақының, зейнетақының, жәрдемақылардың өсуі тұрғындардың ақшалай кірістеріне оң әсер етеді. 2009 жылғы төртінші тоқсанда тұрғындардың нақты орташа жандық ақшалай кірістері 13,5% өсіп, 37192 теңгені құрады. Ауылда

орташа жандық ақшалай кіріс қаладағыдан орташа есеппен 20-30% төмен.

Сонымен қоса ауылда үй-жайлық шаруалықтардан ақшалай емес кірістер неғұрлым кең таралған. Үй-жай шаруашылығының әрбір мүшесіне ауылды мекенде бір айда жеке шаруашылығында өндірілген өнімнен 3500-4000 теңгеден келеді.



Күшті жақтары:

1. ауыл тұрғындарының негізгі кіріс көзі болып табылатын ауыл шаруашылығын дамыту үшін қолайлы құнарлы-климаттық жағдайлардың болуы.



Әлсіз жақтары:

1. әлеуметтік инфрақұрылымдық нысандар желісінің жеткіліксіз даму деңгейі, шалғайдағы ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік инфрақұрылымдық нысандарына қол жетімділік қиындаған немесе жоқ;

2. Тұрғындардың жан басына кірістерді шағудың аймақтық теңмөлшерлігінің жоқтығы;

3. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт қызметтеріне ауыл тұрғындарының тең тмөлшерде қол жеткізе алмауы ауыл аудандарындағы адами әлеует деңгейін қорлайды.



Мүмкіндіктер:

1. Білім беру саласындағы мамандарды және қызмет ететін медициналық кадрларды ұзақ уақытқа жұмыс орнына бекіту және жас мамандарды тарту, оның қатарында ауылдық елді мекендерге үшін жүйелік шаралар дайындау;

2. Ауылдық елді мекендер әлеуетін дамыту

Қауіп:


1.Көшіп-қону легінің есебінен ауыл тұрғындары санының азаюы.

2.2.4.2 Шекараға жақын орналасқан өңірлер

Шекараға жақын орналасқан аумақтар дегеніміз – бұл ерекше шекараға жақын функцияларды орындайтын, осыған байланысты өзгещелігімен ерекшеленген мемлекет шекарасына шектесіп жатқан мемлекет аумағы.Шекараға жақын орналасқандығын нақтылаудың негізгі факторы оның географиялық орналасуы болып табылады.

Ауданның шекараға жақын орналасқан ауылдарының даму әлеуеті инвестициялық климат ерекшеліктерімен, мемлекеттік шекарамен, көліктік жағдайлармен, шекаралық өту инфрақұрылымдарымен және кедендік посттардың қиылысуымен байланысты игерілген нарықтың өндірілген факторлар құнымен, сондай-ақ тұрғындар санымен анықталады.

Шемонаиха ауданының солтүстігі және солтүстік-шығысы Ресей Федерациясымен шекаралас. Шемоеаиха ауданының аумағын 4 мың шаршы метрді құрайды. Аудан тұрғындарының жалпы саны - 48,3 мың адам, оның қатарында шекараға жақын орналасқан ауылдарда – 4,2 мың адам. Ауданда шекараға жақын орналасқан 7 ауыл бар деп есептелінеді: Октябрьское ауылы, Луговое ауылы, Сугатовка ауылы, Горкунова ауылы, Красная Шемонаиха ауылы, Белый ауылы, Медведька ауылы.

Қазіргі күнде шекараға жақын ауылдардағы тұрғындар санының өсу беталысы аңғарылады, соңғы үш жылда тұрғындар саны 0,2 мың адамға немесе 2007 жыл деңгейіне 5%, яғни осы аудандардың дамуына оң үлес қосуда.

Шекараға жақын орналасқан ауыылдық елді мекендерде мынандай проблемалар бар: әлеуметтік сала және сауда нашар дамыған.

Одан басқа әлсәз дамыған нарық инфрақұрылымының кесірінен қолайсыз инвестициялық климат орын алуда. Сол үшін инвестициялар көлемі экономикада құрылымдық өзгерістер үшін әзірше жеткілікті емес. Нәтижесінде шекараға жақын саудадан кірістер шағын және ортша жеке фирмалардың «алыпсатарлар» қолында қалуы жалғасып келуде.

Сонымен бірге шекараға жақын орналасқан ауылдарының дамуының жоғарғы әлеуетін атап өткен жөн: үй-жай қожалықтарын енгізу үшін елді мекендердің жерлерінен және оралмандардың қайтып келулеріне байланысты ауыл тұрғындары санының өскенін есепке ала отырып мал шаруашылығы, мал жайылымдығы – басым бағыттармен шаруа қожалықтарын ұйымдастыру және енгізу үшін қордағы жерлерден жер телімдерінің бөлінуі.

Шекараға жақын сауда Аймағын құру аясында бөлшек-көтерме сауда кешенінің құрылысы жобасын іске асыру басталған.

Жобаланған нысан Қазақстан мен Ресей арасындағы транзитті болып табылатын РФ шекарасындағы «Михайловка» кедендік бекетінен 18 км қашықтықтағы Шемонаиха қаласынан өтетін халықаралық тасжолының бойында орналасқан. Қазіргі уақытта 6,0 га жер телімі бөлініп, оған жерді уақытша пайдалану құқығы мемлекеттік актісі берілді. Құрылыс салу орнының топырағына геологиялық зерттеу, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және телімге дозиметриялық тексеру жүргізілді. Алғашқы нұсқадағы жоба жасалды. Сумен жабдықтаудың жерасты коммуникациясы және канализацияларының техникалық шарттары алынды. Нысанды электрт қуатымен жабдықтаудың техникалық шарттары алыну сатысында. Құрылыстың нөлдік циклі бойынша жобалық-сметалық құжаттандыру мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Жобада осы аумақта жабық базар, көкөніс сақтау орны, қазандық, ашық базао салу қарастырылған. Құрылыс Шемонаиха қ. дайындалған бас жоспарын есепке алумен және орын алған салулар негізінде жүргізілетін болады.
Осы жобаны іске асыру 25 жаңа жұмыс орнын ашуға, шекараға жақын сауданы кеңейтуге және оны неғұрлым биік дәрежеге көтеруге мүмкіндік береді.
Одан басқа шекараға жақын ынтымақтастық инфрақұрылымның дамуына (шекарадан өтулер, бақылау-өткізу және кедендік постар), олардың көрші мемлекеттермен біріккен құрылыстары және пайдаланулары бойынша шараларға қоса көңіл бөлген жөн.

Барлық аталған аспектілер ауданның және бүтіндей алғанда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының құрамды бөлігі сияқты, шекараға жақын орналасқан аймақтардың экономикасын көтеру мақсатында шекараға жақын орналасқан аймақтағы ынтымақтастыққа қарым-қатынасты өзгерту қажеттілігі анықталады.

Сонымен шекараға жақын ауылдық елді мекендердер тұрғындарының санын өсіру және қолайлы өмір сүру үшін жағдайлар жасау қажет.

Күшті және әлсіхж жақтарды анықтау үшін SWOT жүргізілді:



Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет