Бағдарламасы (силлабус) Inf 1105 Информатика



бет9/9
Дата05.02.2022
өлшемі2,07 Mb.
#15621
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС №9. «Жалақы мөлшерін есептеу»

ФИО

мөлшерлеме, тг/сағ

орындалды, сағат

Өтілім (стаж), жыл

Ұстапқалу

Жалақысы, тг.

үстеме, тг.

ұсталынды, тг.

салық, 13%

Қолғатүсетіні

1

2

3

4




6

7

8

9

10

Жұмыскер 1

1400

58

5

ш
















Жұмыскер 2

1500

70

15



















Жұмыскер 3

1200

64

1



















Жұмыскер 4

1250

42

4

ш
















...

...

...

...



















Қызметкерлер саны 3-7 болуықажет;
мөлшерлеме 1200..1500 жұм/сағ. Аралығында болуы қажет;
орындалған сағат – 50-тен 100-ге дейін;
өтілім – 1 жылдан 30 жылға дейін;
Үстемеақы еңбек өтілімі 5 жылдан асқан жұмыскер үшін 15%, әйтпесе 10% қосылады.
Ұстап қалу бағанында «Ш» белгісі тұрса, онда жұмыскердің қолға алатын жалақысынан 25% ұстап қалу қажет, егер ондай белгі тұрмаса қалыпты күйде шығуы қажет.
Жалақысы 100 000 тг. Асатын жұмыскерлердің санын анықтаңыз.
Жалақысы 60 000 тг. Төмен жалақы орналасқан ұяшықты сары түске бояңыз.
ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС №10. «Қазылардың жүктемесін тиімді анықтау»
Қалалық сот қазыларының жүктемесі келесі түрде таратылды: 17 іс,42,47,47,50,50,63,68,75,78,80,85. Жалпы іс санын және соттың орташа жүктемесін анықтаңыз. Қалалық соттың орташа жүктемесі 55 істен артық қаралмауын ескере отырып, қазылардың тиімді санын орнатыңыз.


ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС №11. Бірнеше офистік бағдарламаларда жұмыс: ақпаратты ауыстыру және алмасу (MS Excel-ден MS Word-қа) .
MS Word-та жыл бойына әр ай бойынша электроэнергияны есептейтін кесте құрастырыңыз. «Шығын/квт» және «Төлем/тг» бағандарының мәндерін MS Excel ауыстырыңыз. Есептеу жүргізілген жылдық электроэнергия шығыны бар қорытынды кестені MS Word-қа қайта көшіріңіз.
ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС №12.

1

Төменде берілген кестені құрастырыңыз.

5%

2

Бүгінгі күнді (датаны) "=СЕГОДНЯ" функциясы арқылы көрсетіңіз.

5%

3

USD Жалақыны теңге бағамында "=ПРОИЗВЕД" функциясы арқылы есептеңіз.

5%

4

Жұмыскерлердің өтілін (стаж) жұмысқа кірген мерзімінен бастап формула арқылы есептеңіз.

5%

5

Өтілі 10 жылдан көп болған жұмыскерлерге айлығының 20% болатындай сыйақы тағайындаңыз.

5%

6

Барлақ жұмыскерлердің жалақыларына жұмсалатын қаражатты "=СУММ" функциясы арқылы есептеңіз.

5%

7

Жоғары білімді жұмыскерлердің жалақыларының соммасын "=СУММЕСЛИ" функциясы арқылы есептеңіз.

5%

8

Ұяшықтарды сәйкесінше форматтаңыз (ДАТА, KZT , USD)

5%

9

Сәйкестендіру кестесі негізінде әйелдер мен еркектердін атқаратын қызметтерін айырып көрсетіңіз.

5%

10

Жұмыскерлердің жалақыларын қызметтеріне байланысты диаграммада салыстырып көрсетіңіз.

5%



ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС №13. Сәйкестендіру кестесі негізінде реляциялық деректер қорын құру кезіндегі Excel.
Тапсырманың берілгені: Мысалы, сіз жеміс – жидек экспорттайтын компаниясының басшысысыз. Құжатта жеміс- жидекті бір жылдағы экспорттау, сату бойынша деректер қоры берілген. Кестеде бір жыл ішіндегі келісім – шарт немесе алып сату көрсетілген.

  • Құрастыру керек:

  1. Сәйкестендірілген кесте инструментінің көмегімен әр категория, әр тауар, әр қала бойынша суммалық табысының есебін және сәйкестендірілген диаграмма тұрғызу. Сәйкестендірілген кестенің «баға» бағанына гистограмма түрінде шартты форматтау (условное форматирование – гистограмма) қолданыңыз.

  2. Сәйкестендірілген кесте инструментінің көмегімен әр тапсырушы мекеменің әр кварталы бойынша жалпы табысын табыңыз.

  3. Сәйкестендірілген кесте инструментінің көмегімен тапсырушы мекемелер арасындағы табысы ең төмен тапсырушыны анықтайтын кесте құрастырыңыз.

  4. Сәйкестендірілген кесте инструментінің көмегімен қаңтар айында тауардың қай түрінен ең көп табыс түскенін анықтайтын кесте құрыңыз.

  5. Сәйкестендірілген кесте инструментінің көмегімен көкөністерден түскен жалпы табысты анықтап, сол табыстың 20%-ын көрсететін кесте құрыңыз.

  6. Сәйкестендірілген кесте инструментінің көмегімен Астана қаласы бойынша Жемістерден түскен табыстың орташасын есептейтін кесте құрыңыз.

ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС №14. Графикалық талдау. Жоспарлау мен басқарудағы іскерлік графика. Қылмыстықты түрлері бойынша жылдарға қарай салыстыру деңгейі

Өзіңіздің аймағыңыз бойынша қылмыстардың келесі түрлері бойынша MS Excel-дегі 5 диаграмма түрі бойынша қылмыс деңгейіне талдау жүргізіңіз: алаяқты, пара алу, көзбояушылық, өткен жыл бойынша коммерциялық сатып алу.
ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС №15. Аудармашыларға арналған бағдарламалар рейтингісі
Іскерлік графика түрі бойынша аудармашыларға арналған бағдарламалардың рейтингісін бейнелейтін рейтингтік талдау құрастырыңыз. Іріктеу критерийін нұсқаңыз.
ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС №16. Тізім деректерін сүзу негізінде талдау.

  1. Сатушы бағанын алфавит бойынша орналастырыңыз. Нәтижені Шешімі 1 бетіне орналастырыңыз

  2. Тауарлардың бағасының кему ретімен орналастырыңыз. Нәтижені Шешімі 2 бетіне орналастырыңыз

  3. Кесте бетінде жоғарғы білімді қызметкерлер ішінен 100 мыңнан жоғарғы жалақы алатын қызметкерлерді анықтайтын ақпаратты сүзіп алыңыз.

  4. Фамилиясы "Ба" әріптерінен басталатын фамилиясын сүзіп алыңыз.

  5. Отдел продаж бөлімінің Менеджерлері ішінен еңбек өтілімі(стаж) 5 жылдан жоғары қызметкерлерді сүзіп алыңыз.

ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС №17. Зерттеу нәтижесінде психотипін анықтау.
MS Excel-де Макростарды қолдана отырып, Жеке тұлғаның психотипін анықтайтын 10 сұрақтан тұратын тест құрастырыңыз.
ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС №18. ЭЦҚ, мекен-жай анықтамасын алу.
Электронды үкімет порталының мүмкіндіктерін қолдана отырып, жеке тұлға үшін мекен-жай анықтамасын ресімдеңіз.
ИНФОГРАФИКА1. Желілер топологиясы. IP- адрестеу. Стектік хаттамалар. Интернета қызметтері.

  1. Ағымдағы тақырыптарды әр түрлі дерек көздерін қолдана отырып, зерттеңіз.

  2. Қолданбалы бағдарламалардың мүмкіндіктерін қолдана отырып, инфографику құрастырыңыз.

ИНФОГРАФИКА2. Кәсіби облыстағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: мемлекеттік басқару саласында, электронды оқытуда, ұялы байланыста және сымсыз технологияларда АКТ-ды қолдану.

  1. Ағымдағы тақырыптарды әр түрлі дерек көздерін қолдана отырып, зерттеңіз.

  2. Қолданбалы бағдарламалардың мүмкіндіктерін қолдана отырып, инфографику құрастырыңыз.

ИНФОГРАФИКА3. Информатиканың болашақ бағыттары. АТ мен АЖ-дің дамуының тенденциясы мен бағыты.

  1. Ағымдағы тақырыптарды әр түрлі дерек көздерін қолдана отырып, зерттеңіз.

  2. Қолданбалы бағдарламалардың мүмкіндіктерін қолдана отырып, инфографику құрастырыңыз.



КЕЙС 1. «Ақпараттық қауіпсіздікті құқықтық реттеу»
Ситуация: Марат үйде өзінің электрондық поштасын бірнеше рет тексеруде нәтижесіз әрекеттерге жолыққан соң, қайта тексеру мақсатында Марат мемлекеттік мекемеде жұмыс жасайтын әкесінің жұмысындағы жұмыс компьютерін қолданбақшы болады. Әкесінің рұқсатын ала отырып, Марат әкесінің жұмысына ешкімнің жұмысына кедергі жасамас үшін түскі үзіліс уақытында келеді. Пошталық жүйеге кіргенде ол 6 жаңа хабарлама көреді. Барлық хабарламаларды мұқият оқи отырып, оларға асықпай жауап жаза бастайды. Соның ішінде сыныптасы Дәуреннен келген "Жаңадан шыққан ойын!" атты тақырыбы бар хабарлама аса қызықтырып жібереді. Гиперсілтеме арқылы өтіп, оның ішінен орындалатын файлдың (superigra.exe) кіріктірілгенін көріп, оны өзіне жүктеп алуға кіріседі. Жүктеп алған соң бірнеше секундтан соң, монитор түсі қара түске боялып, жүйелік блоктың қатты дыбыс шығарғанын байқап, қатты шошынған Марат әкесін шақырып, болған жағдайды баяндайды. Әкесі бұл интернетте жүрген жаңа «Шыңғысхан» вирусы екенін және оның компьютердің жұмысын жарамсыздандыратынын айтты. Болған оқиға бойынша қатысушылардың қайсысы кінәлі? Жауабыңызды ақпараттық қауіпсіздікті реттейтін Заңнамалық құжаттарға сәйкес негіздеңіз.
Кейс шешімі үшін тапсырмалар:


Вирус жіктелуі

Вирус типі

Негізгі мінездемесі

- жұғу тәсілі бойынша







- өмір сүру ортасы бойынша







- әсер етуі бойынша










КЕЙС 2. Кәсіби қызметте ақпаратты өңдеу, сақтау және жіберуде ДК үшін оптималды конфигурациясы мен БҚ таңдау.
Жағдаят : Кәсіби қызметте ақпаратты өңдеу, сақтау және жіберуде ДК үшін оптималды конфигурациясы (процессор, оперативтік жады, бейнекарта және т.б.) мен бағдарламалық қамсыздандырылуын (бағдарламалар жиыны: жүйелік, қолданбалы, бағдарламалау жүйесі) таңдау қажет.
Осы қызметтер үшін қандай ДК жинау керек? Қай құрылғыларға және бағдарламаларға көңіл бөліну қажет?

  1. Дизайнер қызметкерінің ДК-ін модельдеу.

  2. Инженер-құрастырушы (мысалы, кеме құрастырушы) ДК-ін модельдеу.

  3. Компьютерлік клубтағы ойынға арналған компьютерді модельдеу.

  4. Заңгердің ДК-ін модельдеу.

Кейсті шешу үшін тірек мәліметтер:
1.
...

2.Компьютердің бағдарламалық қамсыздандырылуы:

3.

Жағдаят

Аппараттық жабдықталуы

Бағдарламалық жабдықталуы

Ескерту

...

...

...





КЕЙС 3. Кондитерлік цехтың тиімді жоспарын құрастыру үшін Microsoft Excel-де шешімді іздеуді тәжірибелік меңгеру.
Кондитерлік цех самса мен тәтті тоқаш дайындайды. Цех қоймасының сыйымдылығына байланысты күніне барлығы 700 өнімге дейін шығара алады. Жұмыс күн цехта 8 сағатты құрайды. Егер тек тәтті тоқаш дайындаса, күніне 250 данадан артық шығару мүмкін емес, ал самсаны 1000 дейін шығаруға болады, егер тәтті тоқашты мүлдем шығармайтын болсақ. Кондитерлік цех самса мен тәтті тоқаш дайындайды. Цех қоймасының сыйымдылығына байланысты күніне барлығы 700 өнімге дейін шығара алады. Жұмыс күн цехта 8 сағатты құрайды. Егер тек тәтті тоқаш дайындаса, күніне 250 данадан артық шығару мүмкін емес, ал самсаны 1000 дейін шығаруға болады, егер тәтті тоқашты мүлдем шығармайтын болсақ.
Тәтті тоқаштың құны самсаға қарағанда екі есе қымбат.
Неғұрлым пайданы әкелу үшін цехтың күндізгі жоспарын құрастыру қажет.


КЕЙС4. «Мекемедегі қызметкерлердің жұмысқа қабілеттілігінің офис температурасына тәуелділігін есептеу».
Белгілі бір уақыттағы статистикалық деректер бар:

Ғимараттағы ауа температура, 0 Фаренгейт бойынша

Аурулар саны

10-12

8

15-18

2

21-25

1

27-30

6

Дерек негізінде аурулардың саны ауа температурасына тәуелдлігін анықтаңыз.
ЖОБА 1. Өзіңіздің компанияңыздың сайтын құрастырыңыз. (саяхат фирмасы, нотариальды контора, жеке кәсіпкер)
Өзіңіздің компанияңыз туралы тегін хостингтердің бірінде сайт құрастырып, жариялаңыз. Талаптар: сайттың мақсаты мен бағытын анықтау, мәзір, ішкі мәзірін құру, контентпен толтыру (фото, видео, мәтін, карта,гиперсілтеме т.б.), эстетикалық дизайн.
ЖОБА 2. SONY Vegas Pro, Pinnacle Studio, Movavi Video Editor-да бейнефильмдер құрастыру.
Бейнередакторлардың көмегімен келесі тақырыптарға бейнефильм құрыңыз:

  1. «АСТАНА EXPO-2017»

  2. «ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА 550 ЖЫЛ»

  3. Менің сүйікті қалам!


Тест1.
1. Access-те мәліметтер базасы (МБ) – дегеніміз...

А) МББЖ-ның мәліметтерін, объектілерін және олардың параметрлері мәндерін сақтауға арналған файл; В) Мәліметтерді көрсету құралы ;С) Кестелік мәліметтерді сақтауға арналған кітапша


D) Форматтауға, түзетуге және дискіде сақтауға болатын мәтіндік құжат; Е) Мәліметтерді өшу, көшіру, жазудың командасы орналасқан аймақ.




2. Access-те кесте дегеніміз...

А) Мәліметтерді сақтауға арналған блок; В) Тұтынушы анықтайтын шарттар көмегімен бір немесе бірнеше кестелерден мәліметтерді таңдау құралы;


С) Мәліметтерді базасының негізгі объектісі, өрістер мен жазбалардан тұратын информацияны сақтау қоймасы;


D) Мәліметтерді баспаға шығару кезінде оларды көрсету құралы; Е) Мәліметтерді стандартты түрде форматтау
3. Access- те түйінді өріс дегеніміз...

А) Индекстелетін өрістің мәні бойынша кестеде жазбаларды автоматты сұрыптау құралы; В) Кестедегі жазбалар нөмірінен тұратын өріс; С) Бір жолды толығымен белгілеуге мүмкіндік беретін, жолдың сол жағындағы тіктөртбұрышты аймақ; D) Кестеді жазбаны бірмәнді түрде анықтауға арналған өріс;




4. Access- те санауыш (счетчик) дегеніміз...
А) Кестедегі жазбаны бірмәнді түрде анықтауға арналған өріс; В) Кестедегі жазбалар мен өрістер нөмірінен тұратын өріс;

С) Сұраныстағы жазбалар нөмірінен тұратын өріс;


D) Сандық мәліметтерді енгізуге арналған өріс; Е) Барлығы да дұрыс емес.
5.Индекстердің екі түрі бар:

A)мәтіндік және сандық; B)параллельді және тізбекті; C)айнымалы және тұрақты; D)өріс мәнінің қайталануына рұқсат беретін және рұқсат бермейтін; E)сызықтық және қисық сызықты; 6. Access-те кесте өрістерін белгілеу аймағы дегеніміз...


А)объектпен байланысқан меню; В)кестедегі бағана тақырыбы аймағы. Осы жерде тышқанды шеркенде, бағана толығымен белгіленеді; С) жолды толығымен белгілеуге арналған екі перне мен жүгірпесі бар объект;


D)бағананы толығымен белгілеуге мүмкіндік беретін, тышқанмен байланысты жылжымалы белгі; E)объектті стандартты түрде форматтау.




7.Access-те конструктор дегеніміз:
A) мәліметтер базасы объектілері (кестелер, сұраныстар, формалар, басылымдар, макростар, модульдер) қасиеттерін алдын ала анықтау режимі; B) объектпен байланысқан меню;

C) нақты есепті шешуге арналған программа; D) параметрлерді тағайындаудың бір немесе бірнеше варианттарын таңдауға мүмкіндік беретін басқару элементтері E) шеберді іске қосатын команда.




8. Access-те формадағы жалауша дегеніміз...
А) параметрлерді орнатудын бірнеше варианттарының ішінен олардын бірін таңдауға мүмкіндік беретін басқару элемент;



  1. орнатылған немесе алынып тасталған-екі жағдайда да жұмыс істейтін басқару элемент;

  2. мәліметтер базасы объектілері (кестелер, сұраныстар, формалар,басылымдар, модульдер, макростар) қасиеттерін анықтау

режимі; D)нақты есепті шешуге арналған программа; E) экранда жалауша тәрізді орналасқан құрылғы


9 .Access-те сұраныстар көмегімен...
А) параметрлерді енгізуге арналған диалогты терезенің информациялық сыйымдылығын өзгертуге болады; В) Барлық байланысқан кестелерден біріккен бір виртуальды кесте алуға болады; С) Кестедегі мәлеметтерді түзетуге болады; Д) Бірнеше кестелердегі мәліметтерді қарап шығуға, талдауға және өзгертуге болады; Е) Правка-Найти командасын айтамыз.


10.Access-те кестелерді байланыстыру...

А) параметрлерді енгізу үшін қолданылатын диалогты терезенің информациялық сыйымдылығын үлкейтуге арналған; В) Барлық байланысқан кестелерден біріккен виртуальды кесте алуға арналған.С) Формадағы тек нақты бір жазбаларды


қарап шығуға арналған; Д) Кестені баспаға шығаруға арналған; Е) Кестені көшіруге арналған.


11. Access-те өрнектер кұрастырушы келесі жағдайда шакырылуы мүмкін:
А) кестені кұру кезінде конструктор терезінде сандық өрістерді көрсету қажет болса;
В) тұтынушыға өріске өрнек енгізу қажет болғанда, мысалы қасиеттер терезесінде;
С) қарапайым фильтр арқылы сұраныстар құруға; D) тұтынушы суретті форма тақырыбының өрісіне енгізгенде; Е) тек қана меню командалары арқылы шақыра аламыз.


12. Access-те сұраныс дегеніміз...
А) форматтауға, түзетуге және дискіде сақтауға болатын мәтіндік құжат;В) мәліметтерді баспаға шығару алдында оларды ұйымдастырудың тиімді құралы; С) мәліметтер базасынан нақты жазбаларды таңдауға, кестелерді жаңартуға және кестеге жаңа жазбаларды енгізуге арналған обьект; D) нақты басылым шығаруға арналған программа;
Е) тек қана меню жолы арқылы орындалатын команда.
13. Access- те форма дегеніміз...

А) Мәліметтерді экранда көрсету мен оларды басқару құралы; В) Мәліметтерді баспаға шығару кезінде оларды көрсету құралы; С) Кестедегі жолдың баламасы;


D) Кестеде жазбаны бір мәнді түрде анықтауға арналған өріс; Е) Кестедегі мәліметтер базасы. 14. Реляциялық мәліметтер базасы қатынасының (кестесінің) мынадай қасиеті болмайды:


А) Кестенің барлық бағаналары біртекті; В) Кестеде екі немесе одан да көп жолдарда бірдей мәлімет болуы мүмкін; С) Кестеде екі немесе одан да көп бірдей жолдар болмауы тиіс; Д) Бағаналарға бір мәнді аттар меншіктелген; Е) кестеде тек қана бір текті мәлімет болады;


15. Информациялық объект дегеніміз...

А) Өзара байланысқан информация; В) Қандай да бір нақты объектіні, құбылысты, процесті, оқиғаны логикалық байланысқан реквизиттердің жиыны түрінде сипаттау; С) Өзара байланысқан мәліметтердің компьютерлік көрсетілуі; Д) Өзара байланысқан информация; Е) жоғары да көрсетілген жауаптардың ешбірі дұрыс емес;


16. МББЖ өнімділігі келесі факторлармен бағаланады:

А) сұранысты орындау уақытымен; В) басылымды генерациялау уақытымен; С) информацияны іздеу уақытымен; D) мәліметтер базасын басқа файлдардан импорттау уақытымен; Е) барлық жауаптар дұрыс.




17. МБ-ының түзету командалары көмегімен тұтынушы мәліметтерді түзете алады, ал ол осы тәсілмен қаріп түрін, туралау түрін, фон түсі өзгерте ала ма? А) иә; В) жоқ; С) мәліметтің көлеміне байланысты; D) тек қана Windows 98-де жүзеге асыруға болады ; E) мәліметтің жазылған және сақталған мерзіміне байланысты.



  1. МБ-ға енгізілген мәліметтер сипатына байланысты, формат пен туралау бағытын таңдау автоматты түрде орындалады, осы дұрыс па? А) дұрыс; В) дұрыс емес; С) мәліметтің көлеміне байланысты; D) мәліметтің жазылған және сақталған мерзіміне байланысты; E) мәліметтің алдын форматталғанына байланысты.




  1. Мәліметтер базасы дегеніміз...

А) нақты өмірдің объектілері мен құбылыстары туралы мәліметтер; В) информацияны өңдеуге арналған программа; С) информацияны сақтауға арналған нақты түрде ұйымдастырылған құрылым;D) автономды ДК-де немесе жергілікті желіде жұмыс істеуге арналған басқару жүйесі;Е) информацияны таратуға арналған программа;
20. MS Access-те конструктор режимі мынадай қызмет атқарады...
А) мәліметтер базасы файлдарын құру; В) информацияны қарап шығу, өзгерту, таңдау;
С) объектілер құрылымының макетін құру мен өзгерту; D) MS Access-тің негізгі объектілері туралы информация сақтау; Е) компьютердегі жалпы информацияның бастапқы түрін сақтау.


21.MS Access-ге басылым дегеніміз....
А) клиент,сервер және серверде орналасқан мәліметтер базасы арасындағы интерфейсті жүзеге асыру; В) тұтынушы көрсеткен командалар мен оқиғалар негізінде мәліметтер базасымен жиі қолданылатын іс-әрекеттерді
автоматтандыруға арналған объект; С) тұтынушы көрсеткен формаға негізделініп кестеден немесе сұраныстан информацияны экранға шығаруға арналған объект; Д) тұтынушы анықталған форматта, кестеден немесе сұраныстан керекті мәліметтерді қағазға (баспаға) шығаруға арналған объект; Е) тұтынушының өзге біреуге берген бесылымы(отчеты)

ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР


Оқытушының қызметі студенттердің танымдық белсенділігін арттыру және сыни ойлауға бағытталуы тиіс. Бұл үшін жоғары білім беру жүйесінде сыналған бірқатар әдістемелер ұсынылады.
Сыни ойлау – ойлау тәсілі, осында студент келіп түскен ақпаратты күмәнмен қарайды, жеке өз пікірі, бұл пайымдаулардың жүйесі болып табылып, нақты оқиғаларды талдау үшін пайдаланады, оларды дәлелдеу, негізделген қорытындыларды тұжырымдау және негізделген нәтижелерді шығару мүмкіндік береді, шешімдерді, бағалау және алынған нәтижелерді тәжірибелік жағдайлар мен мәселелерде қолдану.
Сыни ойлаудың негізгі сипаттамалары болып табылады:
Біріншіден, сыни ойлау деп өз бетінше ойлау болып табылады. Демек, ойлау жеке сипатқа ие болғанда ғана сыни болуы мүмкін.
Екіншіден, ақпарат жіберу болып табылады, сыни тұрғысында ойлаудың соңғы пункті емес. Білім студент сыни ойлауы мүмкін емес дәлелдемені жасайды.
Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау шешілуі қажет мәселенің сұрақтарды қою және оларды анықтаудан басталады.
Төртіншіден, сын тұрғысынан ойлау сенімді дәлелдемеге ұмтылады. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам мәселені шешудің өзінің жеке шешімін тауып және бұл шешімді ақылмен, негізделген дәлелдемелермен бекітеді.
Бесіншіден, сыни тұрғыдан ойлау әлеуметтік ойлау болып табылады. Кез келген Кез келген ой басқалармен бөліскен кезде ғана тексеріледі және жайылады.
Оқу үдерісінде оқытушы мына сабақ түрлерін пайдаланылады: дәріс, семинар, тәжірибелік сабақтар.
Семинар, тәжірибелік сабақтар – сабақтың жетекші түрі, бұнда студент белсенді рөл атқарады, оқытушы модератор рөлін атқарады. Семинардың негізгі мақсаты мен қызметтері: білімдерді тексеріп бекіту және құзыреттерді қалыптастыру.
Семинардың келесі түрлері ұсынылады: тақырыптың кең түрде талқылануы, оқыған қайнар көздерді талқылау; өзіндік ойлау қабілетін дамыту үшін тапсырмалар мен есептерді шешу; дискуссиялар, кейс-стади, рөлдік ойындар, «сократтық сұхбаттасу», миға шабуыл, интеллект-карталарды құрастыру және т.б.
Студенттердің қызмет белсенділігін арттыру үшін келесі жұмыс түрлері ұсынылады:
1. Оқу және жазу арқылы Жиксо бағдарламасы (французша мозаика).
Жаңа оқу материалын зерттеу барысында студенттер бірнеше топқа бөлінуі тиіс, оларға нөмірлер беріледі: 1,2,3,.. Бұл «Үй тобы» деп аталады. Содан кейін бір үстелдің басында барлық қатысушылар 1 нөмірімен бөлек-бөлек топтастырылады, басқа бір үстел басында тек 2 нөмірімен жиналады, үшінші үстелде 3 нөмірімен және т.с.с. Әрбір студентте таратпа материал, оқулық, оқу құралы және т.б. болуы тиіс. Әр топ жаңа материалдың белгілі бір бөлігін зерттейді: алдымен жеке өз бетімен танысады, содан кейін бірге талқылайды, мәнін анықтап, қорытынды жасайды.
Содан кейін олар "Үй тобына" қайтарылады, реттік нөмірлері бойынша қайтадан жиналады. Бірінші нөмір қалған (2,3,4...) материалдың өз бөлігін оқытады, 2 нөмір өз бөлігін, 3 нөмір өз бөлігін, 4 нөмір өз бөлігін.
Осылайша, бүкіл тақырыптар үй тобымен барлық материал зерттеледі. Материалды мазмұндау барысында талқылау жүріп жатыр, соңында қорытындысы жасалады.
Оқытушы барлық уақытында жұмыс кезек-кезек топтардың жұмысына қатысады, оларды талқылауына қатысады, қажет болғанда олардың ойларын түзейді.
Зерттеу аяқталғаннан кейін барлығына эссе тақырыбы ұсынылады. Оқытушы қарастырылатын тақырып бойынша тарихи тұлғаларға қатысты балама және өтініш түрінде жазбаша жұмыс береді.
Жекелеген эссені қажет болса дауыстап талқылауға болады. Әрбір жұмыс кезеңіне сабақтың белгілі мақсатына жету үшін бірдей көлемде уақыт бөлінеді.
Жиксо-өрнек, яғни студенттер тарайды әртүрлі ұяшықтарға жиналады, кейін жаңадан бастапқы бойынша жиналады.
2. "Мәтінмен жұмыс" - маңызды әдіс, өкінішке орай, кейбір балалар толыққанды мәтінмен жұмыс жасауды білмейді. (алғаш мәліметтермен, оқулықпен, монографиямен және т. б.).
Бұл әдіс келесі түрде жұмыс істейді: оқушыларға мәтін таратылады, олар оны пысықтау керек, яғни алынған ақпаратты топтар бойынша жіктеуге болады:
а) ақпаратты олар білген болса;
б) ақпаратты білген болса;
в) оларды таңқалдырған ақпарат, ;
д) ол күмәндәнатін ақпарат.
Белгілеулерді мәтіннің үстіненде жүргізуге болады, бірақ алдын ала дайындалған кестені қолдану тиімдірек:

+

-

!

?













Бұл әдіс студенттерге мәтінді ұғынуға көмектеседі және мәтінге байланысты сыни ой-қабілетін қалыптастырады, оның негізінде ол тұжырымдама жасайды.


3. "Миға шабуыл" бұл әдіс, әдетте, сабақтың басында пайдаланыланған жөн, және қысқа мерзімде балалардың осы тақырып бойынша не білетінін анықтауға мүмкіндік береді. Тиісінше бұл процесс қолда бар білімнің жандандырып жүріп жатыр. Балалар пайдаланды категориялық аппараты дұрыс пайдалануы маңызды.
4. Кейс-стади.
Кейс-стади әдісі –нақты жағдайларды талдауға арналған. Әдістің мәні өте қарапайым: оқытуды ұйымдастыру үшін пайдаланылады нақты жағдайларды сипаттауға арналған (ағылшынның "case" - жағдай). Студенттерге нақты өмірлік жағдайды ойластыруды ұсынады, бір мезгілдегі қандай да бір практикалық проблеманы көрсетеді, бір білім кешенін пайдаланып берілген жағдайды шешуді көрсетеді. Бұл ретте бір мәселе бір шешімді болмауы керек. Тәжірибелік іс-әрекетті әзірлеу моделін студенттердің келешек кәсіптік қасиеттерін қалыптастыру құралы ретінде ұсынылады. Мысалы, кейс жүргізу жөніндегі нақты тарихи жағдай, кеңес өкіметінің экономикалық стратегиясын 1925 жылдан бері индустрияландыру ұсынылады , оны студенттер шешуілері тиіс. Кейс тақырыбы: "Қазақстандағы индустрияландыру жүргізу жолын таңдау". Мәселені белгілеу: Сіздерге Ұсынылған кейсте 1927 жылы Қазақстандағы индустрияландыру экономикалық стратегиясын Кеңес Үкіметінің жүргізу жолдары туралы пікірталас көрсетіледі.
Мақсаты : Индустрияландыру жүргізудің негізгі жолдарын, жүзеге асыру мәселелерін және салдарын анықтау. Студенттерге VI Қазақстан өлкелік индустриялизация туралы партия конференциясының мәтінінен үзінді берілген, мұнда Қазақстанда индустрияландыру жолындағы екі ұстаным байқалады : бірін Ф. Голощекин бастасы, екіншісі С. Сәдуақасовтың жетекшілігімен жүргізілген. Сондай-ақ кейс шешімі ретінде, бір немесе бірнеше шешімдерді ұсыну.
5. Сараптамалық бағалау әдісі .
Сыни ойлау эксперттік бағалау әдістері кезінде де қолданылады. Мысалы, студенттерге тақырып берілген: «ХХ ғасырдың 70-80 жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық картинасы». Статистикалық ақпараттардың негізінде мысалы, ауыл шаруашылығындағы ішкі өнімнің 15% пайызға кемуі, 1971-1975 жылдары 0,1% пайызға азаюы, 1985 жылы мал шаруашылық өнімдері бидай және жем-шөп көп мөлшерде жұмсалғанымен атап айтсақ, жылына 40-45 миллион тон жем өнімдері жұмсалған, 70-ші жылдардың аяғында ет өнімдері тапшылық танытып отыр, 1971-1985 жылдары әлемдік рыноктан 485 миллион тон бидай 70 миллиардқа алынды, маңызды бөлігі үшінші деңгейлі елдерден – Аргентина, Чили, Парагвай және т.б. студенттер жоғарыда қарастырылған кезең бойынша сыни талдау түрінде Қазақстанның әлеуметтік--экономикалық даму картинасын объективті тұрғыда эксперттік хат ретінде дағдарыстан шығу жолдарын көрсете отырып жазуы керек.
Эксперттік бағалау әдісін қолдана отырып, бірінші курс студенттерінің бойында келесідей құзыреттермен танымдарды қалыптастырамыз:

  • Сыни ойлау танымдары;

  • Ұжыммен жұмыс жасай білу (коммуникативті таным);

  • Ғылыми-ізденушілік жұмыс танымдары;

  • Тарихи фактілердегі жазбаша және ауызша танымдары.

6. Рөлдік ойындар
Бұл әдісті мән-жайды түсіну, бұл қалай болды деген сұрақтарға жауап ретінде қолдану тиімді. Балалар еріксіз жағдайға байланысты өз әдіс-тәсілдерін қолданады. Әдіс сценарийді өздігінше қойып, тақырыптан ауытқымай орындаулары керек.


1 ТЖ1- тәжірибелік жұмыс 1

2 Иг1-Инфографика 1

3 К1 – Кейс 1

4 Ж1-жоба1



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет