БАҒдарламасы (Syllabus) 5В070900 «Металлургия»



Дата20.06.2018
өлшемі0,57 Mb.
#43385
түріБағдарламасы

Пән бойынша оқыту бағдарламасының титульдік парағы (Syllabus)



Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Металлургия кафедрасы

ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

5В070900 «Металлургия» мамандығындағы студенттерге арналған



Павлодар




Пән бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы



Нысан

МПУ ҰС Н 7.18.3/38



БЕКІТЕМІН

ММЖжКФ деканы

________ Т.Т.Тоқтағанов

(қолы)

«____» ________ 20___ ж.



Құрастырушылар: т.ғ.к., профессор ______________ Сүйіндіков М.М.

(қолы)


магистр, аға оқытушы ______________ Шошай Ж.Ш.

(қолы)


Металлургия кафедрасы
Пән бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
«Құю және кристалдандыру» пәні
5В070900 «Металлургия» мамандығындағы студенттерге арналған
Пәннiң «____» ________ 20____ ж. бекітілген жұмыс бабындағы оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.

Металлургия кафедрасының отырысында ұсынылған 20___ж. «____» ________

хаттама №____
Кафедра меңгерушісі _____________ Сүйіндіков М.М.
Металлургия, машина жасау және көлік факультетiнiң оқу-әдістемелік кеңесі қолдады 20____ ж. «____» ________

хаттама №____,


ОӘК төрағасы __________ Ж.Е. Ахметов

(қолы)


1 Оқытушы тұралы мағлұмат

Сүйiндiков Мерхат Мәдениұлы

Профессор, техника ғылымдарының кандидаты

Металлургия кафедрасы Б-1 корпуста орналасқан (Павлодар қ., Чокин ак. к. 139 үй, 224 аудиториясы, телефон 67-36-23 қос. 217).


2 Пән туралы мағлұмат

Курс 3 (6 семестр – емтихан)


3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттер саны

Дәріс сабақтарының түрлері бойынша тікелей қатынас сағаттары

Студенттің өздік жұмысының саны

Бақылау

түрі


барлығы

дәріс

тәжірибелік

барлығы

ОӨЖ

6










7,5

30

30

емтихан


4 Пәннің Мақсаты:

Пәндi оқытудағы мақсат – болашақ мамандарды болат пен қорытпаларды құю мен кристалдандыру теориясы мен практикасы, сапалы металл алудың прогрессивті әдістері, әртүрлі ақаулардың пайда болу себептері мен оларды жою тәсілдері туралы оқыту.


Пәннің міндеті

Пәндi оқытуда қойылатын мiндеттер – болат пен қорытпаларды құю мен кристалдандыру теориясы мен практикасы, сапалы металл алудың прогрессивті әдістері, әртүрлі ақаулардың пайда болу себептері мен оларды жою тәсілдері туралы студенттерге білім беру.


5 Біліміне, қабілетіне және машықтарына қойылатын талаптар
пәнді оқу нәтижесінде студенттердің білуі керек:


  • болаттар мен қорытпалардың кристалдану теориясын;

  • қазіргі заманғы металдарды қорамсауытқа құю, ДҮҚМ, таратып құю машиналарында құю технологияларын;

  • құйма металдағы ақаулардың және құю кезіндегі апатты жағдайлардың туындау себептерін;

  • металл сапасын бақылау және басқару әдістерін.

пәнді оқу нәтижесінде студенттердің істей білуі:

  • құю технологиясын басқара және кристалдану үрдісіне оң әсер ете алуы;

  • физика-химиялық, жылутехникалық және гидродинамикалық заңдылықтарды математикалық өрнектей алуы;

  • металдағы ақаулардың және құю кезіндегі апатты жағдайлардың алдын-алу шараларын істей алуы;

металл сапасын арттыру және жарамды құйма деңгейін көтеру шараларын қолдана алуы.

Тәжірибелік машықтарды меңгеру:

– стандарттарға сәйкес әдістер мен өлшеу құрылғыларын таңдау (техникалық регламентпен);

– аспабтар мен жабдықтарды қолдана білу.


  • физика-химиялық, жылутехникалық және гидродинамикалық заңдылықтарды математикалық өрнектей алуы

  • металл сапасын арттыру және жарамды құйма деңгейін көтеру шараларын қолдана алуы



6 Пререквизиттер

Бұл пәнді меңгеру үшін келесі пәндерді оқу кезінде алған білімдері және машықтары болуы керек: Мамандыққа кiрiспе, физика, математика, ақпараттану, сызба геометрия және инженерлік графика, қолданбалы механика, құю өндірісі, металлургиялық жылутехника, металлургиялық процестердің теориясы.



7 Постреквизиттер

Пәнді оқып меңгеру және алған білімі келесі пәндерді ұғынуға қажетті: металлургия өндірісінің технологиясы 1, металлургия өндірісінің технологиясы 2, металлургиялық цехтардың жабдықтары және жобалау, құю және кристалдандыру, кен дайындау және байыту.


8 Пәннiң тақырыптық жоспары



р/р

Тақырыптар атауы

Сағаттар саны

Дәріс

Тәжір.

СӨЖ

1

2

3

4

5

1

Кіріспе. Кристалдану негіздері.

1

3,5

2

2

Құймакесектер мен үздіксіз құйылған дайындамалардың қатаюының жылуфизикалық негіздері. Болат құймалардың құрылымы.

1

1

5

3

Болат құйма ақауларының табиғаты мен жіктелімі.

1




4

4

Қорамсауытқа болат құюдың технологиялық негіздері.

1

2

5

5

Болатты үздіксіз құюдың технологиялық негіздері.

1




3

6

Құймакесектердің сапасын жақсарту жолдары.

1

1

5

7

Қара металдарды құюға арналған жабдықтар. Отқатөзімді материалдар.

1




3

8

Ферроқорытпаларды құюдың технологиялық негіздері.

0,5




3

БАРЛЫҒЫ:

7,5

7,5

30

9 Пәннің қысқаша сипатталуы


«Құю және кристалдандыру» пәні профильдеуші пән. Пәндi оқытудағы мақсат – металлургия мамандығында оқитын студенттердi құю және кристалдану ерекшеліктерінің жоғары сапалы металл алуға тигізер әсерінің маңызы. Құю әдістерінің қысқаша сипаттамалары. Құю және кристалдану кезіндегі негізгі физика-химиялық, жылутехникалық және гидродинамикалық үрдістер, қатаю және кристалдану туралы түсініктерді қалыптастыру, білім беру; қоспаланған металдардың кристалдық құрылымының қалыптасу ерекшеліктері, кристалдану үрдістерін сипаттайтын негізгі теңдеулер түрлерiмен таныстыру.

10 Курс компоненттері
Пән тақырыптарының мазмұны


  1. тақырып. Кіріспе. Кристалдану негізі

Құю және кристалдану ерекшеліктерінің жоғары сапалы металл алуға тигізер әсерінің маңызы. Құю әдістерінің қысқаша сипаттамалары. Құю және кристалдану кезіндегі негізгі физика-химиялық, жылутехникалық және гидродинамикалық үрдістер. Қатаю және кристалдану туралы түсініктер.

Сұйық болат пен қорытпалардың құрылымы мен қасиеттері. Қатты, сұйық және газ тәрізді заттардың сипаттамалары. Сұйық және қатты күйлердің ұқсастықтары. Жақын және алыс тәртіптер. Сұйық күйдің негізгі теориялары. Тесіктер теориясы. «Шоғырлар» және «сиботаксистер» теориясы. Сұйықтар құрылымының уақыт факторын есепке алатын гипотезасы. Кристалдану температурасы және жылуы. Металдың аса суынуы туралы түсінік. Кристалдану өскіні туындауының термодинамикалық шарты. Кристалдану үрдісінің математикалық өрнегі. Кристалл өскінінің межелік радиусы. Гомогенді және гетерогенді кристалдану. Гомогенді және гетерогенді кристалдану кезіндегі өскін туындау ерекшеліктері. Металдың аса суыну дәрежесінің және беттік керілу күшінің өскіннің межелік радиусы мәніне әсері. Металдарды I және II текті модификаторлармен өңдеу. Кристалдардың өсуі және пішіндері. Кристалдардың өсуі және пішін қалыптасуы үрдістерінің термодинамикасы. Негізгі теңдеулері.

Дендриттік кристалдану. Дендриттердің түзілу және олардың өсуін тоқтату себептері. Қайтара суыту кезіндегі дендриттер рекристаллизациясы. Металл құрылымының түйірленуі және полигондалуы. Қоспаланған металдардың кристалдық құрылымының қалыптасу ерекшеліктері. Кристалдану үрдістерін сипаттайтын негізгі теңдеулер.

2 тақырып. Құймакесектер мен үздіксіз құйылған дайындамалардың қатаюының жылутехникалық негіздері. Болат құймалардың құрылымы

Кристалдану және қатаю кезіндегі жылуфизикалық үрдістер. Құймадан қорамсауытқа немесе кристалдандырғышқа жылу тасымалдануы. Құйма мен қорамсауыт арасындағы саңылаудың өзгеруі. Тыныш, жартылай тыныш және қайнаған болат құймасы құрылымының қалыптасуы. Қосфазалы аймақ. Кристалдану шебі және жылдамдығы. Құрылымы әркелкі аймақтар. Қоспаланған болаттар мен ферроқорытпалар құймасының құрылым түзілу ерекшеліктері. Транскристалдану. Құрылым әркелкілігінің дамуына әсер ететін факторлар. Құрылым түзу үрдістерін басқару әдістері.

Элементтер ликвациясы. Сегрегация. Ликвациялық үрдістердің даму дәрежесі мен темір-ликвирленуші элемент күй диаграммасы арасындағы байланыс. Ликвациялық үрдістердің математикалық өрнектелуі. Құймакесектің химиялық әркелкілігі. Оң және теріс сегрегация аймақтары. Ортадан тыс және өстік ликвация. Суыну конусы. Құю жылдамдығы мен температурасының, құйма массасы мен пішінінің, металдың химиялық құрамының сегрегацияға әсері. Ликвациямен күресу әдістері.

3 тақырып. Болат құйма ақауларының табиғаты мен жіктелімі

Құймакесектің негізгі ақаулары. Олардың металдарды қысыммен өңдеу кезіндегі өзгерістері. Болат балқытудағы және илемдеу өндірісіндегі ақаулардың ұқсастықтары мен негізгі айырмашылықтары. Шөгу. Шөгу құбылыстары. Ұзындық және көлемдік шөгу. Шөгу ақауларының көріністері. Шөгу қуысының түзілу механизмі және шөгудің математикалық өрнектелуі. Шөгу алдындағы ұлғаю. Қоспаланған және көміртекті болат құймалардың шөгу қуысының тереңдігін азайту шараларының негізгі бағыттары.

Кристалдану және суыну кезінде түзілетін жарықшақтар. Көлденең және бойлық жарықшақтардың түзілу механизмдері. Құймакесектерде жарықшақтар туындау шарттары. Ішкі кристалларалық жарықшақтар. Жарықшақтармен күресу шаралары. Қоспаланған болаттардағы жарықшақтар түзілу ерекшеліктері.

Ликвациялық ақаулар. Жалпылай және шеттік ликвация. Ликвациялық шаршы. Алюминиймен қоспаланған және онымен қоспаланбаған болаттардағы ликвация. Ликвациялық ақаулармен күресу шаралары.

Қабықшалар, қыртыс орамдануы, газ көпіршіктері, қоспаланған болаттардың өзіне тән ақаулары.
4 тақырып. Қорамсауытқа болат құюдың технологиялық негіздері

Болат құю әдістері. Үстінен құю. Сифонды құю. Артықшылықтары мен кемшіліктері. Тыныш болатты қож астында және басқа қорғаныш жамылғы астында құю. Суспензиялы (қоймалжың) құю. Реттелуші қысыммен құю. Электрқожды құю.

Құюға арналған жабдықтар. Тығынсыз құю. Артықшылықтары мен кемшіліктері.

Қорамсауыттар мен үстемелер. Қорамсауыт материалдары. Қорамсауыттың геометриялық өлшемдері. Үстемесіз қорамсауыттар. Құймакесектің бас жағын жылыту әдістері.

Гидродинамикалық үрдістер және қорамсауытты толтыру кезіндегі ағыстардың таралуы. Гидродинамиканың математикалық өрнектелуі. Құю жылдамдығы мен металл температурасының тиімді мәндерін таңдау. Құю температурасы мен жылдамдығын реттеу. Пештен тыс өңдеудің әсері.

Болаттың арнаулы түрлерін құю ерекшеліктері. Экзоқоспалар, жылытқыш ұнтақтар, жылдам құю. Құймакесектер мен дайындамалардың сапасын бақылау. Қорамсауытқа болат құю кезіндегі кемістіктер мен апаттық жағдайлар. Олардың алдын-алу және жою шаралары.

5 тақырып. Болатты үздіксіз құюдың технологиялық негіздері

Үздіксіз құю қондырғылары, олардың сипаттамалары. ДҮҚМ құрылымы. ДҮҚМ негізгі тетіктері. Үздіксіз құю кезіндегі физика-химиялық, жылутехникалық және гидродинамикалық үрдістер. Үздіксіз құюдың негізгі технологиялық көрсеткіштері. Металды қайта тотығудан қорғау. Майлағыштар және қорғаныш жамылғылар түрлері. ДҮҚМ металлургиялық ұзындығын және құю жылдамдығын есептеу. ДҮҚМ-да жеделдете құю.

Болат пен дайындаманың жекелеген түрлерін құюға арнап ДҮҚМ түрін таңдау. Радиалды ДҮҚМ. Үздіксіз құюдың одан әрі даму бағыттары.

Құюға дайындау. Болатты бірлеп балқытып құю және балқыту соңынан іле тағы балқытып құю. ДҮҚМ дайындамасының құрылым қалыптасу ерекшеліктері. Өзіне тән ақаулары, олармен күресу шаралары. Үздіксіз құю кезіндегі апатты жағдайлар, олардың алдын-алу және жою. Үздіксіз құю технологиясын жетілдіру.

6 тақырып. Құймакесектердің сапасын жақсарту жолдары

Болатты қож астында және қорғаныш жамылғы астында құю. Болатты суспензиялы түрде құю. Болатты электрқож арқылы құю. Электрқожда қайта балқыту. Вакуумды доғалы қайта балқыту. Болатты реттелетін қысыммен құю. Құймакесектің кристалдану және қатаю үрдісіне сырттан әсер ету.

7 тақырып. Қара металдарды құюға арналған жабдықтар. Отқатөзімді материалдар

Құюға арналған шөміштер. Құймакесек өндірісіндегі ауыспалы жабдықтар: қорамсауыттар, орталық қорамсауыттар, қосымша үстемелері, тығындар, қорамсауыт пен төсемдерге арналған қыстырмалар, қақпақтар, қорамсауыт таситын арбалар.

Ауыспалы жабдықтарды болат құю алдында дайындау. Қорамсауыттарды, үстемелерді, жылытқыштары бар қорамсауыттарды дайындау.

Отқатөзімді материалдар. Шөмішке, құймакесектің бас жағын жылытуға арналған отқатөзімділер, болатты сифон арқылы құюға арналған отқатөзімді бұйымдар, болатты пештен тыс өңдеу қондырғысына қажетті отқатөзімділер. Болатты үздіксіз құюда қолданатын отқатөзімділер, мертельдер, тығыздағыштар.


8 тақырып. Ферроқорытпаларды құюдың технологиялық негіздері

Сұйық және қатты күйдегі ферроқорытпалардың физика-химиялық және жылутехникалық қасиеттері. Ферроқорытпалар кристалдануы кезіндегі ликвациялық үрдістер. Ферроқорытпаларды құю әдістері. Әртүрлі қорамсауыттарға құю. Қабаттап құю. Ферроқорытпаларды машинамен құю. Түйірлеу.

Құю технологиясы. Құю температурасы мен жылдамдығын таңдау. Құю кезіндегі ликвациямен күресу. Ферроқорытпаларды топтап құюға арналған машиналар.

Машинамен құю кезіндегі ұсақтардың түзілуіне құю жылдамдығының, металл температурасының және құймакесек қалыңдығының әсері. Ұсақтарды пайдаға жарату тәсілдері. Суспензия түрінде құю. Құймакесек құрылымы. Қорамсауыттар мен мульдалардың тұрақтылығын арттыру әдістері. Аппатты жағдайлар мен олардың алдын-алу шаралары.

Ферроқорытпаларды пештен ағызу және құю кезіндегі металл мен қожды ажырату. Металл шашырандыларын пайдаға жарату. Денесі бітік құймакесектерді алу. Вакуумдеу және оттексіздендіру.

Топталған ферроқорытпаларды құюдың технологиялық ерекшеліктері. Ферроқорытпаларды ұсату, сұрыптау, сапасын бақылау және қаптау.

Ферроқорытпаларды құюдың жаңашыл тәсілдері.

Тәжірибелік сабақтардың мазмұны және тізімі


  1. тақырып – Кіріспе. Кристалдану негізі

№1 сабақ

Металл балқымалардың қалып (қорамсауыт) ішінде ағуы.

Бернулли теңдеуін металл ағынын есептеуге қолдану.

№2 сабақ


Қорытпалардың кристалдануы.

Тепе-теңдік және теңсіздік күйде кристалдану

№3 сабақ

Құйма мен қорамсауыт арасындағы жылу алмасуды есептеу.

Құйманың қорамсауыт ішінде тұру уақытын табу.

№4 сабақ


Ұқсастық критерийлерін қолданып құйманың қатаюын есептеу.

Құймакесектің қатаю уақытын анықтау.


2 тақырып – Құймакесектер мен үздіксіз құйылған дайындамалардың қатаюының жылутехникалық негіздері. Болат құймалардың құрылымы

№5 сабақ


Құйма мен қорамсауыт арасындағы жылу алмасуды санды есептеу.

Құйманың қорамсауыт ішінде тұру уақытын анықтау.


5 тақырып - Болатты үздіксіз құюдың технологиялық негіздері

№6 сабақ


Үздіксіз құю кезіндегі құю жылдамдығын есептеу

Үздіксіз құйылған құйманың қалыптасуын зерттеу

№7 сабақ

Үздіксіз құюды үлгілеу (гидродинамикасын, қатаю үрдісін)

Гидравликалық үлгілеудегі кристалдандырғыштың масштабын анықтау.
6 тақырып – Құймакесектердің сапасын жақсарту жолдары

№8 сабақ


Үздіксіз құю машинасының жылулық есептеуі

ДҮҚМ көрсеткіштерін есептеп үйрену.




Студенттердің өздiк жұмыстарының мазмұны




р/р

СӨЖ түрі

Есеп беру

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәрістен тыс қалған тақырыптарды өз бетімен оқу

Конспект

Есеп қорғау

7,5

2

Өткен тақырыптарға дайындалып, конспектіні толықтыру

Конспект

Есеп қорғау

7,5

3

Тәжірибелік жұмыстарды қорғауға дайындалу

Есептер

Есеп қорғау

3

4

Межелік бақылауға дайындалу

Ауызша сұрау

МБ1, МБ2

4

5

Есептеу-сызба тапсырманы орындау

ЕСЖ

ЕСЖ қорғау

8

Студенттердің өздiк жұмыстарының түрі
Студенттердің өз бетімен оқып үйренуі үшін ұсынылатын тақырыптар тізімі
1 тақырып. Болат құйманың оңтайлы кристалдық құрылымын қалыптастыру.

Ұсынылатын әдебиет: [2], 139-168 беттер; [4], 73-112 беттер.



  1. тапқырып. Дайындамаларды үздіксіз құюдың қисық желілі және көлденең машиналарының құрылымы мен жұмысы.

Ұсынылатын әдебиет: [3], 128-200 беттер; [8], 260-282 беттер.

3 тақырып. Үздіксіз құйылған құймакесектердің сапасын қалыптастыру.

Ұсынылатын әдебиет: [4], 112-147 беттер, [10], 299-361 беттер

Есептеу-сызба жұмысының мазмұны


ЕСЖ бөлімдерінің мазмұны

Орындауға жұмсалатын уақыт, сағ.

Кіріспе. Үздіксіз құюдың артықшылықтары.

0,5

1 ДҮҚМ құрылымы. Негізгі тетіктері мен түйіндері, олардың қызметтері.

1

2 Үздіксіз құю технологиясы

1

3 Үздіксіз құйылған дайындамалардың ақаулары және олардың алдын-алу шаралары

1

4 ДҮҚМ жылулық есептері

3

5 Үздіксіз құюдың тиіміділігін көтеру жолдары

1

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

0,5



Бақылау шараларының күнтізбелік графигі

«Құю және кристалдандыру» пәнi бойынша күндізгі оқу түрі 050709 «Металлургия» мамандығының студенттеріне арналған сабақ үстінде жұмыс жасауға және СӨЖ –ді орындау және тапсыру бойынша тапсырмалар




1 рейтинг (6 семестр)

Апталар

1 сабаққа қойылатын макс. балл

1

2

3

4

5

6

7

8

Барлығы

Апта ішіндегі максималдық балл

20

24

28

28

100

Сабаққа қатысу және дәріске дайындалу

СӨЖ түрі/есеп.формасы

 

1,2 ДҮТ

3,4 ДҮТ

5,6 ДҮТ

7,8 ДҮТ

16

Бақылау формасы

 

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс.балл

2

4

4

4

4

Сабаққа қатысу және тәжірибелік сабақтарға дайындалу

СӨЖ түрі/есеп.формасы

 

1 ТЖҮТ

2 ТЖҮТ

3 ТЖҮТ

4 ТЖҮТ

16

Бақылау формасы

 

Р

Р

Р

Р

Макс.балл

2

4

4

4

4

Тәжірибелік жұмыстарды ресімдеу және қорғау

СӨЖ түрі/есеп.формасы

 

 

Е

 

Е

 

Е

 

Е

32

Бақылау формасы

 

 

1ТҚ

 

2ТҚ

 

3ТҚ

 

4ТҚ

Макс.балл

4

8

 

8

 

8

 

8

Материалды өздігінен меңгеру

СӨЖ түрі/есеп.формасы

 

 

1 ӨМҮТ

2 ӨМҮТ

3 ӨМҮТ

4 ӨМҮТ

5 ӨМҮТ

6 ӨМҮТ

7 ӨМҮТ

36

Бақылау формасы

 

 

К

К

К

К

К

К

К

Макс.балл

6




4

4

4

8

4

4

8

2 рейтинг (6 семестр)

Апталар

1 сабаққа қойылатын макс. балл

9

10

11

12

13

14

15




Барлығы

Апта ішіндегі максималдық балл

26

26

26

22

100

Сабаққа қатысу және дәріске дайындалу

СӨЖ түрі/есеп.формасы

 

9,10 ДҮТ

11,12 ДҮТ

13,14 ДҮТ

15 ДҮТ

14

Бақылау формасы

 

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс.балл

2

4

4

4

2

Сабаққа қатысу және тәжірибелік сабақтарға дайындалу

СӨЖ түрі/есеп.формасы

 

5 ТЖҮТ

6 ТЖҮТ

7 ТЖҮТ

8 ТЖҮТ

16

Бақылау формасы

 

Р

Р

Р

Р

Макс.балл

2

4

4

4

4

Тәжірибелік жұмыстарды ресімдеу және қорғау

СӨЖ түрі/есеп.формасы

 

 

Е




Е

 

Е

Е 




32

Бақылау формасы

 

5ТҚ

6ТҚ

 7ТҚ

 8ТҚ

Макс.балл

4

8

8

8

8

Материалды өздігінен меңгеру

СӨЖ түрі/есеп.формасы

 

8 ӨМҮТ

9 ӨМҮТ

10 ӨМҮТ

11 ӨМҮТ

12 ӨМҮТ

13 ӨМҮТ

14 ӨМҮТ




38

Бақылау формасы

 

К

К

К

К

К

К

К




Макс.балл

5

5

5

5

5

5

5

8



Шартты белгілеулер: 1ДҮТ –№1 дәріске дайындалуға берілетін үй тапсырмасы, Қ – оқу үрдісіне қатысуы, 1зертҮТ –№1 зертханалық жұмысқа дайындалуға берілетін үй тапсырмасы, Р – рұқсатнама, Е – Есеп, 1ТҚ – №1 зертханалық жұмысты қорғау, 1ӨМҮТ – №1 өздігінен материалды меңгеруге берілетін үй тапсырмасы; К – коллоквиум.


Металлургия кафедрасының отырысында ұсынылған 20___ж. «____» ______ хаттама №__
Кафедра меңгерушісі _______ Сүйіндіков М.М. «____»__________20____ж.

Қорытынды рейтингтi есептеу әдiстемесi
Пән бойынша Қорытынды Бағаны (Қ) Жіберу Рейтингі (ЖР) мен Қорытынды Бақылау (ҚБ) ұпайларын олардың үлестеріне (Үжр, Үқб) көбейту арқылы мына формуламен есептейдi:
Қ=ЖР·Үжр+ҚБ·Үқб
Осы пән бойынша қорытынды бақылау түрi емтихан болып табылады.

Университеттiң ғылыми кеңесiнiң шешiмi бойынша бақылау түрлерi және ағымдағы үлгерiм бойынша келесiдей ара салмақ үлесi тағайындалған.






Қорытынды бақылау түрi

Бақылау түрлерi

Ара салмақ үлесi

1.

Емтихан

Емтихан

0,4

Ағымдағы үлгерiмдi бақылау

0,6

Студенттердің пән бойынша семестрдегі жіберу рейтингі мынаған тең:


ЖР=(Р1+Р2)/2
Семестр ішіндегі Р1 мен Р2 рейтингтері былай анықталады:
Р1(2) =АҮ1(2)·0,7+МБ1(2)·0,3
Ағымдағы Үлгерім (АҮ) жоғарыдағы Бақылау шараларының күнтiзбелiк кестесi арқылы 100 ұпайлық баған бойынша есептеледі.

Межелік Бақылау (МБ1 және МБ2) бағасы әрбір рейтинг (Р1 және Р2) мерзімі келгенде 100 ұпай бағанымен анықталады.



Қорытынды Бақылау (ҚБ) ұпайы да 100 балдық жүйемен бағаланады.
Ұпай санымен алынған пән бойынша қорытынды рейтинг (Қ) төмендегi кестеге сәйкес өзiнiң сан түрiндегi (С), әрiп түрiндегi (Ә) және дәстүрлi жүйедегi баға түрiндегi (Д) баламасына айналдырылып, “Тәлiмгерлердiң оқу жетiстiктерi журналына” және “Рейтинг тiзiмдемесiне” жазылады.


Ұпай тү-рiндегi қо-рытынды баға (Қ)

Ұпайлардың сандық баламасы (С)

Әрiп жүйесiнде бағалау (Ә)

Дәстүрлi жүйе бойынша бағалау (Д)

Емтихан, диф.сынақ

Сынақ

95-100

4

А

Өте жақсы

Сынақ

90-94

3,76

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

Қанағаттанарлық

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

0-49

0

F

Қанағаттанарлықсыз

Сынақ емес


Ескертпе:

Межелік бақылауға (МБ) жіберілу үшін студенттің Ағымдағы үлгерімі (АҮ) бойынша ұпайы болуы керек.

Егер студент Межелік бақылауға (МБ1, МБ2) кірмей кетсе немесе одан 50 баллдан төмен ұпай алса, ондай жағдайда студенттің Рейтингі (Р1, Р2) есептелмейді. Мұндай жағдайда декан студентке МБ тапсыру үшін жеке мерзім тағайындайды.

Қорытынды бақылауға (ҚБ) жіберілу үшін студент пәннің жұмыстық бағдарламасында белгіленген талаптардың барлығын (зертханалық, өзіндік жұмыстарды, берілген тапсырмаларды) орындап шығуы және Жіберу рейтингі (ЖР) бойынша 50 ұпайдан кем алмауы керек.

Жіберу рейтингі (ЖР) мен Қорытынды бақылау (ҚБ) бойынша оң бағасы бар студенттің ғана Қорытынды рейтингі (Қ) шығарылады. Болмашы себептердің салдарынан Қорытынды бақылауға (ҚБ) келмей қалған жағдайда ондай студентке «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады.

11 Курс саясаты
Оқу үрдісіне қатысу деген сабаққа келу, талқылауға белсенді араласу, өз курстастарыңмен біріге ынта көрсету деп табылады. Сабаққа кешікпей келу керек.

Дәріс сабақтарына қатысқаны үшін 1 ұпай, тәжірибе сабақтарына қатысқанға 1 ұпай беріледі.

Пән бойынша студент тәжірибе және есептеу-сызба жұмыстарын орындайды.

Сабақ кезінде тапсырманы орындау және оны қорғағаны ұпаймен бағаланып отырады. Осының арқасында студент әр сабақта 10 ұпайға дейін алуына мүмкіндік бар.

Студенттің өздік жұмыстары (СӨЖ) дәріс сабақтарында қарастырылған сұрақтарға дайындалуды, оларды ұсынылған әдебиеттер бойынша тереңдете меңгеруді және есептеу-сызба жұмыстарын (ЕСЖ) орындауды қамтиды.

Өздік жұмыстар келесідей тәртіппен бағаланады.

Әрбір тақырыпты тереңдете оқу кезінде студент конспект жазып, оны және ЕСЖ оқытушыға тексеруге береді. Ол үшін 5 ұпайдан алып отырады.

Бірінші және екінші межелік бақылаулар билеттегі сұрақтар бойынша жүргізіледі.

Сынақ пән бойынша өткен тақырыптардың барлығын қамтитын сұрақтары бар билеттермен қабылданып жүз ұпайлық жүйемен бағаланады. Толық жауаптың бағасы 100 ұпайды құрайды.

Студенттердiң оқу тәртiбiн бұзушылығы ұпай азайту түрiндегi айып салумен жазаланады. Айып шамасы төмендегiдей болады.



  • Дәрiс немесе тәжірибелік сабаққа қатыспаса 0 ұпай қойылады.

  • Сабаққа кешiгiп келсе 1 ұпайға дейін жоғалады.

-15 минуттан артық кешiккен жағдайда сабаққа кiргiзбей 0 ұпай жазылады.

-Тәртiп бұзып сабақтан қуылса - 0 ұпай.

-Тәртiбi үшiн ескерту алып, бiрақ сабақта қалдырылса 1 ұпай шегерiледi.

Тапсырманы орындау және қорғау кестесiн бұзу былай жазаланады.

Мерзiмiнен кеш қорғалған жұмыстардың ұпай сандары кестеде көрсетiлгеннен кешiккен сайын азайтылып отырады. Семестрдiң соңғы жұмасына дейiн кешiктiрiлген жұмыстардың ұпайы 0 –ге дейiн азаяды.

12 Әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер




    1. Разливка черных металлов/Власов Н.Н., Король В.В., Радя В.С.: Справочное изд., перераб. И доп. М.: Металлургия, 1987.

    2. Малевич Ю.А., Самойлович Ю.А. Теплофизические основы затвердевания отливок и слитков.-Минск.: Выш.шк., 1989.-203 с.

    3. Машиностроение. Энциклопедия в 40 томах. Том IV-5 Машины и агрегаты металлургического производства. –М.: Машиностроение, 2004 – 912 с.

    4. Тепловые процессы при непрерывном литье стали. –М.: Металлургия, 1982.-152 с.

    5. Специальные способы литья: Справочник/ В.А.Ефимов, Г.А. Анисович, В.Н.Бабич/ Под общ. Ред. В.А.Ефимова. –М.: Машиностроение, 1991. -436 с.: ил.

    6. Разливка и кристаллизация: методические указания к практическим занятиям/ сост. П.О.Быков, И.Э.Штиль –Павлодар: ПГУ им.С.Торайгырова, 2007. -57 с.

    7. Воскобойников В.Г., Кудрин В.А., Якушев А.М. Общая металлургия: уч.для вузов. -6-е изд., перераб. и доп. –М.: ИКЦ «Академкнига», 2005. -768 с.

    8. Авдеев В.А. и др. Основы проектирования металлургических заводов: Справочное издание/ В.А.Авдеев, В.М.Друян, Б.И.Кудрин. –М.: Интермет Инжиниринг, 2002. -464 с.

    9. Инкин С.В., Мазалов И.Ф., Пикунов М.В., Тен Э.Б., Шуголь Б.М. : Инженерные расчеты по теории литейных процессов. Под ред. Б.М.Шуголя. Алма-Ата: «Рауан», 1991. -224 с.

    10. Смирнов А.Н., Пилюшенко В.Л., Минаев А.А., Момот С.В., Белобров Ю.Н. Процессы непрерывной разливки. –Донецк: Изд-во ДНТУ, 2002 – 535 с.

    11. Непрерывная разливка стали на радиальных установках/ Сладкоштеев В.Т., Потанин Р.В., Суладзе О.Н. и др. –М.: Металлургия, 1974. -228 с.


Қосымша әдебиет

      1. Лабораторные работы по технологии литейного производства: Учеб. пособие. А.В. Курдюмов, А.М.Михайлов, Б.В.Бауман. Под общ. Ред. А.В.Курдюмова. -2-е изд. М.: Машиностроение, 1990. -272 с.

      2. Фомин Б.А. Металлургия вторичного алюминия: Уч. пособие для вузов. –М.: Экомет, 2004. -240 с.

      3. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздiк: Металлургия және кен iсi/жалпы ред.басқарған А.Қ.Құсайынов –Алматы, 2000 –288 бет.

Орысша-қазақша түсiндiрме сөздiк: Металлургия /Жалпы ред. басқарған проф. Е.Арын –Павлодар,2002 –65 бет..
Ұсынылатын мерзімді басылымдар

«Литейное производство» журналы

«Библиотечка литейщика» журналы

«Известия вузов. Черная металлургия» журналы



«Известия вузов. Цветная металлургия» журналы

«Промышленность Казахстана» журналы
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет