БАҒдарламасы (Syllabus) Павлодар Пән оқыту бағдарламасының бекіту парағы (Syllabus)



бет2/2
Дата28.06.2017
өлшемі330,45 Kb.
#20312
түріБағдарламасы
1   2

бекітемін


СҚФ деканы

________ М.К.Кудерин

2013 ж.«___»________


Құрастырушы: аға оқытушы ______________ Ж.Ж. Дюсенова



«Сәулет және дизайн» кафедрасы




Пәннің бағдарламасы (Syllabus)

Инженерлік және компьютерлік графика пәнінен


5В071800 «Электрэнергетика», 5В071700 «Жылуэнергетика»

мамандықтарының студенттеріне арналған


Бағдарлама 2013 ж. «____» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.

2013 ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған, хаттама №___.

Кафедра меңгерушісі __________ Л.Л. Булыга 2013 ж. «___»__________

СҚФ оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

2013 ж. «_____»_____________ хаттама № ____.

ОӘК төрағасы ____________ Г.А. Жукенова 2013 ж. «___»____________



1. Оқу пәннің паспорты
Пәннің атауы Инженерлік және компьютерлік графика
Пән вуздық компонент

5В071700 «Электрэнергетика» мамандғы үшін



Кредит саны және оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 1

Семестр: 2



Аудиторлық сабақтардың барлығы – 45сағат

Дәріс – 22,5 сағат

Тәжірибелік сабақ -15 сағат

Зертханалық сабақ – 7,5 сағат

СӨЖ - 90 сағат

оның ішінде СӨОЖ – 22,5 сағат

Жалпы еңбек сиымдылығы –135 сағат

5В071700 «Жылуэнергетика» мамандығы үшін



Бақылау түрі

Емтихан – 2 семестр


5В071700 «Жылуэнергетика» мамандғы үшін

Кредит саны және оқу мерзімі

Барлығы – 3кредит

Курс: 2

Семестр: 4



Аудиторлық сабақтардың барлығы – 45сағат

Дәріс – 22,5 сағат

Тәжірибелік сабақ -15 сағат

Зертханалық сабақ – 7,5 сағат

СӨЖ - 90 сағат

оның ішінде СӨОЖ – 22,5 сағат

Жалпы еңбек сиымдылығы –135 сағат

5В071700 «Жылуэнергетика» мамандығы үшін



Бақылау түрі

Емтихан – 4 семестр


Пререквизиттер

Инженерлік және компьютерлік графика оқудың алдында орта мектептегі: геометрия, тригонометрия, сызу, программалау және информатика элементтерін салаларынан алғашқы білім.


Постреквизиттер

Жоғарытемпературалы процестер мен қондырғылар, Қазандық қондырғылар және бу генераторлары, Энерготасығыштарды тарату мен өндіру жүйелері


2. Оқытушы тұралы мағлұмат

Сәулет құрылыс факультеті

Сәулет және дизайн кафедрасының аға оқытушы Дүйсенова Жеңісгүл Жағыпарқызы-(дәрістер,тәжірибелік, ОСӨЖ сабақтар)

Қабылдау уақыты: бейсенбі сайын 1010 – 1115, К-513 телефон: ____________


3. Предмет, мақсаттары мен міндеттері

Пәннің нысаны

–техникалық информацияның тасымалдаушының бірі болып табылатын сызба



Пәнді оқудың мақсаты

– студенттерді сызбаны жаңа талапқа сай автоматты AutoCAD жүйесінде қолдануды және әртүрлі техникалық сызбаны орындауды үйрету.



Пәннің міндеттері

- сызбаны оқып, қолмен орындап үйрену және сұлбасын орындай білу керек.
4. Білімге, білуіне, орындау білуіне және компетенцияларға талаптар

Бұл пәнді оқудың нәтижесінде студент:



түсінігі болу керек:

  • Конструкторлық құжаттардың біріңғай жүйесі туралы;

білу керек:

  • сызба орындау техникасын;

істей білу керек:

  • сызбаны өлшем құралдарымен және оқу құралдарымен қолдана білу;

  • әр түрлі техникалық сызбаларды, сұлбаларды AutoCAD жүйесінде орындау білу керек;

тәжірибелік дағдыларды алу керек:

  • қарапайым дененің геометриялық түрін анықтап олардың көрінісін сала білу;

  • AutoCAD жүйесінде жұмыс істеу;

компетентті болу керек:

  • сызбаны оқуында, оның құрам бөлшектерін БКҚЖ-не сай стандартта орындауына.


5. Пәнді оқудың тақырыптық жоспары
Академиялық сағаттардың түрлері бойынша бөлінуі



т/б
Тақырыптың аталуы
Аудиторлық сағаттардың сабақтардың түрлері бойынша саны
СӨЖ

Дәріс

Тәжірибе-лік
Зертханалық
Бар-лығы
Оның ішінде СОӨЖ

1

Кіріспе. Проекция тәсілі. Нүктенің, түзудің және жазықтықтың комплекстік сызбалары

10







10




2

Сызбаларды орындаудың жалпы ережелері.




5




5

2

3

Негізгі түрлер




2




5

2

4

Қарапайым кескіндер





2




10

1

5

Күрделі кескіндер




2




10

2

6

Көпқырлылар және айналу беттер

8







5




7

Аксонометриялық проекциялар.


4,5

4




5

1,5

8

AutoСAD-та сызбаны құрудың принциптері.







2

10

2

9

Графикалық примитивтер.







2

10

2

10

Екіөлшемдік объектілерді сызу құралдары







2

10

8

11

Сызбаларды редакциялау







1,5

10

2




Барлығы:135 (3 кредит)

22,5

15

7,5

90

22,5


6. Теориялық курстың мазмұны
1тақырып. Кіріспе. Проекция тәсілі. Нүктенің, түзудің және жазықтықтың комплекстік сызбалары

Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі):

  1. Проекция тәсілі.

  2. Проекциялардың үш жазықтығы жүйесіндегі нүкте.

  3. Нүктенің, түзудің проекциялары.

  4. Түзулердің орналасу жағдайлары.

  5. Жазықтық. Жазықтықтың орналасу жағдайлары.

Проекциялау әдісі-орталық, параллельдік және ортогональдік проекциялау. Кейбір бұйымның проекциясын алу үшін оның бөлек элементтерін кейбір жазықтыққа проекциялау керек.Үш өзара перпендикуляр жазықтықтың көмегімен комплекстік сызба қалыптасады. Түзулердің орналасу жағдайлары.Жазықтық. Жазықтықты алудың әдістері.

Пайдаланатын әдебиет: [1],[2], [4].
6 тақырып. Көпқырлылар және айналу беттері

Жоспар:

1.Призма мен пирамиданың ортогональдік проекциялар.

2.Айналу цилиндрдің ортогональдік проекциялар.

3.Айналу конустың ортогональдік проекциялар.

4.Беттерді жазықтықпен қию. Қиманың нақты мәнін салу

Әр жақтан жазықтықтармен шектелген дене көпқырлы деп аталады. Призма деп табанда көпбұрыш, бүйір беттері-төртбұрыштармен(тікбұрыштармен, параллелограммдармен) шектелген көпқырлы. Пирамида деп табанда көпбұрыш, бүйір беттері-орта төбесі бар үшбұрыштармен шектелген көпқырлы.



Пайдаланатын әдебиет: [1],[2], [5].
7 тақырып. Аксонометриялық проекциялар

Жоспар:

  1. Тікбұрышты изометрия

  2. Тікбұрышты диметрия

  3. Изометрияда және диметрияда эллипстердің салынуы.

Аксонометриялық проекциялауда кейбір бұйым координат осьтарымен бірге аксонометриялық жазықтыққа проекцияланады. Мұнда бұйым үш өзара перпендикуляр П1, П2, П3 проекция жазықтықтар жүйесінде орналасқан деп санаймыз және олармен бірге параллель проекцияланған.

Пайдаланатын әдебиет: [1],[2], [5].
7. Тәжірибелік сабақтарының мазмұны
2 тақырып. Сызбаларды орындаудың жалпы ережелері.

Жоспар:

  1. Негізгі форматар.

  2. Масштабтар.

  3. Сызба сызықтары.

  4. Сызба кәріптер.

  5. Өлшемдерді қою.

Тапсырма:

1. Сызбалық кәріпті орындау.

2. Өлшемдерді қою.

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулар:

Барлық сызбалар стандарттарға сай орындалуы керек.Сызбадағы жазулар сызбалық кәріппен орындайды, кәріп өлшемі үлкен әріптің биіктігімен анықталады. Сызбадағы өлшемдер өлшемдік сызықтармен және сандармен көрсетіледі.



Пайдаланатын әдебиет: [1],[2], [5].


3 тақырып. Негізгі түрлер

Жоспар:

  1. Негізгі түрлер.

  2. Қосымша түрлер

Тапсырма:

1. №1 «Түрлер» графикалық жұмыс



Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулар:

Модельдің үш түрін салу. Басты көрінісін таңдау, өлшемдерін шығару. Басты түр бүйымның формасы және өлшемдері туралы ең көп мәлімет беретін түр.



Пайдаланатын әдебиет: [1],[2], [7].
3 тақырып. Қарапайым кескіндер.

Жоспар:

  1. Кескіндердің классификациясы.

  2. Қарапайым кескіндердің орындалу ерекшеліктері

  3. Өлшемдерін шығару.

Тапсырма:

1. №2 «Қарапайым кескін» графикалық жұмыс



Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулар:

Бұйымның екі көрінісі бойынша үшіншісін салу, фронтальдік және профильдік кескінді орындау. Өлшемдерін шығару.



Пайдаланатын әдебиет: [5], [7].
3 тақырып. Күрделі кескіндер

Жоспар:

  1. Күрделі кескіндердің классификациясы.

  2. Күрделі кескіндердің орындалу ерекшеліктері

  3. Өлшемдерін шығару.

Тапсырма:

1. №3 «Күрделі кескін» графикалық жұмыс



Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулар:

Бұйымның екі көрінісі бойынша үшіншісін салу, фронтальдік және профильдік күрделі кескінді орындау. Өлшемдерін шығару.



Пайдаланатын әдебиет: [5], [7].
4 тақырып. Аксонометриялық проекциялар

Жоспар:

  1. Тікбұрышты изометрия

  2. Тікбұрышты диметрия

Тапсырма:

  1. №4 «Аксонометриялық проекция» графикалық жұмыс

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулар:

Жалпы жағдайлар аксонометриялық остар бойынша бұрмалау коэффи-циенттер. Аксонометриялық остардың көріністері. Тік бұрышты аксономет-рияның түрлері.

Бұйымның екі көрінісі бойынша үшіншісін салу. Берілген беттердің тікбұрышты изометриясын салу.

Пайдаланатын әдебиет: [1],[2], [7].

8. Зертханалық сабақтарының мазмұны
8 тақырып. Компьютерлік графикаға кіріспе. АutoCAD-та сызбаны салу принципі.

Жоспар:

1. Кіріспе. Аuto CAD, программа пакетті.

2. Меню жолы

3. Инструменттердің стандартты панелі

4. Объекттің қасиеттер жолы

5. Жағдай жолы.



Тапсырма:

1.Менюні оқу және талдау.

2. Сызбаның лимитін істеу.

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулар:

Меню жолы- ең жоғарғы жолы, оның ішінде барлық бұйрықтар категория бойынша еңгізілген.

Инструменттердің стандартты панелі- екінші жолы, оның ішінде ең жие кездесетін файлдармен жұмыс істейтін бұйрықтар еңгізілген.

Объекттің қасиеттер жолы- үшінші жолы, оның ішінде объекттілердің қасиеттерін өзгертетін бұйрықтар еңгізілген.

Жағдай жолы-астыңғы жол,мұнда курсордың координаталары көрсетіледі.

Пайдаланатын әдебиет: [6].
9 тақырып. Графикалық примитивтер

Жоспар:

1. Нукте графикалық примитиві.

2. Кесінді графикалық примитиві.

3. Форматтың рамкасы.



Тапсырма:

1.Берілген координата бойынша нукте примитивін салу.

2. Кесінді графикалық примитиві салу.

3. Форматтың рамкасын салу.



Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулар:

Екіөлшемдік кеңістікте нүкте XY жазықтықта анықталады.Координаталарды абсолютті және салыстырмалы координаталар арқылы еңгізуге болады. Тікбұрышты сызу үшін «Тікбұрыш» бұйрығы бар,ол тікбұрышты екі қарама қарсы төбелер арқылы салынады.



Пайдаланатын әдебиет: [6].
10 тақырып. Екіөлшемдік объектілерді сызу құралдары

Жоспар:

1. «Шеңбер» меюсі;

2. «Жазба» бұйрығы;

3. «Штриховка» бұйрығы;



Тапсырма:

1. «Шеңбер» және «Жазба» бұйрықтарын орындау;

2. «Штриховка» бұйрығын орындау;

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулар:

Шеңбер-радиус немесе диаметрді еңгізіп салуға болады. Жазбаны жазғанда әуелі параметрлерін еңгізу керек (шрифтін, қисаю бұрышын, әріптердің арасын) сосын жазбаның облысы таңдалады. .Штриховкада әуелі штрихтайтын контурын сосын штриховканың түрін таңдайды



Пайдаланатын әдебиет: [6].
11 тақырып. Сызбаны редакциялау

Жоспар:

1. «Өзгерту» меюсі;

2. «Қолдар» бұйрығы;

3. «Өшіру» бұйрығы;



Тапсырма:

1. «Қолдар» бұйрығын орындау;

2. «Өшіру» бұйрығын орындау;

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулар:

Қолдар- бұл объекттілерді редакциялау әдісі. Қолдар арқылы объекттілерді ұзартуға, көшіруге, айналдыруға, масштабтауға болады. ERASE (ӨШІРУ) бұйрығы арқылы қалыптасқан объекттілерді өшіруге болады.



Пайдаланатын әдебиет: [6].
9. Студенттің өздік жұмысының тақырыптары


Тақырып №1 Жаңа тақырыбын оқу:

-Бұранда және оның түрлері:

-Бұрандалық қосулар.


Ұсынылатын әдебиет: [5], 207-212 бет.
Тақырып №2 Жаңа тақырыбын оқу:

-Құрастыру сызба:

-Спецификация.


Ұсынылатын әдебиет: [5], 259 – 265 бет.
Тақырып №3 Жаңа тақырыбын оқу:

-Үйлестіру:

-Геометриялық фигуралардың аксонометриялық проекцияларын салу .


Ұсынылатын әдебиет: [5], 46-55 бет, 99-101 бет.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырма:

Тақырып №1 Конспект жазу.

Тақырып №2 Конспект жазу.

Тақырып №3 Конспект жазу.



Оқу бағдарламаның ең қиын сұрақтары

1) Бұрандалық қосулар.

2) Беттердің жаймалары.


10. СӨЖМ кеңестерінің кестесі





Сабақ түрлері

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

1.

Дәріс бойынша кеңестер

Кесте бойынша

Кесте бойынша

Кесте бойынша

Кесте бойынша

Кесте бойынша

2.

Тәжірибелік сабақтар бойынша кеңестер

Кесте бойынша

Кесте бойынша

Кесте бойынша

Кесте бойынша

Кесте бойынша

3.

СӨЖ бойынша кеңестер

Кесте бойынша

Кесте бойынша

Кесте бойынша

Кесте бойынша

Кесте бойынша

4

Тест сұрақтары бойынша кеңестер

Кесте бойынша

Кесте бойынша

Кесте бойынша

Кесте бойынша

Кесте бойынша


11. Студенттердің білімдерін тексеру кестесі
Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру кестесі



Жұмыс түрі

Тапсырманың тақырыбы, мақсаты мен мазмұны

Ұсыны-

латын әдебиет



Орын

дау ұзақты-ғы



Бақы

лау


түрі

Тапсы-ру мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

1

№1 графикалық жұмыс


«Түрлер»

Мақсаты: стандарттарға сай, проекциялық байланысты сақтап сызбаны дұрыс сызуды үйрету.

Мазмұны: Модельдің үш түрін салу. Басты көрінісін таңдау, өлшемдерін шығару.


[5], [7]

3 апта

Қорғау

3апта

2

№2 графикалық жұмыс


«Қарапайым тілік»

Мақсаты: техникалық формадағы бұйымдарда қарапайым тіліктерді орындауды үйрету.

Мазмұны: Бұйымның екі көрінісі бойынша үшіншісін салу, фронтальдік және профильдік тілікті орындау.


[5], [7]

3 апта

Қорғау

6 апта

3

Ағымдық бақылау

Модуль 1,2







Бақы-лау жұмыс

8 апта

4

№3 графикалық жұмыс


«Күрделі тілік»

Мақсаты: бұйымның проекцияларын салу, күрделі тіліктерді салуды үйрету.

Мазмұны:бұйымның екі көрінісі бойынша үшіншісін салу, фронтальдік және профильдік күрделі кескінді орындау. Өлшемдерін шығару.


[5], [7]

3 апта

Қорғау

11 апта

5

№4 графикалық жұмыс


«Аксонометриялық проекция»

Мақсаты: Геометриялық беттерді үшөлшемдік көріністе салуды үйрету.

Мазмұны: Бұйымның екі көрінісі бойынша үшіншісін салу. Берілген беттердің тікбұрышты изометриясын салу.


[8], [7]

3 апта

Қорғау

14 апта

6

Ағымдық бақылау

Модуль 3,4







Бақылау жұмыс

15 апта



12. Білім алушылар білімінің бағалану критериясы

Пәннің оқытылуы барлық өткен тақырыптарды қамтитын тестік формадағы емтиханмен аяқталады. Емтиханға қатысу үшін бағдарламада қарастырылған барлық тапсырмаларды орындау керек. Әр тапсырма 0-100 балға дейін бағаланады. Емтиханға жіберу рейтингін күнделікті сабақта орындалған тапсырмалардың орташа арифметикалық есебінен шығарады (үй жұмысы, СӨЖ тапсырмалары, тәжірибе бойынша тапсырмалар, межелік бақылау).

Пән бойынша қорытынды бақылауға оқу бағдарламасының барлық талаптарын орындаған (СӨЖ тапсырмалары), емтиханға жіберу рейтингін алған (50 балдан кем емес) магистранттар жіберіледі.

Әр пән бойынша магистранттардың білім нәтижесінің деңгейін емтиханға жіберу рейтингі мен қорытынды бақылау бағасынан шығарады (емтихан, дифференциалды сынақ немесе курстық жұмыс), оның үлес салмағын ескере отырып (ЖРҮС және ҚБҮС).

= ЖР*0,6 + ҚБ*0,4

Университет ғылыми кеңесімен үлес салмағы жылда бекітіледі және ЖД үшін 0,6-дан, ал ҚБ 0,3-тен кем болмауы тиіс.

Пән бойынша магистранттың қорытынды бағасы жіберу рейтингі мен қорытынды бақылаудан жақсы бағалары болса ғана саналады. Пән бойынша емтихан мен аралық аттестация нәтижелері магистранттарға сол күні немесе келесі күні көрсетіледі, ал жазбаша емтихан сол күннің екінші жартысында алынады.

Межелік бақылау мен қорытынды емтиханда магистранттардың білімнің нақты бағасы 0-100% пайызбен есептеледі.Межелік бақылау бағасы ағым бағасы мен межелік бақылау бағасынан шығарылады.



Білім алу нәтижелері, яғни білім-білік, дағдылары және «педагогика» пәні бойынша магистранттардың құзыреттіліктері көпбаллды әріптік жүйе және оған сәйкес сандық эквиваленті мен дәстүрлі бағалау шкаласы арқылы бағаланады:



Әріп жүйесі бойынша баға

Балдың сандық эквиваленті

Пайыз мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


13. Оқытушының талаптары, саясаты мен шаралары
Білім алушылардың сабаққа кешігусіз келуі міндетті түрде талап етіледі. Олай болмаған жағдайда мәселе деканат арқылы шешіледі. Максималды түрде екі босату ғана рұқсат етіледі. Екі кешігіп келу бір босатуға тең келеді. Екіден көп босату болған жағдайда білім алушы мәселе әкімшілік тарапынан шешілмегенше сабаққа кіргізілмейді.

Жұмыстар уақытында тапсырылуы қажет. Тапсырмаларды тапсырудың ең соңғы мерзімі – емтиханға 3 күн қалғанға дейінгі уақыт.

Барлық тапсырмаларды өткізбеген білім алушы емтиханға жіберілмейді.

Меңгерілген материалдар үнемі тексеріліп отырылады, сондықтан әркез қайталап отыру шарт.

Осы көрсеткіштер орындалмаған жағдайда жеткіліксіз немесе айып санкциялары қолданылады:


  1. сабақты босату (себепсіз);

  2. тапсырмаларды уақытымен орындамау;

  3. тапсырмаларды орындау барысында қателіктер жіберу, яғни,студент материалды толық меңгермеген жағдайда.

Егер студент сабаққа себепті жағдаймен келе алмаса, келесі аптада сол сабаққа өтеу (отработка) жасайды. Бірақ ұпай азайтылады.

– Пән бойынша қорытынды бақылауға (ҚБ) оқу бағдарламалық жұмыстардың барлық талаптарын орындағандар (барлық зертханалық және тәжірибелік жұмыстарды және СӨЖ және ОСӨЖ бойынша жұмыстар мен тапсырмалар орындаған және тапсырған), курстық жұмысты қорғағаны үшін жақсы баға алғандар (семестрлік жұмыстар) және жіберу рейтингісін жинағандар (50 балдан кем емес) студенттер жіберіледі.

– Егер студент алушы жіберу рейтингісі және қорытынды бақылауы бойынша жақсы бағаларға ие болса, онда пән бойынша қорытынды баға есептелінеді. Егер студент қорытынды бақылауды себепсіз жіберсе, онда оның бағасы “қанағаттанарлықсыз” деп есептелінеді.

Әр студент сабақтың бәріне қатысып, кешікпеуі, тоб ішіндегі талқылауларда және жұмысына белсенді үлес қосуы керек. Студент сабаққа кешікпеуі керек себебі ол оқытушыға және курстарстарына бөгет жасайды. Кез келген сабақтағы тәртіп бұзушылық жазаланады немесе аудиториядан шығарылады.


Әр сабаққа міндетті түрде дайындалу керек, және барлық берілген материалды оқуы керек. Сіздің дайындығыңыз тәжірибелік сабақта сұрау арқылы немесе берілген тарауды өткен соң тест арқылы тексеріледі ағымдық және межелік бақылау жұмыстарда тексеріледі (межелік бақылау). Егер, дәлелді себептен, сіз межелік бақылауға келмей қалсаңыз келесі сабақтың алдында бақылау жұмысын орындауға мүмкіндік беріледі. Ал бақылау жұмыс орындалмаса ноль балл болады.

Семестрде екі межелік бақылау жұмысы болады (7-ші және 15 –ші аптаның соңында 1 семестрдің;. Емтиханға бақылау жұмыстарын орындаған және ЕГЖ қорғаған студенттер ғана жіберіледі.

Емтиханда көшіруге болмайды сонымен қатар қосымша сұрақтар қойылуы мүмкін.

13. Әдебиеттің тізімі

Негізгі

1) Тлеубердин Қ.Ж. Инженерлік графика. Көкшетау. Тенгри. 2011 ж.

2).Жаңабаев Ж. Инженерлік графика. Алматы. Экономика. 2012 ж.

Қосымша

3) Есмуханов Ж.М., Мақышев Е.М., Есмуханов Е.Ж. Сызба геометрия есептері. Алматы, 1995 ж.

4) Ақпанбеков Ғ.Сызба геометрия. Алматы, 1992 ж.

5) Миронова Р.С., Миронов Б.Г. Инженерная графика. – М.: Высшая школа, 2009. – 287 с.

6) AutoCAD 2000 жүйесіндегі сызу. Күндізгі оқу және сырттай формалы энергетикалық мамандықтарының тәлімгерлері үшін «Инженерлік және компьютерлік сызба» пәні бойынша тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар./ Дюсенова Ж.Ж..- С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2004. - 59 с



7) Методические указания к выполнению графических работ по дисциплине «Инженерная и компьютерная графика» по теме «Построение изображений» для студентов энергетических специальностей, дневная форма обучения / Шкреба Е.В., Стаценко А.А.- Павлодар, ПГУ, 2004.-38с.

8) Методические указания к выполнению графических работ по дисциплине «Инженерная и компьютерная графика» по теме «Начертательная геометрия» для студентов энергетических специальностей, дневная форма обучения / Шкреба Е.В., Стаценко А.А.- Павлодар, ПГУ, 2004.-30с.
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет