Бағдарламасының негізіндегі «Химия» пәні бойынша 7 сыныпқа



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата23.05.2023
өлшемі0,6 Mb.
#177461
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
хим.ж Нози БӨЖ-2
Тәңірберген Жанерке (БӨТ), Физиканы медицинада қолдану негіздері Катпаева К.А (копия), Азаматтық сессия, бөж Нұрайка есептер қр қылмыстық, 28 сертификат (1)


Қожа
 
Ахмет Яссауи атындағы қазақ түрік университеті.
 
 
 
 
 
 
БӨЖ 
 
 
 
 
 
Орындаған Амандуллаева Н 
Қабылдаған Алтынбекова М 
 
 
 
 
 
Түркістан 2023жж 


 
 
 
 
 
 
ТҮСІНІК ХАТ 
 
Ұсынылып отырған күнтізбелік-тақырыптық жоспар жаңартылған оқу 
бағдарламасының негізіндегі 
«Химия»
пәні бойынша 
7 сыныпқа
арналған. 
Тақырыптық – күнтізбелік жоспар 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 
қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта 
білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік 
жалпыға міндетті стандартына және 2016 жылдың 3 қарашасындағы №668 
бұйрықтың негізіндегі типтік оқу бағдарламаларының негізінде жасалынды. 
7-сыныпқа арналған «Химия» пәнінің жаңартылған мазмұндағы оқу 
мақсаттары оқушыларға заттар мен олардың айналымы, заттар қасиеттері, 
олардың құрамы мен құрылысына тәуелділігін түсіндіретін заңдар мен 
теориялар туралы білім жүйесін ұсыну, оқушыларға химиялық процестердіңң 
мағынасын, негізгі заңдар мен заңдылықтарды түсініп, оларды шынайы өмірде 
қауіпсіз қолдана алуға, ақпаратты сыни бағалауға және шешім қабылдауға 
мүмкiндiк беді.
Бағдарлама халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес білім 
алушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескеріліп әзірленген. 
Оқу пәнінің мазмұны бес бөлімді қамтиды: - «Заттардың бөлшектері»; - 
«Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары»; - «Химиядағы энергетика»; 
- «Химия және қоршаған орта»; - «Химия және өмір».
Жаңартылған оқу бағдарламасы оқушылардың келесі білігі мен 
дағдыларын дамытуға бағытталған: - қауіпсіздік техникасын пайдалана 
отырып құрылғылар мен құрал- жабдықтарды қолдану, тәжiрибе жүргізу, 
химиялық заттарды анықтау, есептеулер жүргізу, моделдерді жинау; - табиғи 
құбылыстар, үдерістер, заңдардың мәнін түсіну үшін лабораториялық 
тәжірибе және зерттеу жұмыстарын жүргізу, эксперименттік есептер шығару
- қоршаған ортада болатын өзгерістердің себеп-салдарын анықтау, оларды 
берілген жағдаятты шешу үшін түсіндіру және әдістерді ұсыну. 
Бұл оқу бағдарламасы табиғаттағы, адамзаттың іс-әрекетіндегі химиялық 
үдерістерді, 
экологиялық 
проблемаларды 
шешудегi 
химиялық 


технологиялардың мүмкiндiктерi, химиялық өнімдер өндірісінің принциптері 
мен қоршаған ортаның сақталу тепе-теңдігі туралы білім береді 
Оқушылар «Химия» пәнін 7-сыныптан бастап оқитын болғандықтан, 
оқушылар пәннің негізін қалайтын ұғымдар, заңдар мен заңдылықтарды 
дұрыс түсіндіруді қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет. Оқушылардың 
кейінгі сыныптарда осы пәнді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру үшін 
барынша әртүрлі практикалық және лабораториялық жұмыстар жүргізу 
ұсынылады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу бағдарламаларын 
тиімді жүзеге асыру үшін оқу мақсаттарымен анықталған, сәйкесінше 
сыныптарда оқытудың күтілетін нәтижелеріне ерекше назар аудару қажет 
практикалық жұмыстарды немесе олардың баламаларын орындауы міндетті. 
Бұл жоғары мектепте оқушыларға қоршаған ортада, сондай-ақ тірі ағзаларда 
өтетін үдерістердің себептері мен салдарын түсіндіруге бағытталған 
«Термодинамика», «Энергетика», «Кинетика», «Тепе-теңдік» бөлімдерін 
тиімді меңгеруге мүмкіндік береді. Бағдарламада Блум таксономиясында 
белгіленген 
барлық 
дағдыларды 
дамыту 
көзделген. 
Дағдыларды 
таксономиялық әдістемеге сәйкес жеңілден күрделіге қарай дамыту нақты оқу 
мақсаттарында, сонымен қатар оқу жоспарларындағы мұғалімге арналған оқу 
үдерісін ұйымдастыруға байланысты ұсыныстар беріледі.
7-сыныптарға арналған «Химия» пәнінің жаңартылған мазмұндағы 
үлгілік оқу бағдарламасы 4-практикалық жұмыс, 12 зертханалық тәжірибелер 
мен көрсетілімдерден тұрады. «Химия» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің 
көлемі 7 сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет