Бағдарламасының құрылымы (Силлабус)


-Дәріс.   Орман топырақтарының су, ауа және жылу құбылымы мен қасиеттерінің



Pdf көрінісі
бет28/79
Дата23.02.2023
өлшемі4,27 Mb.
#169955
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   79
Байланысты:
2 trimestr 2022-2023 umkd orman top raktanu

6-Дәріс. 
 Орман топырақтарының су, ауа және жылу құбылымы мен қасиеттерінің 
ерекшеліктері. Топырақ ерітіндісі және топырақтың құнарлылығы
Мақсаты: Топырақтың су, ауа және жылу құбылымдарының ерекшеліктерімен 
танытыру 
Жоспар:
1. Топырақтың сулық формасы және қасиеттері 
2. Орман топырақтарының су, ауа және жылу құбылымының ерекшеліктері
3. Топырақ ерітіндісі 
4. топырақтың құнарлылығы 
1. Топырақтың сулық формасы және қасиеттері 
Су – тау жыныстарының үгілуінде және топырақ пайда болу үрдісінде басты рөль 
атқарады. Топырақтың бойында сумен органикалық, оргоно-минералдық және минералдық 
бөлшектердің қосындыларының жылыну әсерінен топырақ кескіні пайда болады. Сусыз 
өсімдіктердің өсуі, микроорганизмдердің жетілуі мүмкін емес. Топыраққа енген ылғал 
әртүрлі күштердің әсеріне тап болады олар: сорбциялық, осмостық, гравитациялық.
Топырақтың суын А.А. Роденің ұсынысы бойынша және жылжымалық деңгейіне 
байланысты келесі категорияларға бөледі.
Топырақтың суының қатты фаза мен байланысына және жылжымалық деңгейіне 
байланысты келесі категориялары бөлінеді:
1. Химиялық байланысқан су (кристализациялық) – су байланысы өте берік және 
қозғалмайды.
2. Қатты су (мұз) – қозғалмайтын.
3. Бу тәрізді ылғал – су буы ретінде қозғалады.
4. Мықты байланысқан ылғалы – адсорбциялық күшпен бөлшектердің үстінде 2-3 
молекулалы су қабыршағын түзеді. Тек бу түрінде ғана қозғалады.
5. Қатты байланыспаған су – бөлшектердің бетінде қалыңдылығы 10 шақты 
молекулалық диаметрлі су қабыршығы сорбциялық күштердің әсерінен қозғалады.
6. Бос су – бөлшектермен тартылу күші арқылы емес, капиллярлық және 
гравитациялық күштің әсерінен қозғалады.
Топырақтың сулық қасиеттері – су ұстап тұру қабілеті (су сиымдылығы), су сіңіру 
және суды жоғары көтеру.
Су ұстап тұру қабілеті
– капиллиярлық және сорбциялық күштердің әсерінен 
топырақтың суды ұстап тұруын айтады. Суды ұстап тұратын күшке байланысты топырақтың 
суды максималды мөлшерде ұстап тұруын су сиымдылығы деп атайды. Судың сорбциясы 
(ылғалды жұту) механикалық, минерологиялық, химиялық құрамға және гумус мөлшеріне 
байланысты болады. Топырақтың бу түріндегі суды сорып алуын оның гигроскопиялыға деп 
атайды.
Су өткізгіштігі
– топырақтың суды қабылдап және өз бойынан оны өткізуін су 
өткізгіштігі деп атайды. Н.А. Качинский бойынша топырақтың ылғал өткізгіштігі 1 квадрат 
ауданы бар алаңнан судың бағанасы 5см, ал оның температурасы +10 
0
С болғанда, топырақт 
1 сағатта топырақтан өтетін су мөлшерімен өлшенеді.
Ылғал өткізгіштік мм 1 сағатта
1. 1000 мм су өткізсе – құйылма өткізгіштік деп аталады.
2. 1000-500 мм – өте жоғары
3. 500 – 100 мм – ең жақсы
4. 100 – 70 мм – жақсы
5. 70 – 30 мм қанағаттанарлық
6. <30 мм қанағаттанарлықсыз


Фильтрация жылдамдығы уақыт өткен сайын азайады, ол механикалық құрамға
агрегаттардың суға төзімділігіне, тығыздылығана және кебірленгендігіне байланысты 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   79




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет