Бағдарламасының құрылымы (Силлабус)



Pdf көрінісі
бет8/79
Дата23.02.2023
өлшемі4,27 Mb.
#169955
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   79
Байланысты:
2 trimestr 2022-2023 umkd orman top raktanu

Биологиялық зат айналымы
-
 
дегеніміз табиғи қоршаған орта, өсімдіктер мен жан-
жануарлар арасындағы қайталанып отыратын заттар мен енергия алмасуы. Биологиялық зат 
айналымы кезінде тірі ағзалар алғашқы кезде тау жыныстарының кеіннен топырақтан 
қоректік заттардың керегін таңдап сіңіреді. Сіңірген заттар биологиялық өнімнің құрамына 
енеді. Кейін жер бетіне өсімдіктермен түскен ағзалар, топырақ ішіндегі тамырлар 
ыдырағанда қоректік заттар топыраққа қайтадан оралады. Осы айналымның нәтижесінде 
топырақтың беткі қабатында биофильді элементтер жинақталады.
Биогеохимиялық зат айналымы 
келісімді жүйе ретінде кеңістік пен белгілі уақыт 
аралығында топырақтың тірі биотасы немесе өлі фазасында өз реттерімен жүретін заттардың 
трансформациялық және жылжып көшпелі құбылыстары. Бұл зат айналымының ерекшелігі 
оның жер бетіне келіп түсетін күн сәулесі радиациясының жыл мезгілі аралығында 
өзгеруіне, өсімдіктердің өсіп даму кезеңдеріне сәйкес құбылуы, яғни кезеңденіп жүреді.
Топырақ пайда болу процесінде келесідей басты буындар кездеседі: 
- тау жыныстарының минералдарының, кейіннен топырақ минералдарының 
өзгерістерге ұшырауы; 
- топырақта органикалық заттардың шоғырлануы және олардың өзгерістерге 
ұшырауы;
- топырақтағы минералды және органикалық заттардың әрекеттесіп, күрделі органо-
минералды қосылыстар түзуі;
- топырақтың жоғары қабатында қоректік заттардың біршама мөлшерінің 
шоғырланып жиналуы;
- топырақ пайда болу түзілген болған заттардың ылғалдың әсерінен оның тік бойымен 
төмен бағытта және бетінде жылжуы.
Жоғарыда көрсетілген топырақ құралу процесінің негізгі буындарының жүру 
қарқыны топырақтың пайда болуы, дамуы кезінде әр түрлі болып келеді. Сондықтан 
топырақтың пайда болуын келесідей үш кезеңге бөлуге болады: 
Топырақ құралуының алғашқы кезеңі
– бұл кезең тау жыныстарына тірі 
ағзалардың қоныстануынан басталып, топырақ түзілуіне себепкер факторлардың 
қатысуымен жүреді, бірақ бұл кезеңде биогеохимиялық зат айналымы әлі қалыптаспайды, 
топырақ әлі қалыптаспаған, тек оның құралуына дайындықтар жүріп жатқан кезең. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   79




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет