Бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н


Репортаждарыңызды жоспарлау



Pdf көрінісі
бет9/49
Дата24.08.2020
өлшемі477,85 Kb.
#76716
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   49
Байланысты:
179562, № 1 практикалық сабақ, Lermontov Geroy-nashego-vremeni.iRuJIA.69892
2. Репортаждарыңызды жоспарлау

Кез   келген   мақаланы   дайындамас   бұрын   ақпарат   көздерін   сарапқа   сала

отырып,   соған   сай   жоспар   құру   керек.   Мақалада   айтылатын   жалпы   ойды

қарапайым бөлшектерге бөліп, аса маңызды және оңтайлы ақпарат көздерін,

материалды жазу үшін қажетті құжаттарды, оқиғаның куәгерлерін және өзге

де пікірлерді кесте жасап, соған орналастырыңыз.

Ақпарат   көздерімен   жұмыс   істеу   барысында   журналистиканың   негізгі

принциптерін басшылыққа алумен қатар, ұдайы ақылға салуға тырысыңыз.

Алайда,   көп   ретте   уақыттың   тапшылығынан,   мүмкіншіліктің   жоқтығынан

немесе сыртқы қысым салдарынан негізгі ережелер елеусіз қалып қояды.

Егер   биографиялық   очерк   жазып   жатсаңыз,   әсіресе   оның   ішінде   сынның

элементтері   бар   болса,   онда   міндетті   түрде   сол   адаммен   сөйлесу   керек.

Немесе, тым болмағанда, сөйлесуге тырысу керек. Белгілі себептерге орай

кездесе алмасаңыз немесе ол адам сізбен кездесуден бас тартқан жағдайда,

мақалада ол туралы айтып кетіңіз.

Егер қақтығысты  жағдай  туралы  жазсаңыз,   екі тараппен   де  сөйлесуге   бар

ынтаңызды   салыңыз   және   сырттан   тәуелсіз   баға   беретін   ақпарат   көзін

табыңыз. Егер белгілі бір қоғамдық оқиғадан алған әсеріңіз туралы мақала

жазып жатсаңыз, онда көшедегі кездейсоқ адамдармен және сарапшылармен

сөйлескен жөн. Егер сіз белгілі бір аймақтан мақала жазған болсаңыз, жеке өз

атыңыздан   қосымша   толықтырулар   енгізіп,   оқырманды   ойша   сол   жаққа

«алып кетіңіз». Оқырманды журналист ретінде оқиға орнында жүргеніңізге

сендіріңіз.

Егер   мақала   қорытынды   есепке   немесе   құжатқа   негізделсе,   қолыңыздан

келгеннің бәрін жасап, ол құжаттың түпнұсқасын алуға тырысыңыз немесе

оның   ресми   құжат   екенін   дәлелдейтін   ақпарат   көздерін   сайлап   алыңыз.

Құжатқа   қалай   қол   жеткізгеніңіз   туралы   шындықты   оқырманнан

жасырмаңыз:   мысалы,   «репортердің   қолындағы   мына   құжатқа   сәйкес»

немесе   «басылым   қол   жеткізген   құжатқа   сәйкес».   Халықаралық

журналистиканың   негізгі   принциптері   әділдік,   бейтараптық   және

объективтілік   екенін   есте   сақтаңыз.   Бұл   міндеттерді   орындауға   ақпарат

көздерін   мұқият   таңдаған   жағдайда   ғана   қол   жеткізе   алатыныңызды

ұмытпаңыз.

Қосымша   ұсыныс   ретінде   айтатынымыз,   өз   уақытыңызды   алдын   ала

жоспарлаумен қатар, ақпарат берушілердің уақытын да үнемдеу қажет. Кез

келген   ақпарат   көзімен   кездесуге   жақсы   дайындықпен   бару   керек.   Ең

маңызды деген ақпарат көзін ең соңына қалдырмаңыз. Деректі нақтылау үшін

немесе   қосымша   комментарий   алу   үшін   хабарласқан   уақытта   ол   жерде

ешқандай   да   дерек   көзі   болмайтын   болса,   ең   қиыны   осы.   Материалды

өткізетін   уақытыңызды   тиімді   пайдаланумен   қатар,   байланысуыңыз   тиіс

тұлғалардың тұрақсыз болып келетінін де естен шығармаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   49




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет