Бағдарламасының титулдық парағы Нысан пму ұс н


Дәріс №9. PR-мәтін қызметтері



Pdf көрінісі
бет13/16
Дата29.05.2020
өлшемі132,66 Kb.
#71561
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Дәріс №9. PR-мәтін қызметтері.

1. Жаңа қолданыстар орны.

2.

PR-мәтін   ақпараттық,   коммуникативтік,   әлеуметтік,   реттеуіштік   және



жарнамалық қызметтері

Бүгінде   Тәуелсіз   Қазақстан   өмірінің   сан   саласындағы   оң   өзгерістерге   куә

болып   отырмыз.   Соның   бірі   -   рухани   өміріміздегі   жаңалық:   қазақ   тілінің

мемлекеттік тіл статусын иеленіп, қолданылу аясы жыл өткен сайын кеңейе

түсуі.   Қоғамдық   формацияның   өзгеруіне   байланысты   тілімізде   жаңа

қолданыстар   пайда   болады.   Ол   қолданыстар   түрлі   жолдармен   бұқаралық

ақпарат құралдар тілінде көрініс табуда.

1.         Тіліміздегі жаңа қолданыстардың бір тобы төл лексикамыздағы

сөздердің ауыс мағынада қолданылуы арқылы жасалады.    Мәселен: Ауыс-

түйіс. Тілдік қорымызда бар, байырғы сөз тіркесі. Мағынасы – алмасу. Бұл

тіркес қазіргі кезде билікке тағайындаулар деген мағынада қолданылып жүр.

Мысалы, Әкім ауысса, ауыс-түйіс басталатын әдет бар. Ақсақал. Жасы үлкен,

қадірменді адам. Қазіргі қолданыста осы сөз арқылы   Ақсақалдар  алқасы,

Ақсақалдар   кеңесі,   Ардагерлер   кеңесі   тәрізді   жаңа   сөз   тіркестері   пайда

болды. Мағынасы жастары үлкен, құрметті адамдардың ақыл-кеңес беретін

жиыны.   Мәселен,   Ардагерлер   үйінде   Талдықорған   қалалық   ардагерлер

кеңесінің   есепті   кездесуінде   өткен   жылы   атқарылған   жұмыстар

қорытындыланып, алдағы міндеттер сараланды  Адам. Саналы тіршілік иесі,

қоғамдық-саяси қарым-қатынастарды жүзеге асырушы. Адам сөзі негізінде

жаңа қолданыстағы  Ресми адам тіркесі жасалды. Көші-қон. Бір елден екінші

елге тұрғылықты орналасу үшін қоныс аудару. Байырғы көші-қон тіркесінің

негізінде   Көші-қон департаменті, Көші-қон заңы, Көші-қон ұйымы, Көші-

қон агенттігі деген тәрізді саяси  мәндегі жаңа қолданыстар  пайда болады.

Сонымен, түрлі сөзжасам тәсілдері бойынша жасалып, қоғам өмірінің барлық

саласында   пайдаланылып   жүрген   газет   беттеріндегі   жаңа   қолданыстарды

былайша топтастыруға болады:

2.Ғылым   мен   техниканың,   мәдениеттің   өркендеуіне,   әлеуметтік

өмірдегі   жаңалықтарға,   халықаралық   ынтымақтастыққа   байланысты   жаңа

сөздердің туындауы арқылы жасалады: кешен, егемен, төлқұжат т.б. 

3.Сөздердің   бірігу   тәсілі   арқылы   жасалған   жаңа   атаулар.   Оларды   өз

ішінен екі топқа бөлуге болады:

а) кірме сөз + төл сөз: инфрақұрылым, трансұлттық;

ә)   төл   сөздеріміздің   бірігуі   арқылы   жасалған   жаңа   атаулар:   іссапар,

шәкіртақы, жеделхат, саябақ, шипажай;

4.   Баспасөз   беттерінде   жиі   ұшырасып   жүрген   жаңа   қолданыстардың

біразы сөздердің қосарлануы арқылы жасалған. Жасалу жолдарына қарай бұл

сөздерді  бірнеше  топқа бөлуге  болады және ескеретін  бір жайт,  бұлардың

бәрі дерлік калькалау нәтижесі:




а) екі компоненті де шет тілінен енген сөздер: шоу-бизнес, интернет-

кафе, хит-парад, акция-пакет;

ә)   бір   компоненті   шет   тілінен,   ал   екінші   сыңары   қазақ   тілінің   сөзі:

интернет-бекет, факс-хат, бизнес-мұнай;

б)   екі   компоненті   де   қазақ   сөзінен:   әкім-шенеунік,   керуен-сарай,

мәдени-көпшілік, әкімшілік-шаруашылық;

в) алғашқы сөзі қазақ сөзінен, екінші компоненті шет тілі сөзі болып

келетін:   қаржы-экономикалық,   ғылыми-практикалық,   қазыналық-

коммуналдық.

5.   Сөздердің   қысқаруы   арқылы   жасалып,   қоғам   өмірінің   барлық

саласында пайдаланылып жүрген жаңа қолданыстар: ҰБТ - ұлттық бірыңғай

тестілеу,   ЖШС   –   жауапкершілігі   шектеулі   серіктестік,   СМЖ   –   сапа

менеджменті   жүйесі,   Мемтерминком   –   мемлекеттік   терминология

комиссиясы;

6. Түрлі қосымшалар арқылы жасалған  жаңа қолданыстар:  сарапшы,

талапкер,   жалгер,   зейнеткер,   қаржыгер,   абаттандыру,   жаһандандыру,

өркендету; ресмилендіру; серіктестік, ымырашыл, тағайындау;

7. Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған жаңа қолданыстар: ныспылық

қағазы   (визитка),   сертификациялық   орган,   аккредиттеу   агенттігі,   аймақтық

ішкі саясат, құйтырқы саясат, сарабдал саясат, мәслихат депутаты, зайырлы

қоғам, қайырымдылық қор, аймақтар аламаны; лас ойын;

8.   Таза   шет   тілдері   сөздерінің   тілімізге   енуі   арқылы   жасалған   жаңа

қолданыстар:   Президент,   саммит,   пиар,   оппозиция,   меморандум,   магнат,

лобби, инвестиция, инновация, диссидент, брифинг т.б.

Жаңа қолданыстағы сөздердің тілімізде тұрақтануына, көпшілік тіліне

айналуына бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде газеттің  атқаратын рөлі

зор. Жоғарыда көрсетілген тәсілдер арқылы жасалған жаңа қолданыстар PR –

мәтіндерде   де   қолданыс   табады.   Мысалы:   «Сайлау   әділетті   өтсе,   жеңіске

жететінімізге күмән келтірмейміз» деген Ж.Тұяқбай басты талап – сайлауды

заңсыз деп тану және 18 тамызда қайта сайлау өткізу екенін шегеледі. «Бірақ

биліктің біздің сөзімізді тыңдамайтынын білеміз», - деді ол. «Егер осы сайлау

дұрыс өтпесе, бұдан былай биліктің лас ойындарына қатыспаймыз» деген тең

төраға «келесі сайлауға халық та қатыспайды» деп мәлімдеді. 

Сонымен   қатар,   баспасөздегі   жаңа   қолданыстардың   бәрі   дұрыс,

орынды   дей   алмаймыз.   Әкімгер,   әкімият,   мөлтек   аудан,   құмархана,

құлақілдірік (наушник), кептелек,  тығын  (пробка),  аспансерік  (стюардесса)

сынды сөздер мерзімді басылымдардағы түрлі мәтіндерде қолданылғанымен,

атаулар   дұрыс   уәжделенбегендіктен,   халық   қабылдамайды,   яғни   авторлық

қолданыспен шектеліп қалады.

Қорыта айтқанда, PR-мәтін ақпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік,

реттеуіштік және жарнамалық қызметтерді қатар атқарады. БАҚ-та позитив

және негатив мәндегі PR–мәтін арқылы саяси дискурстың мәні жан-жақты

ашылады.   Осындағы   негатив   мәндегі   PR–мәтіндер   тілдік   манипуляция

арқылы көрініс табады.  Қазіргі қазақ баспасөзіндегі  PR–мәтіндердегі  жаңа

қолданыстардың рөлі ерекше.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет