Бағдарламасының титулдық парағы Нысан пму ұс н



Pdf көрінісі
бет2/16
Дата29.05.2020
өлшемі132,66 Kb.
#71561
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
1. Пәннің төлқұжаты.

Пәннің атауы Қоғамдық байланыстары (пабликрилейшнз) 

 Таңдау пәні компоненті

Кредит саны және оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 1

Семестр: 1,2

Барлық аудиториялық сағат саны -45

                                Дәріс -30

                                Тәжірибешілік/семинар сабақ -15

                                МӨЖ- 90

  ОМӨЖ- 22,5

                                 Барлық сағат саны -120                        



Бақылау түрі     

Емтихан


Пререквезиттер   Жалпы шетел библиографиясы

   Кәсіптендіру пәндерді оқыту әдістемесі  



Постреквезиттер Қоғамдық байланыстар

                                Кітапханалық-библиографиялық 

                                 қызметінің маркетингі

2.   Пәннің   мақсаты   мен   міндеттері.

 

Экономиканың   жаһандануы



жағдайында елдің жағымды имиджін қалыптастыру экономикалық әріптестік

пен   экономикалық   жағдайдың   жақсаруына   тікелей   әсер   етеді,   өйткені,

мемлекетке   және   оның   агенттеріне   сенімнің   артуына   және   халықаралық

қарыз-несие саласында елеулі жеңілдіктер алуға септігін тигізеді. Сонымен

қатар,   PR-технологиялар   әртүрлі   елдермен   өз   құндылықтар   жүйесі   мен

әлемдік   қауымдастық   саласында   ықпалын   (мәдени   және   экономикалық)

арттыруда   белсенді   түрде   қолданыла   бастады.   PR-кампанияны   жүргізудің

стратегиясында   RACE:   R   (research)   жүйесі   қолданылады   —   міндетті   қою

және талдау; A (action) — жалпы бағдарламаны және тұжырымдаманы жасау;

С   (communication)   —   алға   қойылған   мақсаттарға   жету   жолында

коммуникативті   байланыстар   орнату;   Е   (evolution)   —   кері   байланысты

қамтамасыз   ету,   нәтижелерді   қорытындылау   және   түзетулер   енгізу.   PR-

технологиялардың   түрлері.   Ғаламдық   PR-кампаниялар   жүргізу   үшін   сын

тезінен   өткен   дәстүрлі   PR-технологиялар   қолданылады:   үгіт-насихат;

промоушн   (promotion)   —   талап   етілген   бағытта   қоғамдық   пікір

қалыптастыру; паблисити (publicity) — сәйкес БАҚ-да жағымды ақпараттың

пайда   болуына   жағдай   жасау,   жүртшылықты   хабарландыру   (public



information), медиарилейшн (media relation) — саяси іс-әрекетті ақпараттық

сүйемелдеу;   басын   айналдыру   (brainwashing)   —   әсер   етудің   қарқынды

түрлері; сыбыс тарату. Дағдарысты технологиялар — кейін шегінер жолды

алдын ала  ойластырып  қойып, дағдарысты  жағдайды  әдейі ойдан шығару.

Әсіресе, дәстүрлі мәдениеттегі елдерде тиімді. Дағдарыс нәтижесінде және

ақпаратты   қарқынды   әрі   жеделдетілген   тәртіпте   жүргізу   барысында

күйзелісті   жағдай   туады.   Көптеген   көзқарастар   мен   құндылықтар   қайта

қаралады, сананың қозғалмалылығы артады, дәстүрлі құндылықтарға сүйену

жоғалады,   нәтижесінде   жаңа   құндылықтар   жүйесін   енгізу   оңайға   түседі.

Символдық   перфоманстарды   қалыптастыру   —   ғаламдық   ауқымда

ұйымдастырылатын   (мысалы,   жаһандануға   қарсылар,   жасылдар   және   т.б.)

бұқаралық шерулер (қолдау немесе наразылық); халық алдында мәлімдеме

жасау,   спорт   жарыстары.   Аудиторияны   жіктеу   (сегменттеу)   —   PR-

технологиялардың,   әртүрлі   елдер   тобына   немесе   халық   жіктерінің   діни,

мәдени,   білім,   мүліктік,   құндылықты   бағдарларын   есепке   ала   отырып,

мақсатты   бағыттарын   анықтау.   Спин-докторинг   (spin-doctoring)   —

ақпаратгық   кеңістікті   басқару   технологиясы,   ақпараттық   кеңістікті   қайта

кодтау   және   ақпараттық   кеңістік   арқылы   әлеуметтік,   экономикалық,   саяси

және мәдени кеңістікке ену, сондай-ақ дағдарысты жағдайда ақпаратты қайта

қалпына   келтіру.   Ғаламдық   деңгейде   әлемнің   бейнесін   қалыптастыруға

шешуші   ықпал   ететін   ғаламдық   БАД-ты   пайдалану   және   дамыту.   e-PR-

технологияларын,   яғни,   интернeT-PR-технологияларын   пайдалану:   веб-

сайттар,   антисайттар,   электронды   таратылымдар,   жағымсыз   ақпаратты

Интернет арқылы тарату, БАҚ-та аты- жөні жоқ интернет-басылымға сілтеме

жасап, жалған немесе жағымсыз ақпарат тарату және т.б.

Пәннің  мақсаты:  магистранттарға PR-технологияларының негіздерін,

бағыттарын, сипаттарын түсіндіру.

Паблик рилейшнз бағдарламасының негізгі міндеттері: 

- адамдар арасындағы қарым-қатынас жолдарын жақсарту;

- екі жақты ақпарат ағымы мен түсіністікті қалыптастыру әдістерін

әзірлеу;                                             - ұйымның басшылығын қоғамдық пікір

турасында ақпаратпен қамтамасыз ету;

- жұртшылықтың   мүддесіне   қарай   басшылықтың   қызметін

қамтамасыз ету; бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасау;

-  ұйымның имиджін нығайту әдістерін үйрету. 

Паблик   рилейшнз   өзінің   міндетін   атқару   барысында   шын   ақпаратқа

негізделеді, адамдарға белгілі бір көзқарасты ұстану, қайсыбір пікірлер мен

идеяларды   қабылдауды   (теріске   шығаруды)   ұсынады,   міндетті   түрде   екі

жақты   байланыс   тетіктерін   жолға   қоюды   ұйғарады.   Дамыған   елдердің

көбісінде Паблик рилейшнз кез келген ұйымның қоршаған әлеум. ортасымен

қарым-қатынас тетігінің ажырамас бөлігіне айналған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет