Бақылау сұрақтары Еркін түсу қандай қозғалысқа жатады?



Дата09.10.2023
өлшемі14,43 Kb.
#184201
Байланысты:
Физика
Ата аналармен ҰБТ жоспары

Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
Физика кафедрасы


Зертханалық жұмыс-10
Тақырыбы:Еркін түсу үдеуін анықтау
Орындаған:Смаилова Д.А
Топ:С-23-1
Қабылдаған:Маженов Н.А

Бақылау сұрақтары
1. Еркін түсу қандай қозғалысқа жатады? Еркін түсу үдеуі – айнымалы үдемелі түзусызықты қозғалысқа жатады
2. Үдеу дегеніміз не? Үдеу – жылдамдықтың өзгерісінің шапшаңдығын сипаттайтын физикалық векторлық шама.
3. Жер бетінің әрбір нүктесінде ауырлық күшінің үдеуі неге әртүрлі? Жер бетінің әр нүктесінде еркін түсу үдеуінің әртүрлі болу себебі, бікіләлемдік тартылыс заңынан шығатын еркін түсу үдеуінің формуласы радиусқа тәуелді, яғни жердің әр нүктесінде радиус ұзындығы әртүрлі
4. Диаметрі бірдей екі шағын (картон және металл) дисклер ауада неге әртүрлі жылдамдықпен құлайды? Диаметрі бірдей екі бірдей шағын (картон, металл) дисклердің ауада әртүрлі жылдамдықпен құлау себебі оларға ауаның тарапынан әсер ететін кедергі күшінің шамасы әртүрлі. Оны И.Ньютон тәжірибе жүзінде ддәлелдеген.
5. Еркін түсу үдеуі дененің формасы мен массасына тәуелсіздігіне тәжірибе жүзінде қалай көз жеткізуге болады? Еркін түсу үдеуі дененің формасы мен массасына тәуелсіз, оны былай дәлелдеуге болады: g = 2ℎ/ 𝑡 2
6. Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын жаз
𝐹 = 𝐺 𝑚1𝑚2 𝑟 2 , 𝐺 = 6.67 × 10−11
7. Тәжірибеде алынған еркін түсу үдеуі мәндерін мына түрде жазып, g = gорт ± Δg және түсінік беріңдер.
g = gорт ± Δg бойынша g = (9,8±0,226) м/с2
8. Жер бетіндегі дененің еркін түсу үдеуі қандай күштермен анықталады? Еркін түсу үдеуі жердің ендігіне тәуелді ме? Жер бетіндегі еркін түсу үдеуі ауырлық күшімен анықталады. Еркін түсу жердің географиялық ендігіне (ф) және дененің теңіз деңгейінен биіктігіне тәуелді.
9. Дененің салмағы мен гравитациялық тартылыс күшінің айырмашылығы неде? Салмақ – дененің тірекке немесе аспаға әсер ететін күш. Егер дене тыныштықта болса, ауырлық күші мен дененің тірек реакция күші тең болады. Ал тең емес айнымалы қозғалса, салмақ қозғалыс бағытына қарай не жеңіл, не ауыр болады. Бүкіләлемдік тартылыс күші – кез келген массалары бар екі дене арасындағы әсерлесу күші, оның мөлшері массаға тәуелді және де мөлшері өте аз.
10. Салмақсыздық деген не? Салмақсыздық – тірек дененің қозғалысына бөгет болмайды, сондықтан дене тірекке не аспаға әрекет етпейді. Немесе қарапайым тілде түсіндіретін болсақ, дененің қозғалыс үдеуі еркін түсу үдеуіне тең болатын кез, сәт.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет