Байсеитова н. М



бет22/48
Дата15.09.2023
өлшемі4,32 Mb.
#181155
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48
Байланысты:
Лаб сабақтар әдістем елік нұсқауы
Лекция жинағы,Өсім анат-морф, EnglishPhoneticsEssays
Өскіннің құрылысы
Сабаққа қажетті объектілер мен құрал - жабдықтар: 1.Әр түрлі мерзімде себіліп, алдын ала өсіріліген кәдімгі үрме бұршак, (фасоль), жұмсақ бидай, кәдімгі арпа, егістік сұлы, егістік асбұршақ, бір жылдық күнбағыс өскіндері (өсірілген немесе гербарий даналары). 2. Фильм: «Өскіннің құрылысы». 1 Лупа, екі түсті шыны немесе зат әйнегі, қандауыр, пинцет, сапты инелер.


Т а п с ы р м а л а р.
1. Қос жарнақты өсімдіктер өскіндерінің құрылысымен танысу.
2. Дара жарнақты өсімдіктер өскіндерінің қүрылысымен танысу.
3. Өскіндердің суретін салу, тиісті белгілерін жасау.
4. Дара жарнақты және қос жарнақты өсімдіктер өскіндерінің ерекшеліктеріне назар аударып, қысқаша қорытынды жазу.
5. Тақырыптың соңындағы сұрақтарға ауызша жауап дайындау.

1-ж ұ м ы с. Қос жарнақтылардың өскіні. Қос жарнақтылардың өскінімен танысу үшін әр түрлі мерзімде өсірілген үрме бұршақ пен асбұршақтың өскіндерін екі түсті әйнекке, жеке-жеке бір қатардан тізіп қоямыз да, өскін бөлімдерімен, олардың өсу ерекшеліктерімен танысамыз. Талдауды өскіннің топырақ бетіне шыққан кезеңінен бастап, өскіннің толық қалыптасуымен аяқтаймыз. Жұмыс барысында студенттер үрме бұршақ пен асбұршақ өскіндерінен мыналарды көріп, анықтайды: 1)негізгі тамыр, оның ұрықтың қай бөлімінен өсіп шығатынын; 2) жанама тамырлар, олардың қайдан жетілетінін; 3)өскіннің тамыр мойнын; 4) тұқым жарнағының астыңғы қылтасы (гипокотиль) ұрықтың қай бөлімінен өсіп шығатынын, қос жарнақтылардың екі туысының өскіндерінде оның пішіні мен мөлшерінің бірдей еместігін; 5) тұқым жарнақтары, олардың өскіндерінде орналасу ерекшеліктерін; 6) тұқым жарнақтарының үстіңгі қылтасын (эпикотиль); 7) саны екеу, алғашқы нағыз жасыл жапырақтарын; 8)буынын; 9) буын аралықтарын; 10) бүршіктерін тауып, салыстырмалы сипаттама береді. Іс жүзінде қос жарнақтылар өскіндерінің құрылысымен танысып қана қоймай, жоғары сатыдағы өсімдіктердің өскіндеріне тән жер асты және жер үсті өсуін өз көздерімен көріп, ол ұғымдарды түсінеді.


2 – ж ұ м ы с. Дара жарнақтылардың өскіні. Дара жарнақтылардың өскінімен алдын ала өсірілген бидай және жүгері өскіндері арқылы танысамыз. Жұмыстың барысын жоғарыда қос жарнақтылардың өскінін талдау бағытында жүргіземіз. Дара жарнақтылар өскінінің құрылысына талдау жасау барысында, оларды қос жарнақтылардың өскінімен салыстыра отырып негізгі айырмашылықтарына көңіл аударылады.
Бидай мен жүгері өскіндерінен: негізгі тамыр, жанама тамыр, қосалқы тамыр, колеоптиль және саны біреу нағыз жасыл жапырақты тауып, өскіннің жер асты өсуіне жататындығы анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет