Байсеитова н. М



бет40/48
Дата15.09.2023
өлшемі4,32 Mb.
#181155
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48
Байланысты:
Лаб сабақтар әдістем елік нұсқауы
Лекция жинағы,Өсім анат-морф, EnglishPhoneticsEssays
Зигоморфты гүлдер
Зигоморфты гүлдің құрылысымен танысу үшін асбұршақ, тауқалақай, бәрпі т.б. өсімдіктер- дің гүлдерін талдауға болады. Талдау тәртібі актиноморфты гүлдерді талдағандағы тәртіп бойынша жалғастырылады.
3 – ж ұ м ы с. Егістік асбұршақ гүлінің құрылысы. Егістік асбұршақ (136-сурет) гүлі зигоморфты, бес шеңберлі. Тостағаншасы кіріккен бес тостағанша жапырақшалардан тұрады. Күлтесінің бес күлте желектері тостағанша жапырақшаларымен кезектесіп орналасқан.
Күлте желектерінің пішіні әр түрлі. Ең үлкен жоғарғы тақ желек желкен (ту, жалау), бүйі- ріндегі екеуі ескек (қанат), жоғарғы жиектері арқылы кіріккен төмендегі екеуі қайықша деп аталады. Күлте қайықшасында гүлдің аталықтары мен аналықтары орналасады.
Андроцей 10 аталықтан тұрады. Оның тоғызы жіпшелерінің төменгі жағы арқылы кірігіп, аталық тақтасын түзеді. Аталық тақтасы ортасынан бүктеліп аналықты қоршап тұрады. Желкенге қарама-қарсы орналасқан оныншы аталық бос болады.



Гинецей бір жеміс жапырақшасынан тұрады, апокарпты, аналық мойны иілген, түкті ауыз-бен аяқталады, жоғарғы түйінді.


Егістік асбұршақ гүлінің формуласы: Ca(5)СъCo 1+2+(2) A(9)+1G1.
Талдаудың соңында: 1) гүлдің сыртқы көрінісінің; 2) тостағаншысының 3) күлтелерінің 4) аталық тақтасы және бос аталығының 5) аналығының 6) гүл түйнегінің көлденең кесіндісінің суреттерін салып тиісті белгілерін жасау. Жұмысты гүлдің формуласын жазып, диаграммасын сызумен аяқтау.
4 – ж ұ м ы с. Ақ тауқалақай (Lamium album) гүлінің құрылысы.Ақ тауқалакай (137-сурет) гүлі зигоморфты, төрт шеңберлі. Тостағаншасында кіріккен 5 тостағанша жапырақша бар. Тостағанша жапырақшалары төменгі жағында түтікпен, жоғарғы жағында бес біз тәрізді үшкір тісшелер мен аяқталады. Күлтесі қос ерінді. Жоғарғы еріні дулыға тәрізді екі күлте желегінің кірігуінен, төменгі ерні күлте желегінің кірігуінен пайда болған. Төменгі еріннің ортаңғы бөлігі өте ірі, екі бүйіріндегісі жіңішке тістер тәрізді. Барлық 5 күлте желектері төменгі жағында кірігіп, ішінде қиғаш орналасқан түкті сақинасы бар түтік түзеді. Ол тозаңдандыра алмайтын майда насекомдардың гүл ішінде енуіне кедергі болады. Күлтенің түгік бөлігіне кіре берісі езу депаталады. Аталық саны төртеу, оның екеуі ұзындау, күлте түтікшесінің төменгі ерін жағынан өседі, қалған екеуі қысқалау, жоғарғы еріннің астына бекиді.
Аналық 2 жеміс жапырақшасынан пайда болғаи, мойыны ұзын, тозаңқаптардан жоғары орналасады, аналық аузы екіге жіктелген. Жоғарғы түйінді. Жатын бастапқы кезде екі ұялы, қосымша қосылыстардан бастап, біртіндеп төртке көтеріледі. Шірне түгіктің түбінде бөлінеді, оған ұзын тұмсығы бар аралар ғана жете алады.
Олар шірне жинау барысында бір гүлден екінші гүл қонып жүріп, өсімдіктерді айқаспалы тозаңдандырады. Ақ тауқалақай гүлінің формуласы: - Са(5) СО(2)+(3)A2+2G(2)
Талдаудың соңында: 1) өсімдіктің жалпы көрінісінің; 2) гүлдің бүйір жағынан көрінісіндегі тостағанша мен қос ерінді күлтенің суретін салу. Формуласын жазып, диаграммасын сызу.

5-ж ұ м ы с. Гүл серігінсіз гүлдер. Гүл серігінсіз жалаңаш гүлдердің құрылысымен ешкі талдың гүлінен танысуға болады.





Ешкі тал, талдар туысының басқа өкілдері сияқты сырға гүл шоғырына жинақталған, дара жынысты майда гүлдерден тұрады. Екі үйлі өсімдік. Гүлінің құрылысымен танысу үшін аталық және аналық сырғаларын жеке-жеке қарастырамыз. Сапты иненің көмегімен әрқайсысынан бірнеше гүлді бөліп алып, қол лупасы арқылы қараймыз.


Аталық гүлінің қалың түкті гүл жапырақшамен жабылады. Оның қолтығында екі аталық орналасады. Гүл шоғырының өсіне таяу жерде пішіні өзекше тәрізді өскіншені – шырындық болады.
Аналық гүлде де қалың түкпен жабылған гүл жапырақшасы жақсы көрінеді. Аналық аузы екіге бөлінген, аналық екі жеміс жапырақшасынан пайда болған гүл жапырақшасының қолтығында орналасқан. Ешкі тал гүлінің формуласы:
♂ P0 A2 Co; ♀ P0 A0 G(2)
Жұмыс аталық және аналық гүлдердің суреттерін салып, олардың формуласын жазып, диаграммасын сызумен аяқталады.
6 – ж ұ м ы с. Аналық және аталықтың анатомиялық құрылысымен танысу үшін лалагүл өсімдігі гүлін алған ыңғайлы, өйткені лалагүл гүлі ірі және көрнекі
Тозаңқаптың құрылысымен танысу үшін тозаңқапты ырғай өзегіне қысып тұрып бірнеше көлденең кесінді дайындаймыз.Кесінділерден уақытша препарат (дайын препаратты пайдалануға болады) дайындап, алдымен микроскоптың кіші, одан кейін үлкен объективімен қараймыз. Кіші объективпен қараған кезде тозаңқаптың жалпы көрінісі, яғни дәнекер мен байланысқан екі жартысы (тек), төрт тозаң ұясы және ондағы тозаңдарды көреміз. Енді микроскоптың үлкен объективіне ауыстырамыз. Тозаңқапты сырт жағынан бірқатар клеткалардан тұратын эпидерма және кутикула қаптап тұр. Оның астыңғы жағынан клетка қабықшасы әр түрлі қалыңдаған субэпидермальды немесе фиброзды қабаттың бір, кейде бірнеше қатардан ірі клеткаларын көреміз.
Фиброзды қабаттан ішке қарай жұқа келген майда клеткалардан тұратын ыдырау (аралық) қабаты жатыр. Тозаңқаптың ең ішкісі төсемелі қабат немесе тапетум. Оның клеткалары ірі, цитоплазмасы қою, бірнеше ядролы. Тозаңқап ұялары тозаңға толып тұрады. Лалагүл жатыны- нан дайындалған көлденең кесінділерден препарат дайындап микроскоптың кіші объективімен қарағанда жатынның қабырғасы, ұясы, тұқым бүрі және плацента көрінеді. Одан кейін микрос- коптың үлкен объективімен тұқым бүрінің құрылысын қараймыз. Сонда тұқым бүрінің нуцел- лусы және интегументтері (сыртқы және ішкі), тозаң саңылауы (микропиле), оған қарама-қарсы халаза, тұқым тірсегі (фуникулюс), көрінеді. Егер тұқым бүрі пісіп жетілген болса, одан ұрық қалтасы, оның микропиле жағында жұмыртқа клеткасы мен екі синергиді, халаза жағында үш клеткадан тұратын антиподтары жақсы көрінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет