Бала шоқан повестер



Pdf көрінісі
бет21/29
Дата07.02.2022
өлшемі1,6 Mb.
#94641
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29
Байланысты:
pdf Бала Шоқан Сапарғали Бегалин
Begalin Bala Shokan (1), Begalin Bala Shokan (1)
25 мамыр, 1967 жыл.


КӨКСЕГЕННІҢ КӨРГЕНДЕРІ
I
Ымырт жабылып, айнала қараңғы тартты. Суылдап жел еседі.
Қатарласа өскен қол саласындай самырсындарды іңір қараңғылығы
тұнжыратты. Балқарағайдың көк бұйра бүрлі ұзын бойын Көксеген күндіз
көргенде қызықтай қуанатын. Сол қарағайдың ұзын бойын өрлеп басына
шығып, бүріне шорлана біткен шекілдеуікті сілкіп қалғанда, жерге
топылдап түскені қандай қызық. Зəулім қарағайдың бұтағынан Көксеген
өрмелеп тиынша басына шыққанда, жерден аспанға өрмелегендей
қанаттанып келетін. Бірақ сол қарағай қазір түнерген, бір жүндес құбыжық
тəрізді. Елсіз тау, үнсіз орман қараңғы түнде қорқыныш тəрізді. Бірақ
біріне-бірі сыр білдірмей қимылдаған балалар ештеңені ескерер емес.
Өтеш қу бұталарды сындырып отын жинастырып жатыр, Зарқұмар
беліндегі балтасын алып балқарағайдың шайырлы жерін бұтап, тамызық
əкелді. Көксеген от жағатын орын əзірлеп жатыр.
Бір-жарымдап түсіп тұрған жаңбыр тамшылары бағанағыдай емес,
жиілене түсті. Балқарағай іздеп Бітеу жотасының осынша биігіне шығып
кеткенін балалар күн батып кеткенде білді. Аспанға бұрқырай жататын
Ақбұлақ өзені де тіпті төменде қалыпты. Оның тау жаңғырықтырып
жататын асау гүрілі — əрең-əрең естіледі. Бірақ биыл Алтай саласының
бəрі толқып, дария тасығандай айнала орғи аққан асау бұлақтар біріне-бірі
үн қосады. Асқар шың кей кезде тебіренгендей дүрлігіп кеп кетеді. Тау
қияларынан, ну қарағай арасынан гулеп ескен жел, кей кезде тау алабы
шуға бөленгендей, елсіз атырап əлдеқандай бір долы үн қатады.
Қалталарындағы сіреңке су болып от алмады. Сақтыққа ала шыққан
Зарқұмардың шақпағы жарқ-жұрқ етіп шағылғанда, Көксеген тау
қиясындағы қара бұлттың бөлінген жай отының жарқылын көргендей
болды.Түнерген қараңғылық ішінен жарқылдаған от өмір сəулесіндей
елестеді. Зарқұмардың қасына келіп отты тұтатып қаулата жағып жіберді.
От жанса өмір қанаттанады, шекілдеуік пісіреді, əрі су болған киімі кебеді,
əрі жылынады. Жəне мына елсіз таудың жыртқыш аңдары, əсіресе, аю отқа


жоламайды. Аю есіне түскенде Көксегенді бір қорқыныш билеп кеткендей,
əлденеден үрейлегендей болды. Ол ағасы Жəнгүдейдің осы Бітеу жақтағы
Күршім жоталарынан бері өткен аю жайында айтқан əңгімелерін есіткен-ді.
Оған құрған қақпаны да бар еді. Егер қақпанға түсіп, ызаланған аюдың
жолына кездессе, қайрат істеп кісіге шабады дегені есіне түсті. Зарқұмар
отты ду еткізіп жатып жіберіп:
— Ал, Көксеген, шекілдеуік томарларын мына оттың қоламталанған
жеріне көміп жібер. Əлде қорқып отырсың ба? — деп қасақана
Көксегеннен сұрады. Үйткені, Өтештің бір-екі рет жалтақтап қорқақтап
жүргенін байқаған болатын.
— Жоқ, қорықпайым. Кімнен қорқам? Балта бар, мылтық бар! Аю келсе
атамыз, — деп Көксеген Өтешке қарады.
Көксеген қорықпайды. Бұл тауда біз қорқатын не бар. Бұл жерде аю
жүрмейді. Еліктің өзі бізден қорқады. Құны болса келіп көрсін, соғып
алып, терісінен Көксегенге төсек қылып берейік, — деп Өтеш өзі бір
батырымсынып қойды.
— Ей, Өтеш, құны дегенің əлгі — бір кер жағал ма? Ол өзі түнде ғана
ұрлап қораға кіретін бір қу көрінеді ғой. Былтыр біздің колхоздың
қорасына кіріп, бір қойдың құйрығына жабысқан жерінен Асылбек атам
ұрып алыпты.
— Ол онша қорқынышты емес, борсық тектес аң ғой, кісіден жаман
қорқады, — деп Зарқұмар жай сөз ғып, жолдастарының жүрегін
жауландыра, отты лаулата жақты. Шекілдеуік томарларының бырсылдап
піскендерін шетке отырғызып, шетінен алып шаға бастады. Біразда
шекілдеуік томарының сыртындағы қара шайыры еріндеріне, қолдарына
жабысып, үшеуі де біріне-бірі мұртты кісі болып көрініп, бірін-бірі
мазақтап күлісіп алды. Самырсын саясының жаңбыр тиіп көрмеген құрғақ
мүгі құс төсектей былқылдайды.
Орындары жайлы, шекілдеуік соқтасын көп қып пісіріп, өздері де
тамақтанды. Түнере жауған салқын жаңбырдан бұларға бір тамшы да
түспейді. Бойы жылынып, тамақтанғаннан кейін үшеуі де көңілденіп,
əңгіме соқты. Əлде неден Көксеген елең еткендей болды. Сонша болмады,
Өтеш те елеңдеп қымсына Зарқұмарта қарай таяй түсті. Мына


жолдастарының елеңдеуінен секем алған Зарқұмар өзі де құлағын жел
суылына, қарағай сыбдырына төсей, айналаны көзімен шолды, бірақ түнгі
от сəулесіне шағылысқан кезіне түк көрінбеді. От əлі лаулап жанып жатыр.
Тау кенересіне кешке жақын оралған жер тұман көтерілген жоқ. Өздерін
қостарынан адастырғанда сол жер тұман. Əлден уақытта азынаған бір үн
тап-таяу жер¬ден шыққандай болды. Сол үнді үшеуі де ап-анық естіді.
Зарқұмар естиярымсып, сыр білдіргісі келмеді, Өтеш пен Көксеген екеуі
үрейлене, Зарқұмарға тығыла түсті.
Үн үзіліп барып, қайтадан таты естілді. Жел ызыңынан əлсіреп естілген
үн əлденеше түрлі дауысқа ұқсады. Бірде арсылдаған қасқыр үні тəрізденіп,
бірде арылдаған аю үні тəрізденеді. Булыққан адам үніне де ұқсайды.
Бұлардың еш қайсысы да аю үнін естіп көрген жоқ-ты. Тек Жəнгүдей
мергеннің өзі аю болып ақырғанын ғана Көксеген еститін. «Етер қақпанын
сүйретіп жүрген ызалы аю болса, онда бізге шабады», деген ой бұлардың
əрқайсысын үрейлендіріп барады. Бірақ, біріне-бірі айтуға да бата алмады.
Көксеген де, Өтеш те, Зарқұмарды естияр адам ретінде есептейтін.
Зарқұмар бұлардың арасында естияр, Жəнгүдеймін бірге бірнеше рет аңға
да барған болатын.
Тап-таяу жерден əлгі үн əлсіреп таты есітілді. Əлде ненің арсаң-қүрсең
қимылын жел лебі таяу жерден жеткізіп тұрғандай болды.
— Осы жерге жатпалық, ілгері баралық деп ем, болмадың, — деп
Көксеген Зарқұмарға наразылық білдіре, өзі Өтештің қасында жатқан
мылтықты алып, сақтана жан-жаққа қарады.
— Е, бұл жерде не тұр? Мына түнде қайда бармақпыз?
— Бақырып жүрген күдір шығар, содан да қорқамыз ба? — деп
Зарқұмар қолын ішіне ала жантая бергенде, ышқынып бақырған бір үн тап
екпе тұстарынан саңқ ете түсті. Үшеуі де орнынан ұшып тұрды.
Қанша естиярсынғанмен осы сəтте Зарқұмардың да буыны босап,
жүрегі аузына тығылып кетті. Бұлар жатқан үлкен самырсынның жоғарғы
жатында шаншыла біткен зəулім жартас үстеріне құлап келе жатқандай,
Зарқұмардың қараңғылыққа қадала қараған көзіне əлденелер елестеді. Ол
əлгі дыбысты осы жартастан шықты деп ойлады. «Мүмкін, мұнда біз
абайламаған аюдың үңгірі бар шығар. Бірақ, жаздыгүні аю інде болмайды.


Тек қысқа керекті жемін ғана сонда тасиды. Əлде ініне келіп біздің иісті
сезді ме. Үйдеуге жел жартас жақтан соғып тұр»... Сонша болмады, əлде не
бір жəндік жартас кенересіне ербең етіп, зу ете түскендей болды. Зарқұмар
жартас қиясынан елең еткен жəндіктен сескеніп, селт етіп қалғанда оған
тығылып тұрған Көксеген қалтырап, қатты қысып құшақтай берді. Өтеш
етпетінен жата қалды.
Екі жолдасының жүрегін басып, Зарқұмар қайраттана: — Біз əншейін
елегізіп босқа үрейлендік, түк те жоқ. Қорыққанға қос көрінеді деген, мына
желдің екпінінен сыбдырлаған қарағай бұтағы, — деп екі жолдасына
сыбырлады. Бірақ, өзі əлгі зу еткен жəндіктің не екенін абайлай алмай, дел-
сал боп біраз тұрды. Қайтадан дыбыс шыққан жоқ. Біраздан кейін жел
тынды. Аздап жылы жаңбыр себелеп барып о да көтерілді. Ала бұлттанып
аспан өзінің меруерттей жылтылдаған əдемі жұлдыздарын көрсете
бастады. Алыс аспандағы əдемі жұлдыздардың көрінуі, бар қорқынышты
серпілткендей, балалар сергіп кетті. Балалардың бойын басқан қараңғылық,
үрей, қорқыныш серпіліп, маужыраған ұйқыға кірісті.
Зарқұмар басын көтеріп аз отырды. Түнгі қорқыныштан түк із қалмай
серпілген. Алтай асқарының көк меңзеген кенерелерін таңертеңгі күн
шапаты шомылдырған, зəулім самырсындардың көкжасыл бояқтай
бүрлерінде жаңбыр тамшылары меруерттей мөлтілдеп, тізіліп тұр. Түнімен
қорқыныш елесін төндірген зəулім жартас, алапатты алып денесімен күн
шұғыласына малынып, əсем сыйпатқа кірген. Қолдарын ішіне алып,
ұйықтаған екі жолдасын Зарқұмар оятпай, ақырын орнына тұрды.
Самырсын саясында мамықтай бұрқырап жатқан жұмсақ мүк төсек
былқылдап, 
борсылдап 
қана 
Зарқұмардың 
салмағынан 
ойылады.
Көксегеннің кішкене танауы пысылдап, ұзын кірпіктері сəл ашылыңқырап
жазық қана дөңгелек маңдайы жарқырап, демін ішіне тартты. Тартқанда,
əлденеден өксігендей қатты тартты. «Көксегеннің түндегі қорыққаны-ау
мына өксігені» деп Зарқұмар ілгері қарай баса бергенде, жартас иығынан
өзіне ұмтыла қарап тұрған үлкен қара қоңыр аюдың басын көрді. Буыны
қалтырап, есі шытып кетті. Ақырындап қана екі жолдасына қарай шегінді.
Шегінгенде шошып, сасқалақтап шегініп, Өтештің аяғына сүрініп
шалқасынан түсті. Үстіне құлаған Зарқұмардың салмағынан Өтеш шошына
басын көтеріп алғанда, Көксеген шошына орнынан атып тұрды. Біріне-бірі
əлі үн қатқан жоқ. Тек үрпие шошынып қаратайға қарай ығыса берді.
Зарқұмардың үрейленген қалпынан, босқа қорыққаны болмаса, Өтеш


пен Көксеген əлі ешнəрсені біле қойған жоқ. Зарқұмардан сұрауға да
мұрша жоқ. Зарқұмар самырсынға тырмыса келіп:
— Ал екеуің мына бұтақтан жоғары өрмеле, мен көтеріп, жіберейін деп
екеуін кезекпен кезек бұтаққа шығарды.
Өзің де шық, — деп Көксеген бұтақтың үстінен Зарқұмарға қолын
созды. Аташ бұтағына тиынша қарғитын Көксеген самырсынның басына
қарай өрлеп кетті. Зарқұмар да бұтақтан ұстап ырғып шығып жоғары
ерледі. Үшеуі де ілезде-ақ жоғары көтерілді. Қарағайдың орта жеріне келіп
бір жуан жалпақ бұтаққа Зарқұмар орныға отырып, енді аюға қарады. Аю
əлі сол ойға үңіле қараған қалпында орнынан қозғалмаған тəрізді. Тек
жартастың үстіндегі тырбиған аласа самырсынның түбіне ұзынынан түсе,
ойға қарап жатқан тəрізденеді.
Зарқұмардың бағанағыдай емес, жүрегі орнына түсті, бойын жыяйын
деді. Аюдың мына жартасқа келіп бұлай жатуы тегін емес деп ойлады. Енді
шошынбай екі серігіне айтпақшы болды. Аю деп айтсам, шошып құлап
кете ме деп жолдастарынан сақтанып, аз тоқталды. Бірақ айтпауға
болмайды. Бағанадан бері, ағаш басынан айналаны аптыға қарап, əлі көзіне
түк көрінбеген Көксеген əлде нені көріп қалғандай жан-жағына алақтап
қарап, сасқалақтай бастады. Оның үлкен көзі бадырайып ұзын кірпігі
шанжаулап көзіне жас та іркілгендей болды.
— Көксеген, сен саспа, ана аюды кердің бе? Ұйықтап жатыр, қазір ұрып
аламыз, — деп Зарқұмар қолымен жартастан ойға қарай үңіле жатқан аюды
нұсқады.
— О не, кəне? — деп Өтеш те қабаттаса, бұтақтан бойлай жартастың
өне бойына көзін жүгіртті. Басын төмен сала жатқан аюдың басын
Көксеген, Өтеш екеуі де анық көрді. Бірақ, бұлар да Зарқұмардың орнықты
салмақпен шошынбай отыруына иек сүйегендей, аса абыржымай ғана
қарасып отырды.
Өзі неткен үлкен аю. Анадағы Жəнгүдей ағам қақпан құрып аңдып
жүрген аю осы болмаса игі еді. Ол болса кісіге шабады деген. Күршім
жақтан келіпті. Аққабаның басында ұялаған, кісіге шабатын кер аюдың ізін
көрдім. Оған үш жерден қақпан тастадым, — деп айтып жүрген, — деп
Көксеген өзінің аң дегенде құмарта сөйлейтін ұққыштығын істеп сөйлеп


отыр.
— Осы-ақ қай-қайдағыны естіп жүреді, — деп Өтеш Көксегеннің сөзін
ере бастыртысы келмеді. Көксегеннің айтқан сөзінен Зарқұмардың ойына
мына аю қақпанға түскен екен, мүмкін қақпаны не тасқа, не аташқа оралған
шығар, деген сенім сап ете түсті. Əйтпесе неге жатады. Жəне Жəнгүдей
айтқанда аю таңсəріден еріп жайылымға кетеді дейтін, əлі күнге сау болса
жатпайды.
Осы ойына бекініп не де болса түсіп байқайын деп бір ойланды да, жоқ,
осы жерден мына бытырамен атып көрейін, ұйықтап жатқан аю болса не
қашсын, не қайрат істесін, — деп Зарқұмар Көксегеннің мылтығын сұрап
еді, Көксеген бермеді.
— Өзім атам, сен тигізе алмайсың — деп өзі аюдың басын көздеп басып
салды.
— Мынаның мылтығын тыңдаған аю көргенім жоқ, — деп Өтеш
Көксегенді тəлкектей бастады.
Енді сырыңды білдім дегендей Зарқұмар ақырындап бұтақтан сырғып
жерге түсті.
— Неге түстің, аюға барасың ба? Мен де барам, — деп Көксеген де
бұтақтан сырғып түсуге айналды.
— Қозғалма, аюды мен өзім жалғыз ұрып алам, ол арқандаулы аю, —
деп Зарқұмар күлді.
— Қой, ұрғызбайды, бармаңдар, — деп Өтеш бұтақта отырып
тыпырлады. Зарқұмар мен Көксеген мылтықты қолына алып жартасты
қиялап аюдың сыртқы жағына қарай айналды. Олар жартастың бір тегістеу
жерін алыстан орап аюдың сырт жатынан келіп шықты. Алыстау бір
тұрғыдан келіп аюдың жатқан жерін қарады. Аңның жатқан жерін қия
жартастың кенересінен шаншыла біткен жалғыз самырсын тасалап,
анықтап көрсетпеді. Зарқұмар одан ілгері жүруге сəл жүрексінейін деді.
Көксеген Зарқұмардан оза тағы ілгері жылжып, таяу жерден келіп қарады.
Бұл жерден анығырақ көрінді. Зарқұмарды шақырып алды. Аюдың
жартастан асыла жатқан басы əрі салбырай ойға төне, əлде неге ілініп тұр.
Ал ұлы денесі қызы лала, додасы шығып желініп қалған тəрізді. Көксеген


мен Зарқұмар өз көздеріне сенбегендей таңырқап, біраз тұрды. Біраздан соң
көздері үйреніп, бəрін анықтады. «Бұл аю тірі емес, тек жемтігі жатыр,
баралық» деп Көксеген Зарқұмарды жүр-жүрлеп қуанып кетті. Өзі орнынан
атып тұрды. Тұра жүгіріп барғысы келсе де сəл жүрексінгендей болып:
— Кəне, жүр! — деп кейін тұрған Зарқұмарға бұрылды. Көксеген де
сыр білдіргісі келмей ілгері жүрді.
— Пəлі, айтам ғой, мына аю Жəкем құрған қақпанға түскен екен. Мына
қара, бір аяғы қақпанда. Өзі самырсынға қақпанымен оралып қалыпты, —
деп Көксеген Зарқұмардан бұрынырақ келіп, аюдың терісін, басын қозғап,
— рас айтам, бəсе, бұл Жəнгүдей атамның қақпанына түскен аю ғой.
Апырай, мұны қай аң жеді екен. Не деген көкжал аң аюға батып жайратып
жүрген? — деп Зарқұмар ойлана қалғандай.
Қасқыр шығар, одан басқа қай аң жейді, — деп Көксеген бір аңсақ
білгір кісімсіп жай сөз қылды.
— Қой, қасқыр аюға ненің батсын, — деген Өтештің сөзіне Көксеген:
— Енді қасқыр болмағанда, осы араға жолбарыс келді ғой деп тұрсың
ба?
— Сілеусін шығар.
— Я, мүмкін, — деп Зарқұмар, өзінің жолдасы Уəлидің сілеусін
жөніндегі бір айтқан əңгімесін есіне алды.
— Алтайдың бұл кенересінде жолбарыс та, сілеусін де жоқ дейтіні
қайда, Жəнгүдей ағаның? — деп Көксеген аң жайында екі жолдасынан кері
қабары көбірек екенін білдіргісі келді.
— Жолбарыс пен сілеусін Жəнгүдеймен ақылдасып келе ме, келсе келе
береді де. Мына Алтайдың қай қарағай, қай биігін Жəнгүдей қолымен
орнатыпты, — деп Зарқұмар бұл жерге келгенде Көксегенге қосылмады.
Зарқұмар Жəнгүдейдің мергендігін жақсы көрсе де оның барлық аң тілін
өзі ғана біліп, есіп отыратын мінезін ұнатпайтын.
Үшеуі құрғақ таласты қойып, аюдың қалған терісін, қақпанды алмақ
болды:


— Жоқ, мұны қозғамайық, мүмкін, осы жерге бір əдісті жасап аюды
жеген аңды қолға түсірер, онан да ауылға барып Жəнгүдейдің өзіне
айталық, — деді Көксеген.
— Ол дұрыс екен, я қозғамайық, — деп əлі де сескеніп тұрған Өтеш
қостай кетті.
— Ол өзі томырық, қызғаншақтау кісі еді. Аюды аң жегенін бізден кəріп
жүрер, — деп Зарқұмар да тоқталып қалды.
— Көрсе көре берсін. Қай-қайдағыны сен-ақ ойлай бересің. Сонда біз
аюды тірідей жеді деп ойлар деймісің? — деп Көксеген екі жолдасын
күлдірді.
Бұлты айығып, айнадай жарқыраған аспанға шілде күні ысып көтерілді.
Жаңбыр суын бойына тартып, балбырап тұрған тау белдеуінің балаусалы
шалғыны аяққа оралады. Шекілдеуік толтырған қаптарын арқалаған
Көксегендер қостарына қарай еңкейгенде, қостан шығып «əне, келе жатыр»
деген жолдастарының даусы да бұларға естілді.
— Сірə, бізді іздеген ғой, — деп Өтеш алға қарай асыға жүрді.
— Сен бұрын жетіп, көрген-білгендеріңді дабырлатып айтып, сүйінші
алмақсың ба? Неге састың? — деп Зарқұмар Өтештің асыққанына мін таға
сөйледі.
— Ішіне сыймай келеді ғой, деп Көксеген өзі бір сабырлы кісімсіп
қалды.
— Айтпағанда, айтамын, — деп Өтеш ұмтыла басып, шапшаң аттап
жүре бергенде сүрініп кетті. Қабы қолынан шығып, аузы ашылып
шекілдеуік томары төгіліп те қалды. Зарқұмар мен Көксеген жарыса:
— Ал, айт, — деп, шекілдеуігін жинап салысып жатып, Өтешті
ызаландыра күлді.
— Я, айтам деп қашан... — деп жасып, жығылғанына намыстанып,
Өтеш ыза болған күйінде қабын арқалай тағы оза жөнелді.
II


Бұлар қосқа келгенде, жолдастары шөп шабуға əзірленіп жатқан еді.
— Сендер адасқаннан саумысыңдар? Əне келеді, міне келеді деп
түнімен алаңдап ұйықтамадық, — деп Оралтай алдымен қолды қойып
жіберіп, қаптағы шекілдеуік томарларын алып, өзі пісуге айналып қалыпты
деп жанып жатқан отқа көме бастады.
— Біз адасқанымыз жоқ. Аңшылық істедік. Көксегеннің бытыра
мылтығымен бір аю атып алдық, — деп Өтеш кекете күлді. Өтірік айтып
көрмеген Өтештің жаңағы сөзді жолдастарына қуланып айтса да, соның
өзіне қызарып, қысылып, тұрған түріне көзі түскен Оралтай:
— Өтірігіңе береке берсін, мына бытыраға өлсе, онда Алтайдың аюы
көртышқан болған шытар? — деп сықақтай бастады.
— Жүріңдер нанбасаңдар көрсетейін, — деп Көксеген батырлана
сөйлеп еді.
— Аюды қоя тұрып, шөпті шабалық. Екі күннен бері босқа жаттық, —
деп ересектеу біреуі басалқа айтқан болды.
— Шөптің аздап суы көтерілсін, бəрібір азырақ дегдімесе шабылғанмен
бөкесте шіриді, — деп Зарқұмар мылтықты жайлап орнына қойып,
шалғыны алып жүзін көріп, жұмысына қамданды. Өздерінен көрі шаруа
жəйін жақсы білетін естияр Зарқұмардың мына сөзі жолдастарына да
орынды көрінді. Бəрі де от қоламтасына көмген шекілдеуіктерін алып шаға
бастады.
— Мына келе жатқан Жəкемнің өзі емес пе, сірə қақпанына келе жатыр-
ау, — деп Көксеген, таудың балағынан көтеріліп келе жатқан бір аттыны
көрсетті.
— Я, тап өзі. Бұл енді келе бізді бидайықтай қуырады. Шөпті неге
шаппайсыңдар деп ығыртады, — деп Зарқұмар Жəнгүдейдің кейбір
орынсыз зейілситін мінезін де айтып қойды.
— Шапқан пішендерің қайда? Мұнша неге көп ұйықтайсыңдар? — деп
Жəнгүдей келе жастарды тексере бастады.
— Кеше күнімен, бүгін түн ортасына дейін жауын болды. Шөп су, дымы


кішкене бойына тартылсын деп отырмыз. Өзіңіз сүйінші беріңіз, — дей
берген Зарқұмардың сөзін кие Көксеген де:
— Ата, сүйінші! Сүйінші, — деп Өтеш те өндіркелей сөйлей бастады.
Барлық балалар да таңдана Көксегендердің сөзін күтіп анталай қараса
қалды.
— Я, неткен сүйінші? — деп салқын үнмен Жəнгүдей түсін жылыта
қоймай хабар күтті.
— Аға, қақпаныңа аю түсіпті, біз көрдік, — деп Көксеген бұрынырақ
айтып қалды. Жəнгүдейдің салқындау тыңдағанына кежірленіп қалған
Зарқұмар таласа сөйлемеді.
— Қай жерден көрдіңдер? Тірі ме екен? — деген сұраққа Көксеген
Зарқұмарға жалтақтап бөгеліп қалды.
— Қақпанға түсуін түскен екен. Бірақ аюыңызды басқа бір аң талқанын
шығарып жеп кетіпті. Əзі бір келіскен аса үлкен аю екен, — деп Зарқұмар
сөзінің аяғында əдейі Жəнгүдейдің қышуына тие сөйледі.
— Қай жерде екенін айтпайсыңдар? Мен əдейі сол қақпанымды көргелі
келе жатыр едім. Жəне сендерге соғып, шөптің жайын біл деп бастық
тапсырып еді, — деп Жəнгүдей, басқа аң жеп кетіпті деген қосымшаға
нанар-нанбас болып: — Шын-ақ бір нəрсе жеген бе екен? Бұл бір қызық
екен, — деп аз отырды.
— Өзі де қайдағы қиынға барған екен. Сендер оған қайдан бардыңдар?
— Біз балқарағай іздеп барып кездестік.
— Өздерің шөп шабады десе, балқарағай іздеп, тау кезіп жүрсіңдер ме?
— Күн жауын, босқа отырғанша барып қайттық. Бұдан кейін Жəнгүдей
басқа сөз сұраған жоқ. Ол аз отырып атына мінді де, Бітеу биігінің қия
бетіне өрлеп жүріп кетті. Əлі де Зарқұмардың əңгімесін жете айтқызбаған
жолдастары иіріле қалып, бұлардан бар көргендерін сұрап білді.
Екі күндей дем алып, тынығып қалған балалар пішен шабуға құлшына
түсті. Жаңбыр суын бойына тартып балбырап алған балаусалы көк шалғын


асыл орақтардың алмас жүзі сыдырғанда, шумақтанған жасыл жібектей
ширатыла, орала түскен бөкестер жол-жол болып жосылып жатты.
Көкбұзау белдеуінің жалпақ шабындысын бір жұмада шауып, үйіп-жайып
қайтуға міндет алып аттанған жастар жауыннан тоқталған күнін еселегілері
келіп, ымырт жабылғанша тоқталмады.
Жалпақ шабындысын жосытып салған балалар өздерінің бүгінгі
қимылдарына сүйсінгендей аса көңілді еді. Күлісе, əзілдесе, əндете ымырт
жабыла қостарына келді.
Ертең күн ашық болса шабылуы бітер еді, бірақ дегдігенін жинауға
бірнеше баланы бөлу керек, — деп Оралтай ертеңгі жұмыстың жайын да
сөз етті.
— Бəрі де істеледі, барысымен тамақты ішіп, демалу керек. Күндегідей
ойынды қойыңдар. Ертең ерте тұрамыз, — деп Зарқұмар тұжыра тəртіп
айтты.
Бұлар қосқа келіп отырған кезде, бағанағы кеткен жағынан Жəнгүдей де
оралды. Аюдың қалған терісін сойып, артына бөктеріп, ала келіпті. Жерге
түсірісімен балалар жабыла келіп көріп, əсіресе бас терісін өлшеп, біреуі
«үлкен екен» біреуі «орта ғана аю екен» деп өзара сөз таластырып жатты.
— Аға, орнына не істедің, қақпанды құрдың ба? — деген Көксегеннің
сұрауына Жəнгүдей:
— Бір емес үш қақпан құрдым, — деп дүңк еткізіп бір-ақ айтты. «Үш
қақпаны қалай? — деген пішінмен, балалар аңыра қалды да мəнісін сұрауға
батпады. Таты да Көксеген еркелене:
— Неге үш қақпан құрдыңыз? Аюдың өзін жеген қандай аң екен
таптыңыз ба? — деп аюдың терісінде келген май табаны мен тырнақтарын
көріп Жəнгүдейге қарады. Жəнгүдей тұйықтанып біраз отырды да,
сөйлерде бас киімін алып, басын бір сипап қалатын əдетін істеп:
— Ғажап бір қызық нəрсе, мен сан аюды алдым, сан қияны кездім,
аюды қасқырдың жегенін көргенім осы. Өзі де бір керсендей үлкен айғыр
аю екен. Жəне біздің бұл Кенеренің аюы емес, мына Аққабадан асып
келген, Күршім аюы. Анада осы Бітеудің басынан қар арылмай тұрғанда екі
аюдың ізін көріп, Күршімнен бері қарай аю өткені қалай деп ойлап ем.


Өйткені, іздері бөлек еді. Ал, мынау қақпанға түскен, сол аюдың біреуі ғой
деймін. Анадағы «Қызыл жұлдыз» колхозының сиырына шауып бұқасын
жеп кеткен, «Қызыл шығыс» колхозының жылқысына шауып, айғырын
жаралап өлтірген де осылар болар деймін. Біздің бұл Кенеренің аюы малға
шаппайды. Егінге, балға барғаны болмаса жəне саусақтары қысқа, денелері
дөңгелек келеді. Мына аюдың саусақтары салалы, өздері ұзын жарау,
жүндері де бөлек.
Жəнгүдейдің аюдың ата тегін таратып, ұзаққа созған əңгімесін
Зарқұмар ықлассыздау тыңдап:
— Ағай, аюдың бізге ата тегінен гөрі, сол аюдың өзін жеген қандай аң
екен, сол қызықты болып тұр, — деп əңгіменің аяғын соған бұрды.
— Өздерің жатқан жеріңнен есік пен төрдей жерде қасқырдың мүкте
жатқан ізін көрмедің бе? Мұны жеген қасқыр, — деп құмарлана айтып
отырған əңгімесін бөлген Зарқұмарды ұнатпай, Жəнгүдей қыжырта жауап
берді. Кеше өздері самырсын түбіне паналап отырғанда, арсыл-күрсіл етіп
шыққан дыбыс, бақырған үн қақпандағы аюды қасқырдың жеп жатқан кезі
екен-ау, деген ой Зарқұмарға жаңа келді. Өзі шақпақ шатып от жатып,
шекілдеуік пісіріп отырған кезде қастарынан зу етіп ете шыққан, сол
қасқыр екенін де ол жаңа топшылады.
Атын отқа жіберіп, ер-тоқымын қосқа əкелген Əтештің үлкенді
сыйлағыш ықшамдылығына көңілденді ме, қалай, Жəнгүдей бағанағыдан
гөрі жадырап əңгімесін аяқтап:
— Аюдың етіне ол қасқыр қалайда бір соғады, — бұлғын да келуі
мүмкін, олар қандай иісшіл. Бəріне де арнап қақпан құрып кеттім. Аю
қақпанды ол жерден алып, Кемпірқалған шыңына апарып құрдым. Өкше
ізіне қарағанда, мына аю сол жақтан келген тəрізді. Ана қалған біреуі де
сол Шабанбай жайлауында, осы жақта ғой, деп ойлаймын, — деп
Жəнгүдей күні бойғы жүрісінің, аңшылық əдісінің бəрін де біртіндеп айтып
өтті. Аузын аша құмарта тыңдап отырған Көксеген, əңгіме біткеннен кейін
де ақырын күтіп біраз отырды.
Біраздан кейін балалар кешкі тамақтарын ішіп, демалысқа жатты.
— Таңертең бізді оятып жіберіңіз, сіз біздей емес, сергексіз ғой, — деп
Оралтай, Жəнгүдейге өтініш айтты.


Пішенші жастардың ауыз үйінің дəл төрінен төсек салып алып
орныққан Жəнгүдей бірсыпыраға дейін үйықтай алмады. Оның күндізгі
жүріс-тұрысы қақпанға түскен аю, оның шың жартастың қырына біткен
жалғыз самырсынға қақпанмен келіп оралуы, оны арт жатынан келіп
қасқырдың жеуі, бірінен соң бірі шұбырып ұйқысы ашылып кетті.
Ауыз үйдің күншығыс жақтан салынған əрі есік, əрі терезесінен
сығалаған ай сəулесі, ұйқылы-ояу жатқан Жəнгүдейдің бетіне түскенде,
тегіс тынығып ұйықтап қалған балалардың еркіндей жарыса алған демдері,
бір тыныштық рахат демалыстың белгісі болып байқалды. Күнімен пішен
шапқан түлектердің таза ауада соншалық рахаттана ұйқтап жатқан
тыныштығы Жəнгүдейге өте қызықты тəрізденді. Тазқара шыңынан асыла
көтерілген ай табағы тау алқабын жап-жарық қылып жайнатып жіберген.
Аспан меңзеген асқар шыңдар буалдыр көкшіл мұнарға бөленіп, үнсіз
маужырайды. Тау белдеуіне сыңси өскен жасыл қарағай қара барқын
тартып, əлде қандай бір сыр шерткендей болады. Алтай тағылары осы
шыңда да, анау орманға қоныстай өседі, өрбиді. «Ол бізге жұмбақ тəрізді,
ал аңдар үшін жайлы қоныс. Тау мен орманда жаратылыстың бір тұрпаты.
Ол ешкім үшін өсіп-өнбейді. Бірақ оны есебін тапқан жəндік пайдаланады»
деп Жəнгүдей Алтай тауының жарық айлы түндегі үнсіз сипатына
сырласқандай көп ойларды кезді. Əлден уақытта оның көзі ілініп ұйықтап
кетті.
Оралтай тапсыруы ойында болғандықтан ба, Жəнгүдей оянып көзін
ашып алғанда, таң атып қалыпты.
— Кəне,тұрыңдар,таң атып, күн шығуға таяныпты, — деп Жəнгүдей
жастарды ду көтере оятып жіберді. Казармадан дабылға оянған
жауынгерлердей жас түлектер орындарынан тегіс түрегелді. Ауыз үйдің
сыртқы кенересінде сүйеулі тұрған шалғыларын алып, жастар шабындыққа
жөнелгенде, Жəнгүдей де далаға шықты. Түнгі шықпен балбырап тұрған
көк шалғынды жастар бара сыдыра бастады. Атын көздеп, ауыз үйге келе
бере, Жəнгүдей есік алдына өзінен өзі кідіріп қалды. Уыздай кілең
жасөспірімдер мынау қысқа таңда ұйқысы ашылып алакөлеңкеден шабуға
жөнелгенде, өзінің жалғыз келіп қоста жатуын ерсі көргендей, үйте кіре
алмады. Екі жеңін киіп пішеншілерге келді.
— Балалар, əлге қуат, — деген Жəнтүдейдің ырымшыл мəтел сөзін жас
шалғышылар ықыластана тыңдағанмен, жауап айтқан жоқ. — Менде қоста


жата алмадым, орақтарыңды жанып берсем де қастарыңда болайын деп
келдім. Маған басы артық орақ бар ма? Жоқ болмаса, кезек шабармын, —
деп Жəнгүдей есіліп түскен бөкестің үстіне келіп отырды. Түн дымқылын
бойына тартқан тау белдеуінің көк шалғын исі кеудені жарады. Алуан
гүлдер мен ұйыса өскен сарбас жоңышқалы, жасыл миялар жапырыла түсіп
сұлағанда, əлдеқандай бір əдемі иіс бұрқырап аспанға ұшады.
Шалғыларының жүздері жарқ-жұрқ етіп, қатарласа жарыс салған
жастар бөгелер емес, лезде-ақ бірсыпыра жерді жосылтып салды.
«Менің келгенім, мына жастарды қозғады-ау деймін. Ішінен шаппай,
балқарағай теруге тау қыдырып жүрсіңдер ме? дегенім қамшы болған
шығар», деп Жəнгүдей жастардың мына жұмысын өзінің келуімен
байланыстырғысы да келді. Бірақ жұмыстан көрі аңшылық жағына көп
салынған өзінің бұл сияқты жұмысқа тік аяқтау екенін де есіне алып, мына
жастардың елгезек, еңбек сүйгіш қылықтарына сүйсініп отыр.
— Аға, орағымды жанып берші, — деген Өтештің сылтауратқан сезін
сезе қойған Жəнгүдей:
— Сен аз дем ал, мен бір-екі жол қайырайын, — деп шалғыны алып,
пішенге келіп түсті.
— Ал, Жəке, жүріп керіңіз, бізге пішеннің шабуын үйретсеңізші, — деп
Зарқұмар келіп Жəнгүдейдің артынан түсті. Алған бетінде ілестірмей
кеткісі келген Жəнгүдей, «міне, былай шабу керек» деп оң қолының
шынтағын көтере, сол қолының шынтағын сырт айналдыра сермеп,
шалғыны əжептəуір-ақ құлаштап тартып керді. Бірақ, Зарқұмар бір қалыпта
салмақпен сермеп жылжи басып құтқарар емес. Қайта келіп түскенде,
«кəне, жүріңіз» деп тақымдап, Жəнгүдейдің аяғына өзінің бөксесінен
түсірген шөбін будырата төңкеріп Зарқұмар қысайын деді.
— Пəлі, аға, Зарқұмар əдейі сіздің артыңызға түсіп жүр. Ол
шыдатпайды, еркіңізбен қысылмай тартыңыз шалғыны, — деп Көксеген
ағасына, жолдасының сырын айтты.
— Ұзаққа болмаса да бір-екі жолға кісіге шаңымды көрсетпеуші едім,
мына Зарқұмар қояр емес, — деп Жəнгүдей де Зарқұмардың жалынды жас
қайратына жол бере, жеңілгенін мойындады.


III
Тау белдеуіндегі, машина бара алмайтын жерді жастар шауып үйіп-
жинап тындырып қайтты. Ойдағы, өзен бойындағы пішен де шабылып,
маяға үйілгеннен басқасы аяқталды. Қау пісіп келе жатқан егін даласы
алыстан көк бурыл тартты. «Берель» колхозының, жаңа тұқыммен салған
егіні судың арғы бетінде лықып тұр. Нүрила агрономның бастауымен биыл
ғана салынған егін, колхоз жұртшылығын əлі де күдікті ойға шырмаулы еді.
Əсіресе, осыған аса ерлене кіріскен колхоз бастығы Садуақас көп
күдіктенеді. Өйткені: «мұның несі кетіп барады, өлсе біздің еңбегіміз өледі,
залалды — ортаның қоры кереді» деген, Құсайын, Құрман сияқты ұзын
ауыз адамдардың сөзін Садуақас естіп жүрген.
Шынында да, үлкен іс қауіптенерлік еді. Бұл кенереде бидай шығып,
мезгілімен пісіп, орылып көрген жоқ. Жаз бойы шығы арылмай, жауыны
ашылмай тұрып, боз қырауы бір-ақ күнде түсе салатын Алтай белдеуі, өте
қауіпті. Əсіресе, жауыны көп биылғыдай жылы қорқыныш. Əрине,
бұрынғы cap тепсеңге тұқым тасып, сайман сүйретіп тасымал болатын
сарпалдаң биыл жоқ, егін үйдің қасынан салынды. Тек арада өткелі қиын
өзен бар. Бірақ қорытындысы не болмақ, ол мəлімсіз. Оның үстіне,
жаздайғы мол жауынмен көтеріліп алған Ақбұлақ суы əлі қайтқан жоқ.
Жазтытұрғы салған көпірді, күн қыза су қатты тасып мүлде бұзып ағызып
əкеткен. Одан бері көпір орната қоюға басқа жұмыстан мұрша келмей
жатыр.
Ақбұлақ бұлқына ағып, бұрқырай құйылған, өр Алтайдың асау өзенінің
бірі. Қарайрық, Қарабұлақ бас жатынан қосылып Жалғызтау, Кемпірқалған
шыңдарынан құйылатын бірнеше бұлақтар аяқ жатынан қосылып Ақбұлақ
барған сайын молая береді. Ол əсіресе, Бұқтармен қосылар жерде мүлде
арнасынан аса өрекпи құйылады. Ақеркеш толқындары тастан-тасқа ұрып,
аппақ көкшіл болып атой береді. Ақбұлақ деген аттың өзі де, осы
сипатынан қойылған өте көне аты.
Оңтүстік шығысынан Бұқтарма бұрқырап, солтүстік батысынан
Ақбұлақ асыр салып, екеуінің түйісер түбегінен асқар тауды іргелей келіп,
«Берель» колхозының қаласы орнаған. Түбектің атырабы күндіз-түні ағын
судың атой бере құйылған шуына бөленіп, тынымсыз тіл қатады. Өзен тілі
— өмір тілі, өлкесінде жайқалған етін жалпақ шабындық өсіп, елін еңбекке,
еңбектен туған дəулетке бөлеген: суы толған балық пен құндыз, тауы


толған бұғы-марал, жер шүйгіні əсем өлке. Тауды қоршап, тағыны өргізіп
Алтайдың алтын қойнына орнаған «Берель» колхозы ерекше сұлу, өмір
дастанының өзегі тəрізді.
Биылғы етінді жинау кезі, «Берель» колхозының ең бір қамытшылық
кезі болғалы тұр. Өйткені, сыр мінез болмаған жаңа астықты орып, жинап
алу жəне орталықтан егіс даласын өзен бөледі. Өзенде көпір жоқ, барлық
жұмыс тасымалмен істеледі. Ертелі-кеш ерсілі-қарсылы судан өту,
арпалысқан апатпен алысу сияқты үлкен қауіп-қатермен аяқтайды.
Ақбұлақтың тасқыны əлі қайтқан жоқ, қазірдің өзінде жолында тау
тұрса да бір-ақ аунататындай долы. Ағаштан орнатқан көпір түгіл, тау
етегін үңгіп талай күз биіктің кесек-кесек тастарын да айдап əкетеді. Кейде
жағасына үйіп, кейде арнасының өзінен тас арал жасап кетеді.
Күнде сумен алысып атпен өту, қайықпен қалықтау жұмысты
өндіртпейді. Қалайда көпір орнату керек. Ертелі-кеш, күні-түні демей, егін
оратына жұмыла дайын тұралық, — деп колхоз бастығы басқарма
мəжілісінде кесіп айтты.
— Ылғи сушыл жігіттерді іріктеп алып, бұл жұмысқа мен кірісейін,
өзің «Үкектен» əкелінетін ағаштардың жетуін тездет, — деді Плотников
Садуақасқа.
— Бұл дұрыс-ақ ұсыныс, ағашты мен жеткіздіртейін, сен дайындық
жұмысын карқындат. Бір жұмада көпір дайын болсын, екеумізге сын осы.
Əйтпесе егінді кешіктіреміз, — деп Садуақас тоқтағанда, отырған ел бір
ауыздан дұрыс-ақ десті.
— Таңдаулы жігіт, қарулы атты ал, керекті кісілерің басқа жұмыстан
босатылады, енді қандай айтарың бар? Біз ағаш жеткізуге жүреміз, — деп
Садуақас көпір тағандарын орнатып жатқан Плотниковке келді.
— Əлі де бізге керекті бір ат, бір кісі жұмысынан босап келмей жатыр.
— Ол қайсысы?
— Ол — Көкжортақ пен Көксеген.
— Көкжортақты сен алсаң, жаңа машинаны Мұса қай атпен жүргізеді.


Көксеген екеуін Мұса бере қоймас. Ол пісіп тұрған егінді орталы аңдып
отыр емес пе? •
— Машинаға басқа ат та жарайды. Мына суға, бөренені Көкжортақтан
басқа атпен сеніп кісі алып түсе ала ма? Ал Көксеген сияқты Ақбұлаққа
қарсы жүзетін бала бізге су білмейтін бес жігіттен артық. Қалайда бізге
бергіз. Сез соған байлансын, — деп Плотников қатты айтты.
Көк атпен, Көксегенді көпір жұмысына бер деген Садуақастың
тапсыруын Мұса жалқаулау тыңдап, біраз үндемей отырды. Ұнатпаған
ісіне, қып-қызыл болып тығыла қалатын Мұсаның оралымсыз мінезін
білетін Садуақас:
— Пішендегі сары ат пен Оралтайды сен ал, шеп еңсеріліп қалды ғой,
деп көңілдендіре қойды.
Мұса қынжыла отырып көк ат пен Көксегенді көпірге қайырды. Жаны
судағы балықтай, Ақбұлақ ағынында балықша оршығанын өзіне демалыс
көретін Көксеген əндете жөнелді. Үстіне кісі мінгенде ойнақтап, басымен
алысатын көк тарлан лыпылдап аяңдап Көксегеннің тақымында ойнады.
Етінде жүрсін, пішенде жүрсін, суға түссін — Көксегеннің айтатын бір ғана
əні бар. Ол мектепте үйренген «Көңілді балалар əні». Көксеген ол əнді
айтқанда, Көкжортақ кербездене шекесінен қарап алшаңдай аяңдайды.
Көксеген биыл он беске ғана шығады. Екі жылдан бері оқудан тыс кезде
машинаны өзі жүргізіп, көк атпен əбден сырлас болып алған. Елгезек,
алғыр Көксегеннің бетін қайырмай, көк атты колхоз бастықтары үнемі
соған беріп қойған.
Ақбұлақ суы бүгін күндегісінен де көтеріле тасыған тəрізді. Үйткені, екі
сетке үздіксіз жауған жаңбыр кеше түс ауа ғана ашылды. Алтай
тауларының қарлы құздары, жалбыр жүнді қарағайларын бұлт сүтіне
шомылдыратындай қара барқыттанып, үйіріле төнген қалың бұлттарды
үдерте түнетіп, үздіксіз жаудырып, саласынан сан бұлақты сарқыратты.
Сол бұлақтардың бəрі келіп Ақбұлақты аймалай ақтарылған, ақтарылғанда
ағынды күшейткен, суды тасытқан.
— Ал, Көксеген, сен тезірек кел. Қазір мына бөренелерді ортадағы
тағанға жеткізуің керек, — деп көпіршілер бер жақтан айқай салды. Судың
екі жақ жиегінен орнатылған таған ағаштары су тасқынына ерегісе


қабырғасын төсегендей берік отырған қалпында сіреге орнатыпты. Ал қала
жақ басынан үстіне салар бөренелер жарыстыра салынып, оны да шегелеп
байлап жатқан еді. Орта жерінен қойылған екі таған əлі нық отырмаған
тəрізді. Екеуі де шеткі таған ағаштардан кері сəл көтеріңкі. Жоны шыға
сіресіп тұр. Асты ауыр бөренемен шегенделіп, төрт тағаны су арнасының
табанына сұғына отырғызған ауыр таған мызғымастай берік еді. Сан
көпірді жасап, сан тағанды орнатып əдіс алған «Берель» колхозшылары бұл
жолы қапысыз істедік деп мейлінше бар шеберлікті салған.
Көпірдің қала жақ басынан үстіңгі бөренелерді салып болып, тағы бір
тағанына көпіршілер бөрене салуға бет алды. Қабақтағы бөренелерден төрт
кісі бір бөренені алып ағынға түсті. Ең алдында бөрененің басын иығына
көлденеңдете салып Мəнеш ұмтыла аяғын ілгері сала бергенде, бұрқыраған
үлкен ақ толқын келіп ұйтқи ұрып жіберді. Мəнешке жалғаса бөрененің
басын иығына қатар қойып келе жатқан Жақи екеуі де басынан толқын
жалы асып суға көміліп кетті.
— Қап, ормаға түсті, бөренені жіберме, — деп Сəлім бастаған
арттағылар суға қарғып-қарғып түсе қалды. Жабыла ұстаған бөрене артқы
екі жігітпен жүгіріп келгендердің қолында қалып, Мəнеш пен Жақи сүңгіп
барып анадай жерден су бетіне малтып шыға келді. Екеуі де ширақ,
шапшаңдықпен қарсы жүріп, судың жиегіне шықты. Осы сəттегі барлық
жанталасты көріп, атымен малтып жете алмай келе жатқан Көксеген көк
атты тебініп ұмтыла жүздірді.
— Тез жет, неғып жүре алмай келесің, — деген Сəлімнің даусы
құлағына естілер-естілмес еміс-еміс шалынған Көксеген көк аттың
шоқтығына қаршығаша құнтиып көпіршілерге қарсы малтыды. Ақ бұйра
толқын аңдаған, аптыққан екпінмен ұрылып артқы жағын бұрса да, басын
жоғары ұстап көк ат өрге қарай жантая, ыққа қарай көлбеп, толқынға қарсы
малтып, көпірдің жоғарғы жағымен тура салды.
— Өрге тарт көпір ығына түспе, онда ормаға түсесің, толқын тіпті
жаман соғады, — деп Сəлім Көксегенге безек қақты. Сонша болмады, көк
атпен Көксеген малтып отырып көпірдің жоғарғы жағынан келіп бөрене
ұстап тұрғандардың қасынан шықты.
— Кəне, Көксеген, бері тая, — десіп жігіттер көк атпен екеуін асығып
тосады.


Жаңағы өздерің түскен жер орма, мен ол жермен бармаймын, қиястай
берейін, бөренені маған бір беріп көріңдер, жететін мықтап тақтыңдар ма?
— деп Көксеген қиыстай жүздірді.
— Рас мына жерден сақтан, оның дұрыс. Біз иыққа салып саумалап
тұрамыз. Жетек арқаны мықты — деп жігіттер бөренені дайындап,
Көксегеннің жетуін күтіп тұр.
— Ендеше, беріңдер басын, — деп Көксеген жетекке ұмтылды.
Ортадағы тағанның үстінде отырған Əбіл мен Қожаш: — тез əкеліңдер,
су мына тағанның астын орлап бара жатқан тəрізді, — деп айқайлады.
— Міне, əдіс жаңа табылды, — деп Сəлім өзі бөренені көтерісіп
Көксегеннің қолына жетекті мықтап ұстатты. Көк атпен омыраулап келе
бөренеге жанаса беріп, арқанды алып Көксеген тағанға қарай жүздіре
жөнелді. Алдыңғы аяғы Мəнештер түскен ормаға лық етіп түсіп кеткен көк
ат суға күп етіп көміліп барып, малти бастады. Арқаннан айрылмай атының
басын көтере қамти ұстаған Көксеген ағынға қарсы жүзбек болды. Ондағы
ойы тағанның ығына түспей сырт жатынан келіп, Қожаштарға арқанды
беру еді. Көксегеннің осы ойын тақымынан сезгендей көк ат басын жоғары
алып ағынға қарсы малтыды. Лып етіп жетіп қалған Көксегеннің қол
айқасар жерден қиыстатпай арқанды іліп алуға Қожаш та таған үстінде бар
күшін жинап күтіп тұр. Бір қолында аттың тізгіні, бір қолында арқан
тақымын көк аттың орнықты шоқтығына қамти қысып Көксеген:
— Ал, Қожаш аға, — деп арқанды сермегенше көк атты аптығып келген
бір үлкен толқын тағанға əкеліп ұрып жіберді. Аттың басынан су асып,
тағанның астына кіре суға көміліп кетті. Осы сəтте Көксеген мысықтай епті
шапшаңдықпен тағанның үстіне ырғып кеп қалды. Көксегеннің алғашқы
сермегенде қолынан арқан ұшын іліп алған Қожаш сəтте болған уақиғаны
ажырата алмай, тек « Көксеген!» дегеннен басқа тук айта алған жоқ. Тек
тағанға жармаса тырмысып шыға келген Көксегенді ғана көрді.
— Көк ат көрінбей кетті, жазым болмаса игі еді, — деген Əбілдің үні
шыққанда, тағанның ық жағынан едəуір жерде барып көк аттың су астында
бұлқынғандай бір аяғы, қабырғалығы қылт етті. Бөренені көтеріп саумалап
беріп тұрған жігіттерден Мəнеш қарғып түсіп көк атқа қарай малти
жөнелді.


— Ана ат тізгініне оралды, басын көтере алмады, жануар суға кетті-ау,
— деген дауыстар шыққан кезде Көксеген де таған үстінен суға лып етіп
түсіп, су ағынына домалана малти жөнелді. Толқынмен дөңбекшігендей көк
ат жөнделе алмай ағып барады. Мəнеш келіп көк аттың қасына жанаса
беріп, басынан жүгенін сыпырмақ болды. Аттың жан таласқан серпінінен
қорғанып кейін серпілді. Көксеген де толқынмен алыса жанқиярлық
еткендей дөңбекшіген көк аттың жанына жете бергенде Мəнеш:— «кейін
шегін, өзің суға кетесің» деп айқай салды. Сəті түскенде жүгеннің
желкелігі үзіліп, ат басын көтеріп алды.
Көк аттың басы судың бетіне қылт етіп шыға келді. Өлім шырмауынан
өмір аспанына ыршып шыққандай желбезегімен суды қақ жара дем алып,
ат түзеле қырға қарай малтыды. Аттың құйрығына қолы тиген Мəнеш:
— Ал, Көксеген, қырға қарай қиыста, менен ұста, — деп, дыбыс берді.
Көксеген де Мəнештен жабыса ұстап малтып қырға шықты.
— Апырмай, Көксеген! Көк атқа шын жолдастық істедің. Өзің судан
қорықпайсың-ау, тіпті. Аттан бұрын сенен шошындық, — деп Сəлім судан
шыққан Көксеген мен Мəнешке жүгіріп келді. Көксеген жеткізіп берген
арқанмен бөренені тағанға жеткізіп төсеген Қожаштар, қалған бөренені
қатарластыра жетектеп көпірдің екі тағанын жалғастырып орнатып жатты,
IV
Көпір орнатып, өткел жұмысы бірыңғайланды. Егін жалпағынан
буырылданып, пісіп қалды. Машинаны, орақ жабдығын күн-түн демей
əзірлеп жатқан жұртшылық, аса бір қуанышты күнін күткендей бəрі
жарыса қимылдайды. Əсіресе, колхоз бастығы Садуақас, агроном Нұрила,
егін бригадирі Қобай қырманды дайындатып, стан басынан кетпейді.
— Бұл жерге комбайн келе алмайды, жері Алтайдың биік белдеуі.
Осының қиындығынан əлі электр станциясын да салып болғанымыз жоқ.
Шеткеріліктің аты шеткерілік, орталықтан өте алыс. Барлық іс қиынға
түседі, — деп Садуақас, егін басу машинасын керіп жүргізіп байқап жатқан
Қобайдың қасына келді.
— Мына егінді аман-есен орып алып, бір бел асалықшы. Осы айтып
тұрғаныңның бəрі тап осы жерге орнайды. Комбайнмен оратын егін саған
қашан бітіп еді. Үйіңнің іргесінен шыққан егінді көрсең, биыл ғана көріп


отырсың. Онда да Нұриланың еңбегі. Комбайнды мына сияқты өлке бойы
түгіл, ана тауға да жүргізетін етіп жасайды, біздің шеберлер, — деген
Қобайдың сөзін есіткенде, Көксеген, бəрі қазір орнағандай қуанып кетті.
— Ата, олар қашан келеді? — деп Қобайға таяна жымыңдап қасына
келді.
— Я, ертең келеді. Бұларға бəрі қолма-қол орнай қоятындай болады, —
деп Садуақас əлденеден терісі тарылып, күйгелектеніп тұр. Нұрила ұнатса
мен ертең егінге машина жүргізсек деймін, — деп Садуақас, темекісін орап
қомағайлана тартып біраз үнсіз тұрды.
— Нұрила бағана көріп əлі де бір-екі күн күтеміз, жауыннан ба, əлі дəні
шираған жоқ, — деп кетті. Ал өзінің жазуына қарағанда, есепті күні
толыпты, — деген Қобайдың сөзін Садуақас іле тұра қалып:
— Өзі дəл неше күн деп еді, жетпіс екі ме, жоқ жетпіс төрт пе, — деп өз
қойнындағы дəптерін алып қарай бастады.
— Мына егіндерін тек аман алғызсын, өзі оруға келіп қалған тəрізді, —
деп Жəнгүдей артына бөктерген қасқырының терісін шұбалта келіп,
машинаның қасына тұра қалды.
— Е, мерген майланған екен. Мынау анадағы аю жемтігіне құрған
қақпаныңа түскен бе? — деп Қобай мен Садуақас жарыса сұрай келе,
қасқырдың терісін қарасып жатты.
Оқусыз адам аяғының астындағы асылды көрмейді екен ғой. «Осы
өлкеге бидай шықпайды, шықса піспейді» деп бұрын бұл жерге бір дəн
сеппейтін еді. Нұриланың бидайы əсем-ақ болып шығыпты. Естуім осы
бидайдың тұқымын өзі өсіріпті ғой. Əйтеуір мақтанбаса əкесі айтып еді.
Бұл өзі бірнеше жыл Қалба жақта агроном болыпты ғой, сонда жүргенде
осы Алтай өріне өсетін бидай тұқымын іздестіріп, өзі іріктеп алыпты.
Жылдағы егіннен ерте пісіп шыққан бастарын теріп масақтап сонан
жинаған дейді. Агрономың бидайды малша түстейтін, тұқым-тұқымға
бөлетін көрінеді ғой, — деп Жəнгүдей егінге көңілі тола қуанышын да, егін
жайында естіп-білгенін де айтып жатты.
— Ол рас, ана жылдар əкесі барып қайтып, үйге келе қоймады деп
жүргенде осы бидайдың тұқымын іріктеп, «ауылға барсам, құр қол


бармаймын деп осы тұқымды ала келем деп жүріпті ғой, — деп Садуақас
Жəнгүдейдің сөзін қостай, Нұрила жөніндегі өз білгенін о да айтты.
— Аға, мына алғаның сол аюды жеген қасқырдың өзі ме екен? — деп
Көксеген аюды жеген аңның анығын білгісі келіп, сұрай кетті.
— Балалық-ай, Жəнгүдей қай қасқырға аюын қолдан қызылға
байлапты. Қақпанға түскен қан түрткен қасқыр да, — деп Садуақас,
елеусіздеу сөйлеп қоя салды.
Алған қасқырын жəй қасқыр емес, аю жеген сырттан дегісі келіп, аң
жайы сөз болғанда көтеріліп кететін Жəнгүдей:
— Садуақас, сен ит пен қасқырды бірінен бірін ажырата аласың ба?
Мына көріп тұрғаның ненің терісі? Бұл суыр жеп ұйпалақтанып жүрген,
Шабанбайдың көк сүмелегі емес, бір керемет қызыл шолақ. Мына жонын
байқа, құйрығын көр, — деп атынан түсіп қасқырын шеше бастады.
— Немене, сенің қақпаныңа түскен аю да басқа жерден келген сырттан,
қасқыр да сырттан. Ылғи сырттанның бəрі сенің қақпаныңды іздеп шыққан
ба екен, қоныстарынан, — деп Садуақас, Жəнгүдейдің əлгі сөзіне
шамданайын деді.
— Іздеп шықпайды, ізін тапсаң, кездеседі. Құруын білсең, қақпаныңды
басады.
— Мерген-ау, сен Бітеуге шығып қақпан құрып, түн қатып жүрсің.
Мына Ойсудың басындағы біздің араға аюлар күнде келетін көрінеді.
Құсайынның бес шелек балын жеп кетіпті. Аю да Құсайынның
қартайғанын білсе керек. Баяғы жас күні болса Қоқаң пышағымен айқасып
көрер еді. Жəнгүдей келсін деп сəлем айтыпты, — деп Қобай екеуінің сөзін
бөліп, əңгімені басқа жаққа аударды.
— Балға бір дəндесе, ол енді шықпайды. Оған мына бастық өзі барады
да. Бал сыраны осы ішеді. Ең болмаса аюдан қорғап ішсін, — деп
Жангүдей бағанағыдай емес, өзін шақырыпты дегенге өңі жылып,
қалжыңдай сөйледі.
— Тəйір-ай, кісі құнттап артына түспейді ғой, əйтпесе аюдың алуын бір
сенен басқа кісінің қолынан келмейтіндей сөйлейсің. Қақпанға түскен бір-


екі аюды алғанда, жолбарыс соққандай боласың, — деп Садуақас өзін
кеміттіргісі келмей, Жəнгүдей сөзін баса жастап, Қобайға қарады.
— Жолбарыс аюдан мықты емес. Бірақ, жүректі ғой. Жəне қандай
шапшаң, біз Қиыр Шығыста жолбарыстың талайына кездестік. Жолбарыс
адамға аюдан əлде қайда қауіпті. Ол адамды əрі епті аңдиды, — деп Қобай
өзінің əскерде болған өмірін есіне ала, алыс атырапқа қарады. Батқан
күннің 
ақтаңдағы 
батыс 
жақтағы 
Алтай 
тауларын 
аспандатып,
жоталарынан атой берген батырдай ереуілдеп тұратын қарағайларын
аңдатып іңір жарығы жер бауырлады. Көз байлана жұмыстарын тоқтатып,
стан басындағы үйге қарай бет алып келе жатқан кісілерді көріп, Садуақас,
Қобай, Жəнгүдейлер де солай қарай жүре сөйлесіп келеді. Жəнгүдейдің
жуан жарық қарын көк атына мініп алған Көксеген, өзін бір қасқыр
бөктерген үлкен кісімсініп жан-жағына қарап қояды. Ондағысы, қос жақтан
Өтештер көрінсе, мақтанбақ. Бірақ құрбыларынан ешқайсысы кездеспеді.
Стан үйінің алдындағы бөренелердің үстінде отырған Мəнеш, Мұса,
Нұрилалар жабырлай амандасып, Жəнгүдейдің қасқырын сөз қыла тұрып,
ұстап көрісіп, біреуі «өзі бір көкжал екен», біреуі «деген қызыл шолақ»
десіп жатты.
Аң жайынан сөз қозғалғанда Қобай шығыстағы өзі көрген бір əңгімесін
бастап кетті. Қобай өзі əскерде жеті жыл жүріп, былтыр ғана қайтқан.
Басында əскерге алынған жылы Қиыр Шығыстағы шекара əскерінде болып,
одан Батыстағы майданда болып, Берлинге дейін барып қайтқан офицер.
Қазірде «Берель» колхозының егін бригадирі. Өзі сабырлы, көрген-білгенін
ұмытпай, əдемілеп айтатын, тілі де орамды болатын.
Сыртынан қарағанда, Қобайдың сүйегі аласалау тəрізденетін, бірақ
иықты, жұлын тұтасы тұтасып келген кеуделі, қабағы шығыңқы, қой көзі
кісіге қарағанда, аржақ-бержағыңнан өтіп кететіндей ажарлы еді. Ал,
əңгіме айтарда алдындағы кісіге қадала қарап, ойланып сөйлей жөнелетін.
Əңгімені таяу отырып, тыңдатысы келіп қарсы алдынан отырған Көксеген
өзіне Қобайдың көзі түскенде, қозғалып қайта қырындап отырды.
— Я, Шығыс орманы, адам мен азулы аңдардың тек сырттандары ғана
жортатын ерлер ұясы тəрізді. Оның дүм қарағайының алаңдарында атан
түйенің табанындай бадырайта басылған із жатады. Ол орман алаңында
алаңсыз жортатын тəкəппар арлан жолбарыстың ізі болады. Бұл із орман


жортушыларын аңдыған жауынгерлерге, адам сырттаны алыптарға таныс
із. Олар ондай алаңдарға кездескенде, ізді қарап жіберіп, қашан
басылғанын, қанша жастағы жолбарыс екенін біле қояды. Іле аңдиды.
Жолбарысты алдынан емес, артынан тосады. Əйтпесе жолбарыс өздерін
мерт қылады.
Шығыс ормандарда біз тұрғалы жылдан асып кетті. Талай жыныс
орманды аралап із кестік. Талай жолбарыс сырттанының табаны тиген
құмайт алаңда отырып, жолбарыспен кездесуді қиялдадық. Біз, əрине, аң
қуған мерген емеспіз, бірақ аңдар ғана жортатын жұмбақ алаңды, бекініс
түбектерді тінту біздің міндетіміз.
— Дүлей, үнсіз орманның ішіне түскен із бізге сырлас тəрізді. Біздің
аңдитынымыз, жолбарыс емес, адам жыртқышының ізін кесеміз. Біз бір
жазда маневрге шығып дүлей орманның ішінде жаттық. Онда бұрыннан
салынған жалғыз үй бар. Ол шекарашылардың маневрде жататын орны.
Бұл үйдің жан-жағын қоршаған, аспанмен тілдескен қарағай мен кəрі
емендер. Үйден біраз жерде ағыны астына тартып, шырайланып жататын
тұңғиық терең көл. Айналасы түйе көрінбейтін самсаған биік қамыс.
Біздің ол жерге келіп ойнап жатқанымызға бірнеше күн болды. Күндіз-
түні кезекпен күзетте тұрып, ойын кезінде қай-қайдағы дүмге кіріп кетеміз,
кейде орман ішінен із кесеміз. Танкымен жыныс орманды бытырлатып қақ
жара жүріп етеміз. Бірнеше күндей жауын бас алдырмай, Шығыс орманын
басқан қалың бұлт ашылмай қойды.
— Мына жауын енді октябрь бітпей тоқталмайды, өстіп түнеріп құяды
да тұрады. Жолбарыстың азық аңдып көп жортатын кезі де осы айлар
болады, — деп Сызов бізге айтып қояды. Шығыс орманының сырын
жаттаған жігіт еді.
Жауын ашылып бір күні таты жүріске шықтық. Үш танкпен дүм
қарағайдың ішін қақ жара жүріп келеміз, аспан зəулім кəрі қарағайлар, кей
жерде қартайып құлап күл болып кеткен бойлары үгіліп ұнтақ болып та
жатады.
Үш танкының үшеуі де бірінің артынан бірі тізіле жүріп, келе жаттық.
Біраз жүрген соң, командир тоқтату хабарын берді.
— Мына алдымыз қалың қопалы көл, мынау жарлауланған қалың


қамыс, мына жатқан жолбарыс ізі. Ал сол жолбарыс қазір осында болуға
мүмкін. Танкілеріңді қамыспен бүркеңдер, — деді.
Жолдасыммен екеуміз танкімізді қамыспен бүркеп қойып, люктен қарап
отырдық. Біздің күткеніміз, жолбарыстың қамыстан шыға келген суық
көрінісі жəне істер қайраты. Əлден уақытта биік қамыс жел үйіргендей
теңселіп, бұлан-талан болды. Бір жерде емес, бірнеше жерден қамыс іші
теңселіп, үйіріліп бұлқынып кеткендей.
Жолдасым екеуміз демімізді шығармай өзімізді танкіге ұрлап тығып
отырған тəріздіміз. Екі көзімізді қамыс ішіндегі қозғалыстан алмай батып
отырмыз. Сонша болмады, тебінгідей екі құлағы салбаңдап бір ұзын
тұмсық қамыс арасынан оқысынан ербең етіп шыта бергендей болып еді,
таяқтай екі азуы ақсиып, көзіне қарай қарсы сорайған қара сұр қабанның
өзі де шыға келді. Оның бүйірінен жосыған қан шапшып, жан-жағына
атқылап келеді. Қабанның басы-аяғына көз жүгіртіп болмай-ақ, таяқтай
ұзын мұрттары тікірейген, оттай жайнаған екі үлкен көзі жалындап қамыс
ішінен оқтай атылып бір жолбарыс қабанның оң жақ бүйірінен ыршып
түсті. Қабан тоңқалаңдап тұра ұмтылганша жолбарыс тағы оқтай атылып
қабанның үстіне міне түсіп, желкеден қос аяқтап басып жібергенде, қабан
сүрініп те кетті, шыңғырып та жіберді. Қас қаққанша қып-қызыл ала қанға
боялған қабан қозғалуға шамасы жоқ, шыңғыруы əлсірей бастады.
Алысқан жауын қанға батырып, жылы қан соқтасына тұмсығы ілінген
жолбарыс қабанның бүлкілдек сүбесінен ауызды салып жіберіп, бір жұлып
алып, қылғып тағы да ауызды үңги салып жатты. Ол қызыл тұмсық болған
кезде: — «ал, атыңдар!» деген команданы естідік. Бəріміз қатарынан басып
салғанда, жолбарыс оқтың екпінімен жарыса ұшқандай есік пен төрдей
жерге барып мұрттай ұшты...
Аузын ашып, ақырайып отырған Көксеген:
— Қобай аға, қабан өліп қалды ма? — деп ұғынып отырған əңгімесін
əлі де құмарлана қайталай сұрады.
— Қайтсын, жолбарыс жайратып тастаған бетінде талқаны шығып
жатты, — деп Қобай əңгімесін аяқтата берді.
Қобайдың көзі күлімдеп, əңгімесі елге ұнағандай болғанына көңілденіп
аз отырды. — Мен өзім тап сол сияқты үлкен аңды көргенім жоқ. Шіркінді


қос өкпесінен мылтықтың қарауылына дəл қойып қапысыз атып жібергенім
əлі есімде. Өз қолыма сол жерде өзім бір сүйсіндім, бірақ жалғыз менің
оғым емес-ті, қатарынан атылған төрт мылтықтың оғынан бой берместен
əудем жерге барып жығылған жолбарыс қайраты мені одан да сүйсіндірді.
Жолбарыс барып жығылған жерінен бірнеше рет басын көтеріп
сүйретіле ұмтылды. Бірақ төрт жерден тиген оқ одан əрі қайрат етуіне
мұршасын келтірмеді. Командир танкіден қарғып түсіп, қабанның азуын
ұстап жүзін көріп, «Қабанның денесі суынбай тұрып мына тіспен сақал
қырып алуға болады, көріңдерші» деп күліп, екі азуын екі жауынгерге
суыртып алғызды.
Жолбарыс пен қабанды қатарынан танкіге салып алып, бекін үйге
келгенде сəске көтеріліп, орман ішінің салқын ауасы аздап жылынайын
деді.
«Шіркін шығыс орманындағы жолбарыс адамды аңдығанда қараңғы
түнде ториды. Есебін тапса көзге түспей сыртынан алып қашады. Ал көзге
көзі түссе батпайды, адамнан именеді», — деп Қобай өзі көрген батыр
аңның жайын айтып шықты.
Қобай əңгімесін айтып болып, жан-жағына қарағанда, аңыра қарап
қалған жұрттың ішінде, Жəнгүдей күлімдеп:
— Шіркін-ай, танкі деймісің, сол машинамен аю аңдыр ма еді. Аю
ондай нəрсені көрсе қашпайды, өрбиіп алдыңғы екі аяғын көтеріп түре
келеді. Жекпе-жекке шыққандай қасқиып тұрады ғой, сонда танкімен
кеудесінен қаға басып өтсе. Аю бұрылу, айла қылу дегенді біле ме, қандай
олақ, — деп өзі білетін аю сырын айтып қалады.
Өзі əлі бетпе-бет кездесіп көрмеген аю, жолбарыс сияқты ірі, азулы
аңдардың қайратын, əдісін есітіп Көксеген, таңдана Жəнгүдей мен
Қобайдың бетіне кезекпе-кезек қарап, ойланып отыр.
— Ал, сонымен, қарындасым, егінге машинаны қашан жүргіземіз.
Аман-есен бір орып алғанша жаным жай табатын емес, — деп Садуақас
Нұрилаға қарады.
Мен əкемнен сұрағанымда, бұл белдеуге боз қырау ең ерте түскені
былтыр екен ғой. Сонда ескіше августың үші күні қалың бозқырау болды


дейді. Бұған қарағанда, біздің бидайымыз, бозқырауға ілікпес деймін.
Бүгін, мына Сақаты жақ шеттегі он гектарға тұқым шашылғанға жетпіс үш
күн. Əлі де дəні уыздау екен, оны жауыннан көрем. Ең соңғы еккен мына
Құйғанға түсер жердегі аңыз. Оған да алпыс тоғыз күн болды. Ертеңгі
күнді бидайдың сабақта тұруына беріп,
Бүрсігүні бастарсыздар. Машина, көлік, кісілер дайын ба? деп Нүрила
Садуақасқа қарап жауап күтті.
— Егіннің ору машинасы түгіл, басу машинасын да дайындап қойдық.
Мына отырған Көксегендерге ал, машинаға мін! — десе, қазірде дайын, —
деп ол Көксегенге қарап күлді.
— Ағай, осы менің көк атым анада суға жығылғанда, бір жері
ауырсынса керек, оң жақ алдыңғы аяғын, аз қолтаулап басады. Егер
бүрсігүнге дейін жазылмаса, машинаны тарта алмас, онда маған сары атты
бер, жарай ма? Əйтпесе Өтеш менен озып кетеді. Оның қос қоңыр аты
мықты-ақ, — деп Көксеген өзін ауызға алғанға көңіліндегі бір тілегін айта
қойды.
Бұл іңірдегі кішкене бас қосу осымен аяқталып, Садуақас, Нұрила,
Мəнеш, Қобай, Жəнгүдейлер ауылға қарай жүрді.
— Аю күнде келетін болып алыпты, колхоздың аңға қойған мергені —
сіз, Құсайынның омартасына барып, аңдып көрсеңіз дұрыс болар, — деп
Садуақас Жəнгүдейге қарады.
— Ол жерден қақпан құруға болмайды, мылтықпен тура жекпе-жекке
сайланып бару керек, — деп Жəнгүдей, баруға мойындап, үйіне қарай
бұрылды.
V
Пішен орағы басталысымен, Көкбұзау өлкесіне шөпке кеткен баласын
Келгембай көптен бері көрген жоқ-ты. Жалғыз баласын сағынған ата
мейірімі ағыл-тегіл ақтарылғандай, баласының үстіне түсе, қайта-қайта
айналып-толғанып отыр.
— Сенің енді азамат болғаның, күнім, ер қара болып ел қатарында,
еңбекте болдың, — деп баласын мақтан еткендей жымыңдап аз отырды.


Əкесінің мейірбан, ақкөңіл мінезіне еркелене балқыса да, Көксеген өзін
аса кішкене бала көріп «ел қатарында ер қара» деген сөзіне іштей намыс
еткендей болды. Мен осынша əлі бұғанам бекімеген, тіпті нашармын ба,
деп езіне өзі кез жіберді. «Жоқ, мен өзім қатарлы баланың бəрінен де
қайраттымын» деп өзін бір алып күштің иесі етіп мақтан еткісі келеді.
Баласына сақтаған ірімшік, қаймақ, тəтті-дəмді тамақтарын мол-мол
əкеліп, Дүрия жеңгей мырза қолын бұрынғыдан да баса жұмсады. Үй
ішінің мəре-сəре қуанышы іңір бойына созылып бірсыпыра отырды.
Көксеген өзі пішенде жүргендегі үйіне келген газеттерді, пионер журналын
қарап біраз əңгімелерін əкесіне де оқып берді. «Құлын, бұзау, лақ» деген
қысқа əңгімелерге Көксеген қызыға оқып отырып:
— Осы, əке, менің қоңыр қодығым əбден жазылды ма, езі үйіріне еріп
кетті ме, əлі де жеке жайыла ма? — деп сұрады.
Сенің қоңыр қодығың көбінесе жекерек жүреді. Қазір көрсең
танымайсың, мүйізі тамаша болып өсіп келеді. Ал аяғы əбден жазылды.
Басқалардай ол өте таты емес, мен кейде атымнан түсіп қасына барып, қол
көтерсем тұрады. Арқасын қасып, аятын көріп анада бір тұяғын жонып
жібердім. Өзі күбідей болып тойып семірді, — деген Келгембайдың сөзі
аяқталғанда Көксеген қуанып кетті,
— Өзі ұстата ма?
— Ұстатады.
— Қай өрісте?
— Найзатас өрісінде. Өзі əзір қолға үйір, бақташыны қара тартады. Осы
таяу өрістен əрі кетпейді. Ал енесі Қосқоңырдағы тобында, оған
жоламайды. Қыстай қолда тұрды ғой, енесін ұмытқан да шығар, — деп
Келгембай қоңыр қодықтың барлық жайын айтты.
— Онда, мен ертең барып оны ұстаймын, мүйізін қасып, қолға үйретем,
— деп Көксеген қоңыр қодықтың келешек өмірін қолға жақындатқысы
келгендей болды.
— Қолға үйреткенде қайтесің? Оны үйретіп мінесің бе? Жегесің бе? —
деп Келгембай баласын бір жағынан қызықтай, аздап мысқылдап та күлді.


— Несі бар, мінсем, үйретіп мінем. Əке, сіз білмейсіз ғой, мен кітаптан
оқығам. Терістік тундырада тұратын ел, бұғы, маралды мінеді, жегеді,
сауын да етеді.
— Ол бұғылар бұдан тұқымы бөлек шытар, мен тіпті бұл тұстағы елден
бұғы, маралды мінді, жекті дегенді естіген емеспін. Біз түгіл, жеті жұрттың
тілін білген Полтовский де бұғыны жегіп, сауып көрген жоқ, — деп
Келгембай, баласына мойындай қойғысы келмеді.
— Ендеше, мен сізге суретіне дейін көрсетейін. Сіздің Полтовскийіңіз
жеті жұрттың тілі түгіл, хат та танымайды екен ғой, селсоветтегі архивтен
қойған қолын кердім — деп, Көксеген бұғының тобымен шанаға жегілген
суретін салған кітабын көрсетті. — Коми, Турухан өлкелерінде, Камчатка,
Якутияда ылғи ғана бұғы, маралды өсіріп, етін жеп, сүтін ішеді, өзін жегіп,
терісін киім етеді. Керек болса күркелерін де бұғының терісімен жауып
баспана етеді.
— Біздің жерде мал көп болғандықтан бұғының тек мүйізін
пайдаланып, басқа ешбір пайдасын көрмейміз, — деп əкесін бұғы жайында
көп нəрсеге түсіндірді,
— Кəрі қойдың жасы үлкен, ісек қойдың басы үлкен — деген осы-ay,
жасы үлкен-үлкен емес, заманы үлкен-ау! Оқымаған адамның аты
оқымаған. Біз соқыр адам тəріздіміз, — деп бір қойып, Келгембай аз
сөйлейтін тоқтағыш əдетін істеп, мойындап қалды.
Əкесінің сөзіне Көксеген мақтанып, өзі бір көп білген кісімсіп, жан-
жағына қарады. Баласының, əкесіне білмеген нəрсесін айтып отырғанын
мақтан етіп, Дүрия да жымыңдап отырған болатын. «Қарағым, өмірлі бол!»
деп күбірлеп қана қойды, шешесі...
Ерте тұрған Келгембайдың дыбысынан сергек жатқан Көксеген де
орнынан ұшып тұрды. Көксеген далаға шыққанда, жаңа көтеріліп келе
жатқан күн жер бетіне нұр сəулесін шашырата, Алтай алабының қалғып
тұрған табиғатын оятып жіберген еді. Айналасы ат шаптырымға созылған
биік қашалар, əлде қайда созылып, тізбегін, жазбай қабақшаларды асып
бой жасырады. Жасыл шыққа боялған көк бұйра бүрлі қарағайлар, бар
сырын ішіне жинаған жанша, үнсіз ғана жалбыраған бүрлерін төгілтеді.
Көк меңзеген найза тас биігі тігінен шаншылған асқар жартасын


ереуілдетіп тұңғиық ауыр көлеңкесін əлі бауырына тартқан жоқ.
Көксегеннің ойы өзі қыстай бағып еңбек еткен сонау қоңыр қодығында.
Əкесі айтқаннан бері оны көруге құмарланып еді.
Ол жүгірген бетімен əкесіне келді. Қаша ішіндегі кек шалғында
жайылып тұрған атын Келгембай жаңа ғана ұстап ерттегелі жатқан еді.
Оның əдеті, ала кебеден атқа мініп, қашаны шалады, бұзылған жері жоқ па,
суық із, сұғанақ ауыздан аман ба — шолып қайтады, тағылардың тау
қиялай өрген топтарын сырттан шөлкемдеп қарасыға есептейді. Қасына
келіп баласына таңдана қарап:
— Таң атпай неге тұрдың! — деді.
— Өзіңмен бірге барып қодығымды көрем...
— Оны қайдан табасың? Ол көбінесе сорғыштай жайылып, қайдағы
жыныс қалыңда жүреді, — деп Келгембай үйінде қалдырғысы келді.
— Маған жүретін жерінің жобасын көрсет, өзім тауып алам, — деп
Көксеген тоқтамады.
Найзатастың қалың қарағайлы теріскей бетіне қарай аз жүріп, бір қалың
ағашты қолатты меңзеді де:
— Көбінесе осы қалыңда жүретін, суды ана бір сайдан түсетін
сарқырамадан ішеді. Өзін мен көрмегелі де бірсыпыра уақыт болды, — деп
Келгембай, Найзатас бөктерін балақтай орнатылған қашаларды іргелей,
Тазқара биігіне бет алды.
Əкесінен бөлінісімен Көксеген бұта-бұтаның ішімен, із шала жоғары
өрледі. Ағаш ішінің көк шалғынына түскен шық əлі көтерілген жоқ.
Жосылып түскен ізді көріп: «бұл маңда бар болса, ізімен тауып алам, ендігі
жусауынан ерген шығар», деп іздеп келеді. Сыбдыр еткен бұта, шыр еткен
орман құстарының дыбысына құлағы елеңдеп, жан-жағына жалтақтап
қарайды.
Алуан үнмен шырлаған тоғай жыршылары, орман құстары біріне-бірі
үн жалғағандай үздіксіз сайрайды. Кейде балқарағайдың бүрін аңдып
шуылдаған шау қарғалар да тобымен ұшып, қарағайдан қарағайға
жапырлай қонады. Кейбір жерден самырсын бұталарын теңселтіп,


əлденелер ыршып-ыршып кетеді. Көксеген оған аса таңданбайды, ол қыста
қалай аңдып атып алған қара қоңыр, ұзын құйрығын арқасына төңкеріп,
үрейлене секіріп жүрген əдемі тиынды сыбдырынан таниды. Өсе бер,
жетіле бер, шекілдеуік дəндерін шекіп алып сайранда, мен де бір кезде
сенімен ойын салармын дегендей көңіліне тоқ санауда. Көксеген біраз жер
жүрді, əкесі айтқан тұйықтан қоңыр қодық түгіл басқа бұғылар да
кездеспеді. Тіпті ізі де жоқ. Найзатастың шың жартасын кеуделеп келіп
қайтты. Тастың қиясына келіп аз отырды. Осы жерден ол айналасына көз
жіберді. Бірақ қалың қарағайдың иін тіресе өскен қалың салалары
ешнəрсені болжатпады. Біраздан кейін таты жүрді, енді жартасты
өрмелемей, бауырлай көлденең тартты. Бұлтсыз ашық аспанға көтерілген
тамыз күнінің ыстық лебі шықты көтеріп,шөпті құрғата бастады. Енді із
болмайды, тек үстінен шығып қалмасам деп Көксеген, əрбір дыбысқа құлақ
қойып, аяғың аңдап басады. Қарсы алдынан кездескен кішкене қабақша,
аржағындағы қолатты, шымылдықтай жалтартты. «Осы қабақтың
аржағында жатқан шытар, не жайылып жүрген шығар» деп Көксеген
қабақшаға еппен өрледі.
Ол айналасына жалтақтай қарап, алдына аса бергенде, өзіне таяу
жерден бір бұтаны сыбдырлата жөнелген ірі аңның жүрісін байқады. Бірақ
қарасын көзі шалмады. Қалың ағаштың қай жерінен жып беріп кеткенін
аңғара алмады. Енді жүгіре басып аңның жүріп кеткен жеріне келгенде
құрғақ шөпті сындыра жосылта жөнелген із жатыр. Ол отыра қалып ізді
қарады. Торпақтың ізіндей ғана түскен бедер, бір кішкене мүктен ғана анық
көрінді, басқа жерден тек сорабы болмаса, ненің ізі екені абайлатпады.
Іздің маңдай жағына қарай жүгіре отырып бір кішкене алаңға шыға
келгенде, жайылып тұрған кішірек бұғыны көрді. Көксеген қозғалмай тұра
қалды. Өзін далдалаған, балапан қарағайға сүйеніп, аңның тұла бойына көз
жіберді. Өзі асыраған қодығын, Көксеген көргеннен-ақ тани кетті. Əсіресе,
өзі белгі болсын деп құйрығының ұшындағы қара қылын шорт кесіп
жіберген еді. Оның үстіне, қыста өскен оң жақ мүйізінің бір бұтағы
сыртына қарай шалқая теріс өскен болатын. Ол осы белгілерін
анықтасымен, қарағайдан шыта: «Қоңыр, қоңыр» деп дыбыстап тура жүрді.
Ойда-жоқта шыта келген адамнан үркіп қалған аң атып кетіп барып,
дыбысты ескергендей тұра қалды. Көксеген осы сəтте қолын көтеріп, өзінің
қысты күнгі əдетін істеп, дыбыстай тағы жүрді. Аң аса безерленбей азырақ
қозғалақтап тұрып, ырғып таяудағы бір тасқа шықты. Көксеген қолын
көтерген бетімен қасына келді.


Қыстай қолынан жем беріп үйреткен Көксегеннің дыбысын танығандай
екі құлағын алдына қарай тігіп, екі көзін Көксегеннен алмай біраз тұрды.
Қанша айтқанмен заты тағы емес пе, тастан түсіп, жүре беріп, артына
қарады. Көксеген осы кезде жерден жұлып алып, бір уыс əдемі шөпті
ұсынып «Қоңыр» деп дыбыстады. Қолынан жеген шөп пен жемі есіне
түскен аң, қайрыла жеген шоп пен жемі есіне түскен соң, қайырыла қарап
тұрып қалды. Көксеген ақырын басып қасына келді. Қолындағы шөбін
аузына беріп, үйреншікті арқасын сипап мүйізінің түбін қасып, мойнынан
құшақтады. Бағанағыдай емес, үріккенді қойып, қышына арқасын төсеп,
Қоңыр қодық тұра берді. Көксеген оның қыста жараланып жазылған аяғын
сипап көрді. «Қоңырым, қоңырым» деп əукесіне қағып, мойнынан
құшақтады. Осымен екеуі біраз тұрды. Əкесі айтса айтқандай, Қоңыр
қодық қыстыгүнгіден əлде қайда өскен. Семірген, ақсақ аяғы жетіліп,
шорланбай қалпына келіпті. Əсіресе, жаңа бұтақтанып өсіп келе жатқан
үшінші сала мүйізі сонша əдемі. Ол əлі қатайған, піскен мүйіз емес,
жұмсақ, былқылдақ, қалың қыртыс тəрізді.
Көксеген өзін жатырқамай ұстатқан Қоңыр қодыққа сонша қызықтап
қуанды. Ол өткен қыста Қоңыр қодықты алғашқыда əкесі өңгеріп əкелген
түрін есіне түсірді.
Алтай қысы, сұрапылдана бірсыпыра уақытқа созылады. Мынау тұрған
зəулім таулар жел үрлеген қалын қардың ойнағындай, түтек басып көрінбей
кетеді. Ондай кезде қаша ішіндегі бұғылар, ықтасын сайлап, үюлі мая
шөптердің ығында тұрып жан сақтайды, бірақ алай-түлей боранда кейбір
топ бұғылар желдің өтіне кездесіп, күйсіздікке ұшырайды. Келгембайдың
боран кезінде аңдитыны осындай, оппа қарлы жартас, жел өтіндегі болады.
Адасқан бұғылар болса не ықтасынға, үюлі шөпке қайырып паналатады.
Қақпатасқа ілінген оппада қалғандарын аршып алып, үйіріне қосады.
Осындай бір боранда, Келгембай мына Найзатастың жел бетін қарап,
ықтаған бұғыларды шөпке қайырып жеткізіп жүрді, күн кешкіріп, үйге
қайтар мезгілде, шеткергі бір жартасты шала шаңғысымен сырғытып келе
жатқанда, кардан кішкене мүйізі ғана шығып бүк түскен кішкене бұғы
қодығына кездесті. Тұра қалып, қарды аршығанмен, аяғы тасқа ілініп
қалыпты. Үйірінен бөлініп қалуы да содан болған, қарды тазалап аяғын
шығарып алғанмен, жүре алар емес, аяты қатты ақсаған, өзі де ұшып
қалыпты. Келгембай дереу қодықты ішкі шолақ тонына бөлеп жіберіп,
шаңғының артқы жағына таңып алып, үйіне тартты.


Осы кештен бастап Көксеген Қоңыр қодықтың күтімін өз қолына алды.
Оған жегізбеген тамағы жоқ. Аяғын емдеп өзі жазды. Жаз шыққанша қолда
болып, Қоңыр қодық əбден жазылып үйіріне қосылды. Орнынан қозғалмай
жатқан бірнеше уақытта Көксеген, қолынан су, шөп беріп, арпа, сұлы
жаншып беріп күтті. Біразда Қоңыр қодық, Көксеген келе жатқанда дыбыс
беріп, тамақ дəметіп тұратын болды. Арқасын тосып сыйпа, мүйізін төсеп
қасы деп, еркелік мінез шығарды. Міне, сол үйірлік əлі де ұмытылмаған.
Заты аң болғанмен, момын бұғының жас қодығы, күткен қол, жеген жемін
ұмытпаған, құлқын сезімі арқылы, Көксегенге сонша үйірленген еді.
Көксегеннің осы қодықты күтіп мал еткені, колхоз балалары, мектеп
пионерлері арасында көп үлгі болып айтылды. Ендігі ойы осы қодықты
қолға үйретіп, қыста жегіп байқау, бірақ ол сырын Көксеген əлі ешкімге
айтқан емес. Əлден уақытта оралып Келгембай да Көксегеннің жанына
келді. Қодығын тауып, құмарынан шыққан баласын қуаныштап, қасына
келіп, аттан түсіп біраз отырды.
— Мынау езі əбден қолға үйір болған, əлі ұмытпай жүргенін қара, —
деп Келгембай таң еткендей, Қоңыр қодықтың жүре жайылып бара жатқан
тұлғасына көз жүгіртті. Осы кезде сəскелікке көтерілген күннің ыстық лебі
жалын атып, қарағай ішінің шайыр исін бұрқыратып жіберді. Ішінен:
«Міне, саулықтың емі» деп Келгембай таза шайыр исін жұтып біраз
отырды. Біраздан кейін баласын ертіп үйлеріне кайтты.
VI
Алғашқы қар түскенде-ақ Берель мергендері тиын атуға шығады. Егін,
пішен жиналып, мал қора сияқты қыс қамы аяқтасымен Қобай, Плотников
Иван, Мұса сияқты аң құмарлардың қолы босайды. Үкек тауының
балқарағайына арадай ұялаған қалың тиын алғашқы қарда мергендердің
шабуылына ұшырайды. Көксеген де осы алғашқы қарда Жəнгүдей
атасымен бірте оқудан тыс кезде тиын атуға екі жылдан бері үзбей барып
жүретін. Биыл да барармын деген талаппен, өзінің шаңғысын дайындап,
мылтығының отын көбейтіп, оқтап қоюға ойланды. Əкесінің етікшілік
аспабы тұратын кішкене үйдің кіре берісіне сүйеулі тұрған шаңғысын, қар
кете сүйеп қойғаннан бері Көксеген қозғаған жоқ-ты. Мылтығын да сонау
пішенге шығарда үйдің қабырғасына іліп кеткен-ді. Көксегеннің мылтығын
да, шаңғысын да ешкім орнынан қозғамапты.


Көксеген алдымен мылтығын алып ішін көріп, қайырмасын алып қарап,
шаңын сүртті. Мылтығының үстінен аздап тамшы атып тат алыпты, оны
сүртіп кетірді. Оқтарын көріп, бытырасы азайып қалғаны жаңа есіне түсіп,
əкесіне бытыра істетпек болды. Ескі кенеп патронтаж да, бір-екі жерінен
қиылып буынуға келмей қалыпты. Оны өзі тігіп алуға кірісті.
Қара құламен қаптаған келте ғана шаңғысы оның қысқы көлігі. Ол
үнемі бабында тұратын. Неден олай болғанын кім білсін, əйтеуір, шаңғы
жылдағы тамшы тимейтін жерге қойылмай, жағдайсыз жерде тұрып
қалыпты. Көксеген шаңғысын қолына алғанда, сыртындағы қара құланың
жүні будырап түсе бастады. Ол не екенін ұқпай шаңғысын алып далаға
шықты. Жаңа ғана шарбақтарды аралап қайтқан Келгембай атынан түсе
бере, баласының қасына келіп:
— Мынаны жылдағы құрғақ туратын орынға қоймай, күйе жепті ғой.
Енді бұл тебуге келмейді, — деп шаңғысын қолына алып қаптаған терісін
сыпырып тастады.
— Енді мен аңға қалай барам, — деп Көксеген ренжи бастады.
— Сен шаңғымен барасың, бүгінше шыда, ертең өзім қаптап берем, —
деп Келгембай баласын лезде қуандыра қойды.
— Үкектің жонына кар түскелі бір жұмадай болып қалыпты. Жəне
«Аршаты», «Орлы» колхоздарының мергендері қаптамай тұрған соны
кезінде барамын, — деп Жəнгүдей Келгембай үйіне келгенде, Көксеген де
оқуынан келгені сол еді.
Менің биыл тізем шаңғы тептіретін емес, өзім бармағанмен, Көксеген
барады, — деп Келгембай, Жəнгүдейге өзінің жайын айтты.
— Аға, қашан жүресің, демалыс ертең, — деп Көксеген, Жəнгүдейдің
жүрісін сұрады.
— Мына қар қалыңырақ түсіп, шаңғымен жүруге іліксе, ертең ерте
шығам, баратын болсаң ертең Үкекте тиын атамыз, дүйсембіге қарсы үйде
боламыз, — деп Жəнгүдей, жүріс жобасын ұғындырды.
Көксеген жүру қамына кірісе бастады.


— Шаңғысын, мылтығын кешеден бері білгендей дайындап жүргені
ғой, құлыным, — деп Дария баласының қутыңдап жүрген дайындығын
қызықтап, қуанып қойды.
Сондайда көп сөзді ұнатпайтын Келгембай, баласының мылтығын,
оқтаулы патрондарын, шаңғысын əкеліп көріп, Дарияның ауызша сөз
қуанышына өзінің іспен қызықтаған шеберлігін көрсетті.
— Құр үйде отырып «құлыным, пəленім» деген бос сөз сөйлегенше
шаңғысын күйеге жегізбесең етті, — деп Дарияны бір сүріндірді.
Таң ата Жəнгүдейдің есік қағуымен Дария баласын оятты. Өзі де сергек
жатқан Көксеген лезде киініп, Жəнгүдеймен мергендік сапарға аттанды.
Қара құламен жаңадан жаба қаптаған шолақтау жалпақ шаңғысын киіп
алған Көксеген ауылдан шыға, Жəнгүдей ағасымен жарыса жөнелді.
Танауын жиі-жиі тартып Көксеген алға түсуге ұмтыла сырғанайды. Өрге
қарсы өршелене басып, мосқал, əдісқой Жəнгүдей оздырар емес.
Жəнгүдейдің жасы жер ортадан асып, Көксегенге шал сияқтанып
көрінгенмен, ол шаңғы тебуде жастардың көбіне ілестірмейді. Келгембай
екеуінің шаңғыға аяғы тигенде Алтай таулары аяқ астында қалады.
Кішкене бала күнінен əдеттенген жүйрік шаңғышылардың бірі болған
Жəнгүдей Көксегенді ілестірер емес. Алтай кенересінің бұл тұсында
тұратын елдің кəрі-жасы демей, шаңғы тебуге əдеттенеді. Өйткені аң
қуады. Елік, марал, тау теке, күдір сияқты қоңыр аңдар қай-қайдағы қиын
тауда болады. Шаңғымен бармаса аңду қиын-ақ.
Жалғыз таудың шаншыла біткен шаршы өрі, шаңғышыларға шалқая
түскендей, барған сайын алыстай береді. Күн көтерілгенше қырқаға ілінсе,
арғы жер алыс болмас еді. Бірақ, қыр қиясы жеткізер емес.
Қар басып тұнжыраған Алтай шыңдары меңіреу ұйқыға бөленгендей.
Салалы биік самырсын қарағайлар, шудалы атандай, айқара жамылған
бүрін селт еткізбейді. Жел жоқ, тымық тау ішінің жаңа түскен ұлпа қарына
жаңа жортқан аң ізі əлде қайдан көрініп, олар да жосылып жатыр.
Бір қырқаға шыта бере Жəнгүдей, айналасына көз жіберді. Өрге қарсы
ентіге келіп тұра қалған Көксеген көзі бұлдырап тер жауып, ешнəрсені
абайламады.


— Мынау көлденең өткен іздер күдірдікі ғой деймін. Өзі тіпті жаңа
жүріпті, аса ұзамаған болар, — деп Жəнгүдей арғы бетке қарай жосыла
түскен ізге көз жіберді. Күдірдікі дегенге құмарлана Көксеген ізге үңіле
қарап, ағасына жанаса берді. Оның əлі де басынан шыққан тері бұрқырап,
құлақшынын қолына алып, бұлдыраған көзін бір сүртіп, ізге қайта-қайта
үңіле қарайды.
— Бұл күдірдің үйірі онша алысқа ұзамайды. Аңдып көрейік, сəті түссе
атып алармыз, — деп Жəнгүдей ізге түсе жылжып сырғанай бастады.
— Аға, осының өзі анық күдірдің ізі ме, еліктікі емес пе? — деп
Көксеген, жолдан кездескен көлденең ізге бұрылғанды ыңғайсыздау көріп
тіл қатты.
— Жоқ, еліктің ізі мұндай болмайды. Ол ашалы, адымы алыс, мынау
қысқа аяқты кішкене күдірдің ізі. Бұл саған керек, анықтап ұғып ал. Күдір
аса ұзағыш аң емес. Мына қалың самырсынның мүгіне жайылымға шыққан
ғой, — деп Жəнгүдей əзінің із жөніндегі аңдар жайынан білетін
тəжірибесін Көксегенге айтып түсіндірді. Елік пен күдірдің ізін айырмай
аңғал айтып қалған олақтығына ұялғандай Көксеген үндемей қалды. Ап-
айқын жатқан күдір ізін қалай абайламады. Тіпті, ойланбай айта салған
өзінің жаңғалақтығына ішінен намыстанғандай, тұқыра о да ілгері
сырғыды.
Жалғызтау биігінің Ойсуға қараған қиясын қырқалап, ізге түсе екеуі
атып отырып қарсы бетке келіп шықты. Құжырты қырқаларына жаңа
көтерілген күн сəулесі тау қияларын алтын сəулеге бөледі. Жаңада түскен
мамықтай ақ қарды жамылған жалбыр бүрлі самырсындар, күн
шұғыласына бөленіп, қызғылт рең киінді. Жаңа көтерілген күннің тау
қиясына себілген сəулесін тамашалағандай екі шаңғышы біраз іркіліп
тұрды. Олар іркілейін деп тұрған жоқ, ізді аңғарып тұр. Із осылардың
алдында көлденең жатқан құзды шатқалды құлдылдай Ойсу өлкесіне түре
жөнелді. Еңіске зулап аққан шаңғының сырғуына ыңғайланып өне
бойларын ықшамдап, белбеулерін, арқадағы алған жол жабдықтарын бекіне
байлап алды.
Алдына түскен Жəнгүдей зырқыратып жөнелді. Делбеңдеген кішкене
танауын бір тартып Көксеген де зырлатты. Ойға қарай аңқытқан шаңғы
жұлдыздай ақты. Алдынан кездескен бір көлденең жартастан Жəнгүдей


аққан бетімен асып əлде қайда бір бұтаның ішіне барып дік ете түсті.
Сəл қиыстау келе жатқан Көксеген Жəнгүдейден қалыспай ағызып
кезікенде, бір қалың қарға көміліп кетті. Өзінің қайда түсіп кеткенін
ажырата алмады. Көксеген малтыға, тұншыға, түзелмек болғанмен жөнделе
алар емес. Бір аяғындағы шаңғы айналып көлденеңдеп кеткен тəрізді.
Тұрайын десе жығылады, малтығады. Ұмтылса домалап кеп кетеді.
Аласұра тыпыршып бір қарманғанда оның қолына бір бұта ілінгендей
болды. Бар қайратын жиып орнынан тұрмақ болды. Аяғы тірелмейді,
жылжып барады. Əлі басын көтере алған жоқ.
Бірақ бұғыдан айрылмады.
— Не болды саған, аңдамайсың ба, суға түсіп кете жаздадың ғой, — деп
Жəнгүдей келіп Көксегенді қолынан тартып, орнынан тұрғызды. Басы қар-
қар болып Көксеген түрегелді. Кішкене танауының ішіне дейін қар кіріп
кетіпті. Басындағы құлақшыны бауы үзіліп, қардың астында қалып
қойыпты. Бет-аузына жабысқан қарды жеңімен бір сүртіп жіберіп,
Көксеген аятының астына қарады. Өздері тұрған жартас кемерінің ойы
қарауытып əрең көрінді. Тастан тасқа ұрып ыршып жатқан су осы
жартастың бауырын кеулеп кетіп жатыр.
Көксеген жаңа ғана түсінді. Əлгі жанталаста қолына ілінген бір түп
тасжарған, өзін ажалдан алып қалған. Мына қабақта бір сырғып кетсе, анау
ағынға түседі. Не болады? Өмірдің қауіпті жағынан гөрі қызықты жағын
ойлауды жақсы көретін Көксеген əлгі бір сəтте болған қатерді ойына
түсіргісі келмеді.
Жемісі жоқ, өне бойы өткір тікенек, түрі көріксіз тасжарғанды,
Көксеген бұрын таста тұрғанын көріп жек көретін. Жүрген-тұрған кісінің
үстін жыртып, босқа өсіп тұрған бір пайдасыз өсімдік деп ойлайтын. Тап
осы сəтте, əрбір өсімдік өмірге пайдалы, тетігін білсе керекті, деді ішінен.
Өзі үшін өспегенмен, бір қатерлі сəтте қолына ілініп, өзін қатерден алып
қалған бір түп тасжарған оған мына құламаға біткен өмір тиянағы
тəрізденді.
— Енді ұзамайды, жан-жағыңа қарай отыр, — деді Жəнгүдей
Көксегенге. Өзі күдір ізінің бір бұтадан өтер жеріне келіп тұра қалады. —
Кел, Көксеген, мына иісті қарашы, жаңа ғана сарыпты, — деп Жəнгүдей


бөгеліп тұра қалды.
— Аға, өзі жұпар аңқиды ғой, неткен тамаша иіс.
— Күдірдің бар қасиеті осы жұпары. Мынау еркегінің тоқтап сарыған
жері. Бұл иіс, тек еркек күдірде болады. Ал, осы ізден айрылмайық, — деп
Жəнгүдей ізбен айдай жөнелді. Əлгі иіс мұрнынан кеткенше Көксеген сан
алуан ойларға түсіп, о да Жəнгүдейден қалмай сырғытып келеді.
Жəнтүдей бір топ қарағайдың ішіне кіре Көксегенге қолын сермеп тұра
қалып, мойнынан мылтығын жұлып алды. Көксеген де мылтығын алып
ыңғайланды, бірақ ешнəрсені көрген жоқ. Осы сəтте қолымен үнсіз белгі
беріп Жəнгүдей, бір жуан қарағайға жабыса, мылтығымен оқтала берді.
Көксеген де бір қарағайға жабыса Жəнгүдейдің қимылын бағып, ентігін
баса алмай алқынып тұр.
Қадала көздеп тұрған бетінен қолын түсіріп Жəнгүдей Көксегенге
қолын сермеп ым қақты. Ата əмірін күтіп əлі ешнəрсені ұқпаған жас аңшы
лып етіп сырғып қасына келді.
— Сен көрдің бе, екі күдір дəл əне бір шоқ балапан қарағайдың түбінен
атып тұрып əрі кетті. Сірə, бізді байқап қалды білем. Атуға ілінбегені, енді
ол аса ұзамайды, екеуіміз екі бөлінелік. Сен мына бір жылғамен ана қалың
қарағайға барып, арғы қабақшаға шық. Мына күдірдің өрген ізімен,
қарағайдың ішін аралай, артына түсейін, — деп Жəнгүдей жүруге
ыңғайланды.
— Аға, кездесіп қалса, атайын ба? — деп Көксеген ағасынан ақыл күтті.
— Байқап ат, босқа алыстан атып шошытпа, — деп Жəнгүдей қысқа
ғана тіл қатып, тез жөнел деп қолын сермеді.
Көксеген Жəнгүдей айтқан қабақшаға шыққан кезде, Жəнгүдей кеткен
қалың қарағайдың ішінен бұрқ еткен көк түтінмен аралас мылтық үні тарс
етті. Бір емес, екі атылды. Сонша болмады, өзінің арт жағынан, кер жағал
бір аң зу етіп өте шықты. Бас-аяғын абайлауға Көксегеннің шамасы
келмеді, тек зу ете түскен қарасын ғана көзі шалды. Сонша болмады
«Көксеген!» деген ағасынын зор даусы айналаны жаңғырықтыра саңқ ете
түсті. Аға дыбысы шыққан жаққа қарап еді, сырғытып бауыздалып жатқан
тіп-тік қана, жұмыр кішкене қоңыр мүйізді кер жағал тағыны көрді.


Міне, күдіріңіз,- жануар аңқау болады, шошынып тұрса да
орындарынан ұзамапты, ұзамай-ақ алдымнан кез бола кеткені, — деп
Жəнгүдей көңілі жадырап, Көксегенге мақтана қарап. — Саған мен қызық
көрсетейін, бері кел, — деп күдірдің бұртиып тұрған баурындағы үрпін
көрсетті. Үрпінен аңқып тұрған жұпар иісі айналаға хош иіс жайып,
мұрынды жарады.
Жаңа саған көрсетіп едім ғой, күдірдің сарыған жерін, сол иіс осы
үріптен шығады. Бұл күдір тек осы Алтай кенересінде ғана бар. Мына
жұпары ете қадірлі, бұдан дəрі де жасайды, — деп Жəнгүдей күдірдің
терісін іреп, үрпін ойып алуға кірісті. Жон жүні елікке ұқсас қылшық жүн,
қоңыр жағал аяғы жіңішке сыйда ғана аң. Көксеген қадала қарап кеп тұрды.
— Ата, мұның етін алмаймыз ба, əлде жеуге болмай ма, өзін қайтесің,
осылай тастайсың ба? — деп Көксеген түсінбеген жайларын сұрай
бастады.
— Етін жеуге болады. Əйтпесе мен бауыздаймын ба, бұл айыр бақайлы
қоңыр аң, шөптен басқа жері жоқ. Ешкі тұқымдас. Тек жануардың қасиеті
мына жұпары. Мұны қазір ойып алып, иісін далаға шығармай түйіп, сонан
азырақ майда түз салып тобарсыту керек. Сонан иісі өмірі кетпейді. Қашан
болсын аңқиды да тұрады, — деп Жəнгүдей ұғындырып отырып, күдірдің
еті мен терісін ақтармалап қарға көмді. Жерін белгілеп, Үкекті бетке ала
тартты.
Жаратылыс ғажап, бір аңның қасиеті мүйізінде, мысалы, бұғының
мүйізіндегі қан сан ауруға дəрі. Мына күдірдің кіндігіндегі жұпар да
сондай қымбат. Ал аюдың еті сан жараға ем, — «міне, ғажаптар» деген
ойлар Көксегеннің өзі білетін аңдарынан аңдаған сырларын қозғап,
Жəнгүдейдің ізімен зулата сырғып жүріп кетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет