Бала шоқан повестер



Pdf көрінісі
бет22/29
Дата07.02.2022
өлшемі1,6 Mb.
#94641
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29
Байланысты:
pdf Бала Шоқан Сапарғали Бегалин
Begalin Bala Shokan (1), Begalin Bala Shokan (1)
СƏТЖАН
«ТАҢБАЛЫ ТАСТА»
«Таңбалы тас» жайында Сəтжан талай əңгімелер еститін. Бірақ,
олардың бəрін елемейтін. Тек өзінің шешесі Зейненің айтқан бір əңгімесін
ұмытпаушы еді. Жанай екеуі күндегісінше ертемен бұзауын өргізіп
«Таңбалы тастың» бір үлкен саласына алып барды. Сəтжанның қасынан екі
елі қалмайтын «Бөрібасары» бұзаулардың алдын шолып сайдың қабағына
шықты. Қырда шоқиып отырып қарауыл қарады.
«Қоянқұлақ» бастаған марқа бұзаулар жүре жайылып. сайдың төріндегі
бастауға қарай өрледі. Оқу аяқтағанда мұғалімнің жазғы демалыста оқуға
жазып берген кітаптарынан Сəтжанның қолына түскені «Шығанақ»
жайындағы əңгіме. Бұл кітапты ол кешеден бері ғана бастап оқыды.
Шығанақтың оқымай сонша өнерлі болғаны, əсіресе егіннің тілін біліп көп
өнім алғаны Сəтжанды керемет таңдандырды. Бұзаулардың арты өз
қатарынан өтіп сайдың басына қарай қаптады. Бұзаулардың қыр жақ
шетінде жүрген Жанай алдыңғы бұзаулармен бірге ілгері кетті. Сəтжан да
кітабын жауып сайдың етегімен жоғары өрледі.
Арқан бойы көтерілген шілденің ыстық күні əлден-ақ қыздыра бастады.
Өсіп жетілген көк сүйрік шөптердің түн самалынан бойына тартқан салқын
шіріні де бозарып кебірсіген тəрізді. Осы кең саланың бас жағындағы
кереге жартастың көлеңкесі де күн көтеріле қысқара бастады. Қою
көлеңкеден босап шоқтары күн шұғыласына шомылған бұталар еңсесі
көтерілгендей, алуан түсті гүлдерін жайнатып түрленді.
Сайдың бас жағындағы қалың бұтаның түбінен шығатын кішкене
қайнардың суы жылжып ағып ойдағы арнаға жетпей сарқылады.
Бұзаулардың алды осы бастауға барғанда Сəтжан да сол жерге жетті. Күн
ысығанша сай қабағынан түспей үнемі ит-құс қарауылдап отырған
Бөрібасар да Сəтжанның қасына келді. Алдыңғы бұзауларды қайырмалап
өзі көлеңкелеп отырған Жанай Сəтжанды қасына шақырды. Балбырап


тұнып тұрған көк өлеңге түскен бірыңғай қасқа бұзаулар танауы пысылдап,
өлеңді ұзын тілімен орай жұлып жапырласты.
Кейде тау сүзіп жем іздеген көк қыраны бүркіттер аспан əлеміне
қалықтап, əлдеқайда самғап барып көзден ғайып болады. Сайдың бас
жағында ойға төне біткен жартас, қиясынан қыран ұшырған, тəкаппар өр
тұлғасын көкке меңзеп көлеңкесін əлі бауырына тартқан жоқ. Оның құзар
қиясынан бір құстың шарылдаған дауысы естілді, Сəтжан көп тыңдады. Ол
біресе қаршыға, біресе қырғи үні деді. Бұл жерге текті құс ұя сала ма?
Күйкентай шығар, деп Жанай əр нəрсеге елеусіз қарайтын əдетін істеді.
Бірақ, Сəтжан Жанаймен бұл жерде сөз таластырған жоқ. Аңшы атасы
Серікбай «Қаршыға тасқа ұя салмайды, қаршыға шырылдап шақырмайды,
тек, балапан ителгі ғана шырылдап шақырады» дейтін. Ал, мына дауыс
Жанай айтқан күйкентай дауысы емес. Олай болса бұл тастағы ителгі ұясы
болуы керек, деп ойлады.
«Таңбалы тас» саласының бір артықша қасиеті — күн қанша ыстық
болса да сиырға сəйгел тимейді, жылқыға бүгелек жабыспайды. Ал,
мынадай ыстық күнде бұзауларын сəйгел қуса, Сəтжан мен Жанай көп
бұзаудың біріне де ие болар ма. Құйрығын шаншып, бет-бетімен кетпес пе
еді.
Ертемен жайылып оты қанған бұзаулардың алды үйір-үйіріне топталып,
бұғаларды көлеңкелеп жусай бастады. Сəтжан мен Жанайдың құлағына
шарылдаған ителгі балапандарының даусы тіпті таяудан естілді.
Түз қырандарын ұстап баулуға Сəтжан аса құмар болатын. Ол Серікбай
атасының бүркітін қолына алып жем бергенін, аңға алып кеткенін көргенде,
мен де құс салам, деп аса құмарланатын. Ителгі балапанының даусы
шыққан жерін аңдып кеп отырды. Жанай көлеңкеге жантайып жатып
əндетіп құстың даусын елең де қылған жоқ. Сонша болмады, жартастың
сайға үңілген қия бетіне екі ителгі ұшып келіп қонды. Біреуі жартастың
басында отырып, біреуі қияның бетіндегі бір қуысқа кіріп, əлден уақытта
қайта ұшып шықты. Ителгі ұясы бар, — деген ойын Сəтжан əбден
анықтады.
— Ителгіні қара, айтқаным келді ме? — деді Сəтжан Жанайды түртіп.
Жанай ителгіні керіп, Сəтжанға сөз қайырған жоқ. Енді екеуі жартастың
жан-жағына тегіс көз жіберіп ұяға баратын жол іздеді. Оған жартастың


солтүстік қиясынан ғана өрмелеп шытуға болатын тəрізді. Қолына бұтадан
шыбықша кесіп алып, Сəтжан ұяға бармақ болды. Жанай мен де барамын,
деп еді:
— Бұзау иесіз қалады — деген Сəтжанның сөзіне түсініп ол тоқталып
қалды.
Сəтжанның қасынан екі елі айрылмайтын Бөрібасар жартасқа
өрмелеген Сəтжанға еруге о да орнынан тұрды. Қасына ерткісі келмей
зекірерде қарайтын суық бейнесімен «кет» деп ақырды Сəтжан. Мұндай
зекуді Бөрібасар Сəтжаннан өте сирек еститін. Естігенде қатты елеп
қорқып қалатын. Сол əдетімен Сəтжанға ере түскен жеріне шөкесінен түсіп
қала берді.
Сəтжан жартастың басына қарай көтерілгенде, маңдайлары жарқырап
етектегі көгалда жусап жатқан бұзаулар аса əдемі болып көрінді.
Жартастың орта белдеуіне барғанша секірмелі, оңай да еді. Ителгі
балапандарының дауысы шыққан ұя əлі жоғары. Сəтжан бірде тік жүріп,
бірде тасқа жабыса өрмелеп жартастың кеудесіне таман келді. Бірақ, үясы
бар қуысқа бара алар емес. Қатарынан біткен аспан зəулім екі жартастың
орта жерінде сəл ғана жарықшақ қуыс бар. Ұя тап сол қуыста. Бағанағы екі
ителгі де сол жерден ұшты. Ұяға жете алмай, қияда дем алып, əрі
балапандардың дыбысын аңдып Сəтжан біраз отырды. Жем іздеп, енелерін
шақырып шарылдаған балапандардың үні тіпті анық естілді.
— Сəтжан-ау, неғып отырсың, «таушыл, сушыл, жүрісқор» едің ғой, —
деп Жанай етектен айқай салды.
— Е, оңай болса, келіп шыта ғой, — деп Сəтжан Жанайға жартастың
тіп-тік жалтыр текшесін корсетті.
Сəтжан ұя іздеудің қызығына түсіп, тіпті жан-жағына да қараған жоқ-
ты. Енді ол қияда отырып жан-жаққа көз жіберді.
Өрістен оралып қайтқан сиырды сауып жатқан ауыл табан астынан ап-
айқын болып көрінді. Екінші бір салада бойдақ сиыр бағатын Ахметтердің
ауылы тұр. Ол сиырдың көбі былтыр ғана осы уақытта Сəтжанның өзі
бағып жүрген қызыл қасқа бұзаулар.
«Мына жатқан бұзаулар да ендігі жылы сол бойдаққа қосылады. Мына


бұзауларды жаздай аман-есен есіріп, күз Ахмет баққан сиырға
былтырғыдан жиырма бұзау артық өсіріп берем. Анау бойдақтың ішіндегі
құнажындар тегіс қашқан шығар. Оны да біздің ферма бұзаулатады. Сонда
арты жылы бұзаулы сиырымыз неше есе өседі. Сиыр бұдан да көбейіп өсе
береді. Біз есіре береміз» деп Сəтжан қуанып кетті ішінен. «Осылай
өсіргенде бес жылда біз қанша бұзау өсіреді екеміз, соны бір есептейін»
деп ол қалтасындағы кішкене ақ бормен өзі сүйеніп отырған кереге
жартастың бетіне жаза бастады.
Ойында басқа ешнəрсе жоқ Сəтжан сандарды тізе бастағанда, оның
көзіне тас бетінен айырықша бір бейнелер көрінді. О л жазуын қоя тұрып
тастың бетіне үңілді. Анықтап қарай бастады. Тастың беті алуан сурет.
Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі бəрінің де суреті бар. Тастың бетінде сау жер
жоқ.
Апасының «Таңбалы тас» жайында айтатын аңызы осы жерде
Сəтжанның есіне түсті. Əсіресе өзіне бір таяу тастың бетіндегі бүркіт
ұстаған кісінің суретіне үңіліп көп отырды. Сəтжан суреттерді ойып салды
ма екен, деп қолымен сипап көрді. Ешбір бедер жоқ. Қызғылтым келген
теп-тегіс тастың бетіне қара-қоңыр бояумен салған сияқты. Апасы
айтқанда да солай дейтін.
«Ертеде елді қалмақ шауыпты» деп бастайтын, апасы əңгімесін. Сонда
ел үркіп көшкенде, бір бала атынан жығылып жұртта қалып қойыпты.
Жаудан қашқан ел жақын жерге қона ма, бала таба алмай, көштің
сүрлеуімен мына өзен бойына жетіп, сонан осы «Таңбалы тасқа» келіп
шыққан екен. Елден үміт үзген бала бүлдірген, жуа теріп жеп,
бауырындағы бір бастаудан су ішіп күнелтіпті. Бала аса бір сыршы ұстаның
баласы екен. Əкесінің жазғытұрым неше түрлі шөптің тамырын қазып,
сонан бояу жасайтынын біледі екен. Сол өзі көрген шөптің түбірін жинап,
бояу жасап, үлкен кереге жартастың бетіне сурет салған екен дейтін.
Апасы айтқан «Таңбалы тас» əңгімесінің үстінен түскеніне Сəтжан аса
қуанды. Ол барлық суретті көргісі келді. Бірақ, жалғыз өзі бара алатын
емес. Жанайды шақырғанмен де қазір ол жерге бару қиын. Жəне бұзау
иесіз қалады. Балапанды алуға, суретті көруге əдейі бір күні керек-жарақты
алып сайланып келу керек, деді ішінен.
Сəтжан жартастан түсіп келгенде:


— «Не таптың, құсың қайда?»— деп Жанай алдынан шықты. Бұл кезде
бұзаулардың алды өре бастап еді. Əсіресе «Қоянқұлақ», «Бөдене»,
«Майқарындар» соналағыш əдетін істеп, жотаны қабақтай қаптай жөнелді.
Бұзаудың алды қайда беттесе соның алдыңғы жағында болып
қарауылдап отыратын Бөрібасар да бұзаулардың алдындағы қабақтан
көрініс берді. «Кеңқарын», «Үлкенқасқалар» бастаған бұзауларды Сəтжан
өзі өргізіп жіберді.
— Сен олай көкеме. Мен саған қазіргі көргенімді айтсам не бересің? —
деп Сəтжан Жанайға қарады. Əлденеден ойланғандай Жанай:
— Не көрдің, ақысыз-ақ айтшы, айтшы, — деп Сəтжанға таяна ынтыға
түсті.
Сəтжан көрген суреттерін айтқанда:
— Кəні, маған көрсет, əлгінде неге айтпадың? — деп ренжи бастады.
— Саспа досым, əдейі арнап келеміз, өзім көрсетем. Балапанды да
аламыз, — деп Сəтжан сеніммен айтатын салмақты мінезімен Жанайды
жұбатты.
Қиясына қыран ұялатқан, қыналы бетінде ертедегі бір қиын күндердің
ізін сақтаған зəулім жартас Сəтжанға терең сыр, үлкен құпиясымен аса
ыстық көрінді. Ол жартастан ұзаған сайын қайта-қайта тастың сонау
қиясынан көз алмай қарап келеді. Сонау балапанды алып құмары
тарқағанша Сəтжан онан қол үзер емес.
Түскі сүт тартылып, майы алынған сүттің салқындаған көзін бұзаулар
да жаңылар емес. Бұзаулардың алды сүт құйған астауларына қарап шұбыра
бастады.
Сиыр фермасының үлкен қорасы аса əдемі салынған болатын. Он
сиырға бір қора, он бұзау бір үйде асыралып, қашан жайлауға шыққанша
осылай күтіледі. Бұзауларды туғаннан бастап күтетін Сəтжан əр үйдегі
бұзауларға арнап ат қойып алады. Отығып жайлауға шыққанда бір үйде
болған бұзаулар тобын жазбайды. Сүт бергенде болсын, қайырып
қамағанда болсын, бұзаулар тобын өзі қойған атымен шақырып, сол ретпен
бөледі. Əбден отыққан бұзаулар Сəтжанның дыбысы шыққанда шоқталып


бөліне де бастайды.
Бұзаулар өрістен келерде, орға түсіріп салқындатып қойған сүтін
астауға құйғызып Зейне күндегі дайындығын істеді. Ауылға алдымен
шұбырып түскен «Қоянқұлақ» бастаған жүрдек топты астауға жіберіп
тұрған Зейнеге Сəтжан күндегіден де еркелей қуана келді. Жалғыз ұлы
Сəтжанның еркелігін емірене қарсы алған ана, баласының бүгінгі
қуанышында айрықша сыр барын сезді. Анасының мейірімді ажарына
ақтарыла айтар қуанышын Сəтжан ірке алмады.
Жартастан ителгі ұясын көргенін, анасының өзі айтатын тастағы.
суреттерді тапқанын асқан қуанышпен айта бастады.
— Қуатым, өмірлі бол?, тірі болсаң талай тамашаны көресің, — деп
Зейне баласын бауырына қысып бетінен сүйді.
— Апа сол балапанды ұядан алып асыраймын, қоян, шіл алдырамын.
Ұрыспайсың ба деп қарады. Зейне:
— Ал, қарағым. Бірақ, əзір қозғама, əлі ерте. Балапан осы күнде ақ
үрпік, ерте алсаң жатақ болып өліп қалады. Қара қанат болған кезде атаңды
ертіп бар, өзі алып береді, — деді.
Сəтжан бұған қуанып апасының айтқанын Жанайға жеткізуге шапқылап
жүгіріп кетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет