Бала шоқан повестер



Pdf көрінісі
бет3/29
Дата07.02.2022
өлшемі1,6 Mb.
#94641
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
pdf Бала Шоқан Сапарғали Бегалин
Begalin Bala Shokan (1), Begalin Bala Shokan (1)
ТҰҢҒЫШ ЕСТЕЛІК
Əубəкір молдадан түркіше оқып хат тани бастаған кезінде-ақ Шоқан
əкесінің қойын дəптерлеріндегі жазуларды оқып үйренді. Бірде ол
сыртында «Орынбай айтуынан «Ер Көкше» жыры» деген жазу бар
дастанды оқыды. Осыны оқығаннан кейін оның ойына анадағы Арыстан
ақын жырлаған Қозы Көрпеш жырының бір шумағы түсті.
«Қарабай Сарыбаймен аңға шықты,
Екі бай аттанды деп даңға шықты.
Екі бай бір жапанда келе жатса,
Алдынан буаз марал аң қашыпты», —
деген бір шумақ жырды ойына жаттап қалған-ды. Өзінің жазу дəптеріне
соны көшіріп, аяқ жағына Арыстан ақынның бейнесін, сонда айтылған
Қарқаралы тауын, Аякөз өзенін, ондағы Қозы Көрпеш бейітін жазып
қойды. Бұл Шоқанның əке үлгісімен өзіне серік дəптер арнап, көңіліне
ұнаған нəрсені жазып қою əдетіне жол салды.
Əубəкір молда түркіше, арабша кітаптар оқытса да, дін сабағын аса
қадағалап мүлгіген сопылыққа үгіттей бермеді. Баланың қандай нəрсеге
бейімі бар, соны аңғарып, сол жағына көп көңіл бөлетін ұстаз еді. Əсіресе
ол кісі парсы, араб ақындарының ғазалдарын, рубаяттарын оқып беріп,
Шоқанға 
мағынасын 
түсіндіретін. 
Шоқанның 
қиялшыл, 
алғыр,
ұғымдылығына қызығып, өзі білетін ақындардың шығармаларын сабақ
ретінде оқытты. Кейбір қысқа рубаяттарды жаттатып тілін жаттықтырды.
Шыңғыс жəне келешек ғылым-білім өрісі өзі оқып білім алған орыс
мектебінде екенін біле тұрса да, балам шығыс əдебиеті мен тарихынан
хабардар болсын деп Əубəкір молданы əдейілеп Орынбордан кешіріп алып
келген-ді. Алдымен балаларын ана тілінде сауаттандыруда ниеті болған.
Сондықтан да ол кейде қалжыңдап:


— Шоқанға өзің білетін барлық оқуыңды үйрет. Бұларға енді жеті
жұрттың тілін білу керек, — дейтін.
Шыңғыстың бұл тапсырмасын Əубəкір бұлжытпай қолға алды.
Шығыстың атақты ақындары Əбілқасым Фердоусидың «Шаһнамасын»,
Жəмидің, Омар Һайямның рубаяттарын, Науаидың дастанын, Азербайжан
ақындары Низами, Ғанжауи, Фзулилардың шығармаларымен таныстырды.
Шоқанның өте-мөте қызыға оқығаны Лəйлі — Мəжнүн жыры, һаямның
рубаяттары болды. Əсіресе Омар һаямның іслам діні жөніндегі жансыз
сопылық, жалған мүлгушілікке қарсы жазылған өткір қияли рубаяттарын
ұнататын.
Бір күні Шоқан Айғаным əжесінің үйіне келді. Еркелене келіп, əжесіне
бетінен иіскетіп:
— Əже, мен сізге бүгін бір қисса ала келдім, өзіңе оқып берем, — деп,
Шоқан Əубəкір молдадан əдейі сұрап əкелген
«Боз жігіт» қиссасын оқып берді. Айғанымның Шоқан оқуынан бірінші
тыңдаған қиссасы осы еді. Салмақпен асықпай, байыпты оқып, əрбір
бөлімдерін орнымен баяндап бергеніне сыншыл да есті əже соншалық разы
болып батасын берді.
— Шоқанжан, бұл қиссаны мен бұрын естімеген едім. Сондай қызық
екен. Біздің қазақ ақындары айтатын жырлар бұдан да қызықты, — деп
Айғаным өзі əдеттегі əңгімешіл шебер тілмен Шоқанға «Ер Тарғын»
жырын əңгімелеп берді. Əже əңгімесінің ұзын өзегіндегі Шоқанға ең
ұнағаны, Ақжүністің жалғыз атты Тарғынды сүйіп, соған еріп, елінен
қашқаны. Артынан қуып келе жатқан Қарт Қожаққа, қыздың тапқыр өз
айтып тоқтатқаны болды.
— Əже, бұл əңгімені маған неге бұрын айтпадыңыз? — деп Шоқан
шұғылынан сұрап қалды.
— Мен бұл жырды саған ұғынуға ертерек қой деп жүр едім. Бүгін мына
«Боз жігіт» қиссасын оқып бергеннен кейін, мұндай үлкен жырды ұғатын
болғаныңды біліп отырмын. Тағы да ұзақ əңгімелерім бар. Кейін айтам, —
деп Айғаным оның бетінен сүйді.
Шоқанның əрбір жаңа кітапты оқыған сайын оқу құмарлығы өрши


берді. Əубəкір молданың Орынборға кейінгі барып қайтқан жолы алып
келген бір кішкене əңгіме кітабын оқып көруге Шоқан сондай құмартуда.
Бірақ молда өзі «оқы» деп берген жоқ. Ал рұқсатсыз алып оқуға əдеп
сақтап жүр. Бір күні молданың үлкен қызы жаңа жүгіріп жүрген Кəкима,
сол кішкене кітапты қолына ұстап оқыған кісі болып отырды. Шоқан
кішкене ғана саршұнақ қыздың тілін қызық көретін.
— Кəкима, мғңа бер əлі кітабыңны? — деді қыздың өз тілімен өйлеп.
— Ей алла, əтиім ұрша, — кітапты кеудесіне қысып жымиып қойды да,
— мғ, оқыңыз əлі, — деп бере қойды. Бұл Ибраһим Əл Юныстың «Жігітке
жетміш түрлі өнер аз» деген хикая кітабы екен. Шоқанға бұл кітап сондай
қызықты болып көрінді. Бірақ баланың қолынан алып ұзақ оқи алмады.
— Мə, əтиің келіп қалар, орнына қой, — деп өзі сабақ кітаптарын оқып
отыра берді. Онша діндар болмаса да, ел көзіне бейнамаз болып көрінбеу
үшін Əубəкір молда дəретсіз отырмайтын əдетімен сырттан дəретін алып
келді де, көрпе салған орнына отырды. Шыңғыстың айтуымен дөңгелек
жер үстелдің аяғын еректеу жасатып, əр бала астына қойып отыратын
кішкене тағанша істеткен. Бұл аспаптар, оқушы балалардың жерге
талпайып отырмауына, асты көтеріңкі отырып сабақ оқуына ыңғайлы
болатын. Көшпелі ауылда алып жүруге де, сыйымды еді. Шоқанның
қасында сабағын оқып отырған Жақып кішкене тағанын сырғытып алып
құлап кетіп, үстелді төңкеріп, балалардың кітабын шашты. Молданың
сиясын ақтарды.
— И-и, Жақып, сен бір дə тыныш отыра білмəйсің. Бик ямсізсін, — деді
Əубəкір қабағын түйіп. Өзі мазасызданып, тағанынан жығылып ұятты
болған, əрі молдадан өз естіген Жақып үйден тұра жөнелді.
— Туқта, Жақып, ник шаярасын, — деген Əубəкір өзін керек еткен
Жақып жоқ. Ол тура желі басына жөнелді. Оның бүгінгі мазасыздануында
бір көмескі сыр бар еді. Шоқан мініп жүрген жүйрік шұбар құнанның інісі
шұбар тай өзі жорғалай басатын, əрі үйретілмеген еді. Соны жылқышы
Жəмпейіске айтып, кешеден бері үйреттіріп жүрген. Соған бір мініп,
Шоқанмен қатарласа жүруге құмартты. Өзі жаздай мінген жирен құнанды
шапқылап қолын түсіріп ақсатып қойған. Ендігі ойы ат жаңалау. Сондықтан
оған қазір сылтау тауып, желі басына кету керек болған-ды. Келесі жұмада
ауылдары көтеріле бір үлкен асқа жүрмек. Сол асқа жаңадан үйретілген,


жолбарыстай шұбар, су төгілмейтін жорға таймен, хан баласы киетін
қарқаралы бөркін киіп бір сəнденбек еді. Жақыптың өр кеуде, бəсеке құмар,
ожар мінездерін білетін Жəмпейіс «Мына шұбар тай тек жорға ғана емес,
жел жетпес жүйрік болады» деп онан сайын желіктіріп қойған-ды.
Бұдан бұрын да Жақыптың Əубəкір молдаға бағынып сабақ оқымай
жүргенін Шыңғыс білетін. Бірақ «еркелік етіп жүр ғой, басқа балаларды
көріп оқып кетеді» деп сенетін. Сол күні кешке дөң басына шығып
отырыста Əубəкірден Шыңғыс: «Балалардың оқуы қалай, мына күзекке
қонғалы салақсып кеткен жоқ па? » — деп сұрап қалды.
— Біз əлі салақланбадық, тик Жақып шул сабаққа отырми. Аны ұршып
болмайды, — деп Шыңғысқа баласының жайын алғашқы рет хабарлады.
— Иə, ол өзі тентек, тентек. Сіз оны мақтап алдасаңыз, бəрін істейді.
Зекісеңіз, ерегісіп кетеді, — деп Шыңғыс молдаға əдіс айтты. Бірақ Жақып
сол күннен бастап оқуға бармай қойды. Бұл күзде қағаз бетіне қарамай
кетті. Сол бір əредікте Казачий ставкеден хабар келіп, Шыңғыс сондағы бір
жұмыс жөніне жүріп кетті. Əлгі Жəмпейіске үйреттіріп алған шұбар тай, ол
айтқандай су төгілмейтін жорға да, жел жетпес жүйрік те болып шықпады.
Қитыңдаған жол жорғасы əрі жайсыз, əрі бұзылмалы болды. Ал шапса,
көрінген тайдан қалып қояды. Сонымен Жақыптың Шоқанмен бəсекелесе
мінбек шұбар тайы ойдағыдай болмай шықты.
Ауыл күзектен көшер алдында Шоқан Мысықты еркіне қоймай үйіне
ертіп келді. Онысының екі түрлі себебі бар еді. Бірі — күзекке келгелі үйір
болып өнеріне сүйсінген шебер бала, бөлініп өзінің үйінде қалады.
Екіншісі — күздің салқын күнінде аяғында етігі жоқ, үстіндегі шапаны
далбаланған Мысық жағынан боздағы шығып тоңып жүр екен. Жаны ашып
кетті. Апасына еркелене:
— Мына Мысыққа менің ана қоңыр шапанымды, жеңіл етігімді
беріңізші, кисін, — деді.
— Ə, Шоқанжан, осы баланы өзіңе дос қылып алдың ғой. Жарайды,
көңілің түскен екен, алсын, — деп сары бəйбіше жұмыскер əйелге айтып,
Мысыққа Шоқан айтқан киімдерін алғызып, сол жерде үстіне кигізді.
Киерін кисе де, өзінің ескі киімін қайтерін білмей, Мысық қыпылықтап
біраз тұрды. Шоқан бергізген қымызды ішіп, бауырсақты жеді.


— Қағынды, Шоқанжан сені мүлде жарылқады-ау, — деп, қызметкер
келіншек те Мысықты иығынан нұқып қойды.
— Кисін, Шоқанжанның садақасы ғой. Өзі осы баланы тіпті жақсы
көріп кетті. Қолы шебер бала көрінеді. Көрдің бе, ана балшықтан жасаған
ойыншықтарын, — деп сары бəйбіше бала өнерін елеусіздеу аузына алды.
Зəресі ұша қорқатын сары бəйбішенің мына сөзі Мысыққа ат мінгізгеннен
кем болған жоқ. Ол ақырын ғана көзінің астымен өзі жасаған балшық
ойыншықтарға қарап қойды. Мысықтың отырысына, өне бойына қайтадан
көзі түскен сары бəйбіше, оның ішкі көйлегінің жағасы дал-дал болып
жыртылып тұрғанын көрді, əлгі жұмыскер əйелге:
— Қанипа, мына балаға ана əбдіредегі кездемеден көйлектік шыт
жыртып берші, шешесі бар шығар, тіктіріп кисін, — деді. Көйлектік
кездемені қойнына тығып, ескі киімдерін бүктеп қолына алған Мысықты
Шоқан ертіп үйден алып шықты. Қотан шетінде жатқан иттерден қорғап,
біраз жерге ұзатып салды.
— Біздің ауыл қыстауға көшеді. Сен осында қаласың ғой, енді аман бол,
— деп Шоқан Мысыққа үлкен кісіше қош айтты. Мысық төмен қарап
жылап жіберді.
— Жолың болсын, көп жаса, Шоқан, қош, — деді Мысық кемсеңдеп,
Шоқан бұрылып үйіне қарай жүріп кетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет