Бала шоқан повестер



Pdf көрінісі
бет9/29
Дата07.02.2022
өлшемі1,6 Mb.
#94641
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29
Байланысты:
pdf Бала Шоқан Сапарғали Бегалин
Begalin Bala Shokan (1), Begalin Bala Shokan (1)
ДАЛА СҰҢҚАРЫ ҚИЫРҒА
ҚАРАЙДЫ
Жазғы салымғы Сібір өлкесінің ұзақ жылмық күндері басталды. Сабақ
ерте бітеді. Балалар далаға шығып, корпус қасындағы үлкен алаңда доп
ұрып ойнайды. Тапқыр, ықшамды Шоқан балалардың ішіндегі ең жатық,
шебер ойнайтыны болып алды. Ойын үстіндегі айтыс-тартыс сөздер
Шоқанның тілін бұрынғысынан əлдеқайда жаттықтырып, жолдасын да
молықтырды. Көп ұзаған жоқ, көктем жылуы басталып, Ертіс үстінен
қызыл су жүріп, жаз лебі есті. Неге екені мəлімсіз, Шоқан бұл жексенбіде
Сергей ағайдың да, Васил ағайдың да үйіне бармай, Ертіс бойына баруды
ойлады.
Өткен күзде ғана Омбыға келіп оқуға түскен кішкене Шоқан, дегенмен
қаланың қамау көше, тар үйіне əлі жете үйрене қоймап еді. Оның есіл-дерті
кең дала, еркін жүріс, сахара ауасы. Ол көктем басталғалы сабақтан
босаған сағатында Ертіс бойына келеді. Алыс қырға көз салып кеп
отырады. Бүтін де Шоқан ешбір баламен сөйлеспестен Ертіс бойына
жөнелді.
Күн жылыныңқырап, қала жұртшылығы қыс киімінен жеңілдеп өзен
бойына шыққан. Кешеден бері Ертіс өзенінің мұзы босап, қызыл су
көтеріліп кетті. Ертіс бойындағы қала жұртшылығына жылдың екі мезгілі
ерекше қызықты əңгіме болып қалады. Оның бірі осы көктемдегі Ертістің
мұзы бұзылып, сең жүрген аласапыран кезі. Екіншісі, күзгі күн суып,
Ертістің мұзы қатар кезі. Əсіресе сең жүрген кез, көктем лебімен
мұнартқан дала сəулетін көтеріп, аса көңілді болады.
Кеше кешкілікте «ертең сең жүреді» деген елдің лақап сөзін естіген
Шоқан түнімен елегізіп аз ұйықтаған.
Шоқанның əрдайым келгенде отыратын бір ғана орны бар. Ол Ертіс
қабағының бір биік мұрыншақ жарының үсті. Тағы да сол жеріне келіп
отырды. Өзен қабағы қаптаған көп адам. Бəрінің таңданары асау өзеннің
бұлқынып, сең дөңгелетіп аспан атқан сағаты. Қыстай бетін басып


шегендеген темірдей мұзды быт-шытын шығарып, асау ағын көтеріп,
əлдеқайда əкетіп барады.
Уақыты жетіп заман жылуы келгенде, қандай күш болсын, осы өзен
мұзындай қопарылады. Ағынға түсіп жылжып жөнеледі.
Күтірлеп сынған қалың мұздар бірін бірі қаға жылжып, бірі шетке
қағылып, бірі ағынға түсіп, ойран-топыры шығып жатыр. Шапан жамылып,
шəлісін төгілткен татар ханымдары, асыл киініп алқына басқан қала
нəндерінің бəйбішелері ішін тартып, таңданып, өзен ғажайыбына үңіледі.
Су бұрынғысынан əлдеқайда көтеріліп, жардың ернеуіне шыпылдап келіп,
қалаға лап қоярдай лепіріп жатыр.
— Шоқан Уəлиханов, сен мұнда неге томсарып отырсың? — деді
корпус дəрігері Василий Матвеевич.
Шоқан қапылыста қасына келіп, шұғылынан сұрақ қойған үлкен кісіден
ұяла орнынан тұрып, алдымен əдеппен сəлем берді.
— Кешірім етіңіз, сіздің келгеніңізді байқамай қалдым.
— Оқасы жоқ. Рақмет, қыран балапаны, — деді Кошелевский. — Сен
еркін өскен сахара баласысың. Сонау кең далаңды, ауылыңды сағынып
отырсың, ə? Түсінемін. Сен мына қалада торға түскен сұңқардың балапаны
тəріздісің. Сенің жаның сонау көгерген алыс қырға талпынады. Шіркін,
еркіндік қиял қандай əдемі, — деп дəрігер Шоқанның өзіне түсініксіз ой
толқынын қозғап жіберді.
— Иə, Василий Матвеевич, дəл айтасыз. Сонау көгеріп мұнартқан
далада менің ауылым — елім бар. Қазір біздің ауыл қандай қызықты. Малы
төлдеген, өмір думаны сонда ғой. Жаңа сіз сұңқар құсты айттыңыз. Осы
көктемде менің əкем қаршыға салады. Ой шіркін, қыран қаршығаның қаз
ілгені қандай қызық, — деп Шоқан аса бір өңіне келіп, насаттанып кетті.
— Иə, иə, — деді ойлана дем алып Кошелевский. — Дала баласы, түз
қыраны еркіндікті, кең даланы қайда болсын көксемей тұра ма. Ұшқыр
қиялды, ер көкірек дала сұңқары, — деді ақырын күбірлеп.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет