Балабақша тәрбиешіснің міндеттері


Тәрбиешіге қойылатын талаптар



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі24,35 Kb.
#83245
1   2   3
Байланысты:
Тәрбиешінің қоғамдағы орны
ЖЕФ және психология, Абай әлемі, Балалар әдебиеті
Тәрбиешіге қойылатын талаптар: 

  1. Тәрбиеші болатын адам өзінің мінезін, жүріс-тұрысын жөнге салып, балалар іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуі керек; 


  2. Арнаулы білім, білік пен іскерлік- дағдыны менгеруі керек; 


  3. Баламен еркін, жақын тарта сөйлесе білуі керек; 


  4. Ол өзінің көзқарасымен, ым-ишарасымен де өз ойын балаға жеткізіп, түсіндіре алуы керек; 


  5. Жұмысты ұйымдастыра білет, тиісті жерінде қатал талап қоя алатын болуы, кейде әзілдесіп, тиісті жерде көңіл аудара алатын болуы шарт; 


  6. Тәрбиешінің әрбір қимылы, жүріс-тұрысының өзі балаларға өнеге, тәлім –тәрбие берерліктей болуы тиіс. 


Жаңашыл педогог Ш.А.Амонашвили тәрбиешіге төмендегідей талап қояды: педогог- тәрбиеші әріптестеріне мейрімді, жылы шырайлы, ықыласты болуы керек, әріптестерімен қарым қатынас жасаудың әдебін, дауыс сарынын, жылы үнін игеру керек, әріптестерінін табысына қызғанышпен , күншілдікпен қарауға құқы жоқ, әріптестерімен өз тәжірибесін бөлісуге міндетті , әріптестерінен үйренуге ұялмауы керек, әріптестерінежоғарыдан менсінбей қарауға құқы жоқ, әріптестерінің ар-намысын, атақ-даңқын сақтауы керек, балаға байланысты отбасы құпиясының бәрін білу керек, бірақ оны ешкімге шашпауы тиіс. 


Тәрбиешінің бойында болатын маңызды сапалары: ақылдылығы, қайрымдылығы, мәдениеттілігі, білімділігі, кәсіби шеберлігі, балаларға деген сүйіспеншілігі,тәртіптілігі,шығармашылық қабілеттілігі, белсенділігі, жан жақты қызығушылығы , ұйымдастырушылық қабілеті, бір нәрсемен шұғылдану, зиялылығы, әзіл-қалжынға бейімділігі, басқаны тыңдай білуі, талдау жасай білу қабілеті, еңбексүйгіштігі, мейрімділігі, әділдігі, ашықтығы, шыншылдығы, әділеттілігі, әдептілігі, жақсылық жасай білуі.
Тәрбиешінің педогоикалық шеберлігі тәрбие жұмысының әрбір кезеңінде не істейтінін, не үшін істейтінін, қандай нәтижеге жеткісі келетін саналы , анық және дәл білуіне байланысты болмақ. Шебер тәрбиешінің бөлмелерді педагогикалық және эстетикалық талаптарға сай жабдықталуы, тәрбие жұмысына қажетті көрнекі құрадарының түгел болуы, педогоикалық мақсатқа сәйкестелінген болуы шарт. Олардың өз орнында тұруы жемісті еңбек етуге жағдай жасайды. Шебер тәрбиешінің негізгі қасеттерінің бірі- педогоикалық әдептілік. Педагогикалық әдептілік бала психологиясын және оның жас ерекшеліктерін жете білуді талап етеді. Әдептіліктің қайнар көзі- балаларды сүю және қадірлей білу. Педагогикалық әдептіліктің бір көрінісі – шамамен сезу қасиеті. Сонда тәрбие әдістерінің көпшілігі нәтижелі болады. Қолайлы әдісті таба білу шеберлік пен әдептіліктің көрінісі. Шеберлік үйретумен, үйренумен, өз ісіне деген сүйіспеншілікпен, тәжірибемен, жұмысқа ұқыпты қараумен саналы, ойлы еңбекпен қалыптасады.
Тәрбиеші қызметінің ерекшелігі: педагогтік әдепті игеру, ел үшін ерлікпен еңбек ету, педогогтік бедел, педагогтің артистігі, педагогтік оптимизм, кәсіби шеберлікті үнемі шыңдап отыру, т.б.
Тәрбиеші өзінің тілін барлық жағын үнемі жетілдіріп дамытып отырады. Ол - тәрбиешінің міндеті. Тәрбиеші өз тілін, сөздік қорын үнемі байыта отырып, тілдің грамматикалық құрылысының ерекшеліктерін терең меңгере отырып, синонимдік, омонимдік ерекшеліктерін жан-жақты терең білуі керек. Біліп қана қоймай, бай сөздік қор не үшін керек, қосымшалар неге көп, олардың мағыналары қандай, олардың қалай қолданылатынын білумен бірге, оларды өз сөзінде қандай жағдайда қолдану орынды екенін анықтауы керек.
Сөйлеу мәдениетін жетілдіргісі, дамытқысы келген тәрбиеші лексикалық, грамматикалық, фразеологиялық синонимдердің бар түрін меңгеріп, оларды өз сөзінде қолданып, балалар оның сөзінен үлгі алатындай дәрежеде сөйлейді. Сол арқылы баланы байланысты сөйлеуге, тіл байлығын қолдана білуге үйретеді.
Тәрбиеші сөздің дұрыс айтылуына интонация арқылы адамның түрлі сезімдерін білдіруге жаттыққан болуы керек. Мәселен, қуанышты, қайғыны, қорқынышты, салтанатты, мақұлдауды, ашу-ызаны, жылылықты білдіру үшін, сөйлеу қарқынының, дауыстың күшінің, дауыстың көтеріңкілігі мен төмендегінің қандай дәрежеде болатынын білумен бірге өз сөйлеуінде қолданып, балаларға үлгі көрсетуі керек. Тәрбиешінің сөйлеу мәдениеті балаларға үлгі, өйткені балалар тәрбиешімен тікелей араласу кезінде сөздің дыбыстық мәдениетін, байланысты сөйлеуді тәрбиешіге еліктеу арқылы үйренеді. Сондықтан тәрбиешінің сөйлеу мәдениеті жоғары, балалар дұрыс үлгі алатындай дәрежеде болуы керек. Ол талап тәрбиешіге көркем әдебиетті балаларға мәнерлеп оқу және оны әңгімелеп беруде де сақталады. Тәрбиеші көркем шығарманы оқығанда, әңгімелегенде әдеби тілдің нормасына сай мәнерлеп оқыса, жақсы интонациямен дұрыс айтса, балалар оған қызығады, оны ұзақ есте сақтайды, керісінше, тәрбиеші көркем шығарманы көңілсіз, не өте тез, не өте баяу, ешбір сезімсіз оқыса, оған балалар қызықпайды, жалығады да тыңдамайды, есінде де сақтамайды. Тәрбиеші сөзіне, сөйлеу мәнеріне сын көзімен қарауға тиіс, сөзінде кемшілік байқаса, оны түзетуге бар күшін салуы керек. Бірақта бұл оңай жұмыс емес, өйткені алдымен сөйлеудің мазмұнына назар аударады да, оның қалай айтылғанына көңіл бөлмейді. Екіншіден, адам өзінің сөзіне мән бермеуден қалыптасып қалған үйреншікті кемшіліктерін байқалмайды да. Мысалы, асығып тез сөйлеу әдісті, түсініксіз сөйлеу өте ақырын сөйлеу, өте қатты сөйлеу, кейбір дыбыстарды анық айтпау сияқты әдеттер болады. Өз сөзіндегі кемшіліктерді түзету үшін тәрбиеші әріптестерінің ескертпелеріне назар аударуы керек. Сабағын магитофонға жазып, оны кейін сын көзбен тыңдағаны жөн. Байқалған кемшіліктер жою үшін қажетті жұмыстың бәрі толық орындалуы керек. Бағдарламаларда баланың тіліне үлкендермен тікелей қарым-қатыс күшті әсер етеді. Баланы тілдің жоғары үлгісі арқылы үйрету керек екені үнемі айтылып отырады. Балабақша балалары өз ортасына еліктеу арқылы сөйлеуді үйренетіні белгілі. Осы ретте бала дұрыс, байланысты сөйлеуге үйренумен бірге қарым-қатыс ортасындағы адамдардың тілінде әдеби тіл нормасына жатпайтын кемшіліктерді де қабылдайды. Баланың тіл мәдениеті тәрбиешінің тіл мәдениетімен байланысты. Балабақша балаларының тілін дамыту мәселесін зерттеген ғалымдардың ішінде тәрбиеші тіліне мән бермеген ғалым жоқ деуге болады. Ол бұл мәселенің маңыздылығына байланысты. Өйткені тәрбиешінің тілі балалар үшін эталон, оның сөзінде қате болуы мүмкін деген ой балаға ешқашан келмейді. Сондықтан тәрбиеші тілі бала еліктейтіндей дәрежеде болуы қажет. Өйткені тәрбиеші-баламен балабақшада тілдік қатысым жасайтын негізгі тұлға, бала тілін дамытушы, балаға тәрбие беруші, бала сенетін адам. Сондықтан тәрбиешінің қалай сөйлейтіні жүріс-тұрысы, қалай киінетініне дейін балаға үлгі, тәрбиеші- баланың балабақшадағы сөйлеу ортасы. Бала әр үйренген жаңа білімге қуана білуі керек. Ол үшін тәрбиеші баланың жетістігін жақсы бағалау керек. Тіл дамыту әдіс-тәсілдерін сабақта дұрыс бөле білу өте маңызды. Сабақтың басында-ақ балалардың назарын сабаққа аударып, олардың назары мен ынтасын сабақтың аяғына дейін суытпау керек. Ол үшін сабақтың құрылысын тәрбиеші алдымен анықтап алып, сол жүйені сабақтың аяғына дейін сақтауы керек. Сабақтың алдыңғы бөлімінде негізгі әдіс-тәсілдер шоғырланып балаға сөйлеу әрекетінің мақсатын білдіріп, әрі қарай баланың өздік жұмысына бағыт береді, бірақ ол тәрбиешінің қатысын, басшылығын жоққа шығармайды . Балалардың сөйлеу белсенділігі дегенді бала сабақта тоқтаусыз сөйлей беруі керек деп түсінуге болмайды. Баланың сөйлеу белсенділігіне тәрбиешіні, өзінің достарын яғни балалардың сөзін белсенді тыңдауы да жатады. Сонымен бірге тәрбиеші балаларды отырғызғанда, таратылатын көрнекіліктерді беруде балалардың өзіндік ерекшелігін ескеруі керек. Кей бала ақырын, кей бала тез екені ескерілуі керек, кей бала белгілі бір ойыншықтың түрін жаратпайды, т.б. Балалар пікірлесімде белсенді. Пікірлесімде қол көтерген балалар ғана сөйлеп, пассив, ақырын балалар елеусіз қалмау керек. Сондықтан тәрбиеші сұрақты жалпы топқа қойып, жауап айтуға балалар кезекпен қатысады. Балабақшада жалпы тапсырма беру, хормен барлық бала жауап беру, балаға жеке тапсырма, жеке жауаппен қатар, бірге жүргізілуі керек. Балаға жеке тапсырма, жеке сұрау кезінде тәрбиеші баланың білімін, сөйлеу дағдысын, қызығушылығын, қабілетін ескеруі керек. Әсіресе, тілі нашар дамыған балаға көбірек көңіл бөлуі керек. Тіл дамыту сабағы түрлі жағдайда өтеді. Көбіне сабақ топтық бөлмеде өтеді, кейде залда өтеді, залда кинофильм көреді, қойылым көреді, хабар тыңдайды, жүгіруге қатысты ойындар ойнайды, жылы кезде аулада сабақ өтеді. Сабақ кезінде гигиеналық барлық талап сақталуға тиіс. Жарық жеткілікті мөлшерде баланың сол жағынан және артынан түсуі керек, таза ауа, орындық баланың бойына шақ болуы керек. Балалар тәрбиешіге қарап, денесін дұрыс ұстап отыруы керек. Таратылатын лото, сурет, открытка сияқты ұсақ көрнекіліктер қажет сабақтарда балалар кіші үстелде айнала отырады. Балалардың білімін тексеретін мектептегідей уақыт балабақшада жоқ. Баланың білімін балабақшада тәрбиеші сабақтың барысында жасайды. Тәрбиеші байқағанын күнделікті жазып отырады. Ол тәрбиешіге келешек жұмысын жоспарлау үшін керек. Өткен материалды басқа сабақта бекіту, не баланың басқа әрекетінде бекіту. Бұл талап дидактиканың қайталау ұстанылымына негізделген. Бұл талапты орындау тіл дамытуда маңызды қызмет атқарады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет