Балалар әдебиеті балалар өмірінің энциклопедиясы. Ең бастысы балалардың рухани мәдениетін байытып, туған елі мен жерін сүюге, ата-анасын сыйлау, үлкенге құрмет көрсету, имандылыққа тәрбиелеу



бет1/4
Дата26.09.2022
өлшемі286,75 Kb.
#150726
  1   2   3   4
Байланысты:
4 СӨЖ
СӨЖ Алина Бектұрған Терминография, 3 тапсырма, ҚМЖ 3 сынып Оқуға шақыру

Балалар әдебиеті – балалар өмірінің энциклопедиясы. Ең бастысы – балалардың рухани мәдениетін байытып, туған елі мен жерін сүюге, ата-анасын сыйлау, үлкенге құрмет көрсету, имандылыққа тәрбиелеу. 
Балалар әдебиеті жас ерекшеліктеріне байланысты бірнеше салаға бөлінеді. Балаларға арналған шығармалар жасөспірімдердің ой-өрісін, сана-сезімін дамытып, оларға заман талабына сай тәлім-тәрбие беруге бағытталады. Балалардың ойлау, түйсік, түсіну қабілеті суреттеліп отырған оқиғаның, көркем образдың нақтылығы, дәлдігін өз өмірінің айналасынан алуды қажет етеді. Балалар әдебиетінің тілі ойнақы, жеңіл әрі көркем, қысқа да мейлінше түсінікті, айқын да дәл, әрі әсерлі болуға тиісті. Себебі, балалар әдебиетінің тілі олардың сөздік қорын байытуға жәрдемдесетін бірден-бір құрал. Балаларға арналған ірі туындылардың идеялық-эстетикалық қырларын халық педагогикасының көзқарастарын, өмір тәжірибесін, қоғам талабын, жазба әдебиетке тигізген әсері, дәстүрлік мәселесі, зерттеу жайын мамандар ғана тұжырымды түрде жеткізіп бере алады.
Кітап көрмесін ұйымдастырудағы негізгі мақсатымыз – балалардың кітап оқуға деген құмарлықтарын арттыру, әлемдік және ұлттық мәдениетке тарту арқылы баланы дамыту және оның өзін жетілдіруге көмек көрсету. Әрбір баланың ішкі дүниесін дамытып, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеу, балалық шақ құндылықтарын насихаттап, әлем туралы жан-жақты және шынайы ақпарат алуын қамтамасыз етуге себепкер болу. Балалар әдебиеті – жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл-есін дамытатын, оларды адамгершілік қасиеттерге баулитын өмір оқулығы. Өзінің қалыптасуы, даму барысында бірнеше жүз жылдықтарды қамтитын қазақ балалар әдебиетінің өз тағылымы бар, уақыт пен қоғамда болып жатқан өзгерістер, сол кездердегі идеялогиялық қағидалардың әдеби шығармаларға тигізген әсерлері бүгінгі күні біраз әдеби шығармаларға басқа қырынан қарауды талап етеді. Тарихи кезеңдердегі әртүрлі әдеби үдеріске байланысты қай шығарманы қалай оқыту керектігі жөнінде сөз ету – уақыт талабы. Өйткені балалар әдебиеті – қазақтың мәдениеті мен әдебиетінің құрамдас бір бөлігін құрайтын халықтың озық ойлы, терең де тамырлы әдебиеті. Балалар әдебиеті – халық ауыз әдебиетінен бастау алады. «Бесік жыры» – нәресте туғанда, шілдехана күні, оны алғаш рет бесікке бөлегенде айтылатын өлең.
Қазақ даласының танымал ағартушысы, қазақ халқының бірінші педагогы, балалар әдебиетінің негізін қалаушы -Ыбырай Алтынсарин. Ол балаларды өнер-білімге тәрбиелейтін, еңбекке баулитын, этникалық, эстетикалық тәрбие беретін өлеңдер мен әңгімелер жазды, онда жастарды оқуға, талаптанып талпынуға, білім алуға шақырды. Сондай-ақ, қазақ фольклорынан балалардың тіліне, ұғымына жеңіл шығармаларды іріктеді орыс балалар әдебиетінен қысқа да қызықты әңгімелер аударып, құрастырды, ана тілінде алғашқы оқулықты («Киргизская хрестоматия», 1879 ж.) бастырып шығарды. Оның әңгімелері негізінде хат таныған баланың қай-қайсысына болса да түсінікті. Қазақ балалар әдебиетінің ең жоғары деңгейде дамыған кезі – 1970- 1980 жж. арасы. Бұл жылдарда балаларға және жастарға арналған шығармаларды жариялайтын «Жалын» баспасы ашылып, баспаның жанынан республикалық жабық әдеби конкурс өткізіліп балалар әдебиетінің одан әрі ұлғаюына айрықша әсер етті.Сол бәйгеге қатысып, бағын сынаған жас талапкерлердің бір тобы бұл күнде белгілі қаламгерлердің қатарына қосылса, олардың көптеген шығармалары балалардың қолдан тастамай, сүйіп оқитын кітаптарына айналды.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев “Ғылым таппай мақтанба”, “Интернатта оқып жүр”, “Әсемпаз болма әрнеге” деген өлеңдерінде қазақ балаларын оқуға, өнерге үндеді. Қазақ балаларына арналған оқулықтар мен өлеңдер жинақтары ХХ ғ-дың басында көбейе бастады. 1912 ж. орыс ақын-жазушыларының мысалдарын қазақ тіліне аударып, оған өзінің төл шығармаларын қосып, “Үлгілі тәржіма” атты кітап және “Үлгілі бала” оқулығын шығарған педагог-жазушы Спандияр Көбеевтің қазақ балалар әдебиетін дамытуға сіңірген еңбегі мол. Ақын С.Торайғыров балаларға арнап өз кезіндегі өзекті мәселелерді өрнектеген өлеңдер “Шәкірт ойы”, “Оқып жүрген жастарға”, “Бір балуанға” жазды.
Кеңес дәуірінде идеологияның өзекті бір саласы ретінде балалар әдебиетінің де дамуына арнайы көңіл бөлінді. Алғаш шыға бастаған “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газеті мен “Пионер” (қазіргі “Ақ желкен”) журналында, “Пионер” (“Октябрь балалары”, “Қазақстан пионері”, қазіргі “Ұлан”) газетінде балаларға арналған өлең-жырлар, әңгімелер жарияланды. С.Сейфуллин, Б.Майлин, Ш.Иманбаева жеке өлеңдерін, І.Жансүгіров “Малта”, “Шәркей”, “Жұмбақ” сурет-кітапшаларын, Ө.Тұрманжанов “Қошан кедей” әңгімелер жинағын шығарып, дамуына елеулі үлес қосты. Қазақ балалар әдебиетінің 30-жылдары Қ.Әбдіқадыров, А.Тоқмағамбетов, Т.Жароков, Ж.Саин, Ж.Сыздықов балаларға арнап өлеңдер жазды. 40-жылдардағы Қ.Аманжоловтың, М.Хакімжанованың, Ә.Тәжібаевтың, Ғ.Ормановтың балаларға арналған өлең-тақпақтары жиі жарияланып тұрды. 50-жылдардан бастап қазақ балалар поэзиясында бала психологиясына терең бойлаған балалар ақындары бой көрсетті. Ақын-жазушылар Ө.Тұрманжанов, С.Бегалин, М.Әлімбаев, Ә.Дүйсенбиев, Қ.Мырзалиев, Қ.Ыдырысов, Ж.Смақов, Қ.Баянбаев, С. Қалиев, Е.Егеубаев, т.б. балаларға арнап, көптеген кітаптар жазды. Оларда балаларды Отанды сүюге, ғылым, білімге жетелейтін тартымды тақпақтар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, ертегілер мол. Қазақ балалар әдебиетінде сондай-ақ, сатиралық шығармалармен О.Әубәкіров, Ш.Смаханұлы, жаңа поэмалармен Х.Ерғалиев, Ә.Сәрсенбаев, жаңаша ертегілермен Ө.Тұрманжанов, Қ.Мырзалиев, Ә.Ахметов ақындар Ж.Өмірбековтің, І.Мәмбетовтің, Қ.Мүсіреповтің, Т.Молдағалиевтың жинақтарымен, суретше-кітаптарымен толысты.Ұлы Отан соғысы тақырыбына арнап жазылған Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романы, С.Бақбергеновтің «Талғат» повесі мен
М. Хакімжанованың «Мәншүк» атты поэмасы толығынан балалардың оқуына икемделіп кеткен шығармалар деп атаймыз. Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет алған Талғаттың, Кеңес Одағының Батырлары Қайырғалидың, Мәншүктің, Әлияның ерлік образдары, әсіресе, жас өспірімдердің жүрегінен берік орын алған, ең сүйікті кейіпкерлері екені баршаға аян. Сонымен қатар Отанға деген қаһармандықтың, табандылықтың, анаға, табиғатқа деген сүйіспеншіліктің ең жоғарғы үлгілерін көрсететін осы сияқты көптеген таңдаулы шығармалар еліміздегі әрбір балаға мәлім.
Қазақ балалар әдебиетінің өрісі одан әрі кеңейіп, “Бөбектерге тарту”, “Алтын күн аясында”, “Балдырғанның базарлығы”, “Жыл он екі ай” (1965 жылдан бері жыл сайын шығып тұрды). “Біздің кітап”, “Кел шырқайық, балалар” сияқты жинақтар басылып шықты. Жазушылар І.Жансүгіров, Ш.Хұсайынов, С.Омаров, Т.Ахтанов, Ш.Ахметов, т.б. – балаларға арналған алғашқы пьесаларын жазды.
Әрбір ата-ана өз балаларының жақсы оқуын, білімді болғанын қалайды. Кітап оқуға деген құмарлығын арттырып, мәдениетті болып өсуіне тәрбие береді, жалпы рухани дүниесін байыта түсуге ат салысады. Балалардың рухани байлығын арттырудың сан түрлі жолдары бар. Балаға нанымды болу үшін оқиғаны көз алдына елестетіп, шынайы өмірде сезініп білуі тиіс. Бала өзінің оқығанын, естігенін өз көзімен көре алады, төл мұраларымен танысады, дүниетанымы кеңейеді, кітап әлемінің тарихымен қауышады..




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет