Балалар әдебиетінің ерекшеліктері



бет57/86
Дата17.12.2021
өлшемі220,03 Kb.
#102256
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   86
Байланысты:
Балалар әдебиеті лекция
Әлеуметтану, Документ, Документ, Документ
«Кел, балалар, оқылық». Ыбырай өлеңдерінің ішіндегі ең кең тарағаны да - «Кел, балалар, оқылық!». Бұл – балаларға үгіт ретінде жазылған, оларды оқуға, өнер үйренуге шақырған, өнер-білімнің пайдасын түсіндіретін өлең. Бұл өлең кеңес дәуірінде балаларға арналған оқулықтар мен оқу құралдарының бәрінде де үздіксіз басылып келді және қазіргі кезең оқулықтарында да басылуда. Бұл – аталмыш өлеңнің уақыт талабына жауап бере отырып, әр дәуір ұрпағын тәрбиелеуге үн қосып келе жатқандығының айғағы.«Кел, балалар, оқылық!» өлеңі – түгелдей Ыбырай өмір сүрген дәуірдің рухына, шындығына толы.

Білім-өнерден алыс жатқан қазақ балаларын жинап алып, осы тәріздес үгіттік, ұрандық мәні бар өлең оқу ол дәуір үшін тың жаңалық еді. Бала ұғымына жанды әсер ету үшін ақын оқу-білімнің өлмейтіні мен «мал-дәулеттің байлығы бір жұтаса жоқ болатынын» біріне-бірін қарсы қоя отырып түсіндіреді. Сонымен қатар адам еңбегіне мән береді – «сауысқан тамақты шоқумен табады, өнер-білім оқумен табылады» дегенді еске салады. Өлеңнің «Кел, балалар, оқылық!» деп қайталанып отыратын үш тармағы ойды бекітіп, оның үгіттік әсерін арттыра түседі.«Әлпештеген ата- ене қартаятын … қартайғанда жабығып, мал таятын күн болатын», «ата - енең қартайса, сосын қолдан мал тайса, тіреу де, сүйеу де оқу- білім» болатынын ұмытпауға шақырды: Кел, балалар, оқылық, оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық! … деген Ыбырай атамыздың өлең жолдары әр ұрпақтың, бар буынның жадында жатталып қалған жан серігіндей.

Ыбырайдың «Кел балалар, оқылық!» өлеңінің айрықша құндылық қасиеттерінің бірі - оның халық дәстүрі, халықтың ұғым өлшемі негізінде жазылғандығында. Бұл жағдай Ыбырай шығармаларының қазақ еңбекшілерінің түсінігі мен талабына сәйкес келіп, оның халық арасына оңай және тез сіңісуіне мүмкіндік туғызған фактор ретінде көрінеді. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің екінші бір құндылық жағы - қазақ қоғамының сол дәуірдегі өмір шындығына айқын көрініс бере алатындығы десек, асыра айтқандық болмайды.

Автор өзінің негізгі идеясын оқушыға қазақ тұрмысындағы белгілі жағдайлар арқылы жеткізуді көздейді. Атап айтқанда, ол қазақ даласында кең етек алған мал байлығы мен қазақтар үшін әлі де қолға түспей отырған білім байлығын қатар салыстыра келіп, малдың «жұтқа» ұшырауы сияқты қазақ өміріндегі кесір-кердең апаттарды суреттейді, білімсіз, еңбексіз табылған байлықтың баянсыздығын ұғындырады, мал шаруашылығының дала тұрмысында күн көрудің бірден-бір көзі болып отырғанын қынжыла, ашына бейнелейді.

«Кел, балалар, оқылық!» өлеңі ұлттық шеңберде, қазақ қоғамындағы мәселелердің төңірегінде жазылған, идеялық бағыты мен негізгі тақырыбы жағынан мәдениетті елдердің ағартушыларының осы саладағы еңбектерімен үндес те үзеңгілес шығарма болды. «Өнер-білім бар жұрттар». Ыбырайдың «Өнер - білім бар жұрттар» деген өлеңі «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің жалғасы тәрізді. Екі шығарманың да мазмұны мен идеялық мақсаты жағынан біртұтастығы осы пікірді растай түседі. Ыбырай хрестоматияның өз кезіндегі басылымдарында бұл екі өлеңді сол себепті де бір-бірінен бөлмей жариялаған болатын. Сөйтіп, кітаптың бірінші бетінің өзі Ыбырайдың әдеби және ағартушылық еңбектерінің идеялық жағынан бір-бірімен тығыз байланыста туғанын және айқын халықтық мақсатта дүниеге келгенін білдіреді.

Ақын «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінде білімнің артықшылығын қазақ қоғамындағы әр түрлі жағдайлармен салыстыра отырып көрсетсе, «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңінде ғылымның жетістіктерін тікелей мадақтайды, мәдениетті елдің озық салтын баяндайды. Шығарманың лирикалық кейіпкері өз замандастарының назарын мәдениетті елдің қолы жеткен табыстарына аударуды көздейді, олардан үйренуге шақырады, халқының мәдени мешеулігіне қынжылады. Автор ғылым мен мәдениеттің негізгі көзі деп, атын атамаса да орыс қоғамын, оның халықтық мәдениетін көрсетеді.«Өнер-білім бар жұрттар» өлеңінде ғылым мен техниканың сол кездегі ең басты жаңалықтары толық баяндалады. Олардың қайсысы да ғасырлар бойы езушілікте болып, жақсы өмірге аңсаумен келе жатқан қазақ халқының көңіліне қонымды жүйеде дәлелденеді, оның жаңалыққа талпынушылығын арттыра түсетін дәрежеде көрінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   86




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет