«балалар және жасөспірімдер шығармашылық ҮЙІ» мкқК «Бекітемін» директор бжшү



Дата06.07.2018
өлшемі30,44 Kb.
#47397
түріСабақ
«БАЛАЛАР ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮЙІ» МКҚК


«Бекітемін» _________

директор БЖШҮ

Г.А.Шумикеева.

18 қазан 2013 ж.

АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: Жүннен жасалған панно
Өткізген: «Қазақтың қолданбалы өнері» үйірмесінің жетекшісі

Сариева. Ж.М.

Ақтөбе қаласы, 2013ж.

Мақсаты: Оқушыларға жүннен панно жасауды үйрету.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға киіз басу технологиясы мен инелер техникасы туралы түсінік бере отырып, білімдерін жетілдіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылықпен шыдамдылыққа баулу, еңбек тәрбиесі арқылы эстетикалық тәрбие беру.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қызығушылығы мен, шығармашылық ой-өрісі мен қиялын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:

Мұғалім үшін: ТВ, DVD, слайд, плакаттар, суреттер.

Оқушы үшін: арнайы киім, эскиз, шикізат – жүн, сұйық сабын, су, ине, сүлгі.

Сабақ түрі: Аралас, практикалық сабақ.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сарамандық жұмыс.

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасып, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру. Техникалық қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.



II.Өткенді қайталау арқылы жаңа сабаққа кірісу:

  1. Төрт-түлік малдың жүн түрлері туралы не білеміз?

  2. Жүнді өңдеу және бояу әдістері?

  3. Панно дегеніміз не және оның түрлері?

III. Жаңа сабақ

Мақал: Өнер қуып ой түзе,

Жұмыс қылып бой түзе.

Бүгінгі сабақта біздер киіз басу технологиясы мен инелер техникасын меңгере отырып, жүннен панно жасаймыз.

Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиясында алға міндет етіп қойған ішкі және сыртқы саясатының аса маңызды 30 бағытының бірі - мәдени мұра бағдарлама аясындағы халықтық мәдени құндылықтар мен дәстүрін дамыту.Осы бағытты ескере отырып, көнере бастаған қолөнерді бүгінгі күнде өз кәдемізге жаратып, қолданудың маңызы зор. Қолөнер - ұрпақтан ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан халық мұрасы. Қазақ халқы мал шаруашылығын кәсіп еткендіктен, осы төрт түлік мал жүнін пайдалану арқылы қолөнер бұйымдарын жасаған. Оның ішінде қой жүні ерекше орын алады.

(Слайд арқылы көрсету)




Жүннің қасиеттері

Берекелі,

созылғыш,

иілгіш

Бояуды жақсы алады

Жылу ұстағыш

Салмағы жеңіл

Фактурасы жұмсақ

Шуды және тербелісті төмендетеді

Ауа өткізгіш

(Слайд арқылы көрсету)

Қазіргі кезде жүннен жасалған бұйымдар нағыз қауырт өркендеу үстінде. Бұл икемді және пластикалық қасиеті бар материал іс жүзінде бүкіл әлемге танымал. Қазіргі таңда шеберлер бұйым жасауда өте кең ауқымда пайдаланады. Ол жиhаз бен интерьер заттарынан, пуфиктер мен орындықтардың сәнді кілемшелерінен, перделер мен жастықтардан, үстелге қойылатын сәнді жаймалар мен мата салфеткаларға арналған сақиналардан, шамдардың абажурларынан және перделердің безендірмелерінен, сәнді панно мен еденге төсейтін кілемдерден тиісті орын алған. Сонымен қатар бұл тамаша материалды модельерлер де қазргі заманғы әртүрлі технологияларды пайдалана отырып, нағыз өнер жауhарларын жасап жүр. Киімге арналған киіз бижутерия мен аксесуарлар, олардың ішінде - моншақ, сәнді түйме, шаш қыстырғыш, білезік, белдіктер мен сөмкелер, әмияндар мен ұялы телефондарға арналған қаптамалар, жеңіл аяқ киім, тіпті бөріктер мен етіктер бар. Басқада мысалдарды көптеп келтіруге болады.

(Слайд арқылы көрсету)


Жүннен жасалған бұйымдардың сапалық көрсеткіші



Жылы

Шыдамды,

төзімді

Мықты,

берік

Денсаулыққа пайдалы

Тұрмысқа қолайлы

Жеңіл әрі ыңғайлы


Киіз басу технологиясы

Шебердің қолынан шыққан қолөнер туындысын халықтың өмірінен, тұрмысынан бөліп қарау мүмкін емес. Күні бүгінге дейін маңызын жоғалтпай келген қолөнер үлгілерінің бірі – киіз басу. Ғалымдардың айтуы бойынша қола дәуірінде пайда болды деген деректер бар. Киіз басу – ұжымдық үрдіс, бұған әдетте көрші әйелдер мен қыз-келіншектер шақырылады. Күллі еңбек үрдісі ән салумен, әзіл айтумен, рәсімдік әрекеттер жасау мен астасып жататын болған. Киіз басу үшін қой жүні , негізінен «күзем жүн» алынады.

Киіз жасаудың дымқыл және құрғақ әдістері деп аталатын 2 техникалық тәсілі бар. Бірінші әдіс аты айтып тұрғандай суды және киіз басу үрдісін жылдамдататын құралдарды қажет етеді. Енді бірінші әдіске тоқталып өтейік.

(Слайд арқылы көрсету)




Жүнді сабау (тулаққа 1 метр сабау таяқпен сабау)

Киіз басудың кезең реті


Жүнді шабақтап тарту (шидің үстіне жүнді жаю)



Ыстық су себу ( 80°-тан жоғары ыстық су себу)



Булау (сулы жүнді шиімен орап, су құю)



Тебу ( саумал жібін өткізіп, шиді ілгері тебеміз)



Білектеу (7-8 адам тізерлеп, білегімен ысқылау)



Қарпу (шуда жіппен тігіп, ұстап айналдырады)



Ұзындау немесе уқалау (қалпына келтіру)



Кептіру (күннің көзіне жайып қояды)


Екінші әдіс инелер техникасы.

Бұл әдіс соңғы кезде пайда болды. Ол жазық заттар мен жұмыр көлемі бар заттарды да жасауға мүмкіндік береді. Онда арнайы инелер қолданылады. Жазылған жүнді арнайы инелердің көмегімен тығыздау - киізді құрғақ басу деп аталады. Құрғақ басуды кейде фильцнаделдеу деп те атайды. Бұл алдын ала тығыздауды білдіретін неміс сөзінен шыққан (filz – жүн, nadel – ине). Бұл жағдайда басу үрдісі тұла бойында кертіктері бар инелер арқылы жүреді. Бұл кертіктер жүн ішінен өткенде, жүн талшықтарын іліп әкетіп, араластырады, түрлі қабаттағы жүнді матастырып кіріктіреді.

Инелер – жуандығы, ұзындығы мен белгіленуі жағынан әртүрлі болып келеді: №32, 36, 38, 40, 42 мөлшері: ірі, орташа және жіңішке немесе A, B, C, D. Бірінші ең жуан инені пайдаланып өңдейміз, содан соң орташа немесе жіңішке инені алуға болады. Инелер өте өткір және морт сынғыш келеді, сондықтан өте абай болғанымыз жөн. Үдеріс аяқталған соң инелерді арнайы қаптамаларда немесе поролонға шаншып қою қажет.

(Слайд арқылы көрсету)




Инелер техникасының артықшылығы



Суреттердің шекарасын айқын салуға

Бұйымды түрлі детальдармен толықтыруға

Әртүрлі материалдарды араластыруға

Тура жасалмаған суретті түзетуге

Қазіргі заманғы технологиялар киізді жылдың кез-келген уағында, шағын орында және азғана шығын шығарып жасауға мүмкіндік береді. Киіз бұйымдарын дайындау тіпті балалардың да қолынан келеді, тек оған белгілі машық пен төзім керек. Олай болса әрі қарай сарамандық жұмысымызды бастайық.



IV Сарамандық жұмыс

Қауіпсіздік ережелері

  • Инені арнайы түйрегішке қада!

  • Қайшыны ұшымен берме!

  • Судың ыстық болмауын қадағала!

Қажет материалдар:

  • Арнайы киім

  • Эскиз

  • Жүн

  • Сұйық балалар сабыны

  • Қалың клеёнка

  • Синтетикалық полотно немесе тюль, капрон

  • Су шашуға арналған щетка

  • Суға арналған тостақ

  • Губка

  • Сүлгі

Сарамандық жұмыс барысы:




  1. Құрғақ әдіс (инелер техникасы)

  2. Дымқыл әдіс (киіз басу технологиясы)

Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы. (музыкалық фон)

Сергіту сәті.

V Сабақты бекіту.

Сөзжұмбақ «Жүннен жасалған панно»

Сұрақтары:


  1. Жан-жануардың үстіндегі түгі. (жүн)

  2. Қойдың күзде қырқылған жүні. (күзем)

  3. Жіптің серігі.(ине)

  4. «Мата қиындысы» деге мағынаны білдіретін латын сөзі. (панно)

  5. Саумал жібін өткізіп, шиді домалата отырып аяқпен ілгерілеу. (тебу)

  6. Қалпына келтіру. (ұзындау)

  7. Жүннің фактурасы қандай? (жұмсақ)

  8. Малдың кептірілген терісі. (тулақ)

  9. Жүнді сақтау үшін қандай препараттар саламыз? (фоксид)

  10. Малдың жазғытұрымғы ұйысқан қысқы жүні. (жабағы)

  11. Сулы жүнді шимен орап ыстық су құю. (булау)

  12. Жүнді арнайы инемен өңдеп, басу? (құрғақ)

  13. Жүнді шидің үстіне жаю. (шабақтау)

  14. Иненің матана екі тесу арасындағы өру. (инешаншым)

  15. Киізді күннің көзіне жаю. (кептіру)

  16. Жүн сабауға арналған таяқ. (сабау)

  17. Мата түрі. (сәтен)

  18. Тігістің түрін ата? (арнайы)

  19. Саусақты зақымдаудан қорғайтын құрал? (оймақ)

VI Сабақты қорытындылау.

Сонымен балалар, біз бүгінгі сабақта киіз басу технологиясы және инелер технологиясы бойнша негізгі шикізат – жүннен панно жасап үйрендік. Сіздерге бүгінгі сабақ ұнады деп ойлаймын. Әрі қарай алған білімдеріңізді іс-жүзінде өмірлік тәжірибеңізде қолданады деп сенемін.



Ахмет Байтұрсынов ағамыз айтқандай: «Әрбір ұлт қолөнеріне көңіл бөлу керек», біз ұлттық қолөнерімізді әрқашанда құрметтеп, оны ары қарай осы заман талабына сай жетілдіріп, күделікті тұрмыста пайдалана білу және жас ұрпаққа үйрете отырып, көздің қарашығындай сақтай біліуіміз керек.

VII Үйге тапсырма: Өңдеу жұмыстары, рама жасау үшін қатты картон немесе кайма алып келу.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет