Балалардағы қант диабетінің морфологиялық ерекшеліктері. Мориак синдромы



бет2/7
Дата25.12.2023
өлшемі1,46 Mb.
#199210
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ана, Ана, кристал тор, 3-Емтихан жауаптары, Қыз өмірдің қызғалдағы Баяндама, 297870

Ауру диабеттік комадан өлген болса ағзадан ацетон исі сезіледі.Ұйқы безі салмағы азайып, тінін май басады.Буйректер салмағы азайып, катайып бурісіп көрінеді.Ұйқы безі аралшықтары саны кемиді көлемі азаяды.Кейде жасушалар саны ісініп, вакуольданғанын не жалпы санының оте азайып кеткенін байкаймыз

Қантты диабет кезінде дамитын бірнеше патогенетикалық процестер:

Басым көп жағдайда инсулиннің абсолютті тапшылығы кезінде немесе шеткі тіндердің инсулинге сезімталдығы төмендеуінің ұйқы безінің β-жасушаларының секреторлы дисфункциясымен қосарлануы нәтижесінде дамиды.

Созылмалы гипергликемия симптомдары: Полиурия. Полидипсия. Дене салмағының төмендеуі, кейде полифагиямен. Көздің көруінің төмендеуі. Балаларда бойының өсуінің нашарлауы. Инфекцияға төзімділіктің төмендеуі. Жедел, өмірге қауіп төндіретін диабет асқынулары: Гипергликемия кетоацидозбен. Гиперосмолярлы синдром, кетозсыз. Гипогликемиялық жағдай.

Диабеттің созылмалы асқынулары: Ринопатия, соқырлықпен асқыну қаупі. Нефропатия, бүйрек жеткіліксіздігіне әкелетін. Перифериялық нейропатия және ангиопатия, шеткі тіндердің жарасы болу қаупімен. Автономды нейропатия, гастроинтестинальды, урогенитальды, жүрек- қантамырлық симптомдарды шақыратын және жыныстық дисфункция.

Қант диабетінің себептері:

Қант диабетінің себептері:

  • Тұқым қуалаушылық-65 пайызға дейін.
  • Балалардағы вирусты инфекциялардың асқынулары-қызылша, желшешек, тұмау, мысқыл т.б.
  • Тамаққа қанттар мен майларды көп пайдалану.
  • Стресстік ситуациялар.
  • Клиникалық айқындалуы: 3 негізгі клиникалық симптоммен сипатталады:
  • Полидипсия-шөлдеу.
  • Полиурия-кіші дәретке жиі отыру.
  • Полифагия-кенеттен тәбеттің ашылуы.
  • Бала тамақты жақсы ішкенімен азады.
  • Баланың терісі құрғақ, дуылдап қышиды.
  • Қан тамырларында ерте склероздық процесстер пайда болады:

    А) Бас миының қан тамырларының склероздануынан бала ұмытшақ, тез шаршағыш болады.



    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет