Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


эндотелий цитоплазмасының қабаты. 51 сурет



Pdf көрінісі
бет278/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

5.
эндотелий
цитоплазмасының қабаты.
51 сурет
. Өкпе аэрогенетикалық кедергісінің (баръерінің) компонеттері:
АС - альвеола саңалауы; А
1
 - 1-ші типті альвеолоциттердің цитоплазматикалық
өсіндісі; И - интерстиций; ЭК - эндотелиальдық клетка;
КС - қан капиллярының саңалауы; Э - эритроцит бөлігі.
Газ алмасу
– альвеола-капилляр мембранасы (жарғағы) арқылы газдың жай
диффузиясымен (сіңірілуі) жүреді де, жұтылған ауа (атмосфералық) және өкпеге оң
қарыншадан өкпе артериясы арқылы келетін веналық қандағы оттегі қысымына
байланысты болып келеді.
Альвеоладағы ауаның оттегі қысымы – 100; веналық қанда – 40; осы қысым
айырмашылығы оттегінің альвеола-капилляр мембранасы арқылы қанға түсуін
қамтамасыз етеді. Веналық қан мен альвеол-аралық ауа арасындағы осындай көмір
газының қысымының айырмашылығы көмір қышқыл газының альвеолаға түсіп, сыртқа
шығуына әсерін тигізеді.
Жүрек тамырларынын жиырылуының әсерінен, өкпенің шайқалуына байланысты,
альвеолаларда газдар араласып кетеді. Жана туған нәрестенің өкпесінің нашар жазылған
бөлігінде вентиляция нашарлайды да, альвеолалық жарғақ қалыңдай түседі. Сол себепті
көмір қышқылының парциальды қысымы мөлшері ересектердікіне қарағанда төмен
болады.
Қабырғалардың кеуде қуысында көлденең орналасуы, көк еттін жоғары тұруы,
альвеолалардың барлығының бірдей қызмет атқармауы, мембрананың қалыңдауы, бала
организмінің өттегіні көп қажет етуі салдарынан тыныс алу жиеленеді. Бұл құбылыс
физиологиялық ентігу деп аталады. Бұл «беткі» тыныс алу деп аталған физиологиялық
ерекшелік қандағы көмір қышқыл газының көлемін компенсаторлы ұлғайтып жібереді, ал
бикарбонат пен басқа буферлі негіздер қапыл азаяды. Басқаша айтқанда, бұл компенсатор-
лы гипервентиляциялық физиологиялық алғашқы метаболитті ацидоз болып есептелінеді.
Өкпенің жұмысы (функциясы) дұрыс болса, ол алғашқы метаболитті ацидозды толы-
ғынан орнына келтіреді, ал метоболитті алколозды жартылай ғана қалыптастыра алады.
Балаларда, әсіресе, 1 жастағы балаларда, сыртқы тыныс айрықша бөлек болады. Ол
ацинустың одан әрі дамуына байланысты. Сонымен қатар, бронхиальды және өкпе
артериялары мен капиллярлар арасындағы көптеген ұштасымдар арқылы альвеолалар
кеңістіктерінен өтіп кетіп, қанның қатты жүруіне байланысты болып табылады.
Ішкі тыныс дегеніміз өкпеге түскен атмосфералық ауа мен капиллярдағы қанның
арасындағы газ алмасуы.
190


Қазіргі кезде тыныс функциясын (әрекетін) бағалау төмендегі көрсеткіштер бойынша
жүргізіледі:
1. Өкпе вентиляциясы (жиілігі, тереңдіг, ырғағы, альвеолалардың вентиляция көлемі,
жұтылған ауаның тарауы).
2. Өкпе көлемі (өкпенің тіршіліктік сыйымдылығы (ӨТС), өкпенің жалпы сыйымды-
лығы, тыныс шығарудың көлемдік қора, функциялық сыйымдылығы, қалдық көлемі).
3. Тыныс алу механизмі (өкпенің максимальды вентиляциясы (ӨМВ)), тыныс қоры.
4. Өкпедегі газ алмасу (жұмсалған оттек мөлшері, 1 минутта көмір қышқыл газының
бөлінуі, альвеоларлы ауаның құрамы, өттегінің пайдалану коэффициенті (ОПК).
5. Артериялық қанның газдық құрамы (оттегінің және көмір қышқылының парциальды
қысымы), қанда оксигемоглобинннің болуы, гемоглобин және оксигемоглобин,
артерия – вена қанындағы айырмашылық. 
I.
Ең бірінші және өте маңызды физиологиялық ерекшелік болып беткі тыныс,
яғни тайыздығы, есептелінеді, үлкен кісілермен салыстырғанда балалардың тыныс алуы
тереңдігі 8-10 есе төмен.
Бұл физиологиялық ерекшелік мына жағдайларға байланысты:
а) Өкпенің салмағының аздығы, салмақ жасқа байланысты артып, бала 5 жасқа
келгенде альвеолалар толық пайда болып, жетіле бастағанда үлкейеді.
ә) Кеуде қуысы құрылысының ерекшеліктері: кеуде қуысының экскурсиясы
үлкейеді.
б) Бала организмінің оттегіні шектен тыс көп қажет етуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   1544




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет