Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ЖАҢА ТУЫЛҒАН БАЛАНЫ АЛҒАШҚЫ ЗЕРТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ



Pdf көрінісі
бет525/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   521   522   523   524   525   526   527   528   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

2.2. ЖАҢА ТУЫЛҒАН БАЛАНЫ АЛҒАШҚЫ ЗЕРТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ
Жаңа туылған кезең
– бала өмірінің өте ерекше кезеңі. Жаңа туылған кезеңнің
ерекшеліктерін жақсы білу керек. Себебі, жүктілік кезінде анасы мен баласының өз ара
байланысы ұрықтың дамуына маңызды әсер тигізеді. Ұрықтың дамуы 2 кезеңге бөлінеді.
Жүктіліктің дұрыс өтуі және ұрықтың қалыпты дамуы анасының денсаулығына
байланысты. Анасының қатаң аурулары жедел және созылмалы инфекциялары, әртүрлі
уыттанулар, тамақтың құрамының және мөлшерінің жетіспеулері, жұмыс пен тұрмыстық
ауыр жағдайлары ұрыққа зиянды әсер етіп, оның өміріне қауіп туғызып, шала туылуына,
әртүрлі ақауларға және т.б. жағдайларға ұшыратуы мүмкін.
Босану кезеңінің, әсіресе, толғақтың күшену кезеңдерінің ұзақтығы, баланың
жағдайына үлкен әсерін тигізеді.
Жүкті әйел жылы, ауасының қызуы 26-27°С бөлмеде босануы керек. Егер мерзімінен
бұрын босанатын болса кувез дайындалады. Кувездің ішіндегі ауа жылылығы +36° кем
болмауы керек. Бұндай қызу нәрестені кұдақтайтын заттарды, кіндікті алғашқы және
екінші өңдеуден өткізуге арналған пакетті, стерильді өсімдік майын жылыту үшін қажет.
Бала туғаннан кейін кувез ішіндегі ауа қызуы нәрестенің алғашқы салмағымен
гестациялық жасына сәйкес төмендетіледі: 1 - 1,5 кг кувезде – 34 - 35°С, 1,5 - 2,0 кг – 32 -
34°С, 2 - 2,5 кг – 30 - 32°С, 2,5 кг-нан артық болса – 28 - 30°С.
332


Туылған баланы акушер қолына, жылы жаялыққа қабылдап алып, тез қимылдап,
нәрестенің үстін кұрғатады да, су жаялықты тастап, кұрғақ жаялыққа орайды. Нәрестенің
басына телпегін кигізіп, анасының емшегіне салады да, қосымша үш фланельді
жаялықпен, көрпемен (қыс күндері) жабады. Қажет болған кезде баланың тыныс алу
жолдарын тазартады; ауа қуысының кілегейіқ ұрықтық суларды және т.б. сорып тастайды.
Кейбір кездерде бала қанында оттегі көп мөлшерде болып немесе тыныс алу орталығының
тітіркенуі төмендеу болып туады. Осындай жағдайларда бірнеше секундтан – минутқа
дейін нәресте дем ала алмайды. Бұл – жаңа туылған баланың 
апноэсы 
деп аталады. Дені
сау, уақытында туған баланың дауысы қатты болады. Бірінші рет терең тыныс алады,
содан кейін тыныс алуы біркелкі, бір-ақ беткейлі және жиі, 40-60 рет болады. Бала
жағдайы өмірінің бірінші минутында Апгар шкаласы бойынша бағаланады
(61 кесте).
Жалпы бағасы 5 көрсеткіштің (тыныс алу, жүрек соғу, тері түсі, бұлшық ет тонусы,
бейнелістер) бағасының қосындысымен анықталады (ең жоғары бағасы – 10 балл). Жаңа
туылған баланың жағдайы 7-10 баллмен бағалағанда, қанағаттанарлық деп саналады.
Жалпы бағасы 7 баллдан төмен болса, балада зақымдану болуы мүмкін (гипоксия,
орталық нерв жүйесінің зақымдалуы). Дені сау уақытында туылған балалардың көбісінің
жағдайы 9-10 баллмен бағаланады. 5 минуттан соң және 2 сағат өткеннен кейін (балалар
бөліміне ауыстырар алдында) дәрігер Апгар шкаласын пайдаланып, баланың жағдайын
қайтадан бағалайды.
Ең бірінші бленореяның (создық конъюктивиттің) алдын алу шаралары жүргізіледі
(терілік және көзбен ұшырасудан кейін). Негізінен Креде-Матвеев әдісі қолданылады.
Конъюктива қаптарына азот қышқылды күмістің ертіндісін бір-бір тамшыдан тамызады.
Қыз балаларда осы ертіндінің 1-2 тамшысын сыртқы жыныс мүшесінің кілегей қабығына
да тамызады. Әдетте, бұл дәріні тамызғаннан кейін реактивитті конъюктивит байқалады,
сондықтан, қазіргі кезде 20 – 30 % альбуцид ертіндісі қолданылады.
Баланың жағдайын анықтаған соң, дәрігер мен акушер туа болған ақаулардың бар
жоғын тексереді (жоғарғы еріннің және таңдайының болмауы, көтеншектің бітелуі, Даун
ауруы және т.б.). Анықталған ақаулар баланың даму тарихына тіркеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   521   522   523   524   525   526   527   528   ...   1544




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет