Өте төмен салмақпен туылғандар – кез-келген гестациялық мерзімде, салмағы 1,5
килограммнан аз салмақпен туылғандар.
Экстремалды (төтенше) төмен салмақпен туылғандар (экстремалды шала туылған
нәресте) – кез-келген гестациялық мерзімде салмағы 1,0 килограммнан аз салмақпен
туылғандар.
«Гестациялық жасынан кіші» – құрсақішілік даму мен өсудің тежелуі, салмағының
туылу кезінде гестациялық жасына қарағанда төмен болу, яғни жүктіліктің мерзіміне
сәйкес салмағы 10% центилден төмен болып туылғандар. Қазіргі кезде бұл атау
«құрсақішілік дамудың кідірісі» деген түсінікпен ауыстырылған.