Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ЖАҢА ТУЫЛҒАН БАЛАНЫ ТЕКСЕРУ



Pdf көрінісі
бет529/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   525   526   527   528   529   530   531   532   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

2.2.1. ЖАҢА ТУЫЛҒАН БАЛАНЫ ТЕКСЕРУ
Жаңа туылған баланы педиатр-дәрігер, бірінші 2 сағаттың ішінде, босану бөлімінде
толық клиникалық тексеруден өткізеді. Тексеру үшін нәрестені шам сәулесімен, жарық
түсірген құндақтау столына жатқызады. Алдымен дәрігер анасының өмір тарихымен
танысады, анасының ауруларына ерекше назарын аударады (оның
жайы, жүктілік және
босану 
ерекшеліктері және т.б.). Сосын мәліметтердің сәйкестігін анықтайды. Баланың
білезігіндегі мәліметтерді даму тарихындағы мәліметтермен салыстырады. Осыдан кейін
дәрігер баланы тексеруге кіріседі. Бәрінен бұрын баланың жағдайы бағаланады, төмендегі
жазған белгілер арқылы мерзімінде туылғандығының дәрежесі, баланың жүйелерінің
аномалиялары анықталады. Содан кейін әртүрлі жүйелерін бірінен соң бірін арнайы
ретпен зерттейді.
Жаңа туылған баланың терісі тегіс, серпінді, ақшыл-қызыл немесе қызыл түсті
болады. Тіршілігінің бірінші сағаттарында аяқ-қолының терісі шамалы көгеріп тұрады.
Әрқашанда нәрестенің терісінің түсіне ерекше назар аудару қажет. Терінің бозаруы, қоңыр
түстес болып көгеруі, сарғаюы жаңа туылған баланың ауырғанын көрсетеді. Нәрестенің
терісінде, әсіресе, иық пен сан аймағында, түкті шаш болады. Май шығару бездері жақсы
дамыған: майы жиналып, тері бетіне шыға алмай, ақ түйіршіктер түрінде көрініп (милиа)
тұрады. Олар мұрын ұшында, екі бетінде, маңдайында, иегінде болуы мүмкін. Бірінші
айдың аяғында бұл түйіршіктер жойылып кетеді.
Ауыз қуысының кілегей қабаттары ақшыл-кызыл нәзік, қан тамырлары мол, шамалы
кұрғақтау болады. Олар оңай зақымдалуы мүмкін, сондықтан кілегей қабаттарды
тазартпайды. Мерзімінде туылған баланың тері асты шел майы жақсы дамыған. Тіндердің
тургоры жақсы. Басындағы шаштары көбіне қара, ұзындығы 2 см болып келеді, бірақ
жекелеген айырмашылықтары болуы мүмкін. Жаңа туылған балалардың көбісінде желке,
маңдай, жоғарғы қас аймақтарында әр түрлі пішінді қызыл дақтар болуы мүмкін. Бұл
телеангиоэктазиялар денедегі қан тамырларының жергілікті кеңеюі. Бұл дақтар тамыр
ісіктеріне ұқсайды, бірақ емсіз жойылып кетеді. Ешқашан ұлғаймайды. Көбіне баланың
бетінде, арқасында, көздерінің кілегей қабаттарында петехиялар байқалады. Себебі,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   525   526   527   528   529   530   531   532   ...   1544




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет