Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет6/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Балалар ауруханасы
– қарқынды (интенсивті) емдеуге немесе арнаулы көмекке, 
ұдайы төсекте жатып бақылануға мұқтаж 15 жасқа дейін балаларға арналған емдеу-
профилактикалық мекеме. Балалар ауруханаларының бірнеше түрлері бар. Профиліне 
байланысты, олар көп профильді және арнаулы болып, ұйымдастыру жүйесі бойынша – 
емханамен біріккен және бірікпеген болып, қызметінің мөлшеріне байланысты – керует 
санымен анықталатын, әртүрлі санатты болып бөлінеді. Сонымен қатар, әкімшілік бөліміне 
байланысты – аудандық, қалалық, клиникалық (егер осы ауруханаларда медицина жоғары 
орындарының кафедрасы немесе ғылыми зерттеу институты жұмыс істейтін болса), 
облыстық, республикалық ауруханалар болып бөлінеді. 
Ірі балалар ауруханаларында балалармен тәрбие жұмысын жүргізетін ұстаздық 
лауазымы қаралады. Әртүрлі шаруашылық және техникалық мамандықтар бойынша 
лауазымдар бөлінеді (аспаздар, инженерлер, слесарьлар, есепшілер және басқалар). 
Емдеу бөлімшелері қызметкерлерінің негізгі мақсаты – ауруларға дұрыс диагноз қою 
және емдеу. Емдеудің табысты болуы дәрігерлердің, орта және кіші буын медицина 
қызметкерлерінің адал жұмысына, сонымен қатар ауруханада емдеу-сақтау, санитарлық 
және эпидемияға қарсы күрес тәртібін сақтауына, көмекші бөлімдердің жөнге қойылған 
жұмысына байланысты. 


Аурухананың тәртібі дегенді ауру баланың белгіленген өмір сүру тәртібі деп түсіну 
керек. Бұл жағдай бірнеше түрлі әсерлерге байланысты. Оның ішінде ең маңыздысы – 
толық жарамды ем жасау. Сонымен қатар, жаңа ортаға психологиялық үйренуге тиісті 
жағдай жасау. Емдеу-сақтау режиміне толық жақсы жағдай жасау үшін психотерапиялық 
тәрбиелеу шаралары қоса істеліп отыруы керек. Ұйқы және демалыс тәртібін сақтауға 
қатал талап қойылады. Жайдағы жиһаздар (мебель, гүлдер, телевизор, телефон және т.б.) 
соңғы талаптарға сәйкес болуы ықтимал. 
Күн тәртібі емдеу бөлімшелерінің профиліне қарамастан, төмендегі элементтерді 
сақтауы керек: ертеңгі ояту, дене қызуларын өлшеу, дәрігерлердің белгілеген емдерін 
қабылдау, дәрігерлердің аралауы, емдік-диагностикалық процедуралар, тамақ ішу, демалыс 
және қыдыру, баланың ата-аналарының қатынасуы, жайды жинау, ауа тазарту, ұйықтау. 
Санитарлық-эпидемияға қарсы күрес шараларының маңызы зор. 
Балалар бөлімшесі жекелеген әрқайсысы 30 керуеттен тұратын палата секциялары-
нан тұрады, ал бір жасқа дейінгі балалар үшін 24 керуеттен тұрады. Бөлмелер секциясы 
бірінен-бірі өтетін болмауы керек. Қабырғаларында немесе қалқаларында шыныланған 
ойық болуы керек. Бір жасқа дейінгі балалар үшін боксты немесе жартылай боксталған 
палаталар қарастырылады. Әрбір боксте 1-ден 4-ке дейін керуеттен орналасқан болуы 
ықтимал. Бір жастан үлкен балаларға арналған палаталарда 4 керуеттен аспауы керек. 
Жұмыс жасауға ыңғайлы болу үшін бірнеше палатадан мейірбикелік бекет (пост) 
құрылады. 
Бокстар мен бөлек секциялар жүйесі – кенеттен пайда болған жұқпалы аурулардың 
алдын алуға көмектеседі. Бұндай жағдайға науқастар аурудың белгісі әлі білінбей тұрғанда, 
инкубациялық (жасырын) кезеңде душар болады. Балалар ауруханаларының – емдеу 
бөлімшелерінің санының, олардың аудан мөлшерінің, өзіндік санының нормалары 
дайындалып бекітілген. Аналарға арналған жайларды емдеу бөлімшелерінен бөлектеу, 
бірақ бір жасқа дейінгі арналған палатаға жақын жерге орналастырған жөн. 
Бөлімшелердің палаталарын жабдықтау және құралдандыру, олардың профиліне, 
медицина қызметкерлерінің жұмыс ерекшеліктеріне және қызметкерлердің өз міндеттерін 
орындауға қолайлы жағдай жасау қажеттігіне байланысты. 
Балалар бөлімшелерінің жұмыс ерекшеліктері ауру балаларды барынша бөлектеу 
және жекелеу (изоляциялау), үнемі аурухана ішінде аурудың жұғуының алдын алуға 
бағышталған жұмыс жүргізіп отыру керек. Ол үшін палаталарда әртүрлі керме бокстар 
қолданылады. Жайлар және құрал-жабдықтар мезгіл-мезгіл дезинфекцияланып (сүртіліп) 
тұрады. Қызметкерлер мен келушілер бөлменің санитарлық-гигиеналық тәртібін сақтауға 
міндетті. 
Жаңа туған нәрестелерге арналған палаталарда керуеттен басқа құндақтайтын стөл, 
таразы, балалар ваннасы орналастырылады. Орталықтандырылған оттегі, ыссы және 
салқын су жүйесімен, міндетті түрде бактерия жоятын шаммен жабдықталған болуы керек. 
Құндақтайтын стөл орнына қайырмасы бар жеке керует қолдануға болады. 
Емшек жасындағы балаларды палатаға ауруларының түріне және хал-жағдайларының 
ауырлығына байланысты орналастырады. Палаталарды аурулармен толтыру жүйелілікпен 
жүргізілу керек. Нәрестелермен шала туған нәрестелерді бөлек орналастырады. Өкпесі 
қабынған, іріңдеген және сепсис ауруына шалдыққан нәрестелер болса, жеке палата (бокс) 
бөлінеді. Бір палатаға тек жұқпалы емес ауруларға шалдыққан балаларды ғана 
орналастыруға болады. 
Жаңа туған нәрестелермен, оның ішінде шала туған балалармен тек қана санитарлық 
тәртіпті қатал сақтайтын (аяқ киімін ауыстырып киіп, таза халат, маска киген және т. б.) 
медициналық қызметкерлер жұмыс жасайды. Қажет болғанда, анасы өз баласына күтім 
жасауға қатысады. 
Соңғы уақытта кейбір перзентханаларда босанған соң ана мен баланың бір бөлмеде 
болуын қамтамасыз ету принципі іске асырылып жатыр. 


Баланы ауруханадан жазылғасын, хал-жағдайы толық жақсарғасын немесе басқа 
емдеу-профилакториясына ауыстырғанда шығарады. Баланың ауруханадан шығуы туралы 
ата-анасына және балалар емханасына хабарланады. Шығар алдында ауру тарихының 
қысқаша көшірмесі (эпикриз) дайындалады. 
ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ АУРУ БАЛАЛАР БӨЛІМШЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫС 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Орта буын медицина қызметкерлерінің жұмыс орны өзі жұмыс істейтін палаталардың 
қасына орналасуы керек. Ауру балаға керек жарақтың барлығы постыда болуы тиіс. Посты 
палаталар арасында, коридорда ұйымдастырылады. Постыда дәрі-дәрмек, құрал-саймандар 
сақталатын шкаф болады. Ауру тарихын сақтайтын жәшікшелер, стол үстінде электр шамы 
мен телефон болуы қажет. 
Балалар бөлімшесінің бокстары. Бокстың негізгі міндеті жұқпалы ауруларды және 
ауруханада жұқпалы аурудың тарауының алдын алу үшін, жұқпалы ауру туралы күдік 
пайда болғанда, балаларды оңашалау (изоляциялау). Бокстар ашық және жабық (жартылай 
бокс) болып бөлінеді. Ашық бокстарда аурулар керуеттердің арасына орналастырылған 
қалқанмен бөлінеді. Ашық бокстарда оңашалау толық жетілдірілмеген, сондықтан ол 
сілекей жұқпалы аурулардың тарауынан толық қорғай алмайды. Жабық бокстар палатының 
төбеге дейін жететін шыныланған қалқамен бөлінген есігі бар бөлігі. Әр бокста табиғи 
жарық көзі, дәретхана, балаларға қызмет көрсетуге керекті медициналық және тұрмыстық 
бұйымдардың жиынтығы болуы керек. Бұндай оңашалаудың кемшілігі бокстардың 
бөлімшенің жалпы дәлізіне ашылатыны. 
Жабық, жеке Мельцерлік бокстар соңғы заманға сәйкес ең қолайлы оңашалауға 
мүмкіндік береді. (Мельцер боксы 1906 жылы қолдануға ұсынған Петербургтік инженер 3. 
Ф. Мельцердің атымен аталған). Мельцер боксының конструкциясы бұндағы аурулардың 
барлық емдеу уақытында басқа аурулармен ұшыраспауын толық қамтамасыз етеді. Науқас 
бала өзіне арналған боксқа бірден көшеге (сыртқа) ашылатын есіктен кіреді, ал егер басқа 
ауруханаға ауыстыру немесе ауруханадан шығару керек болса, сол есіктен қайта шығады. 
Жаңа ауруды бұл Мельцер боксында ылғалды мұқият жасалған дезинфекциядан кейін ғана 
жібереді. 
Әрбір дербес бокс әдетте төмендегі жайлардан тұрады: Бокстық ауыз үй (тамбурлы 
дәліз); палата немесе байқау бөлмесі (бұл жерде бала барлық даралау уақыт бойы болады); 
ыссы және салқын су жүйесі, раковинасы және унитазы; қызметкерлерге арналған шлюз. 
Науқастарға бокстан ішкі дәлізге шығуға қатаң тиым салынады. Медицина 
қызметкерлері шлюзге ішкі дәлізден кіреді де, сыртқы есігін тығыздап жабады, қолын 
жуады, қажет болса екінші халат, бас киім киеді, содан кейін ғана бала жатқан жайға кіреді. 
Шығарда осы қимыл керісінше жүйелі түрде орындалады. Жұқпалы аурудың таралуының 
алдын алу үшін, дәлізден кіретін шлюздің есігін ашқанда, шлюзден бала жатқан жайға 
кіретін есік тығыз жабық болуын қадағалау керек. Тағамдар ауруға сол үшін жасалған 
терезе арқылы беріледі. 
Егер бокста жел шешекпен (қарамықпен) ауыратын бала жатса, оңашалау өте қатал 
сақталуы керек. Ішкі шлюздің бөлімше дәлізіне ашылатын есігін тас қылып бітеп, әйнегін 
қағазбен жапсырып тастайды. Қызметкерлер көшедегі есік арқылы қатысады. 
Балалар емханасы (поликлиникасы). Балалар емханасы – ауруханадан тыс қызмет 
көрсететін, 15 жасқа дейінгі балаларға профилактикалық көмек көрсетуді ұйымдастыратын 
емдеу-профилактикалық мекеме. 
Емханада балаларды балалар дәрігерлері (педиатрлар) және басқа маман дәрігерлер 
қабылдайды. Сонымен қатар, емханада лабораториялық, рентген және басқа түрлі 
тексерулер жүргізіледі. Алғашқы ауырған балаларға, оның ішінде әсіресе, қызуы жоғары 
және жұқпалы ауру екендігіне күдік бар ауруларды емхананың дәрігерлері мен орта буын 
қызметкерлері медициналық көмекпен үйінде қамтамасыз етеді. Жазылғасын немесе хал-


жағдайы жақсарғасын, балалар дәрігерге емханаға келіп көрінеді. Сонымен қатар, емханада 
сау балалар тұрақты бақылауға алынады. Дәрігерлер мен мейірбикелер сау балаларды бір 
жасқа дейін ай сайын, содан кейін үш айда бір рет, ал үш жастан асқасын – жылына бір рет 
тексеруден өткізеді. Бұндай бақылаудың негізгі мақсаты – аурудың алдын алу болып 
табылады. Дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлері ата-аналарға балаларды 
тәрбиелеу, тамақтандыру және күтім жасау мәселелері жөнінде кеңес береді. 
Ал, барлық балалар диспансерлік есепте тұрады да, жүйелі түрде педиатрлармен және 
басқа маман дәрігерлермен тексеріліп тұрады. Көптеген балалар ауруханаларында 
орталандырылған тәулік бойы көрсетілетін жедел көмек жұмыстары ұйымдастырылған. 
Балалар поликлиникасында (емханасында) негізгі педиатриялық бөлімшелер, 
мамандандырылған кабинеттер, яғни, құлақ, тамақ, мұрын ауруларының маманы 
(оториноларинголог), офтальмолог (көз ауруларының маманы), невропатолог (нерв 
жүйелерінің ауруларының маманы), ортопед (дене мүшелерінің кемтігін емдейтін маман), 
травматолог (сынықтарды емдейтін маман), хирург (хирургиялық ауруларды емдейтін 
маман), стоматолог (ауыз қуысының ауруларын емдейтін маман), кардиолог (жүрек 
ауруларының маманы), эндокринолог (ішкі секреция бездері ауруларының маманы) және т

б. қызмет істейді. Сонымен қатар, диагностикалық кабинеттер, физиотерапиялық және 
емдік дене тәрбиесі кабинеттері, емшек сүтін жинақтау бекеті болуға тиісті. 
Әрбір емханада алдын ала егу, емдік егу және басқа емдеу шаралары орындалатын 
процедуралық кабинет жұмыс істейді. 
Емханада жүргізілетін негізгі іс қағаздары «Балалардың даму тарихы» болып 
табылады. Тарихтар тіркеу бөлімінде (регистратурада) сақталады (қазіргі уақытта 
балалардың даму тарихы ата-аналарына таратып беріледі). Балаларды қабылдауды дұрыс 
ұйымдастыру осы бөлімнің жұмысына байланысты. Тіркеу бөліміне жұмыс істеуге және 
есеп-статистикалық жұмыс жүргізу үшін кіші және орта буын медицина қызметкерлері 
қатыстырылады. 
Балалар емханасында кең түрде санитарлық ағарту жұмысы жүргізіледі. Ата-аналарға 
аурулардың алдын алудың ережелерін үйретеді. Жас нәрестелерді бақылауға (патронажға) 
шын ілтипатпен көңіл бөлінеді. Бұл жұмыстарға дәрігерлер және орта медицина 
қызметкерлері үлкен белсенділікпен қатынасады. Егу күнтізбегіне сәйкес егу жұмыстарын 
жүргізеді. 
Соңғы 
кезде 
қалаларда 
КЕҢЕСТІК-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ 
ЕМХАНАЛАР 
ұйымдастырылып, олардың құрамында педитриялық, терапиялық, акушерлік және басқа 
бөлімшелер қарастырылған. Бұл мекеме болашақта отбасылық медициналық көмек көрсету 
жүйесіне аусудың басы болса керек. 
ДИСПАНСЕР. Әртүрлі топтағы аурулармен ауыратын науқастарды алдын ала (ерте) 
айқындауды, оларды тіркеп және есепке алуды, диагнозын анықтау үшін тексеруді, 
мамандандырылған көмек көрсетуді, олардың денсаулығын белсенді арнайы жүйемен 
бақылауды, аурулардың алдын алудың керекті шараларын дайындап және оларды іске 
асыруды ұйымдастыруға арналған емдеу-профилактикалық мекеме. Балаларға диспансер-
дің балалар бөлімшелерінде қажетті көмек көрсетіледі. Денсаулық сақтау мекемелерінің 
номенклатурасы бойынша диспансерлердің төмендегідей түрлері болады. Туберкулезге 
қарсы күресу, онкологиялық, психоневрологиялық, емдеу дене тәрбиелік және басқалар. 
Осыған ұқсас қызметтерді балалар ауруханасында әдейі бөлінген мамандандырылған 
орталықтарда 
атқара 
алады: 
кардиоревматологиялық, 
гастроэнтерологиялық, 
пульмонологиялық, генетикалық, гематологиялық және басқалар. Бұл мекемелердің 
жұмысында, ауруларды есепке алатын, іс қағаздарын жүргізетін, дәрігерге ауру қабылдауға 
көмектесетін, ауруларды үйлерінде бақылау жүргізетін, санитарлық ағарту жұмыстарын 
жүргізетін орта буын медицина қызметкерлерінің еңбектерінің маңызы зор. 
БАЛАЛАР САНАТОРИЯСЫ. Ауру балаларға емдеу мен реабилитациялық және 
жалпы сауықтыру шараларында көбінесе табиғаттың физикалық әсерлерін, емдік тағамдар, 
емдік дене тәрбиесімен және физиотерапиялық тәсілдерін тиісті емдеу, еңбек (мектепте 


оқу) және демалыс тәртіптерін сақтай отырып, пайдаланылатын емдеу-алдын-алу 
стационарлық мекеме. Соңғы мерзімде санаторий және курорттың қызметтерінің маңызы 
ұлғайып келеді. 
Балалар санаториясы мамандандырылған курорттық зоналарда ұйымдастырылады. 
Сонымен қатар, жергілікті санаторийлар (олар қаланың сыртында, жақсы микроклиматы 
бар жерлерде орналастырылады) болыпта бөлінеді. Балалардың ата-аналарымен бірге 
емделуін және демалуын ұйымдастыруға да үлкен көңіл бөлінеді. Бұндай жағдайларда 
балаларды емдеу ана мен балаға арналған санаторийлар мен пансионаттарда, мектептегі 
демалыс уақытында әдейі ана мен балаға арналған бөлімдер ұйымдастырылып, санаторий-
профилакторияда жүргізілетін емдеу және демалыс шараларына үлкен көңіл бөлінеді. 
БАЛАЛАР ҮЙІ. Жетім балаларды, сонымен қатар тастап кеткен және дене 
құрылысының немесе психикалық жетілуіне зақым келген балаларды асырап күтуге, 
тәрбиелеуге және медициналық көмек көрсетуге арналған мекеме.
БӨБЕКТЕР ҮЙІ – 3 жасқа дейінгі тастамды немесе ата – қамқорлығысыз қалған 
балалар тәрбиеленетін денсаулық сақтау мекемесі. Олардың қуаты 30–100 керуеттен артық 
болмауы керек. Жастарына байланысты – емшек жасындағы балалар, кішкене, орташа 
және үлкен топтар болып бөлінеді. Бөбектер үйінен ата-анасы балаларды алып кеткенде, 
басқа балалар асырап алғанда шығарылады. Олар 3–4 жасқа толғанда халыққа білім беру 
министрлігінің немесе саяси қамсыздандыру министрлігінің (жарымжан балалар үшін) 
балалар мекемесіне ауыстырылады. 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР МЕКЕМЕЛЕРІ. Олар арналу бағытына байланысты 
бірнеше түрге бөлінеді. 
БӨБЕКТЕР БАҚШАСЫ: 3 жасқа дейін балаларды тәрбиелеу үшін ұйымдастырылған. 
БАЛАЛАР БАҚШАСЫ: 3 жастан 6–7 жасқа дейінгі балаларды мектепке оқуға 
барғанша тәрбиелеуге бағышталған мекеме. 1959 жылдан бастап мектепке дейінгі балалар 
мекемелерінің біріккен түрлері.
ЯСЛИ-САДТАР ұйымдастырылады. Бұл мекемеде балалар мектепке дейінгі шақта 
тәрбиеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   495




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет