Balbal kz мотивациялық сайты пікірсайыс түрлері, тарихы және маңыздылығы туралы материал дайындады



бет16/24
Дата21.02.2022
өлшемі47,22 Kb.
#132725
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
Байланысты:
Microsoft Word Document
Карл Поппер пікірсайыстар форматы, МОМ База для студентов (без ответов), Электронды кітап, Адаптивті спорт түрлеріне допинг-бақылау және допингке қарсылықты қолдау

Аргумент түрлері


Ендігі кезекте аргументтердің түрлерін анықтап алайық.
Сіздің кейсіңіз осы сұрақтардың басым көпшілігіне жауап беруі тиіс. Себебі, төрешілер осы сұрақтарға қалай жауап бергеніңізге қарап, кейсіңізді бағалайтын болады. Мысалы, “БП Қазақстанда үлкен футболға экономикалық өзгеріс керек д.е.” деген резолюция бойынша;
Спикер:
Қазақстан Премьер-Лигасы құрамындағы 12 футбол клубтарына жергілікті бюджетерден бөлінетін қаржы, жалпы спорт секторына бөлінетін қаржының 40-50% құрайды. Егер мемелекет бүгін Қазақстандағы кәсіпқой футболға бөлінетін қаржыны азайтып, жеке меншік қолына беретін болса, үнемделген қаражатты жергілікті спорттың басқа түрлерінің, балалар мен жасөспірімдер футболының, аула спортының дамуы үшін жұмсай алатын болады.
Төрешінің ойы:
Спорттың басқа түрлерін дамыту— жақсы ұсынысы. Бірақ, бұл шешім кәсіби клубтардың өзіне қалай әсер ететін болады?
Спикер Премьер-Лига клубтарын жеке меншік қолына берудің Салдары туралы жақсы аргумент ұсынған болатын. Бірақ бұнда өзгерестің кәсіби футболға әсірін, іс-әрекет жоспарын ұсынған жоқ. 
Спикер:
Әлбетте, нарықтық экономиканың бəсекесіне төтеп бере алмайтын футбол клубтары жабылуы мүмкін. Бірақ, елдегі футболдың дамуы үшін футбол клубтарының саны емес, сапасы керек. Ал бұл сапаны жеке меншік клубтың иесі ғана қамтамасыз ете алады. Себебі, бүгінгі капиталистік әлемде, клуб иесінің басты мақсаты клуб жанкүйерлерінің санын арттыру мен коммерциялық серіктестерді тарту болады. Жеке меншік клубтың топ-менеджері өзінің қолы астында білікті, әрі жақсы нәтиже көрсететін қызметкерлердің жұмыс істейтінін қадағалайтын болады.
Ал табыс көзі мемлекет бюджеті болатын клубтардың басты мақсаты- ақша табу емес, бөлінген бюджетті “игеру”. Тұрақты бір бюджеті бар клубтың дамуға деген экономикалық мотивациясы да төмен болатыны анық.
Қазақстан Премьер-Лигасы құрамындағы 12 футбол командаға жергілікті бюджетерден бөлінетін қаржы, жалпы спорт секторына бөлінетін қаржының 40-50% құрайды. Егер мемелекет бүгін Қазақстандағы кәсіпқой футболға бөлінетін қаржыны азайтып, жеке меншік қолына беретін болса, қаражатты жергілікті спорттың басқа түрлерінің, балалар мен жасөспірімдер футболының, аула спортының дамуы үшін бөле алатын болады.
Ендігі сөзінде Спикер бұл заң жобасы бойынша Салдары туралы аргумент ұсынып қана қоймай, “Нарықтық экономикадағы бəсеке Қазақстан футболын дамытады” деген Стратегиялық аргумент те ұсынды.
Барлығын бірден оқығаннан кейін бұл екі аргумент бірінен соң бірі жалғасатын сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ, әлі де болса, бұл аргументация әлсіз болып есептеледі. Себебі, аргументтер жүйелі түрде құрылмаған, әрі олардың дәлелдеме бөлімі жоқ. Қазір, сіздерге осы тақырып бойынша Ашушы Үкіметтің кейсін ұсынатын боламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет