«Балдәурен» (5-6жас) Мектепалды тобы Ата – аналармен өткізілетін жылдық жұмыс жоспары


- табиғи -  тастар, тұқымдар, жапырақтар, таяқшалар, қабықтар;  - тұрмыстық –



Pdf көрінісі
бет25/31
Дата25.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#159854
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31
Байланысты:
Ата аналар жылдык жоспар балдәурен-1

- табиғи - 
тастар, тұқымдар, жапырақтар, таяқшалар, қабықтар;
 - тұрмыстық – 
түрлі 
ыдыстар, пластикалық бөтелкелер, банкалар, тамаққа қосылатын бояулар, ағаш және темір 
қалдықтар, әжетхана қағазы, газеттер, пенопластар, картон қораптар, бөтелке қақпақтары, 
шегелер, шуруптар, мата қиықтары, азық-түлік қораптары, қаптайтын материалдар, 
журналдар, календарлар, үй бұйымдарының сынықтары.
 - жұмыстан немесе дүкеннен 
әкелінген материалдар -
еденге төсегіштің қалдықтары, оқшауланған сымдар, ағаш 
сынықтары, ағаш үгінділері, пайдаланылған принтерге арналған қағаздар, қажетсіз деп 
тасталған әртүрлі заттар. Барлық жиналған материалдарды жүйелеп жазып, реттеп, қажет 
уақытында алуға ыңғайлы жерге сақтау керек.
«Денсаулық», 
«Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» бес білім салаларына 
байланысты балалардың жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылған оқу қызметі педагог-
тәрбиешінің шығармашылық ізденісі арқылы, педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда 
педагогтар жаңашыл тәсілдерді пайдалануы жақсы нәтижелер көрсетуде. 
Қорытынды
Бүгінде балабақша жалпыға міндетті үш қадам бойынша жұмыс жасап келеді. «Тәй-Тәй» 
технологиясы енгізіліп,ондағы орталықтар бойынша балалар зерттеу бағытында,еркін 
ойнауға,өз ойын ашық білдіруге мүмкіндіктер жасау. Жалпы алғанда «Тәй-Тәй» 
технологиясы баланы жан-жақты дамыту және ата-анамен тығыз байланыс орнату секілді 
екі бағытта жұмыс жасайды. Ең негізгісі ата-аналардың оқыту процесіне еркін 
қатысуларына жағдай жасалады. 
«Тәй-тәй» технологиясы бойынша жұмыс істейтін біздер үшін адам болу дегеніміз – бала 
тәрбиелеуде қайталанбайтын жеке қабілеттің, өзіндік көзқарасының, қызығушылық 
мүмкіндігінің болуы.
Балабақшадағы оқу ісіне қойылатын бүгінгі заман талабы – өзіндік ой – тұжырымы бар, 
логикалық ойлау қабілеті дамыған, өз көзқарасы мен пікірін ашық айта алатын, ақпараттар 
ағымынан қажетін іріктеп ала білетін, қоғамдық ортаға икемді, өз жолын дұрыс таңдай 
алатын жас ұрпақ тәрбиелеу, ендеше бұл міндетті жүзеге асыруда барлық оқу пәндерінің 
қосар үлесі аз болмауға тиіс. 
Оқу үрдісіндегі таным әрекеті оқу, үйрену арқылы жүзеге асады. Бала белгісізден 
белгіліге, білімсіздіктен білімділікке, таным жүйесіне талпынады. Таным әрекетінің 
оқушының жалпы дамуы және жеке тұлғаның қалыптасуы үшін маңызы зор. Таным 
әрекетінің ой – сана үрдісінің бәрі дамиды. Білімді меңгеру үшін, тек оларды есте сақтап 
қалу емес, салыстыру, жүйелеу, анықтау, жалпылау, талдау сияқты жұмыстар жүргізілу 
керек. 
Тілді оқытудың, оның ішінде ана тілін оқытудың көптеген ерекшеліктері бар. Оны танып 
– білуіміз әлі де жеткіліксіз болып жатыр. 
Сондықтан қазіргі қойылып отырған басты міндет – дамыта отырып оқыту, баланы 
қабілетіне қарай мүмкін және міндетті деңгей көлемінде білім алуына жағдай жасау. 
Ал, мектепке дейінгі балаларға білім беру қарапайымнан күрделіге қарай сатыланған білім 
беру жүйесінде жүргізіледі. 
Білім: құндылық, жүйе, үрдіс арқылы берілсе ғана сапа болады. 
Ал, нәтижеге жету үшін, оқыту мен оқу процесі қатар жүруі керек. Оқу процесімен ғана 
сапаға жетеміз. Сапа арқылы ғана мұғалімнің де, баланың да рейтингісі шығады. Бәсекеге 
қабілеттілік білім, жаттанды біліммен ғана шектелмей, оның өмірде пайдалы жағын, 
баланың таным қабілетін оятатын жағын беру қажет. 
Білім беруде бес білім беру саласының байланысын әрдайым назарға алып отыру 
қажет.Жоғарыда айтылғанды қорытындылай келе, педагогикалық ұжым атқарған 
жұмыстардың іске асып жатқанын көреміз. Мектепке дейінгі балалардың дамуы мен 
тәрбиесіне, оқытуына жағдай жасауда «Тәй-тәй» технологиясының тиімділігін алынған 


нәтижелер дәлелдейді. «Тәй-тәй» технологиясы педагогикалық ұжымға оқытудың жеке 
тұлғаға бағыттау қағидаттарын арқау етуге мүмкіндік жасады. Мұндай оқыту жеке 
тұлғаның білімін, зейінін, қабілетін және негізгі бақылау міндеттемесін, өз бетінше жұмыс 
істеу қабілеттілігін, белсенділігін, біліктілігін, тілдік, әлеуметтік еркіндігін, мінез-құлқын, 
өздік ойлау қабілетін және өзін-өзі бағалауының қалыптасуына мүмкіншілік жасайды. 
Бақшада балалардың әр күнін мазмұнды әрі жайлы, қуанышты өткізуге мүмкіндіктері 
бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет