Балқытып қаптастыру


тақырып Металдың бетін газ жалынымен құйып қалпына келтіру



бет3/24
Дата07.07.2020
өлшемі0,63 Mb.
#74931
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Документ Microsoft Word (3)
Документ Microsoft Word, Документ Microsoft Word (3), Документ Microsoft Word, Документ Microsoft Word, Документ Microsoft Word
6 тақырып Металдың бетін газ жалынымен құйып қалпына келтіру

 

Дәріс жоспары:



1.     Оттекті-флюстік кесу үшін темір ұнтақтары;

2.     Артүрлі металлдарды кесу үшін флюстердің құрамы.

 

Жоғары өңделген хромдық, хромникельді болаттар, шойын және түсті металдар қарапайым оттекті кесу әдісімен кесуге болмайды, өйткені олар кесудің басты шарттарын қанағаттандырмайды.



Хромды және хромникельді тоттанбайтын болаттарды кесу беттерінде хромның еру температурасы шамамен 20000С әлсіз еритін қышқылдары пайда болады, олар кесу процесінің қалыпты жүруіне кедергі жасайды. Сондықтан бұл болаттарды оттекті  кесу ерекше әдістерді қолдануды талап етеді.

Шойын құрамындағы кремний әлсіз еритін кремний қышқылын тудырады, ол сонымен қоса кесуге кедергі жасайды.

Түсті металдардың (мыс, алюминий, жез, қола) үлкен жылу өткізгіштігі бар, олардан әлсіз еритін қышқылдар пайда болады, сонымен қоса еріген темір шлакка айналып және оның қышқылы хром қышқылының сұйылуына себепкер болады.

Бұл әдіс арқылы тоттанбайтын қалыңдығы 20 мм болатты кесуге болады, бірақ бұл кезде кесу ені ұзын, ал жылдамдығы аз болады. Хромдық, хромникельді тоттанбайтын болат, шойын және түсті металдарды кесу үшін оттекті-флюсті кесу әдісін пайдаланады. Оттекті-флюсті кесу әдісінің мәні кесетін оттекпен бірге, кесуге ұнтақтектес флюс қосылады, ол жану кезінде қосымша жылу бөліп, кесілген аумақтың температурасы артады.

Сонымен қатар флюстің жану өнімдері әлсіз еритін қышқылдармен әсерлесіп сұйық аққышты шлактар пайда болады, олар процеске кедергі жасамай кесетін аумақтан оңай жойылады.Металды оттекті-флюстік кесу кезіндегі темір ұнтағы, ұнтақтектес флюстің негізгі құраушысы болып табылады. Темір ұнтағы жану кезінде үлкен көлемде жылу бөледі (1800 калл/кг шамасында).

Темір ұнтағын таңдағанда кесу процесі оның химиялық құрамы мен грануляциясына тәуелді екенін ескеру керек. Құрамында 0,4 %  дейін көміртегі, 0,6 % дейін оттегі бар ұнтақты пайдаланғанда тоттанбайтын болатты кесу процесі тұрақты өтеді.

Ұнтақтың құрамындағы көміртегі мен оттегінің мөлшерін әрі қарай арттыру ұнтақ шығыны мен кесу бетінің сапасының төмендеуіне әсер етеді. Оттекті-флюстік кесу кезінде қолданатын темір ұнтағының химиялық құрамы МЕСТ 9849-74 бойынша, 6.1 - кестеде көрсетілген.

Тоттанбайтын болатты кесу кезінде ұнтақтың құрамындағы оттегінің мөлшері 6% аспауы керек. Ұнтақтағы оттегі қышқыл ретінде қатысады, олар кесу процесін баяулатады, өйткені олардың қызуына қосымша жылуды талап етеді.

Темір ұнтақтарының грануляциясын таңдаудағы негізгі критерийлері оның ең жақсы тасымалдануы мен шығынды реттеуі.  Оттекті-флюстік кесуде ең жақсы нәтижені бөлшек өлшемдері 0,07-0,16 мм темір ұнтақтар беретіні тәжірибелер арқылы дәлелденген. Сонымен қоса жақсы нәтижені тоттанбайтын хромникельді болатты кесу кезінде темір ұнтаққа 10-15% алюминий ұнтағын қосу тәжірибе арқылы дәлелденген. Темір мен алюминий ұнтақтарының араласуы сұйық аққышты шлак береді, оның еру температурасы 13000С –дан аспайды. Тоттанбайтын болаттарды кесуге АПВ маркалы алюминий ұнтағы қолданылады.

 

6.1 – кесте – Оттекті-флюстік кесу үшін темір ұнтақтарының химиялық құрамы



Темір ұнтақтарының маркасы

Элементтер құрамы, %

Темір, кем емес

Көмір-

тегі


кремний

марганец

күкірт

фосфор

оттегі

артық емес

ПЖ1

ПЖ2


ПЖ3

ПЖ4


ПЖ5

ПЖ6


98,8

98,8


98,5

98,0


97,0

96,0


0,03

0,03


0,08

0,12


0,10

0,25


0,10

0,10


0,15

0,25


0,25

0,45


0,10

0,30


0,40

0,50


0,60

0,70


0,020

0,020


0,020

0,030


0,030

0,050


0,020

0,020


0,020

0,030


0,030

0,050


0,20

0,20


0,50

1,0


2,0

-


 

Тоттанбайтын болаттарды үстіртін немесе бөліктеп кесу үшін флюс қоспасы ретінде алюминий-магнийлік ұнтақты ферросиликациясымен немесе силикокальцияны қолданады. Флюс қоспасындағы алюминий-магнийлік ұнтақ оттектің ағынында жанғанда жалынның температурасын арттырады, ал ферросилиций мен силикокальций флюстелетін қоспа ретінде хром қышқылына әсер етеді.

Флюстың құрамы: темір, алюминий ұнтақтары, ферросиликация және силикокальций 6.2 кестеде көрсетілген.

 

6.2 – кесте – Тоттанбайтын болаттарды кесу үшін флюстердің құрамы



Кесу түрлері

салмағы бойынша % құрамы

темір ұнтағы

алюминий

ұнтағы


алюминий-марганецтік ұнтақ

силико-кальция

Ферроси

лиций


Бөліктеп

100

80-90


-

20-10


-

60-80


-

-


-

40-20


Үстіртін

100

-


-

-


-

25-30


-

75-70


-

-


 

Шойынды кесу үшін флюстің құрамында темір және алюминий ұнтағы, кварц құмы мен феррофосфор кіреді. Оттекті-флюстік кесу кезіндегі флюстің құрамы 6.3 - кестеде көрсетілген.

 

6.3 - кесте– Шойынды кесу үшін флюстардың құрамы



Кесу түрлері

салмағы бойынша % құрамы

темір ұнтағы

алюминий

ұнтағы


доменді феррофосфор

кварцтік құм

Бөліктейтін

65-75

-

35-25

-

сондай

65-75

10-5

-

25-20

 

  Түсті металдар мен  балқымалар, флюсті қолдану арқылы, оттекті-флюстік кесуге ғана ұшырайды, олардың құрамы 6.4 - кестеде көрсетілген.

 

6.4 - кесте– Түсті металдарды кесу үшін флюстардың құрамы



Кесу түрлері

салмағы бойынша % құрамы

темір ұнтағы

алюминий

ұнтағы


феррофосфор

кварцтік құм

Мысты кесу

70-80

30-20

-

-

Жез бен қоланы кесу

70-80

10-5

-

20-15

сондай

65-75

20-15

15-10

-

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет