Банк туралы түсінік, оның түрлері, қызметтері



бет2/3
Дата20.09.2022
өлшемі18,58 Kb.
#150033
түріДиплом
1   2   3
Байланысты:
конспект
ТҚН , 7 апта Әл-Фараби, Химия 10 класс 1 вариант docx, Сакенова Жанбота , сценарий на день республики
Глоссарий
Аккредитив – тұлғаның атына жазылған, сонда көрсетілген соманы банктен алуға тұлғаның құқығын куәландыратын атаулы ақшалай құжат.
Аудитор – кәсіпорынның қаржылай шаруашылық қызметін тексеретін сенімді тұлға, арнайы лицензиясы бар маман.
Баға – өнімнің, бұйымның, тауардың, жұмыстардың, қызметтердің
ақшалай құны. Баға өндірістік шығынға, істелген еңбек мөлшеріне, орташа пайданың сомасына, сұраныс пен ұсынысқа, басқа да факторларға байланысты қалыптасады.
Банк депозиті – банкке ақшаның немесе басқа валютаның эквивалентті мөлшерінің күні бұрын төленуін егізінде немесе кредит берушінің есебінен банктен белгілі бір ақша сомасын алу құқын беретін салым.
Банктік қызмет – банк жүргізетін несие операциялары.
Брокер – басқа адамдардың атынан тауарларды, ақша номиналдарын немесе акцияларды сатып алатын және сататын адам.
Депозит – заңды немесе жеке тұлғалардың банктер мен басқа да мекемелерге белгілі бір мерзімге салған салымдары.
Дилер – биржада делдалдық операциялар жүргізетін жеке және заңды тұлға.
Құн – тауардың бағасы немесе тауарларды, негізгі құрал-жабдықты сатып алуға, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге, игіліктерді сатып алуға жұмсалатын ақшалай шығын.
Маркетинг – сауда қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі. Ол табыс табу мақсатымен нарықта тауарлардың жылжытылуын және өткізілуін тездетуге бағытталады.
Маркетингтің мәні – экономиканы, жарнаманы, инженерлік істі, психологияны, жоспарлауды, болжауды оңтайлы ұштастыру, яғни тауарларды өндіру мен өткізу туралы ғылым.
Маркетингтік ақпарат – нарық билеген елде экономиканы ілгері жылжытудың басты тетігі, көзі, яғни маркетингтік ақпарат бағыт-бағдар беретін компас сияқты.
Менеджер – өндіріс және тауарлар айналымы процестерін басқару жөніндегі маман. Менеджерлер – фирманың штаттық қызметкері, фирманың менеджментінің өкілі болып табылатын орташа және жоғары басшылық құрамының лауазымды адамдары.
Менеджмент – өндірісті басқару, принциптерінің әдіс-тәсілдерінің және құралдарының жиынтығы. Ол өндірістің тиімділігін арттырып, тұрақты табыс алу мақсатымен құрылатын экономикалық саясат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет