БаоөЖ №11 Тақырыбы: Эрозияның пайда болу себептері мен заңдылықтары Топырақты эрозиядан қорғау, оның туындау себептері Мақсаты


Топырақты эрозиядан қорғау жұмыстарын алдын алу



бет7/8
Дата07.02.2022
өлшемі266,44 Kb.
#94934
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
БАОӨЖ.1,2
Документ Microsoft Word (5)
3.Топырақты эрозиядан қорғау жұмыстарын алдын алу.Топырақты эрозиядан қорғау жұмыстарын алдын алу және нақтылы шаралардан тұрады. Сондықтан эрозия қаупі бар аймақтарда егіншілік шаруашылығы негізінен топырақ қорғайтын (эрозияға қалқан) болғаны керек. Эрозия процесі суаралық жерлерден басталғандықтан, оған қарсы шараларда сәл территорияны қамтиды.Топырақты эрозиядан қорғау жүйесі мынадай эрозияға қарсы шаралар тобынан тұрады:шаруашылықты ұйымдастыру, агротехникалық, орман-мелиоративтік және су-техникалық.
Шаруашылықты ұйымдастыру шаралары эрозияға қарсы шараларды дәлелдеу мен жоспарлауды және оларды іске асыруды көздейді. Бұнда топырақ эрозиясын зерттейтін мәліметтер дайындаудың маңызы зор-топырақ картасы,эрозия картограммалары,тау жыныстары мен бедер карталары және т.б. Бұл материалды қорыту мен қатар,шаруашылықтың маңыздылығына сәйкес, топырақ эрозиясына қарсы территоряны ұйымдастыру жоспарланады. Жоспардың нақтылы шараларын іске асыруда шаруашылық жерін, топырақ эрозиясы қарқынына байланысты, 9 категорияға бөледі (қараңыз «Су және жел эрозиясымен күресудің негізгі жағдайлары».КСРО ауылшаруашылық Министрлігі,1962).
А.Егіншілікте қарқынды пайдаланатын жерлердегі топырақтар-эрозияланбаған,сәл және орташа эрозияланған болып үш категоряға бөлінеді; оларға ауыспалы егістікке пайдаланатын топырақтар жатады. 4-ші категориялық эрозияға аса шалдыққан топырақтар жатады, онда арнаулы топырақ қорғайтын ауыспалы егіс қооданылады.
Б.Топырақ өңдеуге шек қойылған жерлерге бесінші категориялық-өте эрозияланған топырақтар жатады, олар шабындыққа,жайылымға немесе 1-2 танапты дәндә дақылды және 5-10 танапты көпжылдық шөптесінді топырақтар қорғайтын ауыспалы егістікке пайдаланады.
В.Өңдеуге жарамсыз көбінесе жыра-сайлы жерлер -7-ші категорияға жатады,олар топырақ қорғайтын ауыспалы егістікке жарамсыз, мөлшерлі мал жайылымы; 8-ші категория-егіншілікке жарамсыз, бірақ орман шаруашылығына қолайлы жерлер; 9-шы категория жарамсыз жерлер-жарлар, құламалар, тас үйінділері мен шөгінділер және т.б.
Агротехникалық шараларға өсімдіктерді топырақ қорғауға пайдалану,эрозияға қарсы топырақ өңдеу, қар тоқтату және оның еруін реттеу әдістері мен эрозияланған топырақтар құнарлығын агрохимиялық, жолмен жоғарлату жатады.
Фитомелиорациялық әдістерге жататындар:көп жылдық шөптесінді ауыспалы егістік,беткейлерді бір немесе көпжылдық шөптермен бекіту, топырақ қорғайтын ауыспалы егіс дақылдарын жолақты орналастыру, дымқылды жеткілікті аудандарда сүріге өсімдік егу және т.б.
Эрозияға қарсы топырақты өңдеудің басты мақсаты егістік бетіне түскен дымқылды сақтап қалу және оны топыраққа сіңіруге арналған шаралар қолдану.Ол үшін төмендегідей топырақ өңдеу әдістері қолданылады:беткейді тосқауылдап (контроль) өңдеу, сүдігер (зябь) мен сүрі (пар) бетінде жал тарту, шұқырлар жасау,топырағын терең жырту,жарық пен інді қуыстар тарту, нөсер жауынды аудандарда оның суын топырақ бетінен өтетін жол-арықтар жасау,жыраларды тегістеу және т.б. Қар тоқтату және көктемде оның еріген суын топырақ бетінен өтетін жол-арықтар жасау,жыраларды тегістеу және т.б.
Топырақтың эрозияға тұрақтылығын көтеру үшін органикалық және минералдық тыңайтқыштар қолданады, оның себебі-тыңайтқыш берілген өсімдіктер жақсы өсіп-дамып (әсіресе тамырлары), топырақтың физикалық қасиетін жақсартады. Сол арқылы, оның эрозияға тұрақтылығын арттырады. Тыңайтқыштардың топырағы тиімділігі эрозия дәрежесі көтерілген сайын арта түседі. Сондықтан эрозияға шалдыққан топырақтарға шашылатын тыңайтқыш мөлшерін 20-50 процентке арттыру керек.
Дефлякцияға қарсы жүргізілетін агротехникалық шараға топырақ кескіні дымқылдылығынжәне оның беткі қабатын жел ұшырудан сақтау үшін өсірілген өсімдік жамылғысы жатады.Бұл тұрғыдан су және жел эрозиясына қарсы жасаған шаралар әсерлігі жағынан біртұтас.
Дефляцияға қарсы сенімді және кең тараған әдіс-топырақты қайырмай жырту.Бұл әдіс мақсаты-егіс аңызын құрлық бетінде сақтау арқылы қарды мол тоқтататын,топырақтың дефляцияға қарсы тұруын арттыру. Топырақ қорғау жүйесі Солтүстік Қазақстанда кеңінен қолданылып жаздық бидай дәні өнімін 1-га-дан 2-3 ц-ге асыруға себептеседі.Аса құрғақ жылдары бұл әдіс тиімділігі 2- есеге артады.
Сондай-ақ, су және жел эрозиясынан қорғаудағы арнаулы әдіске жолақты егістік жатады. Оның негізгісі-ауыспалы егіс танаптарындағы ауылшаруашылық, дақылдарын жолақтап орналастыру. Эрозияға терең ұшыраған жеңіл топырақтарға себілген бір жылдық дақылдар егісі мен көпжылдық шөптер жолағының ені 50 м-ден кем болмағаны керек,ал эрозияға тұрақты топырақтарды өсімдік жолақтарының енін 100 м-ге жеткізуге болады.
Дефляцияға қарсы жоғарыда көрсетілген әдістерден басқа тұтас немесе жолақты егіс,арнаулы биік сабақты дақылдар (күнбағар, жүгері және т.б.) егу,егістік бетін кедір-бұдыр жасау және т.б. әдістер қолданылады. Егісті дефляциядан қорғауда жаздық бидайды қысқа мерзімге себу, жайылымдарда мал жайылуын реттеу,оны топырақтың шым қабатын бұзбай жүргізудің маңызы зор.
Орман мелиоративтік шараларға әр мақсатты ағаш отырғызу жатады,олар мыналар:егістікті желден қорғайтын орман жолақтары;беткейлі құрлық бетіндегі су ағындарын бөгейтін бұталар өсіру; жарлы беткейлерді орман ағаштарымен бекіту;өзендер,көлдер және каналдар бойына, лай басып немесе орып кетпеу үшін,ағаштар отырғызу; аса эозияланған немесе эрозиялық қаупі бар жерлерді (құмдар, ылдыйлау беткейлер және т.б.) ормандармен бекіту.
Гидротехникалық шараларды тек басқа эрозиялық әдістер нәтиже бермеген жағдайда қолданады.Олар гидротехникалық құрылыстар: беткейлерді сатылау,жарлар дамуын тоқтату үшін беткі және жар етегіндегі суларды бетонды лотоктармен (қалақпен) жүргізу,жарларды жайпақтау және т.б.
Топырақ қорғаушы шаралар жүйесін аймақтар егін шаруашылығы мен табиғат жағдайлары ерекшеліктеріне сәйкес жасалынады. Эрозияға қарсы шаралар құрамы территория дымқылдығына,өсіп-өну кезеңінің ұзындығына,құрлық бедеріне, басым эрозия түрлеріне және топырақты пайдалану бағытына қарай анықталады. Дымқылды аймақтағы агромелиоративтік шаралар жүйесінде фитомелиоративтік әдістің маңызы зор. Көпжылдық өсімдікті сүрі өсімдікпен тосқауылданған белдеу, топырақты арнаулы әдіспен өңдеу және оның су эрозиясына шалдығу қаупін азайтатын гидромелиоративтік әдістер қолдану керек. Топырақ эрозиясымен күресуде фитомелиоративтік әдіс жетекші орын алады.
Ал дымқылдылығы тұрақсыз аймақта агромелиоративтік шаралар ішінде бірінші орында топырақ өңдеу әдістері тұрады. Тиісті өңдеу арқылы түскен жауын-шашынды тоқтатып, суды топыраққа сіңіру қажет. Сонымен бірге орман мелиоративтік шаралар қар тоқтатуға және оның ретті еруіне себептеседі.
Дымқыл жеткіліксіз аймақта топырақ қорғау шараларының ішінде ылғал жию мен сақтауға бағытталған әдістер кең қолданылады.Оларға беткейлер топырағын контурлы жырту,жазық жер топырағын қайырмалы жырту, саңлау, көлтабанын құру,орман ағаштарын өсіру және т.б. жатады.
Суармалы топырақтарды ирригациялық (жасанды) эрозиядан қорғауда егін суару мен өңдеу әдістерінің мәнісі зор. Топырақ қорғау шараларының нақты әдістерін, аймақтық ылғалдану жағдайлары,топырақ эрозиясының түрі мен дәрежесіне (беткі немесе тік эрозия, қар суы немесе нөсер жаңбыр әсерінен болатын эрозия, дефляция) сәйкес қолданған тиімді. Сондай-ақ, нарыққа көшуге байланысты уақ жеке шаруа қожалықтар жер үлесінде өтілетін эрозияға қарсы топырақ өңдеу әдістерін ұсыну алымдар міндеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет