Бар елде ғана қалана


Қаржылық қорытындының қалыптасуы мен сату кезеңінің аудиті



бет17/68
Дата08.02.2022
өлшемі0,92 Mb.
#122601
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68
Байланысты:
Бар елде ана алана
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д, БА дарламасы емдік дене шыны тыру ж не массаж
4. Қаржылық қорытындының қалыптасуы мен сату кезеңінің аудиті



  1. Сату кезеңі шоттарының өзара байланысы және аудиттің бағыттары

  2. Қаржылық қорытынды есептің қалыптасуы мен сату кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көзі

  3. Дебиторлық қарыздар аудиті




    1. Сату кезеңі шоттарының өзара байланысы және аудиттің бағыттары.

Кәсіпорынның кредиторлық және дебиторлық қарыздарын аудиторлық тексеру дебиторлық қарыздардың құрылуын қарастырудан басталады. Ол үшін дебиторлық қарыздар бөлімінің синтетикалық шоттары бойынша есебінің дұрыс жүргізілуін тексереді.


Өнімді (жұмыс,қызмет) сатудан түскен кіріс қосымша құн салығын,акциздерді және тағы сол сияқты салықтар мен төлемдерді, сонымен қатар қайтарылған тауарлар құны сатудан шегерулер, бағадан шегерулер алынып тастап көрсетіледі.
Негізгі қызметтен кірістер тауарлық материалдық босалқыларды сатудан, қызмет көрсетуден сонымен қатар негізгі қызмет түріне байланысты сый ақы, процент, дивидент, ренталық төлемдер түріндегі кірістерден алынуы мүмкін. Онын шамасы құжаттар мәліметтері негізінде 6000-бөлімінің шоттарының кредиті бойынша анықталады. Кәсіпорындар қазіргі кезде өнімді сатудан түскен түсімді есептеу әдісі бойынша анықтайтын болғандықтан сату мерзімі деп өнімді жөнелту, жұмыс қызметті беру және банкке төлем құжаттарын беру уақыты саналады. Өнімді сату қаржы айналымының сонғы сатысы болып табылады. Оның көлемі кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі сауда айналымы мен рентабельдік көрсеткіштерге байланысты. Сондықтан сату процесі өнімді өткізу мен және сату мен байланысты кәсіпорын басшыларының басты назарында болады. Оны жоспарлау кәсіпорынды тапсырыстармен қамтамасыз етуден басталады. Соның негізінде номенклатура бойынша жоспарлар жасалынады. Тапсырыстар, өнімге тапсырыс берушілермен материал мен жабдықтаушылармен келісіледі. Сатып алушылардың тапсырыстарының ассортименті, жөнелту мерзімі, өнімнің саны, сапасы,бағасы,есеп айрысу формасы келісім-шартта қарастырылады.
Сату және қаржылық нәтижелердің қалыптасу кезеңі бойынша тест жүргізу кезінде аудитор осы кезең арқылы шаруашылық операцияларының өтуін куәландыратын ақпараттарды зерттейді.
Сату және қаржылық нәтижелердің қалыптасу кезеңі дайын өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) сатумен, негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің және басқа да активтердің сатылуымен, кәсіпорыннан шығуымен байланысты шаруашылық операциялары кіреді. Бұл операциялардың нәтижелері бойынша кәсіпорында дебиторлық қарыздар пайда болады және қаржылық нәтиже анықталады.
Бұл кезеңнің шаруашылық операцияларын тексеру үшін аудитор ішкі ақпарат көздерінен алынған мәліметтердің де, сыртқы көздерден алынған мәліметтердің де дұрыстығына дәлелдеулер алады. Осы цикл аудитінің орталығы 1210 «Сатып алушылардың және тапсырысшылардың дебиторлық қарыздары» шоттарының дебеті мен кредитін растау болып табылады.
Бухгалтерлік есеп шоттарының жүйесі мен сату және қаржылық қорытындының қалыптасу кезеңі бойынша олардың арасындағы байланыс аудитінің мақсатына қол жеткізу көзқарасымен 1210 «Сатып алушылардың және тапсырысшылардың дебиторлық қарыздары» шотының мысалында келесі сызба арқылы көрсетіледі.

Кредит Дебет


6010 1010
6 210 Дебет Кредит 1020
6 250 1210 1210 1030
6280 1040,1050
3130

2-сызба. Сату кезеңінің бухгалтерлік есеп шоттарының өзара байланысы


Келтірілген тексеру әдісі бұл циклдағы аудит орталығы 1210 «Сатып алушылардың және тапсырысшылардың дебиторлық қарыздары» шотының дебеті мен кредитін растау болып табылатындығын дәлелдейді. Бұл шотта сатып алушылардың және тапсырысшылардың өнімді жөнелткен кәсіпорынның алдындағы қарызының нақты бары мен қозғалысы жөніндегі ақпараттар жинақталады.


Шоттың дебетінде дайын өнімдерді келісім бағасы бойынша сатып-өткізу және қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Кредитінде сатып-өткізілген өнім үшін төлемдердің келіп түсу операциялары, алдын-ала алынған аванстардың есепке алынуы, қайтарылған тауарлар бойынша дебиторлық қарыздардың жойылуы, қайтарылған тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасы, жеңілдіктер беру, сенімсіз борыштарды кезеңдік шығыстарға жатқызу және т.б. көрсетіледі.
Сатып-өткізу және қаржылық нәтижелердің құралу циклы аудитінің негізгі бағыттары – дайын өнімді кіріске алудың толықтығын, сатып-өткізуден алынған табысты және сатып-өткізілген өнімнің өзіндік құнын есептеудің дұрыстығын, сонымен бірге дебиторлық борыштардың пайда болуын анықтау.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет