Бар елде ғана қалана


Сатып алу кезеңінің аудиті



бет7/68
Дата08.02.2022
өлшемі0,92 Mb.
#122601
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68
Байланысты:
Бар елде ана алана
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д, БА дарламасы емдік дене шыны тыру ж не массаж
2. Сатып алу кезеңінің аудиті

1.Сатып алу кезеңінің шоттарының өзара байланысы және аудитінің бағыттары.


2.Сатып алу кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көзі.
3.Сатып алу кезеңінің шоттарының дұрыстығын анықтайтын талаптар мен аудит жүргізілгенде тексерілетін аудиторлық тұжырымдар.
4.Тәуекелділіктің бастапқы деңгейін анықтау үшін жүргізілетін бақылау тәсілдері.

    1. Сатып алу кезеңінің шоттарының өзара байланысы және аудитінің бағыттары

Сатып алу кезеңі – материалдық емес активтер, негізгі құралдар, тауарлы материалды құндылықтар және басқа да активтер сатып алу нәтижесінде, кредиторлық берешектің пайда болуы немесе төлемдер жүргізілу операцияларын құрайды.


Аудитор сатып алу кезеңі барысында жасалған екі жақты жазбаларға аса мән беруі қажет. Сатып алу кезінде материалдарды, шикізаттарды, негізгі құралдарды және т.б. кірістеу мен олар үшін төлем мерзімінің сәйкес келмеуіне байланысты кредиторлық берешек танылады, сәйкесінше кірістелетін активтер шоттары дебеттеліп, ал 3310 «Берушілер мен мердігерлерге берілетін қысқа мерзімді берешек» шоты кредиттеледі. Төлем мерзімі жеткеннен кейін 3310 «Берушілер мен мердігерлерге берілетін қысқа мерзімді берешек» дебеттеліп, ақша қаражаттарының шоттары кредиттелінеді.

Дт 1310,1330,1320, 2410,2730 т.б.
ҚҚС 1420
1420

Кт 3310

1)


Дт 3310

Кт 1030,1010

2)


2-сурет. Сатып алу кезеңінің шоттарының өзара байланысы

Жүргізу толықтығына қарай аудит кешенді, функционалды және локалъді болады. Аудит түрлерінің әр-қайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Функционалды аудит әр түрлі сатыдағы процесс, цикл және шаруашылық іс-қызметі түрлері бойынша белгілі бір басқару функциялары жағдайын мақсатты түрде бақылаумен түсіндіріледі. Операциялық аудиттің осы түрінің маңызды сипаттамалары арасында ен алдымен зерттеудің тереңдігі мен аудиторлардың бизнес салалары бойынша мамандану мүмкіндігі ескеріледі.


Функционалды аудит шеңберінде менеджмент, маркетинг, қаржы, бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау, еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды басқару жағдайын ішкі бақылау функцияларын орындауды тексеру жүргізіледі.
Функционалды аудит өндірістік ресурстарды қолдану мен процестерді, сатылы және циклдерді қалыптастыру бойынша жүргізіле алады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтау, өндірістік және қаржылық іс-қызметінде өндірістік ресурстарды басқару функцияларын орындаудың іс жүзіндегі нақты жағдайын зерттеудің кешенді тәсілі ең пайдалы болып табылады.
Қорларға сатып алу циклінің функционалды аудитін қаржылық есеп берудің мәліметтерін және белгілі бір кезең ішіндегі олардың қозғалысы туралы алғашқы құжаттарды қарастырудан басталады. Бастапқы есепті ұйымдастыруда қабылдауды, құжатта ресімдеуді, тиеу-тасу жұмыстарын, материалдық ресурстардың қозғалысын, сақталуын және ұтымды қолданылуын бақылау мен орналастыруды тікелей жүзеге асатын қойма шаруашылығы қызметкерлері маңызды рөл атқарады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілерді сатып алу, өндіріс және дайын өнімді өткізу циклдерінің функционалды аудитінің маңызды кезеңдері мыналар:
1. Материалдық ресурстармен жабдықтауды ұйымдастыру жағдайын тексеру.
2. Қалыптасқан тауарлық-материалдық қорларды басқару жүйесін талдау.
3. Қорлардың жағдайын және олардың қолданылу деңгейін бағалау.
4. Қойма шаруашылығын ұйымдастырудың жағдайын тексеру.
5.Тауарлық-материалдық қорлармен жасалатын операцияларды есепте көрсетудің дұрыстығын тексеру.
6. Қорларды түгендеудің жүйелілігі мен дұрыстығын зерттеу.
7. Тауарлық-материалдық құндылықтарды қолдануды ішкі бақылау жағдайын бағалау.
8. Жабдықтау-дайындау іс-қызметі есебін, басқаруды және талдауды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Сатып алу процессін келесі кезеңдерге бөлуге болады:

  1. Шикізат, материалдар, тауарлар мен қызмет көрсетуге деген қажеттілікті анықтау;

  2. Тауарлар мен қызмет көрсетуді алу, тексеру және қабылдау;

  3. Бухгалтерлік есепте сатып алу операциясын құжаттарда тіркеу.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет