Бұқаралық ақпарат құралдары



Дата22.05.2023
өлшемі14,93 Kb.
#177378
Байланысты:
Бұқаралық ақпарат құралдары Оқырманың бар ма қазақ газеті
pfWsZ56UFrGJNxnPeBbmDlSoQqzK4Y, 8-сынып Латын әліпбиіне көшу – нағыз халықтық ұйғарым, театр мен өнер мәдениеті, slet 2023, Демократиялық мемлекет дәне оның белгілері, критическое мышление, скорость хим реакции

Бұқаралық ақпарат құралдары
Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз
А мәтіні газет мақаласынан үзінді


Оқырманың бар ма, Қазақ газеті?
Кешкілік аллеяда бой сергітіп қыды­рыстап жүретін кісі қарасы көп-ақ. Ұзыннан ұзақ­қа созылған тротуардың жиегіндегі сәкі­лерге жайғасып алып, газет-журнал оқып отырғандары қаншама. Көпшілігі, әрине, қазақтар. Ал қол­дарын­дағы газет, ұят­тау болса да айтуға тура келеді, өңшең «Время», «Колеса», «Крыша», «Из рук в руки»...
Қарап отырып ойланасың, «Рас, бұл кісі­лер­дің бірі – бүгінгі тіршілік туралы қыс­қаша мағлұмат білгісі келсе, екіншісі – үй-жай, үшіншісі – көлік, төртіншісі қо­сал­қы бөлшек іздейді-ау, шамасы. Бү­гін­де соның бәрі зәру, бәрі қажет екені анық».
Бір күні, кенет... Менің қасымда отыр­ған қазақ құрысып қалған арқасын жазып, екі қолын жоғары көтеріп, керіліп-созылып өзінше жаттығу жасаған болып отырып, жайбарақат қана:«Мен осы қазақша газет оқи алмаймын», деп қалмасы бар емес пе? «Оу, неге? – деймін таңғалып. – Сіз қазақша тәп-тәуір-ақ сөйлейсіз ғой!»
«Ой, қайдан... литературный язык қиын. Түсінбеймін-н...»
Мәссаған! «Мына қазақтың кеудесі қаңсып қалған екен-ау!» деген сұмдық ой келді басыма.Содан соң есіме бала кездегі бір оқиға түсті.
..Есік алдында арша күбі тұрушы еді. Үйге кіріп-шыққандардың бәрі де оны күм­пілдетіп пісіп-пісіп кетуге міндетті бола­тын. Бір күні інім екеуміз әлгі күбінің ішіндегі қымызды сарқып құйып алған соң, бетін дәкемен жабуды ұмытып, ашық күннің астында қалдырып кете беріппіз.
Кешкілік атам әй-шайға қаратпай екеумізді қамшының астына алды-ай келіп! Сөйтсек арша күбі қаңсып, жігі айнып кеткен екен... (192 сөз)

Ә мәтіні сұхбаттан үзінді


Алматы қаласы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің» қызметкері Ғазиза Құдайберген қазіргі басылымдар туралы өз пікірін білдірді.
– Бір жылдары қаламыздың бас сарайы Республика Сарайында қызмет еттік. Қадірлі Қасен ағаның кезі-тін. Барлық газет-журнал атаулыға жазылады. Таңертең кіріп, түнде шығатын бізге таптырмайтын байлық. Ағаның алдынан шыққан соң бас алмай оқимыз. Бала күннен қалыптасқан әдет. Анам жылына жоқ дегенде он төрт-он бес газет-журналға жазылуға мүмкіндік беретін. Мектеп бітіргенше мүмкіндік мол болды. Баспасөз материалдарын ұстап, иіскеп оқымасам біртүрлі. Хош, соныменағайдызейнеткешығарыпсалғасынорнынажастаркелді. Әдеттегідейбетіне «Қазақәдебиетін» әспеттепқойып, апарыпберсем, «мен керегімдіғаламтордан-аққарапаламын, қажетіжоқ» дедіжаңабасшымыз. Газеттіиіскемесемоқиалмайтын мен біртүрліболдым.
Кейінгі кезде көп ақпарат порталдар да, сайттар да жарияланатын болған соң халықтың газеттен біраз алыстап бара жатқанырас. Алайда, газеттің өз орны бар. Мен газетті сағынып оқимын.Бір құшақ газетті үйге алып келіп, жайып қойып отырамын. Рахат! Материалды газеттен оқысам, онша шаршамайтын секілді сезінемін.
Қазақ тіліндегі газет-журналдар аз оқылады. Десек те, кітапханағаарнайы газет-журнал оқу үшін келетін оқырмандар бар. «Айқын», «Қазақ әдебиеті», «Жас Алаш», «Ақбосаға», «Вечерняя Алматы», «Алматы ақшамы», «Комсомольская правда» жиі оқылады, сұралады. «Егемен Қазақстанның» да өз оқушылары жоқ емес. Ал «GEO» мен «Тайны ХХІ века» деген отандық қызықты журналдарға оқырмандар тарапынан қызығушылық жоқ. «Ақжелкен» мен «Ұланның» жөні бөлек. Олар сұранысқа ие басылымдар.
Жалпы, «Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің» жиырма бес бөлімшесінде газет-журналдың екі жүз алпысқа жуық түрін алады. (216 сөз)

Эссе тақырыбы


Екінші мәтінді алмастыру
«Қазақ газеті» оқырманға не береді?
Газет оқуға деген қызығушылықты қалай қалыптастырамыз?
БАҚ бойынша мәтін қарастыру
Газет оқырманы неге төмендеп бара жатыр?
Қазақ газеттері оқырманын неге жоғалтты? Жастар арасында газет оқу неге төмен?

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет