Бұқаралық коммуникацияның тілі мен стилі пәнінің мақсаты мен міндеттері


Ықпал ету (реакция). Мұның өзі негізгі екі категориялардан тұрады



бет21/23
Дата11.05.2020
өлшемі63,82 Kb.
#67101
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
БАҚ емтихан

3.Ықпал ету (реакция). Мұның өзі негізгі екі категориялардан тұрады:

а) Сөйлеу мәнерінің ойнақылығы, сөйлейтін сөзіңді іштей жұптап, ойынды сабақтап үлгеру, ең болмағанда келесі айтатын фразаңды бір сөйлем көлемінде тізбектеп алу. Сонда тыңдарман алдында тілің күрмелмейтін болады.

ә) Техникалық сипаттағы тапқырлық, яғни, операторлық әрекеттерді өте ұқыпты орындау — дискіні дұрыс, әрі шапшаң алмастыру, жағымсыз телефон қоңырауын дер кезінде және оңтайлы жолмен эфирден алып тастау, компьютердегі, телефон желісіндегі жіберілген ақауларды ыңғайын тауып, реттеу тыңдарманға байқатпау.

2. Дауыс ырғағы (интонация).

а) Үн екпіні (тон). Сөйленетін сөздегі логикаға сәйкес үн екпінін жоғары көтеріп, төмен түсіру арқылы өзгерту эфирді байыта түседі. Себебі, дауыстағы әрбір екпін, әрбір іркіліс тыңдаушының қабылдауына әсер етеді. Бір ғана сөздің өзі дауыс ырғағына қарай әр түрлі әсер қалдыруы мүмкін.

ә) Үн деңгейі. Әр диджей өзінің дауыс деңгейін тауып алуы тиіс. Қуатты, жігерлі әндер мен сергек, батыл тың тіл қатқан жөн, ал жұмсақ биязы әндерге баяу ғана, сыбырлап ауысып, лирикалық балладаларды ұсынарда нәзік тебіреніспен сөйлеген жөн. Ең бастысы, ешқашан дауыс көтеріп, айғайлап сөйлемеу керек.

14-билет


Тележурналистика және тіл шеберлігі

16. Телехабарлардағы тілдік, стильдік ерекшеліктер

17. Тележурналистикадағы тележүргізушінің сөйлеу шеберлігі

18. Эфир тілі, оның ерекшелігі

Тақырыпты айқындау

Кез келген сөзге дайындық тақырыпты айқындаудан басталады, яғни бұл жерде де әр түрлі оқиғалар орын алуы мүмкін, мәселен кей кезде ораторлар нақты бір тақырыпта сөйлеуді ұсынады, арнайы тапсырма беріледі. Бұл жағдайда ораторға тақырыпты нақтылап, қосымша түсініктеме алу керек. Бірақ көп жағдайда сөйлейтін сөзіңнің тақырыбын өзіңе таңдауға тура келеді. Тақырыпта қалай таңдау керек?

Ең бастысы өзіңнің тәжірибеңе сүйенуің керек және сол тақырып жөнінде білетінің, оқығаның қандай деңгейде екенін ескерген жөн. Сонымен қатар тақырып сізді және тыңдаушыларды қызықтыруы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет