Ғұн мәдениет ескерткіштері



бет1/3
Дата09.04.2022
өлшемі3,17 Mb.
#138621
  1   2   3
Байланысты:
арт сож абзелбай.к джакашов.м
Презентация, Әр түрлі ортадағы электр тогы

Заманауи Қазақстан өнерінденгі аң стилінің рөлі мен мағынасы

Орындағандар: Әбзелбай Қанағат

Джакашов Манатбек

Қабылдаған: Бекенова Б.Н.

Адамзат тарихындағы өнер туындысының ең бағалысы көшпенділердің аңдық стилі. Иә, көне заман көшпенділері, әлемде теңдесі жоқ, алабөтен, тың жанр – аң стилін өмірге әкелді. Аң стилінің басты ерекшелігі – жан-жануарды әрекет үстінде, кейде апатия жағдайында, енді бірде мифтік тұрғыда бейнелеп, бедерлеуінде.

«Аң мәнері» туралы мифология

  • Ежелгі мәдениетті зерттеу, көне түркі мәтіндерін тәржімелеу, ежелгі түркілердің мифологиясын еуропалық үлгілермен салыстыра зерделеу барысында Жер шары халықтарының мәдениеті ортақ, барлық халықтың мәдениеті, әдебиеті мен өнері бір - бірін өзара байытады деген ойға келесің. Әлемдік мәдениеттің аса қызғылықты құбылысы – скифтердің «аң мәнері» - көрші халықтардың өміріне елеулі ықпал жасап, батыс елдеріне өтіп, еуропалық өнерде, фольклорда, әдебиетте көрініс тапты.

«Аң мәнерінің» басты жұмбағы – мифтік жануарлар, арыстан текті бүркіттер, қанатты бұғылар, Эдип патша мен қарапайым адамдарға сұрақ қоюшы дана сфинкстер. Жаратылыста беймәлім, құпия мақұлықтардың қисапсыз алтын һәм қола мүсіншілері нені аңғартуы мүмкін
Қанатты арыстандар мен ілбісіндер жылқылар мен бұғыларды шайнап жатқан суреттер скиф және сақ тайпаларының өзара теке-тіресін көрсетеді деген болжамдар айтылды. Егер осы пікір шын болса, бұл оқиғалар көне жылнамаларда көрініс табар еді. Айдаһардың атқа шабуылы ғұндар мен үйсіндердің бір - бірімен шайқасын білдіріп тұрғанын бағзы заман жазушылары жазып қалдырар еді. Өйткені, ғұн тәңірқұттарының туында айдаһар бейнеленген, ал ат – көшпелілердің басты қазынасы. Бірақ мұндай деректер, мысалы, Қытай жылнамаларында айтылмаған, Күлтегін мен Тоныкөк жайындағы ежелгі түркі мәтіндерінде, тіпті, ишара да жасалмайды. Сондықтан, тайпалар мен рулар арасындағы тайталас және оның «аң мәнерінде» көрініс табуы жөніндегі болжам расталмаған күйінде қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет