Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды бекіту туралы



бет5/16
Дата07.03.2023
өлшемі58,79 Kb.
#171430
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды бекіту туралы
Документ Microsoft Word, Қазақстан Республикасының Президентін жолдауы 2014 жыл 11 қараша
Жоғары білім
Елдегі 146 жоғары оқу орнында 629 000-нан астам адам оқиды. 16-23 жас аралығындағы жастардың статистикалық үлес салмағы шамамен 2 127 289 адамды құрайды. Олардың 50%-ы ұлдар, 50%-ы қыздар. Бакалавриатта және магистратурада білім алушы қыздардың пайыздық арасалмағы ұлдарға қарағанда көп. Білім алушы студенттердің арасында 51%-ы ауылдық жерден келген жастар, магистратурада олардың үлесі 42%-ды және докторантурада 20%-ды құрайды. Білім алушылардың ішінде жетім студентттердің пайызы өте төмен (студенттердің 1%-ы).
Жоғары оқу орындарында барлығы 533 спорттық секция жұмыс істейді. Оларда орташа қамту студенттердің 10%-ға жуығын құрайды. Студенттердің тұрмыс саласының инфрақұрылымы нығайтылған. Барлық жоғары оқу орындарында тұрмыс, кір жуу және жуыну бөлмелері бар. Сонымен қатар, асханалар, буфеттер, оқу залдары, спорт залдары және спорт кешендері. 7 жоғары оқу орнында бассейн бар.
Жоғары оқу орындары кең ақпараттық жұмыс жүргізеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ білім беру саласындағы, әсіресе интернет кеңістігіндегі жаңалықтарды іске асыру жөніндегі іс-шараларды жариялау бойынша белсенді жұмыс жүргізіледі.
Жоғары оқу орындарында тәрбиелеу және бос уақытын өткізу қызметінің орталықтары құрылуда, студенттің өзін-өзі басқару қызметі және студенттер арасындағы патриоттық жұмыс жандануда. Жоғары оқу орындарында тәрбие қызметін басқаруда тәрбиені ұйымдастыруды және оның мазмұнын қамтамасыз ететін жетекшілерді бекітетін Ғылым Кеңесі негізгі рөл атқарады. Тәрбие жұмысын басқаруды тәрбие жұмысы жөніндегі проректор жүргізеді. Тәрбие жұмысын күнделікті жүзеге асыру академиялық топтардың кураторларына жүктелген. Жұмыс мазмұны мен тәрбие процесін басқарудың аталған барлық субъектілерінің функциялары жоғары оқу орындарының жалпы ережелерінде айқындалады.
Эксперимент режимінде 4 ұлттық жоғары оқу орнында (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚазҰАУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ) жоғары оқу орындарының Даму стратегиясы, сондай-ақ оларды іске асыру жоспарлары әзірленген. Аталған құжаттар шеңберінде тәрбие жұмысы жөніндегі іс-шаралар қарастырылған және іске асыру индикаторлары мен көрсеткіштері анықталған.
Тәрбие жұмысы – үнемі жетілдіруді талап ететін процесс. Отбасының әлеуметтік институтының тәрбиелік рөлінің әлсіреуі, салауатты өмір салты дағдыларының жеткіліксіз қалыптасуы, тұлғаның қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының жағымсыз әсері, педагогтердің қазіргі заманғы тәрбие технологияларын жеткіліксіз меңгеруі, қызығушылығы бойынша балалар мен жастар бірлестіктері желісінің (клубтар, үйірмелер, секциялар және т.б.) шектеулілігі және олардың қызметімен жеткіліксіз қамтылу нәтижесі құқықбұзушылық пен суицид санының азаймауы, темекі шегуге және алкоголизмге ерте араласу сияқты жағымсыз салдарға әкеледі. Одан басқа, әртүрлі деструктивті діни ағымдардың негізгі мақсатты аудиториясы жастар болып табылады.
Көп жағдайда жас адам бір мекемеден басқа мекемеге ауысқан кезде балалық-ересектік-жас кезеңдегі тәрбие сәттерінің бірізділігі мен келісілгендігі байқала бермейді, өйткені әрбір білім беру мекемесі өз тәрбие жүйесін өз бейіні мен қызметінің бағытына сәйкес құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет